Үй жануарларының арғы тегін жан - жақты зерттеу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

БАСБОЛОВ ЗАМАНБЕК ТППЖ-31

Үй жануарларының арғы тегін жан-жақты зерттеу

Үй жануарлары дегеніміз - ақылды адам қолға үйреткен және оларды асырап, оларды баспанамен және тамақпен қамтамасыз ететін жануарлар. Олар оған не материалдық игіліктер мен қызметтердің қайнар көзі, не оның бос уақытын айшықтайтын серіктес жануарлар ретінде көмектеседі. Үй жануарларының көпшілігі оңай көбейеді. Іріктеу жүргізу арқылы адам олардың көбеюін және олардың ұрпақтарына берілетін қасиеттерін басқара алады. Мүйізді ірі қара, түйе, жылқы, есек, қой-ешкі, ит, шошқа, мысық, үй қояны, теңіз тышқаны; құстардан тауық, үйрек, қаз, күркетауық, кептер; тоғандарда өсірілетін балықтар үй жануарларына жатады. Өркениет дамуының барысында адам жәндіктердің 2 түрін (бал арасы мен жібек көбелегі), құстардың 10 - 12 және сүтқоректілердің 60-қа жуық түрлерін қолға үйреткен. Зертханалық жануарлар - егеуқұйрықтар мен тышқандар, сайрағыш және әсем құстар, тоты, шымшық, т. б., аквариум балықтары да өсіріледі. Үй жануарларын қолға үйрету алғашқы адамдар мекендерін қазып зерттеу нәтижесінде, бұдан 15 - 10 мың жыл бұрын басталған. Аңшылық тәсілі жетілген сайын жабайы, тағы жануарлар саны азайып, адам баласының күнделікті тұрмыс қажетін қанағаттандыру үшін үй жануарлары қолға үйретіле бастады.

Қазіргі кезде:

  • 170 млн-ға жуық қой - Австралияда;
  • 197 млн-нан астам ірі қара мал - Үндістанда;
  • 7 млн-дай түйелер - Сомалиде өсіріледі деп саналады.

Үй жануарлары тек материалдық байлық көзі ғана емес, сонымен бірге, рухани қазына болып есептелінеді. Жаңа ортаның әсері және қолдан іріктеу, жұп таңдау нәтижесінде бұларда адамға пайдалы жабайы жануардан өзгеше қасиеттер пайда болды. Осы кездегі мал тұқымдары өзінің жабайы ата тегінен едәуір ірі, етті, аяқтары қысқа, тұрқында да өзгерістер байқалады . Мысалы, ең ірі ит тұқымы - сенбернар, оның салмағы 77 кг-дай болса, ең кішкентай ит - чихуахуа, оның салмағы 450 г-нан аспайды. Ең кішкентай сингапур мысығының салмағы - 1 кг 81 г болса, ал ең ірі мысық -рэгдолл, ол 9 кг-дай салмақ тартады. Тегіне қарағанда үй жануарларының сүйегі жеңіл, омыртқа саны аз, бас сүйегі кіші, сондай-ақ мүйізі, ішкі органдары да өзгеріске ұшырады. Бұлардың өкпесі, жүрегі, бүйрегі жабайы ата тегіне қарағанда кемірек дамыған, жыныс ерекшеліктерінде де көптеген өзгерістер байқалады.

Ірі қара мал. Шығу түріне қарай ірі қара малды екі туысқа бөледі; бұқа тэрізділер (Bos) және енекелер (Bubalis dade lus) . Бұқа тэрізділердің өзі төрт түрге бөлінеді: ірі қара мал (Bos tamhis indicus), үнділік маңдайлы бүқалар - бантенг, гаур, гаял, (Bos bidos), қодас (Bos poephogus), бизондар (Bos bison) . Осы жануарлардың копшілігі жабайы және үй жануары түрінде кездеседі. Жеке ірі қара мал (Bos tauhis туысы) . Бүл ауылшаруашылық малдарының ішіндегі ең көп топтар. Ірі қара малдың жабайы ата тегін ғалымдар кобінесе - тур деп есептейді. Оның коп таралған жері Европа болған. Турдың бірен-сараң түрін Сібірден, Қытайдан, Солтүстік Африкадан, Сириядан, Палестинадан кездестіруге болады. Тур аздаған табын болып сазды сардалада, озендердің жағалауында өмір сүрді. Жорж Кювьенің айтуы бойынша, мұз дәуірінде жер бетінде мүйізі үзын, мүйізді - оте денелі жануарлар - тур омір сүрген. Турдың соңғы аналығы 1627 жылы Польшада олген. Тур - өте ірі (салмағы 800-1200 кг, шоқтығындағы биіктігі 200 см), өте жақсы жетілген ұзын мүйізді, қара түсті жануар Оның қуатының және күшінің көптігі соншалықты, ол туралы ежелгі заман эпостарында, аңыз - жырларында жэне мақалдарында айтылған. Халық батырларын орыс елінде турлар деп атаған. Осы жануарлардың күші, шапшаңдығы, шыдамдылығы туралы Юлий Цезарь, Владимир Мономах, ¥лы Карл жазған. Ғалымдар турды европалық, азиялық жэне африкалық деп үш түрге болген. Осы ірі қара малдың шығу тегін біліп, оқып үйрену үшін, ресейлық академик Е. Ф. Лискун жэне швед ғалымы Л. Рютимейер ұсынған краниология лық әдісті қолдануға болады. Осы әдіске сәйкес ірі қара малды мынадай келесі типтерге боледі:

Жылқылар (Eguidas) . Жылқылар тұқымдасы төрт туыстан тұрады: есектер, жартылай есектер, зебралар және жылқылар. Тек екі түрі үй жануарына айналдырылып, қолға үйретілген, олар: жылқы жэне есек. 18 Жылқы алғашқы рет Солтүстік Америкада пайда болды, содан кейін Азия мен Европаға көшірілді. Жылқыны үй жануарларына айналдыру, қолга үйрету Орталық Азиядан басталды, содан кейін Европада, ол кезең қола ғасырына жатады. Америкаға үй жануарларына айналдырылып, қолға үйретілген жылқылар біздің дәуіріміздегі XV ғасырда әкелінді. В. О. Ковалевскидің жұмыстарымен анықталғандай, жылқылар түқымдасының эволюциясы олардың колемін ірілендіру, тіс аппаратын күрделендіру, аяқтарындағы саусақтарының санын азаиту жолымен жүргізиіген: төрт саусақты Эогипустан, гиппориондарға дейін, бір түяқты жануарлар Прежевальский жылқысы жэне тарпан. Көптеген зерттеушілер жылқыларды мынадай үш түрге бөледі: шөл, жазық далалық жэне ормандық. Қазіргі заманғы жылқылардың жабайы ата тегі, қазіргі күнге дейін сақталған Прежевальский жылқысы Оны 1879 жылы орыс галымы Н. М. Прежевальский Азиядан тапқан (Гоби шөл даласында), қазіргі уақытта Моңғолияда кездестіруге болады. Осы жылқылардың бойы үзын емес (124- 130 см), денесі қысқа, кең, басы өрескел, үлкен, кекілсіз, кұлағы қысқа, мойны жуан, қысқа; сирақтары жіңішке, мүйізденген тері өсінділері бар. Түсі құла, жалы жэне қүйрығы қара, арқасының бойымен қара түсті жолақ өтеді. Пейілі жабайы. Тістері мықты. Жануарлар оте сақ және шағын табын болып жүреді. Буаздылыгы 340-350 күнге созылады. Жануардың ормандық түрмен және тіпті есекпен ұқсастығы, ғалымдарға жабайы жылқылардың негізгі бір түрін коруге мүмкіндік берді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара малының шығу тегі
Органикалық дүниенің даму мәселелері
Малды гибридтеу тәсілі
Жасанды сұрыптау
Буынаяқтылар типі жайлы
Жануарлар дүниесі
Тіршіліктің тарихи дамуы туралы көзқарастар
Жануарлар әлеміне саяхат
Сүтқоректілер экологиясы
Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz