ГАСТРУЛЯЦИЯ. ОСЬТІК МҮШЕЛЕР МЕН ҰРЫҚТЫҚ ҚАБЫҚШАЛАРДЫҢ ҰРЫҒЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
БОӨЖ №4
Жалпы эмбриология
ГАСТРУЛЯЦИЯ. ОСЬТІК МҮШЕЛЕР МЕН ҰРЫҚТЫҚ ҚАБЫҚШАЛАРДЫҢ ҰРЫҒЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ.

Орындаған: Нурмаханбет Гулзат
Курс:1 курс
Мамандығы: Жалпы медицина Тобы: 101 Б
Қабылдаған:Нұрмахан Г.С.

Алматы, 202 1
1."Гаструляция"ұғымының анықтамасы.

Гаструляция - бір қабатты ұрық бластуланың орталық білікті және билатеральді симметрияға иеленген үш қабатты ұрық - гаструлаға айналу процесі. Ол көп жасушалы организмдердің ұрықтық дамуының ерте кезеңдерінде жасушаларының күрделі орын ауыстыруы - иммиграция, бластула қабырғасы бір бетінің бластоцельге қарай ойылуы - инвагинация және т.б. әдістер арқылы өтеді. Гаструляция негізінде күрделі биохимиялық және морфогенездік үрдістер жатады. Олардың ең маңызды құрамдастары - ұрықтың әр бөліктерінде қарқыны әртүрлі болатын жасушалар пролиферациясы, дифференциялануы, өсуі, бағытты орын ауыстыруы, индукциялық әрекеттесуі. Эмбриондық дамудың екінші кезеңінде қалыптасатын ұрық гаструла (gaster - асқазан) - әуелі екі, кейін - үш ұрықтық жапырақшалы қабырғадан, ішіндегі қуысы - гастроцельден және, әдетте, оны сыртқы ортамен байланыстыратын тесігі - бластопордан тұрады. Жоғарғы сатыдағы организмдердің денесін құрайтын әртүрлі тіндер мен мүшелер осы үш ұрықтық жапырақшалардан: эктодерма, мезодерма және энтодермадан дамиды. Организмдер гаструляциясының өту әдістері, жұмыртқа жасушаларының цитоплазмасындағы сары уыздың мөлшері мен таралымына тәуелді, әртүрлі болады.
Гаструляцияның төрт түрiн ажыратады:
1.Iшке кiру - инвагинация тәсiлi арқасында целобластуладан гаструла құрылады. Бластодерма түбi жасушалары бластоцель iшiне енiп, бластула төбесiне жетедi. Ұрық домалақ түрiнен тостақан, қап тәрiздi немесе бiр қабаттыдан қос қабаттыға ауысады. Бұл қабаттар ұрық жапырақшаларын түзедi: сыртқысы - эктодерма, iшкiсi - энтодерма деп аталады. Қап тәрiздi гаструла қуысы алғашқы iшек - гастроцель, сыртқы ортамен қатынасатын тесiгi - алғашқы ауыз - бластопор деп аталады.Құрт, моллюскi, бунақ аяқтылардың ақтық ауызы бластопор негiзiнде қалыптасатындықтан, оларды туаауыздылар деп атайды.Екiншiауыздылар аузы (қылқанжақ сүйектi, иық аяқты, тiкен терiлi, iшекпен тынысалушы, хордалылар) бастың құрсақ жағында пайда болып, бластопор көтенiшекке, жүйке - iшек өзегiне ауысады.
2.Кiрлiгу, қоныс аудару (иммиграция) - кiрлiгу кезiнде бластула түбiнен бластоцельге жасушалар көшiп, сыртқы қабаты астына жайғасып, сыртқы қабаты - эктодермаға, төменгiсi - энтодермаға айналады. Ондай гаструляция iшекқуыстыларға тән.
3.Қоспластинкалану (деляминация) - жiктелу, бластомералар бластула бетiмен қатар бiрдей бөлiнуiнде байқалады. Онда бiр қабат сыртта, ал екiншiсi iште қалады. Бұл тәсiлде iшекқуыстыларда болады.
4.Эпиболия - қаптайқаулау немесе қаптап өсу, ұрықтың қосқабатты даму сатысы. Зиготаның вегетативтi полюсi сарыуызбен толып бөлшектенуге қатыспағанда (жартылай бөлшектену), өте iрi бластомералар құрылып, баяу бөлiнгенiнде байқалады. Бластула төбесiндегi өте ұсақ жасушалар жылдам бөлiнiп, оны қаптап өседi. Мұндай гаструляция түрi қылшығы аз құрттарда кездеседi.

2
2.Гаструляцияның негізгі әдістері.
1.Деламинация.Алғашқыда біртұтас болған ішкі жасушалық масса немесе эмбриобласт екі қабатқа-эпибласт және гипобластқа ажырайды.Бұл құбылысты деламинация деп атайды.
2.Иммиграция.Дамудың 9-шы тәулігінде басталып,әсіресе,3-аптасында ұрықтық дискіде белсенді өтеді.Олардың ең маңызды нәтижесі-біріншілік жолақ,үш ұрықтық жапырақшалар,хорда және нерв түтікшесі қалыптасуы.
3.Ұрықтық жапырақтар және оларды саралау.
Ұрық жапырақшасы -- көп клеткалы жануарлар ұрығының даму кезеңінде денесінің сыртында (гаструлация процесі кезінде) тіндер мен органдар пайда болатын қабаттар. Ұрық жапырақшасын кейде ұрық тақташалары деп те атайды. Көптеген көп клеткалы жануарларда негізінен 3 түрлі ұрық жапырақшасы түзіледі. Оның сыртқы қабаты -- эктодерма, ортаңғысы -- мезодерма, ал ішкі қабаты -- энтодерма. Қағанақты жануарларда ұрықтық және ұрықтан тыс эктодерма, мезодерма және энтодерма қабаттары ажыратылады. Эктодерма қабатынан түзілген ұрық жапырақшасы жабын және сезгіш қызметтер атқарады. Мезодермадан түзілген ұрық жапырақшасы қозғалтқыш, тіректік және қоректік қызмет атқарып, ұрықтың дене бөліктерін бір-бірімен байланыстырады. Ал энтодермадан түзілген ұрық жапырақшасы қоректену және тыныс алуды қамтамасыз етеді. Әр түрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төлдің даму кезеңдері
Онтогенез сатылары
Жыныс клеткаларының көбеюі
Ұрық жапырақшаларының мүшелермен жүйелердің түзілуі
Сүтқоректілердің дамуы
Онтогенез және филогенез
Адам эмбриогенезінің ерекшеліктері
Дамудың қатерлі кезеңдері
Мал шаруашылғында ауыл шаруашылық малдарының өсуі мен даму заңдылықтарн қолдану
Онтогенездің генетикалық негіздері
Пәндер