Малдың бойын өлшеу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

БАСБОЛОВ ЗАМАНБЕК ТИМУРУЛЫ ТППЖ-31

Малдың бойын өлшеу

Малдың бойын өлшеу - жеке анатомиялық өзара байланысты тұлғаның арақашықтыөтарын өлшеу. Өлшемдерді пайдалана отырып, қандайда бір малдың топтарын немесе мал отарын тіпті тұқымдарды салыстыруға болады.

Мал шаруашылығының тәжірибесінде малдарды бойын, дене бітімін зерттеуде, бонитировкада, көрмелерде сараптау кезінде, мемлекеттік асыл тұқымды және завод кітаптарының жазбаларында өлшейді. Малдарды өлшеудің негізгі құралдары өлшеуіш таяқ, өлшеуіш таспа, өлшеуіш циркуль болып табылады. малдың бойын өлшеу оның экстерьері туралы нақтылы, дәл деректер береді. Сондықтан малдың түр-тұлғасын дұрыс сипаттау үшін оның рөлі өте үлкен. Бірақ бұл әдіс көзбен бағалауға қосымша көмекші әдіс деп есептеледі. Себебі бой өлшемдері дене мүшелерінің сандық мөлшерін дұрыс көрсеткенімен, сапалық сипатын аша алмайды.

Дегенмен, малдың бойы туралы өлшемдер мына төмендегі зоотехниялық маңызы бар мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

1. Малдың жасына сәйкес өсіп-жетілуін, дене пішінінің өзгеруін талдауға болады;

2. Нақтылы бір малды немесе мал тобын түр-тұлғасы бойынша бір-бірімен немесе сол мал тұқымының стандартымен, әлде басқа мал тұқымымен салыстыруға болады;

3. Әр түрлі ұрпақ өкілдерін, яғни атасы мен баласын түр келбеті бойынша салыстыруға болады;

4. Малдың сыртқы пішінінің қалаған өнім бағытына сәйкестігін анықтайды; 5. Қажет болған уақытта бой өлшемдерін пайдаланып малдың тірілей салмағын анықтауға болады.

Әдетте, малдың бойын өлшеуге негізінен 3 құрал керек:

1. Өлшеуіш таяқ;

2. Өлшеуіш таспа(лента) ;

3. Өлшеуіш циркуль. Арнайы мақсатпен бұрыш өлшеуіш (гониометр) пайдаланылады. Алғашқы үш құрал сантиметрлік шамаларға бөлінген, әдетте өлшем көрсеткіші 0, 5см-ге дейін дәлдікпен есептелінеді.

Өлшеуіш таяқ - ағаштан немесе темірден жасалады. Ол арналған түліктің түрі, малдың жасына байланысты әртүрлі болады. Өлшеуіш таяқ негізгі тік діңгегінен және қосымша жылжымалы, көлденең бекітетін алмалы-салмалы таяқшалардан тұрады. Оларды бір-бірімен байланыстыру, жылжыту бой өлшемінің түрлеріне (биіктігі, ені, ұзындығы) байланысты әртүрлі болады.

Өлшеуіш таспа (лента) - ұзындығы 3-5метрлік, дәлдігі милиметр деңгейінде көрсетілген жіңішке таспа. Өлшеуіш таспа негізінен дене мүшелерінің орамын анықтауға арналған.

Өлшеуіш циркуль - темірден жасалады. Бір-бірімен жылжымалы қосылған, ұшы жұмыр, жарты шеңберлі екі аяқшадан және бір аяқшасы бойымен жылжитын жұқа, доға тәрізді иілген металл табақшадан тұрады. Доға тәрізді металл табақшасында аяқшалар ұшының ара қашықтығы милиметр дәлдігінде көрсетілген сантиметрлік бөліктерге бөлінген. Онда қашықтықты қай жақтан бастап есептеу керектігі көрсетілген. Бұл циркульмен шағын дене мүшелерінің ені мен ұзындығын өлшеу ыңғайлы.

Малдың бойын өлшеу мына тәртіппен жүргізіледі. Әуелі өлшеуіш құралдардың дұрыс-бұрыстығы тексеріліп, мал өлшейтін орын дайындалады. Ол орынның едені тегіс, мал еркін тұратындай біршама кең болуы шарт. Мал бойын таңертең аш қарында немесе азықтандырғаннан соң 3 сағаттан кейін өлшеген дұрыс. Малды өлшегенде ол керіліп созылмай табиғи қалыпта еркін тұруы тиіс. Бұл өлшеушіден көп шыдамдылықты қажет етеді.

Мал бойының өлшемдері өте көп, барлығы 70-ке жуық. Дегенмен, әр мал үшін дене өлшемдерінің қалыптасқан саны бар

Өлшеуіш таяқпен:

1. Бойының (шоқтығының) биіктігі - шоқтықтың ең жоғары нүктесінен жерге дейін;

2. Арқасының биіктігі - соңғы көкірек омыртқасының арқа өсіндісінің үстінен жерге дейін;

3. Беліні биіктігі - соңғы бел омыртқасының үстінен сербекке жанай жерге дейін;

4. Құйымшағының биіктігі - құйымшақтың ең биігінен жерге дейін;

5. Кеудесінің тереңдігі - шоқтығының ең биігінен жауырын сыртын жанай төс сүйегінің ең төменгі нүктесіне дейінгі қашықтық;

6. Кеудесінің енділігі - жауырын сырты тұсындағы кеуденің енділіг;

7. Тұрқының қиғаш ұзындығы - жауырын мен тоқпан (қол) жіліктің қосылысы буынының алдыңғы бұдырынан жамбастың шонданай сүйегінің артқы бұдырына дейін.

Өлшеуіш циркульмен:

8. Басының ұзындығы - мүйіз аралығы ортасындағы нұктеден мұрын айнасына дейін;

9. Маңдайының ені - көз сүйегі доғаларының ең алшақ нүктелерінің арақашықтығы;

10. Сербекаралық енділігі - мықын сүйектерінің ең алшақ нүктелерінің арақашықтығы;

Өлшеуіш таспамен:

11. Кеуде орамы - жауырын сыртынан орап өлшейді;

12. Жіліншік орамы - сирақтың ең жіңішке жерінен орап өлшейді;

13. Бөксесінің жартылай орамы - сол жақ тізе буынының бұдырынан оң жақ тізе буынының сыртқы бұдырына дейін құйрық астынан орап өлшегендегі қашықтық (Грегорий өлшемі) .

Жылқы бойының өлшемдері:

1. Шоқтығының биіктігі;

2. Арқасының ең аласа жерінің биіктігі;

3. Сауырының биіктігі - ең биік нүктесінен жерге дейін;

4. Кеудесінің жерден биіктігі - төс сүйегінің семсер өсіндісі тұсынан жерге дейін (таяқпен өлшенеді) ;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Малдың жеке мүшелері
Қойдың жүн өнімділігі
Қылшық жүнді құйрықты қойларының өнімділігі
Малды сою әдістері
Қозыларды күтіп – бағу технологиясын, күтуді, пайдалануды санитариялық –гигиеналық бағалау
Қой қоңдылығын анықтау
Дүние жүзі халық шаруашылығында қой малының маңызы
Топырақ қабатындағы жылу режимі
Ордабасы қой тұқымының өсіп-жетілуі ерекшеліктері_
Қолданылатын бифидобактериялардың штаммдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz