Кәсіпкерлік тәуекелдерді талдау және бағалау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
БАСБОЛОВ ЗАМАНБЕК ТППЖ-31
Кәсіпкерлік тәуекелдерді талдау және бағалау.
Кәсіпкерлік қызметті тоқтату.

Кәсіпкерлік тәуекел - кәсіпорынның мүмкіндіктерінің әлеуетінен шыға отырып күтілген табыс мөлшерін ала алмау немесе пайда болуы мүмкін қауіптің әсерінен болатын ресурстарды жоғалту ықтималдылығы.

Тәуекелдердің жіктемесін әртүрлі ерекшеліктері бойынша жасалады:

* пайда болу себептері бойынша;
* кәсіпкерлік салалары мен функционалды түрлері бойынша;
* сақтандыру мүмкіндігі, жіберілу деңгейі бойынша және т.б.

Өндірістік тәуекел өндірістік қызметтің кез-келген түрлерін жүзеге асырумен, өнімді, тауарлар мен қызметтерді өндірумен байланысты.
Қаржылық тәуекел кәсіпкердің банктермен және басқа қаржылық институттармен қарым-қатынастар сферасында пайда болады. Қаржылық тәуекелдің себептері болып қарыз және меншікті қаражаттардың арақатынасының жоғары алшақтығы, кредиторларға тәуелділік, капиталдардың пассивтілігі, бір жобаға үлкен қаражаттарды орынсыз жұмсау.
Коммерциялық тәуекел кәсіпкермен өндірілген немесе сатып алынған тауарлар мен қызметтерді өткізу үрдісінде пайда болады.
Өзінің қызмет етуі барысында кәсіпкерлік фирмалар кезігетін тәуекелдердің белгілі бір түрлері бар. Олар:
* заңды тәуекел заңнамалық актілердің төмен сапасымен және заңнамадағы күтілмеген өзгерістерге байланысты;
* инвестициялық тәуекел технико-экономикалық негіздемелерді сапасыз өңдеумен, жоба құнының күрт өсуімен, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың күшеюімен негізделеді.
нарықтық тәуекел валюталардың ұлттық ақша бірлігінің курсына, нарықтық пайыздық ставкаларының өзгеруіне байланысты;
* сақтандыру тәуекелі сақтандыру қорын қалыптастырумен, басқарумен, сонымен қатар меншікті мүлікті, ақшалай қаражаттарды және персоналды басқарумен байланысты;
* инновациялық тәуекел осы аядағы белгісіздікпен (идеяны жасап шығарудан бастап, оны өнім өндіруге немесе жаңа технологияны өндіріске енгізе отырып, өнімді нарыққа өткізуге дейін) байланысты.
Кәсіпкерлік қызметтің тәуекелінен болатын шығындары, еңбек, қаржылық, уақыт және арнайы шығын деген түрлерге бөлінеді.

Материалды шығындар - бұл жобамен қарастырылмаған натуралды сипаттағы материалды объектілердің тікелей шығындары (үйлер, ғимараттар, өнім, жартылай шикізаттар, материалдар, шикізаттар, құраушы бөліктер).

Еңбек шығындары - кездейсоқ немесе күтпеген жағдйалардан туындаған жұмыс уақытының шығыны; техникалық орындауға кететін уақыт нормаларды қолдану (өлшем бірлігі - адам-сағат немесе адам-күн)

Қаржылық шығындар - тікелей ақшалай зиян (кәсіпкерлік жобамен қарастырылған төлемдер, айыппұлдар, мерзімі өтіп кеткен несиелер үшін төлемдер, қосымша салықтар, ақшалай қаражаттардың немесе бағалы қағаздардын жоғалуы). Олар жобамен қарастырылған көздерден, қарызды әртүрлі себептерден ала алмау нәтижесінен болуы мүмкін.
Уақыт шығындары кәсіпкерлік қызмет үрдісі жобамен қарастырылған мерзімінен баяу жүрген жағдайда (сағаттармен, тәуліктермен,айлармен өлшенеді) пайда болады.
Тәуекелді бағалау - бұл тәуекел шамасын (дәрежесін) сандық және сапалық тәсілмен анықтау. Тәуекелді бағалаудың әмбебап тәсілдері жоқ. Пайдаланып жүрген тәсілдердің артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Бағалаудың қандай да бір белгілі тәсілін таңдау нақты жағдай мен кәсіпкер тұлғасына байланысты. Сондықтан, сандық-сапалық тәсілді ұштастырып, яғни кәсіпкерлік тәуекелді құрамдастыру әдісімен бағалауды өткізген дұрыс. Сапалық бағалау барлық мүмкін болатын тәуекелдердің идентификациясымен сипатталады. Сапалық бағалау салыстырмалы түрде қарапайым болуы мүмкін, оның басты міндеті - орындау барысында тәуекел пайда болатын факторларды, жұмыс сатыларын анықтау.
Тәуекелді бағалау барысында тәуекел дәрежесін анықтау қажет және ол келесідей болуы мүмкін:
* жіберілетін - жоспарланған объекті өткізуден түсетін табысты толық жоғалту қаупі;
* шегіне жеткен - тек қана табыстың түспеуі ғана емес, сонымен қатар кәсіпкер қаражаттары есебінен қарыздардың жабылмауы мүмкін;
* катастрофалық - капиталдың, мүліктің жоғалуы, кәсіпкердің банкротқа ұшырауыда болуы мүмкін.

Кәсіпкер тәуекелі сандық түрде, салынған капиталдың түскен ықтималды немесе жоспарланған, максималды және минималды табысты (зиянды) субъективті бағалаумен сипатталады.
Сандық бағалау тәуекелдерді сандық сипаттауға, оларды талдау мен салыстыруды өткізуге бағытталған. Тәуекелді сандық бағалау жағдайында әр түрлі әдістер қолданылады.
Абсолютті талдауда тәуекел құндық (ақшалай) сипатта немесе материалды-заттық (физикалық) сипатта мүмкін болатын жоғалтулардың мөлшерімен анықталуы мүмкін.
Салыстырмалы сипатта тәуекел жоспарланған табысқа немесе кәсіпкерлік қызметтің аталған түріне жұмсалған ресурстардың жалпы құнына қатысты шығынның сомасы ретінде анықталады.
Тәуекелді сапалық бағалау статистикалық әдіс көмегімен орындалуы мүмкін. Бағалаудың аталған әдісінің басты құралдары - орташа күтілетін мәні, дисперсия, стандартты ауытқу, вариация коэффициенті.
Вариация - нәтиженің бір нұсқасынан екіншіге өту барысындағы сандық көрсеткіштердің өзгеруі.
Дисперсия - нақты мәннің орташа мәнінен ауытқу шамасы.
Орташа күтілетін мән - белгісіз бір жағдайға байланысты нәтиженің (жағдайдың) мәні. Ол әрбір нәтиженің ықтималдылығы сәйкес мәннің жиілігі, немесе салмағы ретінде қолданылатын мүмкін болатын нәтижелердің орташа салмақтысы болып табылады. Осылайша, болжамды күтілетін нәтиже есептеледі.
Экспертті бағалаулар әдісі. Бұл әдіс әдетте тәжірибелік кәсіпкерлер мен мамандардың ой-пікірлерін өңдеу жолымен жүзеге асырылады. Ол статистикалықтан тек тәуекел қисығын сызу үшін ақпаратты жинақтау әдісімен ерекшеленеді.
Есептік - аналитикалық әдіс - шығындар ықтималдылығының қисығын құрастыруға және кәсіпкерлік тәуекел ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компанияның қаржылық қызметінің жалпы тәуекелі
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІН БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Қаржылық менеджер тәуекел
Кәсіпкерлік тәуекелділік
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ТӘУЕКЕЛДЕР
Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері
Кәсіпкерлік тәуекелділік: түрлері мен типтері және оның зардаптарын жеңілдету жолдары
Кәсіпкерлік тәуекелдердің жіктелуі
Қаржылық тәуекелді бақылау құралдары
Тәуекелді басқару негіздері
Пәндер