Алаш арыстаны - Абылай хан



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Қазақ спорт және туризм академиясы
Туризм факультеті
Туризм және Сервис кафедрасы

Экскурсиятану пәні бойынша туристік-экскурсиялық маршрут.
Тақырыбы: Алаш арыстаны- Абылай хан.

Орындаған: Амангелді Анеля
Тексерген: Ушкулакова Г.М
Тобы: ФТ3-1

Экскурсия мазмұны:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Абылай хан даңғылы туралы мәлімет
2. Туристік нысандар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Баршаңызға қайырлы күн! Менің аты-жөнім: Амангелді Анеля Арапқызы. Мен Anelya sky travel туристік фирмасында гид болып қызмет атқарамын. Көлік жүргізушісі- Алан Аманжолов. Бүгін экскурсияны өздеріңізбен бірге қызықты, әрі танымдық мақсатта ерекше әсер аларлықтай дәрежеде өткіземіз деп ойлаймын.
Экскурсиямызды бастамас бұрын экскурсия кезінде қолданылатын қауіпсіздік ережелеріне тоқталып өтейін:
Экскурсия жүріп жатқанда кезде, тыныштықты сақтап, экскурсияны шын көңілдеріңізбен мұқият тыңдауларыңызды сұраймын.
Экскурсияның өтуіне кедергі келтіретін жағдайларды болдырмауларыңызды өтінемін.
Өздеріңізді қызықтыратын сауалдарыңыз болса, гид түсіндіріп болғаннан соң сұрақ қоюларыңызға болады.
Топтан қалып қалмауларыңызды сұраймын, себебі, маңызды танымдық мәліметтерді естімей қалуларыңыз мүмкін.
Көлік ішінде бағалы заттарыңызды қалдырмауларыңызды өтінемін, себебі, жоғалған заттарыңызға ешкім жауап бермейді.

Құрметті туристер! Бүгін сіздермен бірге Қазақ халқы үшін орасан зор үлес қосқан саясаткері, билеушісі болған Абылай хан туралы болмақ. Сондай ұлы тұлғаның құрметіне берілген даңғыл бойынша туристік экскурсиясымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Қояр сұрақтарыңыз болса, экскурсия аяқталған соң, сұрақ-жауап бөлімінде қойсаңыздар болады. Экскурсияға белсенді қатысып отырсаңыздар сіздерге алғысым шексіз болар еді. Бар ынта-ықыластарыңыз менде болсын! Алдымен Абылай хан туралы мәліметтерден бастайын.

Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) - 1771-1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса Ұрыс хан, Барақ хан, Әз-Жәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы. Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы.
Абылай - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы, Рахметтің досы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) ақтабан шұбырынды жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған Сабалақ деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш.Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды.Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай жиырма жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің деуі осының дәлелі.
Абылай хан даңғылы - Алматы қаласындағы орталық көшелердің бірі. Даңғыл қаланың Алмалы және Жетісу аудандарында орналасқан. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай Райымбек батыр даңғылынан төменірек орналасқан Алматы-2 теміржол бекетінен басталып Абай даңғылында орналасқан Ұлттық кітапхана ғимаратына барып тіреледі. Даңғылдың ұзындығы - 4200 метр. Алматы қаласы әкімінің 23.10.1991 күнгі № 15398 шешімімен даңғылға қазақтың ұлы ханы, мемлекет қайраткері Абылай ханның есімі берілген. Даңғыл екі бағытты жол болып есептеледі.

Тарихы:
Абылай хан даңғылы бұрын Коммунистік проспект деп аталды. Ал оның алдында Вокзал, Сталин және Старокладбищенская деп аталатын. Даңғыл 1935-37 жылдары көшенің батыс жағында үш халық комиссариатының ғимараттары салынған кезден пайда бола бастады. Алматы қаласы астана болған кезеңде даңғыл бойында ҚазССР Үкімет үйі, Қазақстан КП Алматы обкомы, Халық депутатттары Советінің облыстық және қалалық атқару комитеттері, Денсаулық сақтау, Ет және сүт өнеркәсібі, Сауда, Қаржы Ауылшаруашылық министрліктері, Қазақстан Жазушылар одағы, ҚазТАГ, ҚазССР халықтық бақылау комитеті, Орыс драма театры, Алматы рестораны, Астаналық гастраномы орналасқан болатын. Бұрынғы Үкімет үйінің солтүстік жағындағы әскери-ревкомның үйі болған жерде мемориалды ескерткіг белгі қойылған, мұнда 1918 жылдың 3 наурызына қараған түнде Верныйда Совет үкіметі орнағаны жарияланған болатын.
Тарихи ғимараттар:
1. Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры (1950 жылы Сәулетшілер: А.Леппик, Н.Рипинский, В.Кацев, Б.Тютин);
2. Балалар әлемі
3. Қазақстан Жазушылар Одағының үйі (1956 жылы Сәулетші: А.Леппик);
4. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы.
5. Қазақ ССР Жоғары кеңесінің ғимараты (Қазақ-британ техникалық университеті)
6. Орталық әмбебап дүкен (Заңғар сауда үйі)
7. Столичный дүкені
8. Ю. Лермонтов атындағы орыс драма театры
9. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы
10. Парк

Ескерткіштер:
1. Абылай хан ескерткіші (Мүсінші:С.Баймағамбетов, С.Ералиев, 2000 жылы);
2. Амангелді Иманов ескерткіші (1947 жылы Мүсінші: Х.Б. Сарыджа) орнатылған.

Қазақстан Жазушылар Одағының кітапханасы.
Кітапхана 1962 жылы құрылған. 2000 жылға дейін орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №13 кітапханасы деп аталып келген. 2000 жылдан бастап Алматы қаласы әкімдігінің шешімімен Қазақстан Жазушылар Кітапхансы деп аталады.

Кітапхананың жұмыс кестесі:
дүйсенбі-жұма: 10.00 - 19.00
сенбі: 10.00 - 18.00
жексенбі: демалыс
Әр айдың соңғы бейсенбісі - тазалық күні
Кітапханаға жазылу үшін не қажет:
1. оқырмандар залына:
- жеке басты куәландыратын құжат немесе студенттік билет
- 3х4 көлеміндегі 1 сурет
2. Абонементке:
- жеке басты куәландыратын құжат
- тұратын орнын растайтын құжат
- 3х4 көлеміндегі 1 сурет
Кітапханада не бар: интернет, ксерокс, сканер.
Ерекшелігі: интернет - 30 минут тегін.
ксерокопия - 5 бетке дейін тегін.
Абонемент залында кітаптарды үйге алып оқуға 15 күн беріледі.

Мұнда әр түрлі сала бойынша 60 000 кітап қоры: оқу құралдары, энциклопедиялар, анықтамалар, сөздіктер және оқырмандарға әр түрлі жанрдағы көркем әдебиеттер, тарихи, таңғажайып детективтер, шытырман оқиғалы әдебиеттер бар. Оның 20 000-ға жуығы қазақ тілді кітаптар. Сонымен қатар, өткен жылдың соңынан кітапханаға электронды кітаптар түсіп жатыр. Бүгінде Мұхтар Әуезовтың Абай жолы, Бейімбет Майлиннің Шұғаның белгісі сынды туындылардың электронды нұсқалары бар.
Балалар бөлімінде балаларға арналған фантастика, отандық және ресейлік жазушылардың жаңадан шыққан кітаптары бар.
Кітапханада жазушылармен кездесулер және еске алу кештері, дебаттар, дөңгелек үстелдер жиі өтіп тұрады.

Абылай хан ескерткіші.
Монументтік өнер ескерткіші.
Қазақ мемлекетінің ханы (1771 жылға дейін сүлтан). мемлекеттік қайраткер Абылай ханға (1711-1781) ескерткіш Алматы-2 теміржол станциясының вокзалалды алаңында 2000 жылы орнатылды. :: Авторлары: шығармашылық ұжымның жетекшісі сəулетші С.Қ. Баймағамбетов, мүсінші Қ.Қ. Сатыбалдин, сəулетшілер Т. Ералиев, З.С.Баймағамбетов, В.И. Сидоров, М.Е. Еркінов.

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры - ашылуына Кеңес одағы бойынша балалар театрының негізін қалаған режиссер Н.И. Сац араласып, ең әуелі 1945 жылдың 7 қарашасында балалар мен жасөспірімдер театрының орыс труппасы Е. Шварцтың Қызыл телпек пьесасымен шымылдығын ашты.
Театр алғашқы кезде екі труппадан - қазақ және орыс труппасынан тұрды. Қазақ труппасы сахналық жолын 1947 жылы 2 ақпанда А. Н Островскийдің Мысыққа күнде той бола бермес пьесасын (режиссер А. А. Алексеев) қоюмен бастады. Театр шымылдығы ресми түрде 1948 жылы 4 шілдеде А. Толстойдың Алтын кілт спектакілімен (режиссер Н. Сац) ашылды.
Театрда қазақ драматургиясы мен бірге орыс, батыс классиктерінің және өзге халықтардың таңдаулы деген туындыларынан репертуар кестесі қалыптасып, фестивальдарға қатысу үрдістерін жандандыра бастады. Шығармашылық жолында талай асуларды кездестіре отырып, түрлі жетістіктерден де құр алақан қалмады.
1958 жылы Мәскеуде өткен Бүкілодақтық жастар театрының фестивалінде М. Ақынжановтың Ыбырай Алтынсарин спектаклі екінші дәрежелі дипломға ие болды. Қоюшы режиссер А.Тоқпанов лауреат атанды, 1966 жылы Мен Дон Ук қойған Ш.Хұсайыновтың Алғашқы ұшқындар спектаклі театрға Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығын әперді.
Театр қазақ драматургтерімен бірге орыс, батыс классиктерінің және өзге халықтардың таңдаулы деген пьесаларын сахнаға шығарды. Фридрих Шиллердің Зұлымдық пен Махаббат, Н.Хикметтің Әпенді, Мольердің Скапеннің айласы, Б.Брехттың Әйдік апай және оның балалары, У. Шекспирдің Вероналық екі бозбала, Дуалы түнгі думан, Гамлет, Ромео мен Джулетта (Махабат айдыны), А.Чеховтың Шағала спектакльдері режиссерлер мен актерлер құрамының күштілігін, классикалық ірі туындыларды еркін түрде игере алатын кемел шаққа жеткендіктерін танытады.
Еліміздің мәдени-рухани әрі көркемдік жедел өркендеуіне әлеуметтік зор үлес қосып, жасөспірім жеткіншектердің эстетикалық, дүниетанымдық көзқарастарының жарасымды қалыптасуына өз үлесін қосудағы театр ұжымының еңбегі айтарлықтай. Жарты ғасырдан артық өнер тарихында театр шығармашылық даму мен қалыптасудың әртүрлі белестерінен өтіп, бүгінгі ұлттық сахна өнерінде өзіндік орнын белгіледі. Бұл театр көп жылдарға дейін орыс балалар театрымен бірлесіп жұмыс істеді. 1982 жылдан бастап өз алдына дербес бөлініп шықты.
1992 жылы Ғ. Мүсіреповтың 90 жылдығы құрметіне байланысты жазушының есімін иеленді. Ал, 1996 жылы театрдың 50 жылдық мерейтойына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.Жұмабаев поэзиясындағы хандар бейнесі
Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы, Түркістан өлеңі
Мағжан Жұмабаевтың “Түркістан” өлеңіндегі тілдік ерекшеліктер
Мағжан Жұмабаевтың поэмалары
Түркістан - қазақ хандығының астанасы
Туған жерім - Түркістан
Батыр Баян поэмасы
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ПОЭМАЛАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ҚИЯЛ
Абылай ханның саясаттағы орны
М. жұмабаевтың шығармашылығының жалпы қазақ әдебиетінде алатын орны
Пәндер