Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметі


Мазмұны
I. Кіріспе
II. Негізгі ой
1) Тұрар Рысқұловтың өмірі жайлы
2) Қайраткердің атқарған қызметтері
3) Еңсесі биік-ел есінде
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жалпы тарихта ерекше орын қалдырған қоғам қайраткері елдің рухани көзін ашқан Тұрар Рысқұлов туралы сөз айтылса еске бірден осыншама ұзаққа созылған ұлт-азаттық көтерілістер оралады. Тұрар Рысқұлов Қазақстан мен Орта Азия халықтарының 20-30 жылдардағы тарихында ерекше зор роль атқарған саяси қайраткер. Туған халқын азатттық жолындағы күреске бастаған қазақ зиялыларының көш басында тұрған аса ірі саяси жетекшілердің бірі және бірегейі-Тұрар Рысқұлов болатын. «Рысқұловшылдық» деп аталатын құбылыстың негізінде жатқан ерекшелік-кеңес өкіметінің соңынан ілескен қазақ халқының ұлттық күштерінің өз тағдырына өзі шешу бағытындағы күрес болатын. Рысқұлов Тұрар (1894-1938) - қазақ халқының көрнекті перзенті, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері. Бұрынғы Жетісу облысы, Верный уезінің Шығыс Талғар бекетінде туған. Әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы 19-шы ғасырдың 80-ші жылдары патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамай Сырдария облысының Черняев уезінен (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы) Верный уезіне қоныс аударып келген болатын. Жаңа қонысында да әділетсіздік көрген Рысқұл 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді. Теориялық жағынан жетік бола тұраол өз қызметінде таптық белгілерден де гөрі ұлттық белгілердің әсеріне жиі ұрынады. Рысқұловтың саяси қызметі ұзақ жылдар бойы партиялық тұрғыдан ғана бағаланып келді. Бұл принцип кеңестік тарих ғылымының негізгі принципі болатын; ол бойынша Т. Рысқұлов партияның көрнекті өкілі болып шығатын. Нақты өмірдегі Т. Рысқұлов нң алдымен мемлекет қайраткері, саяси күрескер болды. Жиырма жылдан аса уақытқа созылған саяси қызметінде ол бірде- бір рет партия аппаратында отырған емес. Ол басқарған Мұсылман Бюросы партиялық ұйымнан гөрі мемлекеттік құрылымға жақын еді. Т. Рысқұловтың большевиктер партиясының жарғысына селсоқ қарауыда осы пікірдің дұрыстығын дәлелдей түседі. 1923 жылы Т. Рысқұлов Түркістан Республикасының Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы болатын, бірақ солай болса да, ол үкімет басшысы ретінде республикалық партия ұйымының мәжілістерінде қатынасуды міндет деп санай бермеген. 1922 жылы РСФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатында қызмет істеген кезінде де партия жиналыстарына еш қатынаспай дер кезінде жарна төлемей партия қатарынан талай рет шығып қалған екен. Бастауыш партия ұйымдары оның уақытының жоқтығын, жұмысбастылығын айиып жазған түсініктемелерінен соң ғана партия мүшелігін қайта қалпына келтіріп отырған. Т. Рысқұлов партия қатарына қайта қабылдану мақсатымен өзінің өмірбаянын жазып, И. В. Сталинге де хат жолдауға мәжбүр болған. Ол кезде партия мүшесі болмай мемлекеттік басқару ісіне қатысу мүмкін емес еді, ал партия билеті Т. Рысқұловқа осы мақсат үшін ғана қажет болған сияқты. 1924 жылы Т. Рысқұлов Түркістаннан біржолата кеткен соң, оның төңірегіндегі саяси талас біршама саябырсығанымен, отызыншы жылдардың екінщі жартысында бұл мәселе жаңа екпінмен қайта жаңғырықты. Бұл авторлардың негізгі мақсаты -Т. Рысқұловты «ұлтшыл», «буржуазияшыл ұлтшыл» «араңдатушы», «фашизм тыңшысы», «басмашылар идеологы» т. б етіп көрсету болды. Т. Рысқұловтың 1937 жылы «халық жауы» ретінде тұтқындалып атылып кетуіне байланысты 40-60 жылдары оның есімі ұмытылғандай болды. Алайда, бұл жылдары ол туралы арнайы еңбек жазыла қоймағанымен де Түркістан Республикасының таихын жазушы авторлар оның қызметіне тоқталмай өте алмайтын. Көптеген еңбектерінде Т. Рысқұловтың саяси қызметі мен идеяларына сыңаржақ бағалар берілді. 1938 жылғы ақпанда атылған. Ескендір деген ұлын бірге бір мезгілде тұтқындаған. Ол он жеті жаста ғана еді. Иркутскіде азаптап, Мәскеуде өлтірілген. Оның төрт қызы бар. София, Мая, Сәуле, Рита… Тұрарды 1937 жылғы көктемде тұтқындаған. Қамауға алынғанда ол Қазақстан тарихы жөніндегі үлкен, көлемді кітабын тәмамдауға таяу екен…” Одан бері ширек ғасыр уақыт өтті Тұрарлар аңсап, армандаған Тәуелсіздікке қол жетті.
Осы жиырма бес жылдан астам уақыттың ішінде Тұрар Рысқұлов туралы бірқатар туындылары жазылды. Одан бұрынырақта да бір-екі кісі жазып, “Социалистік Қазақстан” газетінде жариялап, таяқ жеген екен. 1984 жылы Алматыдағы “Қазақстан” баспасынан белгілі тарихшы ғалым, тұрартанушы, өзі мәскеулік Виктор Михайлович Устиновтың “Служение народу” деп аталатын кітабы жарық көрді. Сол 1984 жылы, сол “Қазақстан” баспасынан Тұрар Рысқұловтың “Избранные труды” атты кітабы шықты. Әрине, ол жылдардың, сол кезеңнің нені таңдап, нені іріктейтіні белгілі ғой. Дегенмен, осы дүниесінің өзінен Тұрардың тұлғасы мен тұрпаты, ұшан-теңіз атқарған тірліктерінің таң қаларлықтай ауқымы, қайраткерлік қарымы, азаматтық алымы, білім-білік тереңдігі, түркі халықтарының тағдыршешті талайына толайым берілген адалдығы, елі мен жерін, ұлтын жанындай жақсы көретіндігі, экономиканы, өнеркәсіптің күллі қырлары мен сырларын, тіпті тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық, экспорт сынды салалардың өзгешеліктерін жілікше шағатыны аңғарылып тұрыпты. Ғұлама ғалымдығы, текті тарихшылығы, парасатты публицистігі өз алдына. Рысқұлов Тұрар (1894-1938) - қазақ халқының көрнекті перзенті, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері. Бұрынғы Жетісу облысы, Верный уезінің Шығыс Талғар бекетінде туған. Әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы 19-шы ғасырдың 80-ші жылдары патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамай Сырдария облысының Черняев уезінен (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы) Верный уезіне қоныс аударып келген болатын. Жаңа қонысында да әділетсіздік көрген Рысқұл 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді. Түрмеде жатып өш алушылардың жалғыз ұлы Тұрарға зияны тиер деп қауіптенген ол баласын қасына алдыртады. «Түрме баласы» аталған Рысқұлов түрме үйлерін сыпырып, бастықтың атын айдап жүріп орыс тілін үйренеді. Әкесі 10 жылға сотталып, Сахалинге жер аударылған соң «Қырғызбаев» деген жалған фамилиямен нағашыларының қолына келіп, Меркедегі орыс-түземдік бастауыш мектепте оқиды. 1910 жылы Рысқұлов Пішпектегі 1-ші дәрежелі ауыл шаруашылық мектебіне қабылданып, оны 1914 жылы қазан айында бау-бақша өсіруші мамандығы бойынша бітіріп шығады. Бұл мектепті үздік бітірген оған Самара қаласындағы орта дәрежелі ауыл шаруашылық училищесіне түсу үшін арнайы жолдама беріледі, бірақ училище директоры «қазақ - көшпелі, оған жер өңдеуді оқудың қажеті жоқ» деп қабылдамай қояды. Тауы шағылған Рысқұлов 1915 жылы Ташкенттегі мұғалімдер семинариясына түсуге тырысады, бірақ оны мұнда да «бұратана» деген сылтаумен қабылдамайды. Ақыры ол оқу министріне арыздана жүріп, арнайы рұқсатпен емтихан тапсырады да, оқуға қабылданады. Күн көру үшін оқумен қатар Ташкент қаласының іргесіндегі Красноводск тәжірибе алаңында бағбан болып істейді. 1916 жылы жазда қазақ даласында ұлт-азаттық көтеріліс басталған кезде Рысқұлов оқуын тастап, Әулиеата уезіндегі Мерке ауылына аттанады. Ол келген кезде халық ашық бас көтерулерге шығып, жер-жерде қарулы қақтығыстар өрши бастаған болатын. Ол Ақкөз Қосанұлы бастаған көтерілісшілердің іс-әрекетіне ұйымдық сипат беріп, саяси бағдар сілтеді. Меркедегі көтерілістің өршіген кезінде оны патша әкімшілігі тұтқынға алды, бірақ оның іс-әрекетінен кінә таппаСексенінші жылдардың орта тұсына таманырақ Сәуле Тұрарқызы Рысқұлова Түлкібас ауданына келген. Жұртшылықтың жанарлары жасаурап, жақсыдан қалған жәдігер ғой дегенді жүрекжарды ықылас-пейілдерімен білдіріп жатты. Шынымызды айтайық, сонда Сәуле әпкеміз бізге біртүрлі салқындау, селқостау сияқты сезілді. Сезімге берілмегендей, тым тебірене қоймағандай, толғанысқа түспегендей көрінген. Біз ғана емес, бірталай кісілер, ішінде Тұрар Рысқұловтың туыстары да баршылық, Сәуленің сәл-пәл суықтау қарайтындығына, анау-мынауға мізбақпастай мінез танытатын бірбеткейлігіне әжептәуір-ақ әбіржігендей болғантұғын. Бірте-бірте: “Титімдейінен тағдырдың талқысын көріп, теперішін тартты ғой, оңай ма?”, “Қаншама жылдар бойы “халық жауының қызы” атанды, қайтсін-ай”, “Бастан кешпеген азабы жоқ қой, басқашалау көрінетіні содан да” десті. Сөйтіп, үнсіз ұғынысқан, іштей түсініскен. Таңдамалы еңбектері делінген дүниесінен кейін он үш жылдай уақыт өткенде, Тұрар Рысқұлов туындыларының үш томдығы шығарылған. “Құрастырушылардан” деген кіріспе бөлімде Тұрар Рысқұловтың шығармашылық мұрасы кезінде жарық көрген жиырмашақты кітаптан тұратыны айтылған. Жарық көрмегені қаншама. Мына шығарылып отырған үш томдығының бірінші және екінші томына 1923-1929 жылдары жазылған негізгі туындылары кіргізілгенін келтіреді құрастырушыларыңыз. Еңбектердің маңыздылығы сонда, дейді олар, бұл дүниелер сол кезде салтанат құрған маркстік-лениндік тұжырымдамадан және тар өрісті таптық методологиядан азат көзқараспен жазылған. Бірінші том “Төңкеріс және Түркістанның жергілікті халықтары”, ал екінші том “Қазақстандағы 1916 жылғы қазақ-қырғыз көтерілісі”, “Жетісу мәселелері” сияқты еңбектермен ерекшеленеді. Сондай-ақ екінші томдағы “Қазақстан” монографиясы 1927 жылы қазақ және орыс тілдерінде жарық көргені ескертіледі. Үшінші томның айрықшалығы, Түркістан-Сібір темір жолының тыныс-тіршілігін, тарихы мен тағдырын, келешек көкжиектерін кеңінен қозғайтындығында. Сонымен қатар бұл томға республиканың мемлекеттік мұрағаттарындағы мақалалары, сөйлеген сөздері, хаттары енгені ескертіледі. “Т. Рысқұловтың еңбектерін баспаға әзірлеуде о бастағы нұсқаларына нұқсан келтірмеуге тырыстық. Мәтіндердің барша стилистикалық және басқа ерекшеліктері толық сақталды”, дейді құрастырушылар. 1994 жылы жүз жылдығы, 2004 жылы 110 жылдығы тойланды. Әрине, ғылыми еңбектердің бәрінде, ресми құжаттардың көпшілігінде Тұрардың туған жылы “1894” деп жазылған. Себебі, Сәуле әпкеміз айтатындай, оны Рысқұловтың өзі өзгерткен. 1994 жылғы 19 қыркүйекте жұртшылық жаппай жақсы көріп оқитын “Өркениет” және “Горизонт” газеттерінде Сәуле Тұрарқызының сұхбаты жарияланған. Басылымның бас редакторы Дархан Мыңбай: “Әкеңіздің биыл аталып өтіп жатқан мүшелтойының бұрынғы тойлардан қандай ерекшеліктері бар деп ойлайсыз?” деп сауалды төтесінен тастайды. Ә дегеннен-ақ. Бұл сұраққа биология ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Сәуле Тұрарқызы Рысқұлова былай жауап беріпті: “Азаматын сыйлаған қалың елім - қазағым үшін мен осы жолы баспасөз арқылы бір құпияның бетін ашпақпын. Жас кезінде әкем… екі жасын асырып жазған екен. Ол туралы кезінде шешеме және жақын ағайын-туыстарымызға өзі де айтқан көрінеді. Оның үстіне, менің өз қолымда да әкемнің 1896 жылы өмірге келгендігін дәлелдейтін құжаттың (Бішкектегі ауыл шаруашылығы мектебін тәмамдағаны жөніндегі аттестат) көшірмесі бар… Мүшелтойдың ерекшелігі бүгінгі замана келбетінен де аңғарылса керек. Бұрынғы тойлары елім деп еңіреген талай дарынды тұлғалардың, ақжүрек асыл азаматтардың өмірін қыршынынан қиған ленинизм туының астында өтті. Енді, міне, бәрін ой елегінен өткізетін уақыт туды. Әртүрлі көзқарастардың, бағыт-бағдарлардың астарына үңілетін сәт жетті. Әйтсе де бұл мәселе қиын-қыстау жолдармен, баяу жылжуда… Бұл мәселенің күрмеулі түйінін шешу үшін әрбір тарихи тұлғаның өмірі мен қызметіне жете үңіліп, жеке-жеке зерттеп, терең талдау жасау қажет. Біздің публицистеріміз, тарихшыларымыз, саясатшыларымыз бұл мәселеге келгенде өте сақ, тым жайбасар, әлдеқалай заман туып қала ма дегендей үргедек…”
“Өркениет” пен “Горизонттың” бас редакторы бұдан әрі: “Т. Рысқұлов саяси қайраткер ретінде ғана емес, халық шаруашылығына өзгерістер енгізген реформатор ретінде де танымал. Бұл орайда сіз не айтар едіңіз?” деген сұрақ қояды. Бұл сауалға Сәуле Тұрарқызы әкесінің шаруашылық негіздерін құрып, жүргізудегі, түрлі зауыт-фабрикалар, алып құрылыстар, оның ішінде Түркісіб, тағысын-тағылары, коммуналдық шаруашылық, азық-түлік кооперациясы, басқа да салаларды ұйымдастырудағы, басқарудағы, жетекшілік жасаудағы ерен еңбегіне таңырқайтынын айтады. “Мысалы, сол жиырмасыншы жылдардың өзінде-ақ қалаларда тұрмысқа қолайлы, заманауи шағын аудандар салу жөнінде ұсыныс енгізген екен”, дейді. “Реті келгенде айтатын, әлі күнге дейін оның өмірі мен қызметін зерттеушілер халық шаруашылығы саласындағы орасан зор еңбегін толық қамтып көрсете алмай келеді. Меніңше, оның осы саладағы ой-мақсаттарын, араға қаншама уақыт өткеніне қарамастан, бүгінгі күннің тірлігіне де арнап, әрі қарай дамытып әкетуге болатын сияқты”, дейді Сәуле Рысқұлова. Тұрардың елі мен жеріне, ұлты мен халқына, қала берді күллі түркі дүниесіне, адамзатқа жасаған жақсылығы жұртшылыққа аян. Рысқұлов феномені жөнінде біршама айтылып та, жазылып та келеді. Тұрарды өткен ғасырдың 20-30 жылдарында дүние жүзінің әлем деңгейінен көрінген алып қайраткерлері түгел танып-білген, ерекше қадірлеп-құрметтеген. Шығыс халықтарының, оның ішінде түркі ұлттарының аса ірі өкілі, қайталанбас, қажырлы перзенті, адал ниетті адамзаттың парасат шыңындағы шынайы қайраткері ретінде бағалай білген. Түлкібас төрінде, Ақсу-Жабағылы баурайында өткен жүз жылдық тойында сол кездегі Қазақстан Ұлттық академиясының президенті, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Кенжеғали Сағадиев: “Тұрар Рысқұлов туралы жақсы айтып жатырмыз, алайда, әлі жеткізе алмай жүрміз. Үндістан үшін Джавахарлал Неру, Түркия үшін Ататүрік, Қытай үшін Сунятсен қандай алып тұлғалар болса, біз үшін Тұрар - тап сондай тұлға. Оның халық үшін, адамзат үшін сіңірген еңбегі де, қалдырған мұрасы да, ой-сана деңгейі де, келешекті кемел болжауы да жаңағы аталған алыптардан титтей де кем емес”, деді. Өкінішке қарай, қазекем мұндай-мұндайыңызды мойындамаққа мұқым-мүлде жоқ қой, жоқ. Обалы нешік, қазақ тарихшылары мен публицистері кейінгі жиырмашақты жылдың көлемінде Тұрар Рысқұлов хақында біршама ізденістерімен көрінді. Әлі де жеткіліксіз дегенімізбен, ілгерілеушілік жоқ емес. Осы орайда өзі де елеулі еңбек сіңіре білген көрнекті тарихшы ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Кеңес Нұрпейісов тұрартанушы Виктор Устиновтың, Мәмбет Қойгелдінің, Талас Омарбековтің, Ордалы Қоңыратбаевтың, Мұхтар Қазыбектің, Ғаппар Маймақовтың ізгі ізденістерін атап көрсетеді. Талантты тарихшы Мәмбет Қойгелдінің тынымсыздығы нәтижесінде Тұрар турасындағы талай деректер айқындалып, жұмбақ жатқан құпиялар ашылып, маңызды материалдар табылды. Ол кісінің жан-жақты талдап жазғанындай-ақ, Тұрар Рысқұловтың өмірбаянында оның тікелей ұйымдастыруымен және төрағалығымен 1926 жылы Мәскеуде өткен ұлт мәселелеріне арналған кеңестің жөні бөлек, жосығы ерек. Оған РСФСР құрамындағы автономиялық құрылымдардың басшы қайраткерлері, БОАК және КСРО ОАК мүшелері қатысқан. “Қатысқан кісілердің құрамы, сондай-ақ онда талқыланған мәселелердің маңызы жағынан бұл кеңес, уақыт көрсеткендей, шын мәнінде ұлт мәселесіне арналған бүкілодақтық бесінші кеңестің міндетін атқарған еді. Одан бұрынғы ұлттар мәселесіне арналған төртінші кеңес 1923 жылғы 9-12 маусым аралығында болған. “Өте құпия” деп мөр басылған төртінші кеңестің материалдарын жетпіс жыл өткен соң, 1992 жылы жеке кітап етіп мәскеулік “Инсан” баспасы шығарды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz