Саладағы кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау


Басболов Заманбек ТППЖ-31
Саладағы кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау
Кәсіпекерлік қызметтің тиімділігін бағалау - ол кәсіпорынның қаржы - экономикалық жағдайын интегралды ( рейтингтік) бағалауды білдіреді.
Кәсіпорын қызметін бағалау және талдау үшін көрсеткіштер жүйесі:
А) салық органдары үшін;
Б) несие беруші банктер үшін;
В) келісім шарттар бойынша әріптестер үшін.
а) Салық органдары үшін ең маңыздысы кәсіпорынның салық төлеу қабілеттілігі. Сондықтан да олардың ең бірінші баланстық пайдасы, себебі ол салық төлеудің бір бөлігінің көзі болып саналады.
Сондықтан салық органдарының көз қарасы бойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын келесі көрсеткіштер болып табылады:
- баланстық пайданың жалпы сомасы
- активтердің рентабельділігі
- өткізу рентабельділігі
баланстық пайда=түсімнен шығындарды алып тастағандағы.
б) Кәсіпорынның қызметін бағалау мен талдау үшін несие беруші банктер ең бірінші қарастыратыны кәсіпорынның өтімділік және төлем қабілеттілігін көрсететін көрсеткіштер.
Төлем қабілеті-кәсіпорынның несие беруші банктерге бережақ ақшаларын тоқтаусыз өтей алу мүмкіндігі.
Өтімділік және төлем қабілетінің негізгі көрсеткіштеріне мыналарды жатқызады:
-жалпы жабу коэффициенті;
-аралық жабу коэффициенті;
-абсолюттік өтімділік коэффициенті;
-жалпы төлем қабілетінің коэффициенті;
-ағымдағы жойылу коэффициенті.
Жалпы жабу коэффициент і (К оп) қандай ағымдағы несие мен есептеу бойынша міндеттерді өтеуге болатынын анықтайды. Жалпы жойылуға тиіс материалдың және ақшалай айналым қорлардың сомасының қысқа мерзімді міндеттеріне шаққанда анықталады.
Аралық жабу коэффициенті (К пп) материалдық айналымдағы қаржыларды тартпай-ақ қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен есеп шоттағы қаржы арқылы кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттерін жоба алатының көрсетеді.
Абсолюттік өтімділік коэффициенті ағымдағы активтердің неғұрлым өтімділеу мен қысқа мерзімді бережақтардың салыстыра арқылы анықтайды.
Ағымдағы жойылу коэффициенті жойылуға тиісті айналымдағы қорлардың жалпы бағасын жедел төлеу міндеттеріне қысқа мерзімді банк несиесі түрінде қарыздар немесе әртүрлі кредиторлық бережақтарына шаққандағы.
Жалпы төлеу қабілетінің коэффициенті нақты активтер бағасын жалпы қарызды қаржылар бағасына шаққанда анықталады.
в) Келісім шарттар бойынша әріптестерді банктер секілді кәсіпорынның өтімділігі мен төлем қабілеттілігі қызықтырады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын көрсететін көрсеткіштерді үш топқа бөлуге болады:
1. Айналымдағы құралдардың жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер:
- кәсіпорынның өзіндік айналымдағы қаржымен қамтылуы;
- материалдық қордың айналымдағы қаржымен қамтылуы;
- айналымдағы қаржының орағытпалық коэффициенті.
2. Негізгі құралдардың жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер:
- мүліктің нақты бағасының коэффициенті;
- тұрақты актив коэффициенті (индекс) ;
- тозуды жинақтау коэффициенті;
- ұзақ мерзімді қарызды қаржыларды қатыстыру коэффициенті.
3. Кәсіпорынның жалпы қаржылау тұрақтылық дәрежесін көрсететін көрсеткіштер:
- автономия коэффициенті;
- қарызды және өзіндік қаржылардың қатынас коэффициенті.
Кәсіпорынның өзіндік айналымдағы қаржымен қамтылу коэффициенті (Кс) кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті өзіндік айналымдағы қаржылардың болуы. Кәсіпорындағы бар айналымдағы қаржыларды олардың нақты бағасына өндірістік қорлар мен шығындар, ақшалай қаржылар, дебиторлық бережақьар және басқалай айналымдағы активтер түрінде шаққанда анықталады.
Материалдық қордың айналымдағы қаржымен қамтылуы (Ко) бірінші коэффициентің кездейсоқ жағдайы ретінде қарастырады. Жеке айналымдағы құралдар сомасының материалдық қорлар көлеміне қатынасы ретінде есептеледі. Мұнда жеке көздер арқылы кәсіпорынның материалдық қорлары қаншалықты жабылатынын көрсетеді.
Айналымдағы қаржының орағытпалық коэффициенті (К м) жеке айналым құралдар сомасын кәсіпорынның жеке қаржылар көздер сомасына бөлу арқылы есептеледі.
Талдау мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:
1. Өнім өндіру мен сатуды талдау. Мұнадай талдаудың негізгі кезеңдері мыналардан тұрады: өнім өндіру көлемін талдау.
- өнім ассортиментін талдау.
- өнім сапасын талдау.
- өндірістің ырғақтылығын талдау.
- өнімді сатуды талдау.
2. Негізгі өндірістік қорларды талдау. Мұндай талдаудың негізгі кезеңдері келесілер:
-Негізгі құралдарың құрылымы мен динамикасын талдау.
-Негізгі құралдарды пайдалану тиімділігін талдау.
-Негізгі құралдарға салынған инвестициялардың тиімділігін талдау.
-Құрал - жабдықтарды ұстау және пайдалану шығындарын талдау.
3. Кәсіпорынның материалдық ресурстарын талдау. Материалдық ресурстары талдау кезінде мынадай кезеңдері бөліп көрсетуге болады:
-Материалдық - техникалық жабдықтау жоспарының сапасын талдау.
-Материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалау.
-Кәсіпорынның материалдық ресурстарға қажеттілігін бағалау.
4. Кәсіпорынның еңбек ресурстарын талдау. Еңбек ресурстарын талдаудың негізгі кезеңдері:
-жұмыс күшін пайдалану жағдайын талдау.
-Еңбек өнімділігін талдау.
-Еңбек ақы төлеу жағдайын талдау
5. Өнімнің өзіндік құнын талдау. Өзіндік құнды талдау кезінде келксі кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:
-Өткізілген өнімнің 1 теңгесінен кеткен шығындарды талдау.
-Тікелей материалдық және еңбек шығындарын талдау
-жанама шығындарды талдау.
6. Пайда мен табыстылық ( рентабельділік) деңгейін талдау. Пайданы қалыптастыру мен пайдалануды талдау төмендегілерді қамтиды:
-Пайданың құрамы мен динамикасын талдау.
-Негізгі қызмет түрлерінің қаржылық нәтижелерін талдау.
-Өзге де ызмет түрлерінің қаржылық нәтижелерін талдау.
-Кәсіпорынның табыстылығын ( рентабельдігін) талдау.
7. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Қаржылық жағдайды талдау келесі кезеңдерді қамтиды:
-Шаруашылық субъектінің экономикалық және қаржылық жағдайына алдын-ала шолу жасау.
-Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау
-Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау
-Бағалы жағдайын бағалау. қағаздар нарығындағы жағдайын бағалау
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz