Туыстас малдарды шағылыстыру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

https://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=065df94710e9995afc4511fffbf7ac0e-l&n=13 Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-технологиялық университеті

"Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы″институты

"Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы″жоғары мектебі

БАӨЖ 2

Тақырыбы:« Туыстас малдарды шағылыстыру».

Орындаған:Басболов З. Т.

Тобы:ТППЖ-31

Тексерген:а. ш. ғ. к., доц. м. а. Ахметалиева А. Б.

Орал, 2020

Таза тұқым өсіру әдісі деп - ұрпақтан ұрпаққа бір тұқымның ғана малын өзара шағылыстыруды айтады.

Будандастыру дегеніміз - тұқымдары бөлек-бөлек малды шағылыстыру. Түраралық будандастыру (гибридтеу) деп - екі түрдің малын шағылыстыруды айтады. Бұлардың әр қайсысы мал тұқымын асылдандыруда нақтылы бір селекциялық мәселені (қалаған мақсатты) шешуге бағытталған. Олардың биологиялық мәні, генетикалық әсері әр түрлі.

Кезкелген малдың алу жолын, оның шежіресі бойынша жылдам және оңай анықтауға болады. Ол үшін әуелі шежіреде енесі жағынан да, әкесі жағынан да қатар кездесетін ата-тегінің бар-жоғын анықтау қажет. Егер екі жақта да кездесетін ата-тегі болса, онда тексеріліп отырған малдың ата-енесі бір-бірімен туыстас болғаны, яғни оның туыстас малды шағылыстыру (инбридинг) арқылы алынғанының дәлелі. Инбридингтің жағымды немесе жағымсыз, зиянды әсерінің білінуі шағылыстырып отырған қандас малдың туыстық дәрежесіне байланысты. Сондықтан екі малдың бір-біріне туыстық дәрежесін және инбридинг коэффициентін анықтайтын бірнеше тәсілдер қолданылады.

Жақын туыстық жұптастырудың зиянды зардаптарына қарамастан, инбридинг тұқым асылдандыру жұмысының жүйесінде маңызды орын алады. Инбридинг қолданылмай шығарылған жануарлардың бірде-бір бағалы тұқымын атау қиын.

Селекциялық тұрғыдан алғанда инбридинг жоғары класқа жататын тұқымдық бұқаларды, аталық іздер мен тұқымдардың негізін салушыларды алу әдісі ретінде маңызды. Шортгорн тұқымының Фаворит бұқасы, қара-ала тұқымның Адема 197, санта-гертруда тұқымының - Манки, симментал тұқымының - Мергель бұқасы, голштин тұқымының Монтивик - Гладиатор және басқа 33 ізбасшы инбридингті пайдалану арқылы алынған. .

Инбридингтің зиянды зардаптарын жою үшін, ең алдымен, туыстас емес жануарлар жұптастыруды, қан тазартуды жүйелі жүргізу қажет, яғни сол тұқымның жоғары класты, бірақ шаруашылықтағы аналық мал басына туыстық жақындығы жоқ аталықтарды пайдалану керек. Дене бітімі мықты жануарларды қатаң сұрыптау, оларды өсіру үшін жақсы жағдайлар туғызу инбредті депрессиямен күрес жүргізудің маңызды шаралары болып табылады. Шошқа өсіретін асыл тұқымды мал зауыттарында инбредті депрессиямен күрес жүргізудің басқа шараларымен қатар, интербридинг пайдаланады.

Л. В. Тимофеев жасаған бұл әдістің мәні мынада: жетекші асыл тұқымды мал зауыттары кейде қабандарды осы тұқымның мол өнімді басқа табындарына жібереді де, бұл қабандардың еркек ұрпағын бірнеше (1-2) буыннан кейін табынды одан әрі жетілдіру үшін қайтарып алады. Басқа шаруашылық жағдайларында өсірілген қабандардың ұрпағында бөтен, табынға тән емес тұқым қуалайтын информация толығырақ болады, бұл оларды табында қалыптасқан аталық іздер бойынша өсіруде инбридинптің зиянды зардаптарынан қорықпастан пайдалануға мүмкіндік береді.

Гетерозис - белгілі бір белгілермен қасиеттерінің көрініс дәрежесі бойынша будандардың бірінші ұрпағының ата - ана формасының әрқайсысынан ерекше басым

болуы. Гетерозис түр аралық будандастыруда бір түрдің әр алуан гетерогенді популяцияларын будандастырғанда байқалады. Жүгеріде түрлі таза немесе инцухт - линияларды будандастырғанда гетерозис құбылысы күшті көрініс береді. Бұл кезде будандардың өнімділігі кейде (ең тәуір) ата- ана формасымен салыстырғанда 20 - 50 % артады.

Әсіресе Г. Шелл, Е. Иста, Х. Хэйстердің жұмыстарында айқын көріне бастады. Ғылыми әдебиеттерде «гетерозис» термині 1914 жылы қолданылған болатын. Гетерозистің себептері мен генетикалық негіздерін түсіндіру үшін бірнеше пікірлер айтылды да, онда негізінен өзара әсер етуші түрлерінің қайсысына және қандай жағдайлар басты көңіл бөлінетіні айқындалады. Гетерозисті баяндауға бірнеше болжамдар айтылады.

Айқас тозаңданатын организмдердің популяцияларында гендердің зиянды рецессивті аллельдері аутбридинг нәтижесінеде доминантты аллельдермен қалқаланады, әрі сақталады.

Еріксіз инбридинг нәтижесінде айқаспалы ұрықтанатын организмдер популяциясының генофондысына кіретін зиянды рецессивті гендер гомозиготалы түрде ауысады, фенотиптік көрініс береді және гибридті азғындауды туғызады. Ұрпақ сайын көп қайтара еріксіз инбридингті іске асырғанда жаңа зиянды мутациялардың барлығы гомозиготалы күйде ауысады да, соның нәтижесінде толық гомозиготалылық басталғанда барлық зиянды гендер көрініс беріп, инбредті минимум пайда болады.

Қорытындылай келгенде гетерозис құбылысы дегеніміз - белгілі бір белгілермен қасиеттерінің көрініс дәрежесі бойынша будандардың бірінші ұрпағының ата - ана формасының әрқайсысынан ерекше басым болуы. Гетерозис түр аралық будандастыруда бір түрдің әр алуан гетерогенді популяцияларын будандастырғанда байқалады. Ғылыми әдебиеттерде «гетерозис» термині 1914 жылы қолданылған болатын. Гетерозистің себептері мен генетикалық негіздерін түсіндіру үшін бірнеше пікірлер айтылды да, онда негізінен өзара әсер етуші түрлерінің қайсысына және қандай жағдайлар басты көңіл бөлінетіні айқындалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туыстас малды жұптастыру
Саналы сұрыптау
Тұқым қуалайтын аурулардың этиологиясы
Тұқым қуалайтын аурулардың патогенезі
Жұп таңдау қаракөл тұқымын әр текті жұптау ерекшеліктері
Жылқы өсіру әдістері
Қой шаруашылығы. Қой шаруашылығындағы селекциялық жетістіктер
Қаракөл қойы туралы түсінік
Сүтті бағыттағы ірі қараны асылдандыру
Асылтұқымды малдарды азықтандыру және олардың гигиенасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz