Жеке даралық психологиясы
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
2. Жеке адам жөнінде түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
3. Жеке адам мотивтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
4. Жеке адамның бағыт . бағдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
5. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Инженерлік-техникалық факультет
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Жеке даралық психологиясы
Орындаған: Қошанова Ж.Ж.
050713, 0910020 топ, 4 курс
Тексерген: Айткужинова С.Н.
Қостанай 2012
Жоспар
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2. Жеке адам жөнінде түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
3. Жеке адам мотивтері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
4. Жеке адамның бағыт - бағдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
5. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1. Кіріспе
Жеке даралық - тұлға дамуының ең жоғарғы деңгейі, ал жекедаралық - бұл тереңдік өлшем деген пікірді білдірді. Жекедаралық - адамның өмір жолының жоғарғы синтезі, интегралды нәтижесі. Ол, бір уақытта, адамның индивид, тұлға және сібъект ретіндегі өзіншелігі мен қайталанбастығын білдіреді. Жекедаралық ретіндегі адам өмірдің әлеуметтік нормаларын өзінше, авторлық оқуында, өзінің ерекше дара өмір тәсілін, өзіндік дүниетанымын, өз келбетін құруында, өз ар-ожданына сүйенуінде ашылып көрінеді.
Тұлғаның өзгешелігі мен айрықшалығы оның жекедаралық деңгейінің пайда болуын білдіреді. Жекедаралық - дамыған өзін-өзі реттеуші жүйе. Дамыған тұлға кедергілерге тұрақты болып келеді және тұйықтылықпен сипатталатын, айқын, дамыған өзіндік санаға ие. Осындай жетілген Мен жүйесі қоршаған ортаға қатысты дамудың фильтрі болып табылады. Сонымен қатар, дамыған тұлға өнімді және жасампаз болады. Жекедаралықты адамның дүниедегі мағыналық қатынастары мен бағдарларының жиынтығы ретінде түсінеді. Олар адаммен қоғамда өмір сүру барысында игеріледі және оның құндылықтар иерархиясында бағдарлауын, түрткілер күресі жағдаятында мінез-құлықты меңгеруін қамтамасыз етеді.
Даралық психологиясы - адамдардың даралық психологиялық және қылықтық айырмашылықтарын сипаттайтын, түсіндіретін және зерттейтін психология ғылымының саласы. Даралық психологиясы фрейдизмнен тармақталған, А.Адлер талдап белгілеген анализ бағыттарынң бірі. Даралық психологиясы тұлғаның құрылымы ерекше өмір стилі бес жасқа дейәнгә бала кезден негізі қаланады дегенді негізге алады. Осының өзі оның одан кейінгі бүкіл дамуын анықтайды. Өзінің дене мүшелері жете дамымағандығы себепті балада кемсіну сезімі болады, өзін-өзі көрсету әрекетінде мақсат қалыптасады.
Бұл мақсат шынайы болса, тұлға дұрыс қалыптасады, ал жалған болса, неврозды, әлеуметтікке қарсы болып қалыптасады. Ерте жаста туа біткен әлеуметтік сезім арасында қақтығыс пайда болып, өтем және астамдық өтем механизмдерін іске қосады. Осыдан барып жеке билік жүргізуге, басқалардан үстем болуға тырысушылық, мінез-құлықтың әлеуметтік құндылық нормаларынан ауытқушылық туындайды.
Психотерапияның міндеті - невроздық субъекттің өз мақсаттары мен түрткілерінің болмысқа сай емес екенін ұғынуына көмектесу, өзінің толыспағандығының есесін өтеуге тырысуы шығармашылыққа бағытталуына бағдарлау. Даралық психология идеялары көптеген елдерде тұлға психологиясында ғана емес, әлеуметтік психологияда да тарап, топтық терапия әдістерінде пайдаланылады. Даралық психологиясы неофрейдизмді жақтаушыларға ықпал етті. Даралық психологияның әдістемелік шектеулігі, ең алдымен, психикалық дамудың күн ілгері мәлімдігі туралы тұжырымдаманы қорғайды; бұл даму телеологиялық тұрғыда әу бастан терең негізделген мақсаттарды жүзеге асыратын даму деп ұғынылады. Даралық, жекелік, өзіндік қасиет (бір адамды басқа адамнан айырмашылығын көрсететін жиынтығы); Адамның индивидтік қасиеттерінің өзіндік бейнесі бар, басқа адамдардан ерекшелігі.
2. Жеке адам жөнінде түсінік
Әлеуметтік қатынастар субъекті әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері ретінде әрбір адам - жеке адам болып сипатталады.
Жеке адам түсінігімен қатар біздің қолданымымызда адам, дара адам, даралық терминдері бірге жүр. Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшеліктерімен ажыратылады, бірақ бір-бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінде ең жалпыланған, көп қасиеттердің бірігуін - адам түсінігі қамтиды. Адам - өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі, қоғамдық еңбек барысының жемісі әрі табиғат пен әлеуметтік болмыс тұтастығын аңдататын тіршілік иесі. Алайда, адам әлеуметтік тектік мәнге ие болғанмен, ол жалпы табиғат туындысы ретінде - дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесінен бөлектенбейді.
Дара адам - "homo sapiens" тектілердің өкілі, адамдық даму нышандарының иесі - нақты адам.
Даралық - нақты адамның табиғи және әлеуметтік қабылдаған қайталанбас ерекшеліктері мен қасиеттері.
Жеке адам түсінігіне байланысты ең алдымен адамның қоғамдық мәнді сапалары еленеді. Адамның әлеуметтік мәні оның қоғаммен байланысында қалыптасады да көрініс береді.
Әрқандай қоғамға орай адамның қасиет, сапа өлшемдері әрқилы келеді. Қоғам социологиясы нақты қоғамның психолгиялық типін анықтап отырады.
Жеке адам көп сатылы құрылымға ие. Осыдан жеке адам психологиялық құрылымының ең жоғарғы да жетекші деңгейі қажеттік - себеп аймағы - жеке адамның бағыт-бағдарынан, оның қоғамға, басқа тұлғаларға, өзіне қатынасынан және қоғамдық әрі еңбектік міндеттерінен туындайды. Сонымен бірге, жеке адам үшін мәнді құбылыс тек оның ұстанған бағыттары ғана емес, оның өз қатынас мүмкіндіктерін іске асыру қабілеті де үлкен маңызға ие. Ал, бұл өз кезегінде адамның іс-әрекеттік икемділігіне, оның қабілеті, білімі және ептілігіне, көңіл-күй, еріктік және ақыл-ой сапаларымен байланысып жатады.
Адам өмірге дайын қабілет, мінез және қызығуларымен келмейді, бұлардың бәрі белгілі табиғи негізде адамның өмір барысында қалыптасады. Адам тәнінің негізі, яғни генотипі оның анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін, жүйке жүйесінің қозғалысын белгілейді. Биологиялық құрылым иесі - адам өткен әулеттердің білім, салт, заттай және рухани мәдениеті күйінде топталған өмір тәжірибесін игерумен ғана жеке адам дәрежесіне көтеріледі.
Жеке адам дамуы - өз мүмкіндіктерін үздіксіз кеңітіп, қажеттіліктерін арттырып барумен байланысты. Осы даму деңгейі нақты адамға тән болған қарым-қатынастар аймағымен өлшенеді. Даму дәрежесі мардымсыз тұлғаның адам аралық қатынастары да өте жай, күнделікті тіршілік күйбеңінен аспайды. Ал даму деңгейі жоғары болған адам өзінің рухани мәртебелігімен, қоғамдық мәнді құндылықтарымен ерекшеленеді.
Әрбір дара адам өзінің қоғамдағы өмірлік әдептерін реттеумен күнделікті тіршілік проблемаларын шешіп береді. Бірдей қиыншылық, кедергілердің шешімін әр адам өз әдіс, тәсілдерімен табуы керек. Осыдан, жеке адамды танып, білу үшін сол адамның алдында тұрған өмірлік міндеттерін, оларды іске асыру жолдары мен өмір барысында ұстанған принциптерін жете білу қажет.
Қоғамдық қатынастарға араласып және оларды басшылыққа ала отырып, адам сол қатынастардың ықпалында қалып қоймайды. Әрқандай дара тұлға өз дербестігі мен ерекшелігіне ие.
Жеке адамның дербестігі оның ең жоғары психикалық сапасы - рухани дүниесімен ұштасады. Рухани дүние дегеніміз адам мәнінің ең биік көрінісі, оның жалпы адамзаттық инабат парызды түсіне білуі, болмыстағы өз орнына сай қызмет ете алуы. Жеке адамның рухани жетілгендігі - бұл жоғары дәрежедегі саналық жетілу, ізгі мұраттарды басшылыққа алу, сонымен бірге, жаман ниеттер мен мезеттік шен-шекпеннен, жалған белсенділік пен өтірік-өсектен өзін аулақ ұстай алуы. Ал адамның мұндай қасиет, сапаларды өз бойына дарытуы көбіне қоғамдық салтқа тәуелді. Қоғамның даму дәрежесі неғұрлым төмен болса, ел ішінде баршаны бірдей теңестіру принципі өріс алады да, ондай қоғам мүшелерінің көбі құлдық бағыну күйінен арыла алмайды. Дербестігінен айырылып, өз бетінше ой жүгіртпеген адам, өзін тұлғалық дамыту ниетінен ажырап қалады.
Жеке адам сапалары сол адамның араласқан қатынастар өрісіне, әртүрлі әлеуметтік өмір аймағында қызмет ете алу қабілетіне байланысты келеді. Шығармашыл тұлға тікелей қоршаған әлеумет шеңберінде ұалып қоймай, өзін ауқымды қоғам аймағы негізінде қалыптастыруға ұмтылыс жасайды. Мұндай адам бойында өзі жасаған қауымның, тіпті бүкіл қоғамның болашақ өркениеті көрініп, ол өз дәуірінің сапалық деңгейінен көш ілгері жүреді. Жеке адамның өз дербестігіне ие болуы оның тұйық әлеуметтік топқа бағынышты еместігін көрсетумен бірге сол адамның жоғарғы деңгейде кемелденгенінің дәлелі.
Жеке адамның дамуы, яғни оның әлеуметтік ұнамды қасиеттерінің қалыптасуы белгілі қоғамдық қолдау мен әлеуметтік қажетсінуді керек етеді.
Дара адамның жеке адам санатына көтерілуі үшін маңызды факторлар: идентификация, яғни дара адамның өзін басқа адамдармен теңестіре, қоғам талабына сай болу ниетімен қалыптасып бару процесі; персонализация - дара аданың өз басының басқа адамдар өмірінде қадірі барын түсіне білуі, сонымен бірге, нақты әлеуметтік топта өзінің кісілік мүмкіндіктерін іске асыра алуы.
3. Жеке адам мотивтері
Адамды әрекетке келтіруші күш - қажетсіну. Болмысты бейнелеудің жоғарғы формаларына ие адамды әрекетке келтіруші нысандар - саналы түзілген бейне не елес, ой не түсінік, идея немесе ізгі мұрат күйінде өрнектелуі мүмкін.
Психологияда мотив түсінігіне келесідей анықтама беріледі: мотив - бұл адам санасында қаланып, оны белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру үшін әрекетке итермелеуші себеп күш. Ал кең мәнінде мотив - шындыққа сай заңдылық ретінде ықпал жасап, объектив қажеттілік түрінде көрінетін болмыс. Ал мотивтік әрекет қылық пен іс-әрекетті психикалық реттеудің ерекше түрі.
Сонымен, адамның қалаған іс-әрекетінің негізінде оны осы іс-әрекетке ынталандырушы мотив жатыр. Бірақ адамда туындаушы және оны іс-әрекетке ойыстырушы қандай да бір мотив көзделген нақты әрекетпен шектелмейді, оның нәтижесіне жетумен адам келесі әрекетке ұмтылады, іс-әрекет барысында мотив өзгеруі мүмкін және керісінше, бір тұрақты мотив аясында бірнеше әрекет бірін-бірі ауыстырып баруы да орынды. Мотив дамуы мен басталған іс-әрекет арасында қайшылық та туындайды. Кейде мотив іс-әрекет жобасынан бұрын қалыптасады, ал кейде кешеуілдейді, осыған байланысты әркет нәтижесі де әртүрлі болады.
Жоғарыда аталғандардың қорытындысы: мотив құрамы іс-әрекеттің бір бөлігі емес, жеке адамның мотивтік-қажетсіну аймағы деп аталатын күрделі жүйенің ажыратылмас бірлігі. Мотивтік-қажетсіну аймағы жеке адамның өмір бойы қалыптасып, дамып барушы барша түрткілерінің жиынтығын аңдатады. Тұтастай бұл аймақ қозғалмалы, өмірлік жағдайларға байланысты түрленіп, дамуда болады. Солай да болса, кей мотивтер біршама тұрақты, басымдау келіп, адам өмірінің бағыт-бағдар өзегіне айналады.
Адамның көптеген мотивтерінде өзі араласқан әртүрлі қауымдастықтарға тән қажетсінулер бейнеленуі мүмкін. Осыдан, мотив өте күрделі де ауыспалы құбылыс. Дегенмен, адам қара басына ықпал жасаушы өзінің рухани күштерін көп жағдайда сезе бермейді. Егер олай болғанда, адам мүлтіксіз өзіндік санаға ие болумен, өзі жөнінде шексіз хабардар болып, өзіне өзі нақ баға бере алған болар еді. Ал, шынына келсек, нақты адам өзі жөнінде өзгелерден кемдеу біледі, басқалардың ол туралы бағасы шындыққа сәйкестеу келеді. Әлбетте, әрбір адам дәл мезеттегі нақты әрекеттерінің тікелей мақсатын айқын сезеді, өз өмірінің бүгі-жігін одан артық ешкім де білмейді. Ал таңдағандай жәйт: ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz