Облыстағы ветеринарлық қызметті басқару. Шаруашылықтың мал дәрігер мамандарының қажетті санын есептеу әдістемесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
КеАҚ ЖӘҢГІР ХАН АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

"Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы" институты

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Облыстағы ветеринарлық қызметті басқару. Шаруашылықтың мал дәрігер мамандарының қажетті санын есептеу әдістемесі.

Орындаған: ВС-31 Әтімбетова А.А.топ студенті
Тексерген: в.ғ.к.,доцент м.а. Абирова И.М.

Орал,2020
Ветеринария ісін облыс көлемінде басқару
Облыс бойынша ветеринарияны басқару атқарушы өкімет органы - облыстық әкімшілікке жүктелген. Бұл жұмысты әкімшілік өзіне тікелей бағынышты облыстық ауыл шаруашылыгы департаменті құрамындағы ветеринария комитетіне сүйеніп іске асырады. Комитет әкімшілік түрғысынан жергілікті өкіметке бағынады, ветеринария мәселелері бойынша ветеринарияның республикалык. Органына тәуелді болады. Оның жұмысы республикалық ветеринария комитеті бекіткен ережеге сәйкес жүргізіледі. Комитет құзыры облыс аумағында жүреді. Сондықтан оған облыстағы мемлекеттік ветеринария мекемелері, үйымдары, яғни, облыстық ветеринариялық лаборатория, эпизоотиялармен күресуші жасау, туберкулез және бруцеллезбен күресуші экспедиция, облысқа багынышты қалалардағы, селолық аудандардағы ветеринарлық қызмет тікелей бағынышты болады. Сонымен қатар, облыстық зооветжабдықтау қызметі, ветеринарлық ғылыми-зерттеу мекемелерінің жүмысы, облыстық ветеринарлық-санитарлық жасақ және өндірістік ветеринарлық лаборатория жұмысы оның бақылауында болады. Облыстық ветеринария комитеті Облыс көлеміндегі шаруашылықтардың, үйымдардың, бірлестіктердің, компаниялардың, акционерлік қоғамдардың, кәсіпорындардың ведомстволық ветеринарлық қызметтерінің және жекеменшік кәсіпкерлік ветеринарлық қызметтің жұмысына басшылық етуге міндетті.
Ветеринария ісін басқарумен қатар, ветеринария комитеті облыс аумағында мемлекеттік ветеринарлық бақылау жүргізіп, ветеринария туралы заң мен нормативтікқүжаттардың орындалуына, мал шаруашылығының ветеринарлық-санитарлық жақсаруына жауапты болады. Өз құзырының төңірегінде облыстық ветеринария комитеті басқа да ветеринарияға байланысты мәселелермен шұғылданады. Мысалы: ветеринарлық мекемелер жүйесін дамыта түсу, мамандармен толықтыру шараларын жүргізіп, облыстағы ветеринария ісін жақсарту үшін күреседі. Сондай-ақ, ол эпизоотологиялық ортаны зерттеу, жұқпалы аурулардың алдын алу, жою жоспарларын құру, оларды орындауға бақылау жасау, ветеринарлық жүйені биопрепараттармен және аурулармен күреске қажетті басқа да жарақтармен қамту, емдеу және диагностикалық жұмысты үйымдастыру, мәселелерімен де шұғылданады.
Облыстардың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
1-1) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
3) осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
4) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптаманы лицензиялау;
4-1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
4-2) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
4-3) облыстың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
4-4) мүдделі тұлғаларға жүргізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
4-5) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөпті және жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
4-6) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
4-7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнім мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
4-8) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
4-9) қаңғыбас иттер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы малдәрігерлік жүйе
Ветеринария жүйесін ұйымдастыру
Базарлардағы ветеринариялық санитариялық қадағалауды ұйымдастыру
Ауру малды емдеудің қағидаттары
Малдәрігерлік саласындагы кәсіпкерлік
Мал ауруларының алдын алушы жалпы шараларды ұйымдастыру
Жұкпалы аурулардың алдын алушы ветеринарлық шаралары
Мемлекеттік шекарадағы ветеринарлық - санитарлық бақылауды ұйымдастыру
Жекеменшік кәсіпкерлік ветеринарлық қызметті үйымдасіыру
Малдәрігерлік бақылауға жататын орындар
Пәндер