Криминалистика пәнінің түсінігі, қылмыстарды тергеудегі маңызы және даму тарихы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Такырып №1: Криминалистика пәнінің түсінігі, қылмыстарды тергеудегі маңызы және даму тарихы.
Мақсаты: Криминалистика пәнінің түсінігі, қылмыстарды тергеудегі маңызы және даму тарихын анықтау
Сабақ мазмұны: Ауызша сұрақ, жауап, жаңа ұғымдарды жазу түрінде өткізу
1. Криминалистиканың пәнінің түсінігі, жүйесі және міндеттері.
2.Криминаистиканың қағидалары
3.Криминалистиканың даму заңдары

1 Криминалистиканың пәнінің түсінігі, жүйесі және міндеттері
Криминалистика тергеу және басқа құқық корғау органдарының жұмысының іскерлігін арттыруға үлкен әсер етеді, өйткені крпминалистика тергеу тәжірибесін талдап, қорыту арқылы қылмысты ашуға бейім тәсілдерді тауып, оларды колдану үшін керекті техникалық кұралдарды тергеу кызметкерлеріне дайындап береді.
Адам қылмыс жасағандықтан көп іздер қалдырады. Криминалистикада іздер деген түсінік екі мағынада қолданылады.Тар мағынада із деп бір объектінің таңбасы, келбеті
Ал жалпы криминалистикалық мағынада кылмыстың ізі деген ұғымға оқиға болған жерде қалған жеке заттар, қираған, сынған нәрселер.Жасалған кылмыстың үлгісі тергеушінің ойында дүрыс қалыптасуына қажет заттай дәлелдемелердің толық табылуы оларды терең талдауға үлкен әсер етеді.Бірақ заттай дәлелдемелерді, іздерді (әсіресе көзге кәрінбейтін) анықтау өте қиын, әрі күрделі жұмыс. Оларды іздеп тауып, дұрыс бекіту үшін арнаулы әдістер мен құралдарды пайдалану қажет. Осы іздерді, заттай дәлелдемелерді табу, бекіту, алу мен зерттеу әдістерінің және ол үшін керекті техникалық қүралдардың қолдану тәсілдерін криминалистика пәні оқытады.Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдайтын болсақ, криминалистика адамдардың іс-әрекетін зерттейді. Ол қылмыс жасаған адамның криминалдық кылмысты іс-әрекетін және тергеушінің қылмысты ашуға байланысты жүргізетін криминалистикалық тәсілдер мен әдістерді қолдануға байланысты жұмысы.Заң әдебиеттерінде криминалистикаға әр түрлі пәндік сипаттама беріледі. -Авторлардың криминалистикаға берген пәндік сипаттамаларын қорыта келгенде, оларда негізінен тек редакциялық өзгерістердің бар екені аңғарылады.- Қай автор болса да, криминалистиканың кылмысты ашуға және тергеуге керекті деректерді, заттай дәлелдемелерді іздеп тауып, бекіту, алу және зерттеу үшін пайдаланатын әдістер мен тәсілдер, оған қажет техникалық құралдарды оқитын ғылым екенін баяндайды.- Сонымен қатар, криминалистикада пайдаланатын техникалық құралдар, әдістер мен тәсілдер тек қылмыстык-процессуальдық занға сәйкес болуы атап айтылады.- Кейбір авторлар криминалистикалық әдістер мен тәсілдер қылмысты ашуда ғана емес, қылмысты болдыртпауға бағытталғанында айта кетеді.Сонымен айтылғандарды тұжырымдай келіп, криминалистикаға мына темендегідей пәндік сипаттама беруге болады.
Криминалистика - қылмысты ашуға және тергеуге керекті заттай дәлелдемелерді процессуальдық заңға сүйене отырып, іздеп табу, бекіту, алу, зерттеу үшін пайдаланатын техникалық құралдар, тактикалық тәсілдер мен тергеу әдістемелері жөніндегі ғылым.Криминалистика ең алдымен Қылмыстық іс жүргізу заңымен тығыз байланысты. Себебі криминалистиканың зерттеп дайындаған тәсілдері мен әдістері кылмысты ашуға, тергеу әрекеттерін тиімді жүргізуге негізделсе, Қылмыстық іс жүргізу заңы тергеу әрекетгерінің жүргізілу тәртібін занды түрде реттейді. Атап айтқанда екі пәннін, де зерттейтіні бір объект -- тергеу әрекеті.
Криминалистиканың қылмыстық құқық ғылымымен де тығыз байланысы бар. Қылмыстық құқық ғылымында қоғамға қауіпті қандай әрекеттердің қылмыс қатарына жататынын керсетіп, әр қылмыстын кұрамындағы белгісін талдап баяндайды.Криминологияның кағидаларын негізге ала отырып, криминалистика тергеушінің жеке істерді жүргізгенде қылмыстың болуына ықпал еткен жағдайларды толық тауып, бұл себептер мен жағдайларды жою жөнінде қандай әрекеттер жүргізу керектігін айтады.Криминалистикада колданылатын тәсілдер мен әдістер, заттай дәлелдемелерді іздеп табу, оларды бекіту, алу және зертеуге бағытталады. Сондықтан криминалистикада жиі қолданылатын іздеп табу, бекіту, алу және зертгеу деген ұғымдардың мазмұнын талдап оларға түсінік беру қажет.Заттай дәлелдемелерді іздеп табу дегеніміз - ол тергеу органдарының қылмысты ашуға, керекті дәлелдерді іздеуге байланысты жүргізілетін жұмыс әрекеті.Бекіту және алу дегеніміз -- криминалистикалық аспектіде іздеп тауып алынған заттай дәлелдемелерді, іздерді сол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Криминалистиканың даму тарихы және қазіргі жағдайы
Криминалистік құжаттарды тану Оқу-әдістемелік құрал
Криминалистикалық сипаттамаманың элементтері
Сот сараптамасы туралы криминалистік ілімнің рөлі мен маңызы және оны тағайындау, жүргізу және бағалаудың тактикалық ерекшеліктері
Адам өлтіру қылмысын тергеуде арнайы білімдерді қолдану
Мамандықтың пәндер каталогы
Криминалистиканың ұғымы, пәні
Қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы
Қылмыстарды тергеудегі іздеу тактикасының теориялық және қолданбалық мәселелері
Криминалистика пәнiнен дәрістер кешені
Пәндер