Туристік класстерлер


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Қазақ спорт және туризм академиясы
Туризм факультеті
Туризм және Сервис кафедрасы
«Туризм инфрақұрылымы» пәні бойынша
Тақырыбы: Туристік класстерлер.
Тексерген: Жақсыбекова Д. К
Орындаған: Амангелді Анеля
Тобы: ФТ3-1
Туристік кластер
- бұл туристік өнімді жасау, өндіру, ілгерілету және сатумен, сондай-ақ туризм индустриясымен және рекреациялық қызметтермен сабақтас қызметпен айналысатын өзара байланысқан кәсіпорындар мен ұйымдардың бір шектелген аумақ аясында шоғырлануы.
Туристік кластерді құрудың мақсаты
- синергетикалық әсер есебінен туристік нарықта аумақтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оның ішінде:
кластерге кіретін кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысының тиімділігін арттыру; инновацияларды ынталандыру және жаңа туристік бағыттарды дамыту.
Туристік кластерді құру іс жүзінде аумақтың тұрпатын айқындайды және өңірдің оң имиджін қалыптастыруға әсерін тигізеді, бұл жалпы алғанда жоғары ықпалдастырылған туристік ұсыныстар мен бәсекеге қабілетті туристік өнімдерді құрады. Қазақстанда бес туристік кластерін құру мүмкіндігі бар: Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан.
Нұр-Сұлтан кластері
- бұл Нұр-Сұлтан қаласын, Ақмола облысын, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батыс бөлігін, Павлодар облысының батыс бөлігін және Қарағанды облысының солтүстік-шығыс бөлігін қамтитын кластер. Астана қаласы кластердің орталығы болады, мұнда мынадай басты туристік қызығушылық орындары орналасқан:
Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы ЮНЕСКО-мен қорғалатын Сарыарқа деп аталатын Солтүстік Қазақстанның даласы мен көлдері, аумақ бөлігі) ;
«Бурабай» МҰТП;
«Көкшетау» МҰТП;
«Бұйратау» МҰТП;
Қарағанды қаласы;
Қарқаралы МҰТП;
Баянауыл МҰТП.
Болашақта кластер ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген жаңа туристік қызығушылық орындарымен толықтырылуы мүмкін: мегалит дәуіріне жататын Беғазы-Дәндібай мәдениетінің қорымдары, Тасмола мәдениетінің жарқыншақ тастар қорғаны секілді туристер қызығушылығын тудыратын жаңа орындарымен, сондай-ақ «Жібек жолы» сериялық трансұлттық номинациясына енгізілген объектілер (Бозоқ қалашығы) .
Нұр-Сұлтан маңындағы жерлермен және Бурабай курорттық аймағымен көшпелі мәдениет пен дала әртүрлілігінің орталығы болады. Аталған кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдер: мәдени туризм, турне, таулар мен көлдердегі демалыс, қысқа мерзімді демалыс.
Алматы кластері
- бұл Алматы қаласы мен Алматы облысының бір бөлігін қамтитын кластер. Алматы қаласы кластердің орталығы болады және онда мынадай басты туристік қызығушылық орындары айқындалған:
петроглифтері бар Тамғалы археологиялық ландшафты (ЮНЕСКО нысаны) .
ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген «Алтынемел» МҰТП.
Шарын шатқалы.
Қапшағай су қоймасы.
ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген Іле-Алатау МҰТП-мен Алматы қаласы маңындағы тау шаңғысы аймақтары.
«Жаңа Іле» туристік орталығы.
Болашақта кластер Алматы облысының басқа бөліктерін қосуы, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген жаңа туристік қызығушылық орындарын - Балқаш көлі, Ешкіөлмес петроглифтері бар Жетісу Алатау тау сілемдері, Ыстықкөл қорғандары мен «Жібек жолы» Сериялық трансұлттық номинациясына енгізілген объектілер (Талғар қалашығы, Боралдай сақ қорғандары) секілді жаңа орындарды ұсынуы мүмкін.
Алматы халықаралық тау шаңғысы туризмі және іскерлік туризмнің орталығы болады және «Қаладағы және таудағы ойын-сауық» кластері ретінде сипаталады. Аталған кластер ұсынатын негізгі туристік өнімдерге MICE-туризм, мәдени туризм және турне, таулардағы және көлдердегі демалыс және қысқа мерзімді демалыс жатады.
Шығыс Қазақстан кластері -
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік және шығыс бөліктерін қамтиды. Өскемен қаласы кластердің орталығы болады, мұнда 6 маңызды туристік қызығушылық орындары айқындалған:
«Бұқтырма» су қоймасы;
Ертіс өзені - Зайсан көлі;
Қатонқарағай МҰТП;
Марқакөл көлі мен Қалжыр шатқалы;
Риддер - Анатау мен Иванов таулары;
Семей қаласы.
Болашақта бұл кластер Шығыс Қазақстанның қалған бөліктерін, оның ішінде Алакөл мемлекеттік табиғи қорығын, «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығын қамти отырып кеңеюі мүмкін.
Шығыс Қазақстан кластері «Табиғаттың ғажайып әлемі» ретінде сипатталып, экологиялық туризмді дамыту орталығы болады.
Аталған кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдерге белсенді және қызық оқиғалы туризм, таулар мен көлдердегі демалыс жатады.
Оңтүстік Қазақстан класстері
- Қызылорда облысының орталық және шығыс бөліктерін, Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік бөлігін, Жамбыл облысының оңтүстік-батыс бөлігін қамтитын кластер болып табылады. Шымкент қаласы кластердің орталығы болады, мынадай туристік қызығушылықтың орындары ұсынылған:
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі бар Түркістан қаласы (ЮНЕСКО объектісі) ;
ортағасырлық Отырар қалашығының және ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген отырарлық алқаптың археологиялық объектілері;
Сауран археологиялық кешені;
ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген палеолиттік бөліктері мен геоморфологиясы және Арпаөзен петроглифтері бар «Қаратау» мемлекеттік табиғи қорығы;
ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізілген Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы;
Сайрам-Өгем Мемлекеттік Ұлттық паркі;
«Байқоңыр» ғарыш айлағы;
Қызылорда қаласы;
Сарыағаш қаласы;
Тараз қаласы.
Болашақта кластер үш облыстың қалған бөліктерін қамти отырып, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның тізіміне енгізілген түркіге қасиетті Мерке, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы, сондай-ақ «Жібек жолы» сериялық трансұлттық номинациясына енгізілген объектілер (Жеті асар алқабы, Сығанақ қалашығы) секілді жаңа туристік қызығушылық орындарын ұсынуы мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан кластері «Ұлы Жібек жолының жүрегі» ретінде сипатталатын болады. Аталған кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдерге мәдени туризм мен турне жатады.
Батыс Қазақстан класстері
Бүкіл Маңғыстау облысын және Батыс Қазақстан облысының бір бөлігін қамтитын кластер болып табылады. Ақтау қаласы аталған кластердің орталығы болып табылады, мұнда мынадай туристік қызығушылық орындары орналасқан:
Бекет ата, Шопан ата және Қараман-Ата жер асты мешіттері мен Омар мен Тұр кесенесі;
Маңғыстау түбегіндегі қорымдар.
Шерқала тауы.
Қарақия-Қаракөл табиғат қорғау аймағы.
Үстірт мемлекеттік табиғи қорығы.
«Бөкей Ордасы» ескерткіштер кешені.
«Кендірлі» шипажайы.
Батыс Қазақстан - «Каспий Ривьерасы» ретінде сипатталатын болады. Аталған кластерде әзірленетін негізгі туристік өнімдерге жағажай туризмі, мәдени туризм және турне жатады.
«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізін іске асыру аясында өңірлердің бірегей объектілері мен республиканың батыс және шығыс «шекара қақпаларындағы» тиісті жағдайлармен туристердің орналасуы, демалысы мен қажетті сервистік қызметтер алуы үшін қазіргі заманғы туристік инфрақұрылым құру көзделеді.
Қазақстанның басқа бөліктері. Кластерге енбеген өңірлер үшін, сондай-ақ аудандық деңгейлерде ең алдымен ішкі туризмді дамыту үшін болашағы зор туристік өнімдерді айқындау қажет. Бұл жағдайда тиісті инфрақұрылымды дамыту жөніндегі шағын жобаларды әзірлеу және іске асыру орынды.
Қазақстанның барлық өңірлері үшін неғұрлым тартымды турөнімдердің біріне туризмнің басым түрлерінің бірі болып табылатын экологиялық туризмді жатқызуға болады.
Елдің «жасыл» экономика қағидаттарына көшуіне белгіленген бағдарды ескере отырып, агротуризмді ауыл халқын баламалы жұмыспен қамтудың ұйытқысы ретінде ғана емес, өңірлердің экономикасына қаржылық қолдауды қамтамасыз етуде және экологиялық «таза» ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуда үлгі етіп көрсетуге тұрарлық. Агротуризм қоршаған ортаны қорғау процесіне табиғатқа ұқыпты қарау экономикалық тиімді болатын жергілікті халықты тартуға жәрдемдесетін қуатты құрал болып табылады.
Қонақ үй желілерін жасау мәдениеттің сақталуына, соның ішінде, ауылдық жерлерде қолөнер кәсіпшілігін дамытуға, фольклорлық мерекелер мен фестивальдерді ұйымдастыруға ықпалын тигізеді.
Қазақстанның барлық өңірлерінде ауыл туризмін дамыту перспективалары зор болғандықтан, туризм жөніндегі жергілікті атқарушы органдар қолданыстағыларды жаңғыртуы, ал қажеттілік кезінде жаңа көлік инфрақұрылымын жасауы, өңірде туризммен айналысатын ШОБ-ті қалыптастыру және дамыту үшін мемлекеттік қолдау тетіктерін айқындауы қажет. Әдістемелік құралдарды әзірлеуді, қонақ үйлер ашатын кәсіпкерлерге консультативтік көмек көрсетуді, жергілікті және өңірлік деңгейлерде ақпараттық қолдау және қонақ үйлерді ілгерілету үшін пәрменді құралды айқындауды қамтамасыз
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz