Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жауапкершілігі


Ерғалиева Бибінұр ТППЖ-31
Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің жауапкершілігі
Кәсіпкерлердің жауапкершілігі деп мемлекеттің, қызметкерлердің, клиенттердің, шаруашылық жүргізу субъектілірінің құқықтарын бұзуға, орындалмаған (келісімшарттық) міндетемелерді қалпына келтіруге бағытталған белгілі бір іс-әрекеттерді жасау қажеттілігін, міндеттерін айтамыз. (шаруашылық жүргізуші әріптестер, мемлекеттік органдар кәсіпкерлердің құқықтарын бұзатын шешімдерді қабылдаған және келісімшарт міндеттемелерін орындамаған жағдайда кәсіпкерлердің алдында жауапты болады. )
Кәсіпкерлік-құқықтық жауапкершіліктердің ерекшеліктері
1. Қолданудың негізгі мақсатына байланысты: Жазалаушы және орнын толтырушы (айыппұлдық) жауапкершілік;
2. Құқық бұзушылықтың түрлері мен қолданылатын санкциялардың сипатына байланысты: Азаматтық-құқықтық, қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік, материалдық (мүліктік) жауапкершілік;
3. Санкцияларды қолдану тәртібі бойынша: соттық және әкімшілік жауапкершілік;
4. Құқық бұзу субъектісі бойынша: Дербес және ұжымдық жауапкершілік;
5. Жауапкершіліктің туындау және оны іске асру тәсілі бойынша: Құқық бұзу фактісі салдарынан заңнан тікелей туындайтын жауапкершілік және құқық бұзу туралы істі мемлекеттік органдардың тексеруі кезінде заң негізінде туындайтын жауапкершілі
Заңдық жауапкершілік түрлерінің жіктелуі
Орнын толтыру (компенсациялық) функция. Ол заңды бұзушы - кәсіпкерлік қызмет субъектісінен зардап шегуші қатысушының пайдасына ақшалай соманы өндіріп алумен байланысты болып келеді және оның жоғалтуларының орнын толтыру, сондай-ақ бұзылу орын алғанға дейінгі бұрынғы жағдайды қалпына келтіру мақсатын көздейді.
Айыппұлдық (репрессивті) функция Мұнда ықпал етудің қарастырылған шаралары кәсіпкерлік сферасында заң бұзушылықтардың орын алуына жол берген тұлғалар үшін жазалаудың өзіндік нысаны ретінде көрініс табады.
Превентивті функция. Ол кәсіпкерлік қызметке қатысушылар тарапынан болашақта шартта белгіленген міндеттемелердің бұзылуының алдын алады және санкцияларды қолдану қаупінің пайда болағанын ескертеді.
Кәсіпкерлік-құқықтық жауапкершіліктің орындайтын функциялары ерекшеліктері
Шаруашылық жүргізу қағидаларын жекелей бұзғаны немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруды нақты бұзғаны үшін, сондай-ақ кезең ішінде теріс сипатқа ие болған қызметтің жалпы нәтижелері (оң нәтижеге жете алмағаны үшін) үшін жауапкершілік пайда болады.
Жауапкершілік субъектісінің экономикалық мүдделеріне ықпал ету, қолайсыз экономикалық салдарлар түрлерінде (мүліктік және мүліктік емес сипаттағы) жауапкершілік туындайды
Заңмен белгіленген тәртіппен тіркелген және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар ғана жауапкершілік субъектілері бола алады (яғни, кез-келген азаматтар емес, кәсіпкерлік мәртебесі бар тұлғалар)
Заңдық жауапкершілік түрлерінің ішнен негізі, немесе басты және қосымша, немесе екінші дәрежелі жауапкершіліктерді бөліп көрсетуге болады.
ҚР «Кәсіпкерлік» кодексінде заңды жауапкершіліктің негізгі екі түрі қарастырылған
1 . Мемлекеттік бақылауды және лицензиялауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың жауапкершілігі;
2. Жеке кәсіперлік субъектілерінің (дара кәсіпкерлік) жауапкершілігі.
Мемлекеттік органдар мен ондағы лауазымды тұлғалары келесідей жағдайларда ҚР заңдарымен белгіленген жауапкершілікте болады:
1) Жеке кәсіпкерлік субъектісі туралы ақпартты таратқаны үшін;
2) Жеке кәсіпкерлік қызметіне заңсыз кедергі жасайтын кез келген іс-әрекет үшін;
3) Жеке кәсіпкерлік субъектісіне тексеру жүргізудің белгіленген тәртібін бұзғаны жағдайда;
ҚР «Кәсіпкерлік» кодексіне сәйкес заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершіліктің үш түрі қолданылады:
1) Азаматтық-құқықтық жауапкершілік;
2) Әкімшілік жауапкершілік;
3) Қылмыстық жауапкершілік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz