ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті


«ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті»
Орындаған: Барахан Нұрай Тексерген: Сағынбекова Сайрагүл
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің басты ерекшеліктері: шынайылық сипаты, танымдық, тәрбиелік маңызы, өмірмен байланысы. Әдеби әдістер: натурализм, сентиментализм, романтизм және реализм. XX ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының түрлі кезеңдері. Р XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің алғашқы кезеңі: Ұлы Отан соғысы кезіндегі және соғыстан кейінгі жылдардағы әдебиет. РРР Ресейдегі XX ғасырдың басындағы революциялық қозғалыс ұлттық шет аймақтардың, соның ішінде Қазақстанның қазақ әдебиетінің жағдайына әсер етті. Саны аз ұлттық зиялылар осы жағдайды пайдаланып, тәуелсіздік пен бостандык үшін, халықты ғасырлар бойындағы ұйқыдан ояту үшін қос езгіден: патша өкіметінің отаршылдық бұғауынан және жергілікті патриархаттық-рулық, зорлық-зомбылықтан құтылу үшін күрес бастады. Зиялылар халықты тәуелсіздік жолына шығарды, білімді, ғылымды, өнерді меңгеруге шақырды. Бұл үрдісте қазақ халқының өмірін бейнелеуге және оның мүдделерін қорғауға өз үлесін қосқан казақ әдебиетінің рөлі соңғы орында қалған жоқ. Қазақ жазушылары мен ақындарының алдыңғы қатарлы бөлігі Абайдың ағартушылық, демократиялық дәстүрін жалғастырып, оларды отаршылдыкқа қарсы күрес идеясымен байланыстыруға тырысты. Ұлттық қозғалыстың басында тұрған Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың әдеби-шығармашылық, коғамдық-саяси қызметінің революциялық-демократиялық бағытта болғаны айқын. Олар ұлт-азаттық идеясына шығармашылық кызметінде ғана емес, өздерінің қоғамдық-саяси қызметінде де ерекше мән берді. Бұған олардың 1905 жылғы бүкіл халықтық революцияға қатысуы, конституциялық-демократиялық партияның съезінде қазақтардың тәуелсіздігін талап етуі, бұл идеяны «Қазақ» газетінің (1913-1918) беттерінде нысаналы бағытта дамытуы, сондай-ақ патша өкіметі құлағаннан кейін Алаш автономиясын құруға әрекет жасауы айғақ болып табылады. Қазак әдебиетінің сыншыл бағытын дамытуда, көркемдік кұралдар арқылы ағартушылық идеяларын асқақтатуда Шәкерім (1858-1931), Сәбит Дөнентаев (1894-1933), Мұхамеджан Сералин (1872-1929), Спандияр Көбеев (1878-1956), Бекет Өтетілеуов (1883-1949), Әріп Тәңірбергенов (1856-1924), Ғұмар Қарашев (1876-1921), Тұрмағамбет Ізтілеуов (1882-1939), Бернияз Күлеев (1899-1923), Нарманбет Орманбетов (1870-1918) және тағы басқалардың шығармашылығының ерекше маңызы болды. Поэтикалык шеберлікті дамытып және байыта отырып, олар дәуірді көркемдік ой елегінен өткізуге зор үлес қосты. Егер С. Дөнентаев сюжеті шағын өлендер мен мысалдар жанрын дамытса, С. Көбеев өмір шындығын лирикалық туындыларда бейнелеуге ұмтылды. С. Көбеев пен Б. Өтетілеуовтің шығармашылығы педагогикалық қызметпен астасып жатты: олардың екеуі де ауыл мектептерінде мұғалім болды. Әдебиетті балалар тәрбиелеуге кеңінен пайдалана отырып, жазушылар идеялық мазмұны жаңа бірқатар туындылар жазды. С. Көбеевтің «Қалың мал» романы, балаларға арналған хикаялары мен өлендері осылай туған. С. Көбеев пен Б. Өтетілеуов аударған орыс классиктерінің туындылары аз емес. М. Сералин қазақ әдебиетінің дамуына ғана емес, сонымен қатар өз заманындағы журналистиканың дамуына да үлес қосты. Ол және оның қаламдас бауырлары шығарған «Айқап» журналы (1911-1915) қазақ әдебиетінің ағартушылық және демократиялық бағытын айқын да анық ұстанды. Сералин поэмалар жазып, Фирдоусидің «Шахнамесін» («Рүстем - Зураб») аударды. М. Сералин «Айқап» беттеріндегі көсемсөздік туындыларында патриархаттық негіздерді сынға алып, халықты ағарту ісіне, оның ілгері ұмтылуына, қазақтардың отырықшылық тұрмыс салтына көшу проблемасына ерекше көңіл бөлді. Біз Ғ. Қарашев пен Н. Орманбетовтің туындыларынан айтарлықтай көркемдік шешімдерді көреміз, оларда отаршылдықтың мәні, халықты басқару саясатының екіжүзділігі, қазақ қоғамы өмірінің артта қалғандығы кеңінен ашып көрсетілген. Бірнеше кітаптың («Бала тұлпар», «Қарлығаш», «Аға тұлпар», «Тұрымтай» және басқалар) және философиялық толғаныстардың авторы Ғұмар Қарашев өз ерекшелігі бар жарқын ақын, ағартушы-философ ретінде, шариғат дәстүрлеріне және ар-ожданға адал суреткер ретінде көрінді. Ол Ақпан революциясын және «Алаш» козғалысын үмітпен карсы алып, өз халқының бостандығы мен тәуелсіздігіне сенді, кейіннен Кеңес өкіметіне ізгі ниет білдірді. Ал Нармамбет өлендерінде («Сарыарқа», «Заман» және басқалары) қазақтар шұрайлы қонысынан айырылып, туған жерлерінен көше бастаған кездегі патша өкіметінің қоныс аудару саясаты салдарынан ерекше көрінген халыктың ауыр өмірін суреттеді. Р
Р
XX ғасырдың басындағы қазақ ақын-жазушылары өздерінің бағдары мен көркемдік ізденістері жөнінен әсте де бірдей емес. Талант көп болған сайын оның кыры да алуан түрлі болмақ. Олардың кәбісін революциялық-демократиялық және ағартушылық-демократиялық идеялар біріктірді. Бұл бағытты ұстанғандардың бәрі прогресті, халықтар әдебиетінің озық идеяларын меңгеруге тырысты. Сонымен бірге Шығыстың демократиялық әдебиетінің тәжірибесін пайдалана отырып, таза ұлттық дәстүрде жазған ақындардың тұтас тобы болды. Надандықты, билік басындағылардың әділетсіздігін, патша өкіметінің отаршылдық саясатын олар да сынады, алайда олар бұл тұйықтан шығу жолдарын таба алмай, оның шешімі өткендегі «жақсы» заманға оралуда деп тапты. Бұл ақындар қатарына Мәшһүр Жүсіп Көпеевті (1858-1931), Нұржан Наушабаевты (1859-1919), Мақыш Қалтаевты (1869 -1916) жатқызуға болады. Олардың реалистік туындылары біздің сол дәуірдегі шындыкты ұғуымызға көмектеседі. М. Ж. Көпеевтің «Сарыарқа кімнің жері?» деген кітабы (Қазан, 1907) тәркіленіп, ал басып шығарушыға ірі көлемде айыппұл салынды. М. Ж. Көпеевтің мұрасында халыктың ауызша шығармашылығының ол жинаған туындылары мен қазақ ақындарының шығармаларынан тұратын қолжазбалар сақталған. Н. Наушабаевтың поэзиясы негізінен ғибрат пен тағылымы мол термелерден тұрады. М. Қалтаевтың шығармашылығында өмір мен дәуір кең көрсетілгеніне қарамастан, дегенмен де көркемдік деңгейі солғын тартып жатады. Қазак ақындарының басқа бір тобы халык туындылары, сондай-ақ Шығыс шығармалары сюжеттерінің ықпалымен дастандарға және хиссаларға ерекше көңіл бөлді. Оларға Жүсіпбек Шайхысламұлын (1854-1936), Шәді Жәңгірұлын (1855-1933), Ақылбек Сабалұлын (1880-1919) жатқызуға болады. Олардың бәрі тамаша білімді еді және араб-парсы әдебиетінің білгірлері болатын, халықтың аса бай фольклорын егжей-тегжейлі білетін, Олар өз туындыларын Қазан баспаханаларынан бірде «Дастан» түрінде, бірде «хисса» түрінше шығарып отырды. Осы туындылар арқылы XX ғасырдың басында халық арасында хиссалар кең таралды. Мұнда сюжеттерінің қызықты суреттелетуі, тарихи оқиғалардың маңызды болуы аз рөл атқарған жоқ. Бұл туындылардың арасында «Қыз Жібек», «Мұңлық - Зарлық», «Сейфүл -Мәлік», «Қасым - Жомарт», «Орақ- Күлше», «һарон ар-Рашид», «Камарзаман», «Бозжігіт», «Тахир - Зуһра», «Назым» және басқалар бар. Олар түрлі тақырыптарға (махаббат, әділдік, наным және т. б. ) жазылғанымен, бұл дастандарды адамзатқа деген сүйіспеншілік байланыстырды. Олардың кейбіреуі талай рет қайта басылып шыкты. Халық өміріндегі тарихи оқиғалар туралы жазып, оларға халықтық баға беруге тырыскан ақындар да болды. Бұл арада Ығылман Шөрековтің (1871- 1932) «Исатай-Махамбет» поэмасын
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz