БӨРІТАСТАҒАН ҚҰПИЯЛАРЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
БӨРІТАСТАҒАН ҚҰПИЯЛАРЫ

Түйін. Мақалада тарихи тұғыры мен қойнауына бай киелі жердің табиғи ескерткіші - Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының Жәнтікей мен Кіндікті ауылының арасындағы жазық даласында орналасқан Бөрітастаған зерттеулері, тарихы, аңыздары және бояулы суреттері туралы баяндалады.
Кілтті сөздер: тарихи-табиғи ескерткіш, Бөртастаған, Тарбағатай, бояулы суреттер.

Кіріспе
Тарбағатай ауданы - Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік шығысындағы әкімшілік бөлініс. 1997 ж. бұрынғы Семей облысының Ақсуат ауданы мен Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданын біріктіру негізінде құрылған. Жер аумағы 24,9 мың км2. Аудан солтүстігінде Көкпекті және Күршім ауданы, батысында Жарма және Аягөз, оңтүстік - батысында Үржар, шығысында Зайсан ауданы және оңтүстік - шығысында Қытаймен мемлекетімен шекара арқылы шектеседі [1, 724 б.]. 2009 жылғы санақ бойынша аудан халқының жалпы саны 47,2 мың адамды құраған [2, с. 19].
Бұл өңірде біздің жыл санауымызға дейінгі бірнеше мыңжылдықта ерте көшпенділер мекендеген. Бұған дәлел тау төскейіндегі далалардағы үйінді обалар. Қазақстан тарихи зерттеулерінде Алтын-оба аталып кеткен Шілікті аңғарындағы қорғандардан осы дәуірдің көне мәдениет ескерткіштері табылған. Археологиялық қазба кезінде 500-ден астам алтын бұйымдар шыққан. Бұлардың көпшілігі еліміздің ұлттық мұражайында және әлемдегі ең үлкен мұражайлардың бірі Санкт-Петербургтағы Эрмитажда сақталуда. Шыбынды елді-мекені маңындағы обадан табылған барыс мүсіні орнатылған қос шырағдан, Кіндікті өңірінен түркі қағанаты дәуіріндегі тас мүсіндер табылған. Жермен елдің тұтастығын сақтап қалған ұрпаққа ұран, халқына мақтан болған Қаракерей Қабанбай, Би Боранбай, Дәулетбай бабаларымыздың Тарбағатай өңірінің тумасы екендігін, ұлы ерлігіне лайық дарабоз, батыр атануы ұрпақтар үшін зор мақтаныш.
Тарбағатай таулары Қазақстанның жартас суреттері кең тараған басты аудандардың бірі болып табылады. Жекелеген петроглифтер кеңестік кезеңде ашылды, алайда олар Алтай немесе Жетісу ескерткіштеріне қарағанда азырақ зерттелген. Тіпті Тарбағатай жартас сурет өнерінің бүгінде белгілі аздаған үлгілерінің өзі Қазақстанның осы өңіріндегі көп ғасырлық мәдениеттің өзіндік ерекшелігін танып білуге мүмкіндік береді [3, 92 б.]. Солардың қатарына Жәнтікей мен Кіндікті ауылының арасындағы жазық даласында орналасқан Бөрітастаған табиғи-тарихи ескерткішінің тарихи ауқымы кең.

Негізгі бөлім
Бөрітастаған жартасының ұзындығы 300 м шамасында, ені 10 м, биіктігі 50 м. Жартас шығыстан батысқа созылып жатыр. Оңтүстік жағынан жартас тік. Кезінде қазақтар осы жерде құрбандық шалған. Жартас үстіне өсіп тұрған талға халық ақтық байлап кететін болған. Бөрітастаған алыстан қарағанда, жазық далада жүзіп келе жатқан кеме іспеттес.

Халық аузында бұрыннан келе жатқан Бөрітастаған туралы аңыздар жыр етіп айтылып келеді. Кезінде осы өңірдің тума перзенті, алаш арыстарының бірі - Отыншы Әлжанұлы Дала уәлаяты газетіне Бөрітастаған туралы қызықты аңыздың нұсқасын мынандай ықшам мәтіндеp жариялаған: Тарбағатай тауының солтүстіктегі һәм Қалба тауының оңтүстіктегі бөктерінің арасында Сары дала деген жазық бар. Бұл даланың ортасында Бөрітастаған деген недәуір биік тау жартасы жападан-жалғыз тұрады. Ұшар басында үйілген тастар бар делінген [4, 470 б.].

Сурет 1. Жартастың сыртқы корінісі
Б. Байболовтың орыс география қоғамының Семейдегі бөлімшесінің шығарған Записки Семипалатинского отдела Общества изучения Казахстана деп аталған кітапта Бөрітастаған тауының шығуы туралы аңыз деген мақала шығарған болатын. Оның жазуынша: Ертеде қырғыздар арасында аты танымал бір кемпір өмір сүрген екен. Күндердің күнінде Тарбағатай тауының бөктерінде, ұршығын иіріп, бір отар қойды бағып отырған кезінде малға қасқыр шауыпты. Сол сәтте малын қорғайын деп қолындағы ұршығын қасқырларға лақтырған да ол Тарбағатай тауынан қашықтықта орналасқан Боғас жазығына түседі де, тауға айналып кеткен. Қазақтар қасқырды бөрі деп атаған, демек бөрітастаған деген атау содан пайда болған деген [5].
Бөрітастаған тауы немесе жартасы туралы жазылған, біз білетін деректер XIX ғасырдың соңына жатады. Кеңестік жүйе тұсында да Бөрітастаған жартасының айналасында біршама болжамдар айтылып, оны зерттеушілер түрлі дәлелдер келтіріп, бірі аспаннан түскен метеорит десе, екіншілері, мұхит пен теңіз түбінде кварц пен халцедоннан қалған шөгіндіге жатқызды. Мәселен, 1906-1911 жылдар аралығында археолог, этнограф, тарихшы, қоғам қайраткері А.В. Адрианов Орыс комитетінің тапсырмасымен Батыс Алтай өлкесінде археоологиялық зерттеулер жүргізді. Faлым 1911 жылы Семейге келген сапарында Бұқтарма, Нарымда, Көкпекті, Зайсан, Ақсуат жерінде кездескен көне ескерткіштерге, обалар мен ироглифтік жазулары бар тастардың тарихына аса назар аударып, 1916 жылы Петроградта осы сапар барысындағы тапқан археологиялақ нысандар жайында Археология западного Алтая. Из поездки в Семипалатинскую область в 1911 г. деп аталған еңбегін Императорлық Археологиялық комиссия Хабаршысында жариялаған еді. Оның жазуынша Бөрітастаған жартасы Жүзағаш пикетінің батысында орналасқан. Жүзағаштан Жәнтікей мекеніне қарай Адыршаға дейін, Боғас өзенінің жоғары ағысына дейін 5 шақырым жетпей Бөрітастағанның сұлу келбетін көргендігін тамсана келтіреді. Ол Бөрітастағанды ақ-сұрғұлт түсті гранит жартас деп, батыстан шығысқа қарай созылып жатқан бұл жартастың биіктігі 19 метрге дейін баратындығын, оның оң жақ беті тік келсе, ал солтүстігі кертпештеу және еңістеу жиекті болғандықтан жартастың төбесіне шығуға болатындығын суреттеп өтеді [6, 33 б.].
Осы жартастың қыр-сырын зерттеген тағы бір ҚазақССР ғылым Академиясының математика және механика институтының аға ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының кандидаты, кейіннен доктор марқұм Тоқтар Кемелбайұлы Нұрекенов 1975 жылғы Білім және еңбек журналының 11-нші санында Шынында да бұл не? деген тақырыппен көлемді мақала жариялаған. Ол жартасқа қатысты болжамды 1958-1959 жылдары айтып, тіпті тастың бөлшегін Мәскеудегі метиориттік комитетке де жібергендігін жаза отырып, өзіндік зерттеу жүргізіп, оны аспаннан түскен метеорит деген қорытынды жасаған еді. Өзінің қорытындысының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақсуат ауылдық округі
Аймақтағы петроглифтерді зерттеу ісінің қалыптасуы мен дамуы
Шығыс Қазақстанның киелі ескерткіштерінің зерттелуі
Ешкіөлмес тауларындағы петроглифтер
Жай ұялы телефон смартфон
Тас бейнелерінің көпшілігі көне суреттер
Мемлекеттік және қызметтік құпияларды құрайтын мәліметтерді ішкі істер органдарында қорғау түсінігі, жіктелуі және ерекшеліктері
САМҰРЫҚТЫҢ СИҚЫРЛЫ ҚАУЫРСЫНЫ
Ватсап желісінің мүмкіндіктері
Коммерциялық құпия және құпия ақпарат - оларды қорғау тәсілдері
Пәндер