Профилактикалық және індетке қарсы шаралар жоспарын құру және бекіту тәртібі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
КеАҚ ЖӘҢГІР ХАН АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

"Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы" институты

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Профилактикалық және індетке қарсы шаралар жоспарын құру және бекіту тәртібі.

Орындаған: ВС-31 Әтімбетова А.А.топ студенті
Тексерген: в.ғ.к.,доцент м.а. Абирова И.М.

Орал,2020
Жалпы профилактикалық шараларға жануарларды жеткілікті мөлшерде сапалы азықпен, қалыпты микроклиматы бар қора-жайлармен қамтамасыз ету, ветеринариялық-санитарлық ережелерді ұстана отырып тиісті деңгейде бағып күту, азықтар мен судың сапасын бақылау, қоректік заттардың, витаминдердің, микро- және макроэлементтердің, пестицидтердің, уыттық заттардың, қышқылдылықты т.б. зертханалық зерттеу т.б. жатады. Нормадан кез-келген ауытқулар метаболизм бұзылуына, ауруларға деген төзімділігінің төмендеуіне әкеліп соғады, ол өз алдына өнімділік төмендеуіне, түрлі этиологиядағы аууурулар пайда болуына, жануарлардың өлім-жітімге ұшырауына әкеліп соғады.
Сол себептен фермаларда, түрлі меншік иеліктеріндегі шаруашылықтарда, аумақтық мемлекеттік ветеринариялық мекемелерде жұмыс жасайтын ветеринария мамандары Қазақстан Республикасының Ветеринария туралы Заңын басшылыққа ала отырып жануар иелерінің өз иеліктеріндегі жануарлардың денсаулығын, дамуын және олардан алынатын өнімдердің жоғары деңгейде болуын қамтамасыз ететін жалпы профилактикалық шаралардың қатаң орындалуын қамтамасыз етіп, қадағалаулары керек.
Жануар ауруларын профилактикалаудың маңызды шарты малшаруашылық нысандарының, жануар текті өнімдер мен шикізаттарды қайта өңдеу, сақтау мекемелерінің ветеринариялық-санитарлық жағдайын жүйелі түрде мониторинглеу болып саналады.
Мемлекеттік, ведомствалық, жеке кәсіпкерліктегі ветеринариялық қызметтің барлық деңгейлерінің басты да тұрақты міндеттерінің бірі - өздері қызмет көрсететін шаруашылықтардың, малшаруашылығы нысандарының олармен шектесетін аумақтардың ветеринариялық-санитарлық және эпизоотиялық жағдайын зерттеп білу. Бұл үшін қоршаған ортаның - жайылымдардың, тұрақ орындарының, су көздерінің, қора-жайлардың, ветеринариялық-санитарлық нысандардың т.б. санитарлық жағдайы зерттеледі. Бұл джануарлар организміне кері әсерін тигізетін және аурулар байқалып таралуына ықпал ететін факторларды айқындау мүмкіндігін беретін болады.
Эпизоотиялық ахуал туралы ақпараттарды түрлі ақпарат көздерінен алуға болады. Бұл статистикалық деректерді жинақтау, ветеринария мамандарының хабарланымдары, орын-орындардағы жағдаймен тікелей танысу, шаруашылықтар мен өзге нысандарды зерттеу т.б.
Ветеринария мамандары өз аумақтарындағы жануарлардың жұқпалы ауруларының өңірлік эпизоотологиясын, олардың байқалу ерекшеліктерін, эпизоотиялық қауіпін, мерзімділігін, кезеңділігін, табиғи ошақтылығын зерттеулері керек. Жұқпалы емес патологияларды профилактикалау үшін табиғи биогеохимиялық аймақтарды, сонымен қатар, адамдардың ойланбай жасаған олқылықтары салдарынан туындалатын экологиялық қауіпті ошақтарды білу аса маңызды.
Қандай да бір шаруашылықтың, аумақтың эпизоотиялық жағдайын бағалау үшін эпизоотиялық журналдардың,эпизоотиялық карталардың,зертханалық сараптамалардың,қанды,патологиялық материалдарды зертханалық зерттеу қорытындылары,өлген жануарларды жарып-сою хаттамалары деректері де пайдаланылады.
Шаруашылықтарды, малшаруашылығы нысандарын ветеринариялық зерттеу жоспарлы және жоспарсыз өткізіле алады, сонымен қатар, аурулар пайда болғанда немесе олардың байқалу қауіпі төнгенде лажсыз болуы мүмкін. Олар көбіне жоғары тұрған ветеринариядағы мемлекеттік басқару органдарының немесе жергілікті атқарушы билік органдардың тапсырмалары бойынша өткізіледі. Зерттеу мақсатына байланысты бірқатар жылдар бойынша аурулардың таралуы, ауруға шалдығу деңгейі, өлімге ұшырауы, өлімділігі (леталдылығы), белгілі бір жыл мерзімдеріндегі эпизоотиялық жағдайдың қауырттылығы түбегейлі зерттелінеді. Өткізілетін сауықтыру бойынша жалпы, арнайы, ветеринариялық-санитарлық шаралардың тиімділігіне баға жасалады. Алынған деректер жұқпалы аурулармен ғылыми негізделінген тиімді профилактикалық және емдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
Ветеринариялық шаралардың жоспарлылығы
Учаскелердегі ветеринариялық қызметті ұйымдастыру
Ауру малды емдеудің қағидаттары
«Анаэробты дизентерия ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар»
Ауру малдарды тіркеу журналы
Жұкпалы аурулардың алдын алушы ветеринарлық шаралары
Гигиеналық факторлар
Құстың пуллороз ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Бостандық ауданына қарасты №72 бөбекжай –бақшаны кешенді түрде тексеру
Пәндер