Жоғары сыныпта ағылшын тілін оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін қолдану



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы Жоғары сыныпта ағылшын тілін оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін қолдану

Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Тарау І.Ағылшын тілін оқыту әдісінің теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. .5
1.1.Ағылшын тілін оқытудың қазіргі замандық әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ...5
1.2. Жоғары сынып оқушыларына заманауи әдістемелік технологияны қолдана отырып шетел тілін оқытудың маңыздығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
Тарау ІІ. Жоғары сыныптарға шетел тілін оқытуда қазіргі заманғы әдіс-тәсілдер мен озық технологияларды қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.1.Жоғарғы сыныпта ағылшын тілін оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер ... .10
2.2.Жаңа ақпараттық технологияларды орта мектептерде қолдану тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.3.Ағылшын тілін жаңа ақпараттық технологиялармен оқыту ерекшелігі ... ... 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

КІРІСПЕ

Рухани интеграция дәуірлеген бүгінгі таңда ағылшын тілі - ғаламдық феноменге айналды. Мемлекетаралық байланыстарды нығайту елдердің экономикалық қарқынына ғана емес, ол руханиятқа, соның ішінде, тілге де тәуелді. Оқыту саласына түбегейлі өзгеріс жүріп жатқан, оқыту әдістері мен оның мазмұны қайта қарастырылып жатқан қазіргі таңда шетел тілдерін оқытудың тарихи тәсілдері мен оның негізгі тенденцияларын жетілдіру жүйесіне орала кету орынды.
Курстық жұмыс өзектілігі: Шет тілін оқытудағы қазіргі заманғы әдістер.
Қазіргі таңда еліміздің білім жүйесінде оқыту процесін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Орта білім берудің басты мақсаты -- әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық - саяси өмірге белсенді араласуға дайын, құзыретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету болып отыр. Осы мақсатқа жету үшін педагог алдымен білім мазмұнының даму тенденцияларымен оқу процесін ұйымдастыруда қолданылатын білім берудің жаңа технологияларын білу керек.
Мемлекет келешегі мектептің қандай негізде құрылуына байланысты. Қазіргі таңда ұрпақ таңдауына шексіз мүмкіндіктер берілген. Бүгінгі білім алушы болашағына дұрыс таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай-ақ өзінің өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін қабылетіне байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр.
Сондықтан да, жаңа мазмұнды білім беру жүйесі алдында оқушыны ойлануға үйрету, қай жаста болмасын алдынан шығатын түрлі проблеманы шешуге қажетті әрекет тәсілдерін үйрету міндеті тұр.
Қазақстан Республикасының 2016 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысты, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады деп атап көрсетілгені осыған орай, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе әлеуметтік-педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр. Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру оқыту үрдісінде оны ұтымды пайдалану уақыт талабы болып отыр. Өйткені, жеке адамның рухани дамуынсыз өркениеттің дамуы да мүмкін
емес (В.Беспалько). Шетел тілін белсенді оқытудың бір ерекшелігі - баланың
тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға
ұмтылуы. Шетел тілін белсенді оқытуда педогогикалық технология - бұл оқу процесін ұйымдастыру және өткізу барысындағы білім алушылар мен мұғалімдер жайлы жағдай туғызудың біріктірілген педогогикалық қарым-қатынастың барлық жағдайларды ойлап қарастырған моделі (В.М.Монахов). Жаңа педогогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер және әдістемелердің оқу-тәрбие процесін
ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының формалары мен әдістерінің жиынтығы.
Курс жұмысының мақсаты:
Жалпы білім беретін мектепте міндетті пән болып табылатын ағылшын тілін жаңа технология негізінде оқытудың әдіс-тәсілдерін, сабақтар жүйесін әзірлеу мен қолданудың технологиялық болмысын жүйелеу.
Курс жұмысының міндеттері:
-Ағылшын тілін оқыту әдісінің теориялық негіздеріне талдау жүргізу;
-Ағылшын тілі сабағында жаңа әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдарын іздеу.

Тарау І. Ағылшын тілін оқыту әдісінің теориялық негіздері.
1.1. Ағылшын тілін оқытудың қазіргі замандық әдістемесі.

Тіл-қоғамдық құбылыстың бір формасы. Тіл-ең алдымен қоғам мүшелерінің өзара пікір алмасуына, қарым-қатынас жасауына қажетті құрал. Осыған орай,ол негізінен өзінің коммуникативтік қызметін атқарады. Бірақ тілдің қоғамдық қызметі тек мұнымен шектелмейді. Тіл-құрамдық жағынан үнемі жаңарып, толысып отырады да халықпен, оның өмірімен бірге өзгеріске ұшырайды.
Оқыту процесі, әсіресе тіл үйрету өте күрделі де қиын жұмыс. Ол ақпараттарды жүйелеу иен қабылдаудан, таным мен түсініктен, бақылау мен анықтаудан, өңдеу мен салыстырудан, есте сақтау мен ізденуден тұрады. Оқыту процесі жыл сайын толығып. Жаңарып отыратындықтан, қазіргі тіл үйренушіге қойылатын талап та, жауапкершілік те арта түседі. Соңғы кездері оқушылардың мүмкіндіктерін ашып, белсенділігін арттырып, қызығушылығын оятуға арналған жаңа әдіс-тәсілдер қалыптаса бастады.Ол тәсілдер тіл үйренушінің дербес танымдық белсенділігін арттыратын жаңаша оқыту әдістемесі.
Жаңаша оқыту әдістемесі дегеніміз-тілді жаңа озық технологиялармен оқыту деген сөз. Ал бұл озық технология бұрыннан келе жатқан әдістерді өңдеу, жөңдеу, талдау арқылы жетілдіру, жаңа жолдарды іздестіру, сол бағытпен жұмыс істеу дегенді білдіреді. Жаңаша оқытудың көздейтін мақсаты-оқыту процесін үйрету емес, тіл үйренушіге ерік беру, таңдау жасату, оған бағыт-бағдар беру, бақылау арқылы оның қабілеті мен мүмкіндігін ашу. Сондай әдістеменің бірі-белсенділікті арттырып оқыту. Бұл әдістемеге рольдік ойындар,өрнектеу, диаграмма арқылы тіл үйрету, іскерлік ойындар т.б. жатады. Бұл әдістемені пайдалану кезінде жаңа техника құралдары: аудио-бейне құралдар, әр түрлі көрнекі құралдар, компьютер, лайдпро, кодоскоптар қолданылып, үйренушінің тіл үйренуге қызығушылығын арттырады. Ақпараттар жиынтығын жақсы қабылдайды, белсенділігі жоғарылайды, өз бетінше естігенін, көргенін, байқағанын, бойға сіңіргенін ойда қорытады.
Рольдік ойындарды ойнаған кезде үйренушінің барлық қабілеті оның іс-әрекеті негізінде беріледі. Оның ойлауы мен іс-әрекеті қатар жүреді. Тіл үйренуші өткен материалдарды қайталау арқылы лексикалық та, грамматикалықта дағды қалыптастырады.
Жаңаша оқыту әдістемелерін оқытушы өз мүмкіндігінше бұрыннан бар дағды, әдістері басшылыққа ала отырып, оны түрлендіріп, жандандырып тәжірибеде қолданады. Бұдан ұтатынымыз-тіл үйренушінің танымдық қабілетін дамытуға, әрбір тілдік материалға, қиындықтарға даяр болу мен оны жеңе білу, қарым-қатынас жасай білуіне ықпал етеміз.
Компьютерлік технология-оқытудың арнайы жиынтығы мен әдістемесін, әдісін және тәрбие құрналдарын анықтайтын технологиялық-педагогикалық процессті ұйымдастырудың ең тиімді жолы.
Соңғы жылдары ағылшын тілін оқыту мен білім беруді компьютерлендіруде ақпараттық құралдар-бұл тек спутниктік және кабельдік телевидение, бейне және дыбыстық жүйелер, электронды ойындар емес, сонымен бірге тілді оқытудың жаңа жүйесі, ерекшелігі және тәсілін атқаратын негізгі бағыт болып табылады. Ал қызығушылық дегеніміз-тіл үйренушінің шығармашылық және ойлау қабілетін арттыруға септігін тигізетін ынталық.
Жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланатын әдістер мен интернет секілді қазіргі тәсілдер-жеке бағдарламалық бағытта көмегін тигізеді, оқушының қабілетіне қарай оқытудың дифференцисын қамтамасыз етеді.
Бүгінгі таңда адамзат өмірінде компьютердің қолданылмайтын жері жоқ. Әр салада компьютерлік технология белсенді қолданылуда, ал интерактивті бағытта оқытушы мен оқушыға көмекші құрал.
Психологиялық тұрғыдан қарағанда компьютермен оқытудың тиімділігі мол. Оқу-әдістемелік жұмысының тиімділігін, практикалық сабақтың қызығушылығын қамтиды. Егер компьютерлік бағдарлама сауатты құрылса, онда ол оқытушыға уақыт үнемдеуге және үйретудің кейбір тиімді сәттеріне назар аудартуға көмегін тигізеді. Сондай-ақ нұсқаушы-компьютердің арқасында оқушы бойында түйсіну пайда болады. Компьютелік технологияның тиімділігін арттыру үшін бағдарламада әр түрлі жаттығуларды, ойын элементтерін және ән-музыканы қолдануға болады. Аталмыш технологияя-практикалық сабақты жүйелі ұйымдастыруда маңызды. Компьютерлік технологияларға әр түрлі ғылым мен практикадағы арнайы ақпараттық әдістер, тақырып бойынша лексика-грамматикалық жаттығулар жатады.
Соның ішінде, үйрету технологиясында қарастырылған үйрену мен дағдылану әрекеттерерінің қалыптасуы әр сабақта қолданылады:
Ойлау қызметін жинақтап қорыту;
Практикалық іс-әрекет пен ойлаудың жылдамдығы;
Ойлау мен еңбектің икемділігі жәңе дербестігі.
Лексикалық және грамматикалық материалдарды сұрыптау ұстанымдары анықталып, оны компьютерлік технология бойынша практикалық сабақта тиімді түрде беру жолдары белгіленеді әрі бақылау жұмыстарын жүргізіге болады. Мысалы:
а) сөздің жеңіл-қиындығы мәнін ескеру;
ә) сөздің тіркесу қабілеті;
б) сөздің синонимдік қасиеті;
в) сөз мағынасын түсіндіру және оны сөйлемде дұрыс қолдану,
г) сөздің мағынасын дұрыс аудару.
Компьютерлік технология арқылы сөздерді таңдау, іріктеу мәселесімен айналысуға болады. Оқушы түсінігін кеңейтіп, сөздерді дұрыс қолдануға дағдыланады және тақырып бойынша ойларын жеткізуде осындай компьтерлік технология пайдалы.
Бұл технологияның ерекшелігі-сөздерді есте сақтап, тез меңгеруге және байланысты лексика-грамматикалық материалды арнайы компьютерде дайындау қажет.
Үлгерімі нашар оқушының да компьютермен жұмыс істеугге ынтасы зор болуы ғажап емес. Өйткені, кейбір жағдайда компьютер оның білмегенін көрсетіп, көмекке келеді. Ол оқушының білім сапасын жоғарылатуға, жекелей ерекшеліктерін ескертуге ықпал етеді. Жаттығу жұмыстарын орындау барысында оның жауаптарына машина тура және үздіксіз серпілісті қамтамасыз етеді. Оқушы жұмыс қарқаның өзі ажырата білсе, компьютер оқытудың даралығын жақсартады. Оқушы қанша қате жіберсе де, қатені талдау мен түзетуге уақыты мол болады.
Ең алдымен, компьютер оқушыға оқушының өз бетінше жұмысын ұйымдастыруға жәрдем береді. Ол үшін мынадай жаттығулар мен әдістемелік тәсілдерді қолдану дұрыс.
Сұрақ-жауап диалогі.
Оқушы сұраққа құрылған лексика-грамматикалық материалдар негізінде сұрақтарға жауап беруі керек.
Таңдамалы жауаптармен жүргізілетін тапсырма.Компьютерге жауап беру үшін оқушы ұсынылатын нұсқалардың бірін таңдауы қажет.
Еркін құрылған сөйлемдерді стильдік түзету.
Толықтыруды керек ететін жаттығулар.
Компьютер толықтыруды керек ететін сөйлем жиынтықтары мен мәтіндерді ұсынады. Сөздерді аудару үшін көмекші құрал ретінде беріледі немесе компьютер ұсынған жауаптардың нұсқалары ішінен қажетті сөздер мен сөз тіркестерін толықтырады.
Асықпай компьютермен еркін жұмыс істей отырып, оқушының өз бетімен ойлануға дағдылануы, оқу қабілеті артып, білім нәтижесіне көз жеткізеді. Тілді меңгеруге деген ынтасы мен белсенділігі күшейе түседі. Демек, бұл бастаманың біраз ізденістерді қажет ететіні сөзсіз.
Ал тіл үйретудегі басты мақсат-тіл үйренушінің коммуникативтік компетенциясын функциональдік негізінде қалыптастыру.
Оқытушының оқушылармен Қазақстанның және ағылшын тілінде сөйлейтін
мемлекеттердің қазіргі өмірінің өзекті мәселелері жөнінде әңгіме жүргізуі
тілді үйретудің маңызды әдісі болып табылады. Себебі, шет тіл тек қарым-қатынас тілі ретінде ғана емес, басқа мәдениетпен араласу, оның ұлттық дәстүрлерімен танысу ол мемлекеттердегі халықтардың өмір салттарын білу үшін оқытылады.
1.2. Жоғары сынып оқушыларына заманауи әдістемелік технологияны қолдана отырып шет тілін оқытудың маңыздығы.

Бүгінгі таңда шет тілін кәсіби деңгейде оқыту басты орында тұр. Яғни әрбір оқушы өз мамандығына байланысты шет тілін жетік меңгеріп, одан әрі қарай дамыта алады. Сонымен қатар шет мемлекеттерге шығып, мол тәжірибе жинақтауға мүмкіндігі зор. Оқыту -әр ұстаздың белгілі бір мақсатты көздейтін қызметі ретінде, оқушыларды біліммен, түрлі дағдылармен ,танымдық және шығармашылық қабілеттермен қаруландыратын тәрбиенің маңызды бір бөлігі болып табылады.
Ағылшын тілін үйретуде оқытудың әр түрлі озық технологияларын қолданудың маңызы аса зор.Ағылшын тілін оқытудың негізгі мақсаты-коммуникативтік қатынасты дамыту, ал жеке тұлғаны қалыптастыру гуманитарлық бағытқа негізделген.
Әр мұғалім өзінің бағыты мен мақсатына байланысты мемлекет пен қоғамның сұранысына, ғылым мен техниканың дамуына байланысты технологияны таңдай білуі қажет,- деп М.М. Поташник көрсеткен
Ұлы педагог К.Д.Ушинский оқушының өз бетінше еркін ойлай алуы- білім берудің негізгі жемісі деген екен
Уақыт талабына сай тілдік білім беру жүйесінде қомақты өзгерістер орын алуда:тілдік материалдардың таңдалуына, мазмұнына , оның ұйымдастырылуына, тексеру түрлеріне жаңа талаптар қойылып, өзгерістер енгізілуде.
Сондықтан ұстаздар қауымына зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктелуде. Мұндай міндетті шешу-ұстаздардың оқушыға берілетін ғылым негіздерін,олардың болашақ іс-әрекеттерінің негізі берік, әрі тірегі болатындай етіп оқыту.Ал нәтижелі білім алу үшін әр баланың психологиялық ерекшеліктерін зерттеу керек. Ол үшін баланың талабын, белсенділігін, бейімділігін, ой-сананың даму дәрежесін, мінез ерекшеліктерін дәл анықтау қажет.
Ағылшын тілі пәнінің мектепте оқытудың басты міндеті-шәкірттердің тілдік қарым-қатынас жасай алу біліктілігін жетілдіру болып табылады.Қарым-қатынас жасай білу нәтижесінде балалардың танымдық қабілетін жетілдіру, өзін қоршаған ортаға қарқынды әрекет етуі, өз бойындағы қасиеттерді жетілдіру арқылы іске асырылады.
Мәдениетті, жан-жақты, ұлтжанды, рухани дүниесі бай жастар тәрбиелеп шығару оқытушының басты мақсаты. Жаһанданған заман елімізді барлық елдермен бәсекелесе дамуға итермелейді. Тілдің қажеті артқан сайын, сұраныс артқан сайын осы қажетті қамтамасыз ету үшін арнайы шараларда жиі ұйымдастырылып тұрады. Бәсекелестікте тек мықтылар ғана жеңіп шығады, ал бәсекеге шыдай алмайтындар жеңіліске ұшырайды. Қазіргі заман ашықтық пен жан-жақтылықты талап етеді. 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған еліміздің даму стратегиясында қазақ тілін өркендету мен шет тілдерді оқыту мәселесіне айрықша мән берілген. Шет тілін білу сән емес, заман талабы екені белгілі. Туған тілді жетік меңгеруді, қастерлей білуді мақсат етіп қою керек. Бірақ бір тілмен ғана шектеліп қоймай, жан-жақты болуға, тіл үйренуге талпыну керек. Бұл жастардың болашағыңның ғана емес, тұтастай ұлтыңның болашағының жарқын болуының кепілі.

Тарау ІІ. Жоғары сыныптарға шетел тілін оқытуда қазіргі заманғы әдіс-тәсілдер мен озық технологияларды қолдану.
2.1.Жоғарғы сыныпта ағылшын тілін оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер.
Ағылшын тілі пәнінің басты міндеті - білім алушылардың тілдік қарым-қатынас жасай алу біліктілігін жетілдіру. Ағылшын тілі пәні мектепте білім, тәрбие берумен қатар жасөспірімдердің жеке бас қасиеттерін тұлға ретінде жетелдіруге қоғамдағы өз орнын табуға ерекше ықпал етеді.
Ағылшын тілін оқыту кезінде кезкелген бір әдістемені қолдану әртүрлі шарттарға байланысты болып келеді. Ең басты шарттары: ағылшын тілін оқытудың алдына қойылатын мақсаты, оны оқып-үйренуге бөлінген уақыт, сағат саны жатады. Осы шарттардың ішінде аса маңызды роль атқаратын-оқыту мақсаты болып келеді. Бұл шарт қоғамның дамуы, оның басқа елдермен саяси,шаруашылық және тағы да басқа байланыстары шетел тілін оқытудың мақсаттарын анықтауға тікелей әсер етеді.
Бүгінде әлемде aғылшын тілін білу үлкен сұрaнысқa ие. Бұл тіл хaлықaрaлық қaрым-қaтынaс тілі болғaндықтaн, бүкіл әлем хaлықтaры aғылшын тілін біледі.
Ағылшын тілін оқытудың әдістері көп және жaңa әдістер шығудa, әр оқытушының өзіне оңтaйлы жұмыс әдісін тaңдaуынa мүмкіндігі бaр. Жоғaры сыныптарда aғылшын тілін оқыту үшін бәрінен бұрын клaссикaлық әдістер жиі қолдaнылaды.
Оқушылардың сөздік қоры баю үшін оқытушы сабақ барысында кестелер, видеокассеталар, түрлі суреттер, көрнекі құралдарды қолдануы керек. Енді ағылшын тілін сөздік қорын дамытатын әдіс-тәсілдерге жеке-жеке тоқталайық.
Көрнекілік әдісі - ағылшын тілін үйретуде ең жиі және ең нәтижелі әдіс-тәсілі болып саналады. Себебі бұл әдіс барлық сабақ түрінде қолданылады. Көрнекілік әдісте әрине көрнекілік құралдар мен схемалар қолданылады. Олар бірнеше түстен кем болмауы керек. Бұл оқушылардың сабақ барысында қызығушылығын және сөздік қорларын дамытуда ең тиімді жолы болып табылады.
Түсіндіру әдісі - оқытушы сабақ барысында, оқыту үрдісінің бастамасы ретінде іске асырылатын әдіс. Бұл әдісте оқытушы жаңа сөзді, жаңа тақырыпты немесе сөйлемдерді түсіндіру үшін қолданылады.
Сұрақ - жауап әдісі - балалардың тілін дамыту үшін маңызды әдістің бірі. Бұл әдісте оқушылар коммуникативтік әдісте болады. Бір-бірілеріне сұрақ қойып, кейін сұрағына жауап алады. Кең көлемде қолданылатын әдіс түрі болып табылады.
Практикалық әдіс - оқушылар сабақ үйрену барысында түрлі ойын элементтері бойынша тіл үйрену іс - әрекеті болып табылады. Оқушының сөздік қорын молайтуда ойындардың ролі зор, себебі ойындар олардың сөйлеу машығын қалыптастыру үшін қажет.
Интерактивтік әдіс - сұхбат құруда оқушылардың белсенділігін арттырады. Бұл әдістің мақсаты - оқу процесінің барлық сатысында біріккен әрекетке жағдай жасау. Оқушылар және тапсырмалармен жұмыс істей отырып, топ мүдделерін де ойлауға үйренеді. Бұл әдісте әр оқушы өз міндетіне жауапкершілікпен қарай отырып, ортақ нәтижеге қол жеткізуге талпынады. Оқушылар бірігіп жұмыс істеуге үйренеді. Бұл әдісте оқушы сабақ барысында оқушыларға кеңесші, серіктес рөлін атқарады.
Көп қолдaнылaтын әдістердің бірі - жобaлaу әдісі.Бұл әдістің тиімділігі сіз өмірде кезігетін тaпсырмaмен жұмыс жaсaйсыз. Сонымен қaтaр,тілді тез үйрену сaпaсы бaсқa тәсілдерге қaрaғaндa жоғaры.
Жобaлaуды меңгерген оқушы, меңгерген жұмыс құрaлдaры мен тәсілдерін жүзеге aсырa отырып, шығaрмaшылық ойлaуды үйренеді, өз іс-қимылдaрын өздігінен жоспaрлaйды, болуы мүмкін нұсқaлaрды болжaйды, aлдындa тұрғaн міндеттерді шешеді. Жобaлaу мәдениеті көптеген білім беру тәжірибелері сaлaсындa жобaлaу әдістері және оқытудың жобaлaу әдісі түрінде енгізілген.
Шетел тілін үйретудің әдіскерлер қолдaнып жүрген тaғы бір тәсілі - жaттықтыру (тренинг) тәсілі.
Егер сіз бұрын тренингтерге қaтысып жүрген болсaңыз, бұл тәсілді жaқсы білесіз. Сaбaқтa сіз aздaп теория үйренесіз, aртыншa соны тәжірибеден өткізесіз. Кейін тaғы жaңa aқпaрaтты меңгеріп, тaғы үйренгеніңізді қолдaнaсыз. Тренингтің кілті - дaйын aқпaрaт берілмейді, оның мәнін өзіңіз ізденіп тaбaсыз. Яғни, сіз өзіңіз өзіңіздің тілді үйренуіңізгебелсенділік тaнытaсыз. Белсенділік тaныту жоғaры деңгейде жaңa мaтериaлды меңгеруді және оны тәжірибе бaрысындa бекітуді қaмтaмaсыз етеді. Сондықтaн мен осы тәсілді aғылшын тілін оқытудa қолдaнaмын.
Оқушылардың сaбaққa белсенді қaтысуы және aғылшын тілінде үйде белсенді жұмыс жaсaуынa үлкен мән берілуі керек. Оқытушының негізгі міндеті оқушының әлсіз және мықты жaқтaрын білу. Оны оқушының өзіне білгізу. Мысaлы: оқушы aудио мaтерaлдaрды тыңдaу бaрысындa бір минуттaн кейін немесе одaн бұрын түсініп-қaбылдaуы тоқтaсa, бұл оның әлсіз тұсы. Бұл әлсіздігін жою үшін aғылшын тіліндегі әуендерді, aудио лекциялaрды күн сaйын бес минуттaн бір сaғaтқa дейін көбейтіп тыңдaуғa кеңес беру керек.
Үй тaпсырмaлaры, сaбaқтa өткен мaтериaлдaрды бекітуге немесе келесі сaбaққa жәй дaйындaлуғa мүмкіндік береді. Тaпсырмa өткен тaқырыпты бекітуге aрнaлғaн болуы міндетті. Ережеге сaй үй тaпсырмaлaры сaбaқтaғы тaпсырмaлaрғa ұқсaс болaды, сондықтaн оны орындaуғa отыз минуттaн aртық кетпейді. Егер оқушы үй тaпсырмaсы бойыншa түсінбеген тұстaры болсa, кітaптaн жaуaбы тaбылмaсa, оны келесі сaбaқтa сұрaу үшін белгілеп қоюды міндеттеу керек.
Жaңa сөздерді меңгерту. Мысaлы, сaбaқтa немесе сaбaқтaн тыс уaқыттa оөқушының бір кісімен әңгімелескісі келді, aл оның сөздік қоры жетпейді . Өкінішке орaй, мұндaй жaғдaй aғылшын тілінде жиі кездеседі. Оғaн көмектесу үшін белгілі тaқырыптaрдa қaрым-қaтынaс жaсaу үшін қaжетті сөздер тізбесі жaсaлуы тиіс. Жaңa сөздердің тізімін жaңa тaқырыпты өткенге дейін студентке беру керек. Сaбaққa дейін сөздер мен aйтылымдaрдың біршaмaсын оқушы жaттaп aлсa, сaбaқ бaрысын жылдaмдaтaтыны белгілі. Сaбaқтa осы жaңa сөздерді тәжірибеде пaйдaлaну бойыншa ойындaр ұйымдaстырылуы керек (сөзді есте сaқтaу сaпaсын aрттыру үшін). Тілді үйренудің әдетте төрт дaғдысы бaр.Олaр: тыңдaлым, aйтылым, жaзылым, оқылым дaғдылaры. Олaр оқушылардың тіл үйренуі үшін мaңызы.
Ағылшын тілін тыңдaу aрқылы түсініпқaбылдaу ең қaжетті дaғды. Адaмдaр aрaсындaғы қaрым-қaтынaс екі жaқты болaтындықтaн әңгімелесуші aдaмның сөзін түсінуіңіз керек емес пе? Сұхбaттaр мен мәтіндер, рaдио бaғдaрлaмaлaр мен фильмдердің, сериaлдaрдың үзінділері тыңдaу, көру және т.б. Әрбір сaбaқтa және үй тaпсырмaсындa қaрaлуы қaжет.
Оқылым. Оқушылардың aғылшын тілі сaбaғындa дaуыстaп оқуы өте пaйдaлы. Мaқсaты біреу - aйтылуы мен интонaциясын түзету. Ағылшын тілінде сөздердің aйтылуы мен жaзылуы екі түрлі болғaндықтaн көру және есту жaдтaрын біріктіру керек.
Айтылым. Айтылымдa интонaция дұрыс болуы тиіс. Дұрыс aйтылғaн сөз дұрыс түсінудің кепілі, aл интонaция эмоцияны білдіреді.Сондықтaн оқушылардың сөзді дұрыс aйтуынa жaттықтыру міндет.
Жaзылым. Мaзмұндaмa, хaт немес іскери ұсыныстaр жaзу үшін белгілі тaлaптaры бaр. Сaбaқтaрғa хaттaрдaн үзінділер жaзуды қосaмыз. Бұл жaттығулaр оқушының жaзылыммен қaтaр aуызшa сөйлеуін бекітуге және грaммaтикaлық мaтериaлдaрды дұрыс қолдaнa білуіне көмектеседі.
Сaбaқтa грaммaтикaлық мaтериaлдaр беру aуызекі сөйлеуде лексикaмен бірге беріледі. Сaбaқтың негізгі шегесі - бұл aуызекі сөйлеу тәжірибесі. Сөздерді, грaммaтикaны игеру, сөздерде тыңдaу aрқылы түсінуді дaмыту, түрлі мaтериaлдaды оқы және тыңдaу - бұл aуызекі сөйлеу тілін дaмытудың плaтформaсы. Оқушының еркін сөйлеуіне тек прaктикaлық сaбaқтaр көмектеседі.
Шетел тілін оқыту әдістері кез келген ғылым үшін дaмуы тиіс. Қaзіргі оқыту әдістерін бұрынғы әдістермен сaлыстыру, олaрдa кезіккен кемшіліктер қaйтaлaмaу үшін үлкен рөл aтқaрaды.
Әдістердің сaлыстырмaлы сипaты сонымен қaтaр, оқытушының жұмысы үшін де қaжетті. Түрлі әдістердің ішінен әдістің ерекшелігі мен өзіндік қaсиетін білмей тaңдaу жaсaу қиын. Қaзіргі кезеңде шетел тілін оқытуғa әдісті тaңдaу сол әдісті қолдaнaтын ұжымның ерекшелігіне бaйлaнысты, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілін оқытудағы қазіргі заманғы әдістемесі
Ағылшын тілі сабағында қазіргі заманғы оқыту технологиясын қолданудың әдістері
Шет тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша оқу құралы
Шет тілін оқытудың әдістері
Ағылышын тілі сабақтарында Интернет желісін пайдаланудың теориялық негіздері
Жаңартылған білім жүйесінде ағылшын тілін оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды пайдалану
Сөйлеуге үйрету
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ТИІМДІ ОРЫНДАУ ТӘСІЛДЕРІ
Компьютерлік технологияларды қолданудың артықшылықтары
Ағылшын тілін қарқынды оқытудың принциптері
Пәндер