Ұрықтың жағдайын бағалау диагностикасы. Емі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина Университеті
Тақырыбы: Ұрықтың жағдайын бағалау диагностикасы.Емі.
Кафедра: №2 Акушерия және гинекология
Дисциплина: Жалпы дәрігерлік тәжірибедегі акушерлік және гинекология
Реферат

Ақтөбе 2021ж.



Жүктілік пен босану кезіндегі ұрықтың жағдайын бағалау. ХАЖ коды Z34 - Z36,9 бойынша тіркелген. Негізгі клиникалық жіктемесі жоқ.
Ұрықтың жағдайын жалпы бағалау үшін негізіг және қосымша зерттеу әдістері жүргізіледі.
Диспансеризацияға келген жүкті әйелдің жатыр түбі биіктігін анықтау және іш айналымының өлшемін алу ұрықтың дұрыс дамуының көрсеткіштері бола алады.
ЖТБ - жоғарғы симфизден жатыр түбіне дейінгі аралық
ІА - кіндік деңгейіндегі іштің өлшемі
Осы екі олшемді тіркейтін график гравидограмма деп аталады және ол әр жүкті әйелдің алмасу картасына бекітілуі тиіс. ЖТБ анықтау жүктіліктің 20 аптасынан бастап әр бақылау кезінде жүргізіледі. Егер ЖТБ қалыптыдан 2см төмен болса ұрық дамуының кедергісіне күдіктенеміз.

Ұрықтың қозғалу белсенділігін анықтау
Жүктіліктің 28 аптасынан бастап жүргізіледі.Егер жүкті әйел 1 сағат ішінде 4-5 күшті қимыл сезінсе,ұрықтың қозғалу жылдамдығы жеткілікті деңгейде дегенді білдіреді.
Ұрықтың қозғалу сапасын бағалау мақсатында Sadovsky әдісі қолданылады.Тамақтанып болғаннан соң 1 сағат ішінде әйел жату қалпында ұрықтың қозғалу қарқындылығын сезіну керек.Егер әйел алғашқы 1 сағатта қозғалысты сезбесе,келесі сағатта бақылайды. Сағат ішінде 4 қимыл сезбесе,маманға жүгінеді.
Ұрықтың жүрек соғу жиілігін анықтау - Ұрықтың аускультациясы жүктіліктің 24 аптасынан бастап акушерлік стетоскоппен немесе портативті құрылғымен жүргізіледі және тыңдалады.Осы әдіспен ұрық тірі ме,тірі болса орташа журек жиырылу санын,аритмияның кейбір түрлерін анықтауға болады.Жетілген ұрықтың жүрек жиырылу саны -110-160 соққы минутына. Брадикардия немесе тахикардия ,аритмия анықталса шұғыл түрде қосымша тексеру әдістерін жүргіземіз (расширенный антенатальный мониторинг).
Кеңейтілген мониторинг құрамына
1)Ультрадыбысты зерттеу (УЗИ)
2) Кардиотокография (КТГ)
3) Биофизикалық профильді бағалау(БПП).
4) Жатыр плацента ұрық қанайналым допплерометриясы кіреді.
Кеңейтілген мониторингті қолдануға көрсеткіштер: Гравидограмма параметрлерінің төмен көрсеткіші(подозрение на ЗВРП);
Жүкті әйелдің айтуымен ұрықтың аз қозғалуы;
Преэклампсия;
Қант диабет;
Анасынын созылмалы ауруының субкомпенсация немесе декомпенсация сатылары ;
Антенатальді қан кету;
Көп ұрықты жүктілік ;
Амнион патологиясына күдік туса (маловодие или многоводие);
Жүктілік мерзімі 41 апта немесе одан да көп (признаки перенашивания).
КТГ, стресстік емес тест(НСТ) - Жүктіліктің 32аптасынан бастап қолданылады,себебі бұл кезеңде миокардиальді рефлекс және ұрықтың белсенділік тыныштық циклі толық қалыптасып бітеді. КТГ прогностикалық маңыздылығы 35-36 аптада жоғарылайды.
НСТ негізі:дені сау ұрық жатырдың жиырылуын және өзінің жатырда қозғалу жағдайын сезіне білу керек(акцелерация).Жатырдың жиырылуы мен ұрықтың жатырда қозғалуына жауап ретінде акцелерацияның болуына байланысты тест реактивті болып есептеледі. Реактивті емес болып есептеледі,егер 40 минут ішінде ешқандай акцелерация болмаса.Бұл жағдайда НСТ қайта жүргіземіз не болмаса допплерометрия жасаймыз.Қайталап жасау кезінде де нәтиже болмаса,ұрықтың жағдайы тым төмен екендігін білдіреді.Тест жүргізгенге дейін әйелге аз ғана сок ішуін сұраймыз.Төменгі қуыс венаның қысылуын болдырмас үшін әйелді жартылай жатқызамыз.

КТГ - ны жүргізу 35-36 апта жасау көп мәлімет береді, себебі осы кезде ұрық жүрегінің толық қалыптасуы аяқталады. КТГ көрсеткіштері:
Базальды жиілік - жатыр жиырылуының арасындағы 10-20 минут ішіндегі ұрық жүрек соғысының орташа жиілігі, акцелерация мен децелерация есептелмейді.
Акцелерация - базальды деңгейден салыстырмалы түрде жүрек соғысының 15 соққыға көбеюі.
Децелерация - базальды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фармакология бойынша
Табанның зақымдалуы және даму ақаулары
Ұрықтың даму ақаулары және аурулары
Нәрестелердің ерекшеліктері. Жетіліп туылған және шала туылған балалар. Нәрестелердің гемолитикалық ауруы. Балалардың жатырішілк инфекциялары
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Сыртқы жыныс ағзаларын карау
Сыртқы жыныс мүшелерінің қатерлі ісіктері
Жүктілік және эндокринді аурулар
Әйелдерді гинекологиялық тексеру
Сыртқы жыныс мүшелерінің бейспецификалық қабыну аурулары
Пәндер