Блум таксономиясы және бағалау туралы талдау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Блум таксономиясы және бағалау туралы талдау.
Орындаған: Хайруллина А.Е.
6В01701
Тексерген: Султанова Б.М.
Алматы 2021
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Блум таксономиясы - сабақ мазмұнын меңгертудің тиімді тәсілі
Блум таксономиясы бойынша сабақ жоспарын құру әдістемесі
Қорытынды
Кіріспе
Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті - білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Мұғалімдер алдында оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу қажеттілігі тұр.
Таксономия (грек. taxis - орналасу, құрылыс, тәртіп; nomos - заң) - белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады. Таксономия барлық оқу мақсаттары мен нәтижелері бірдей маңызға ие бола алмайтындығына негізделген.
Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні - оқушыларды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады.
Бенджамин Блум - америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. Блум таксономиясы атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу. 1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. Блум таксономиясының мақсаты - оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру.
Мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаттары - баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады. Шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеудің алғы шарттарына мына нәрселерді жатқызуға болады:
- Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау (топтау, бақылау, қалыптастыру);
- Қызығушылық пен таным белсенділігін арттыру;
- Оқушы потенциалына сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату;
- Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу қажет.
Оқушының танымдық, шығармашылық іс-әрекетінің табысты өтуі мұғалімге, оның ізденіс әдістерін дұрыс таңдап алуына байланысты. Жалпы оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру - іс-әрекеттер барысында оқушының ізденімпаздығы, бейімділігі, жаңа нәрсені жасауда қажеттілікттердің пайда болуы арқылы дамиды. Осы шығармашылық деңгейге жету үшін американдық ғалым Б.Блумның бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесін сабақта пайдаланған жөн.
Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының негізгі категориялары
Мақсаттар жүйесі
Оқушылардың іс-әрекеті
Білім
Оқушы меңгеретін және оған берілетін білім негіздері
Түсінік
Оқушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді
Қолдану
Алған білімді қолданады
Талдау
Білімді жай қабылдамайды талдайды, саралайды, салыстырады
Жинақтау
Алған білімнен жаңа өнім жасап шығарады
Бағалау
Өз пікірін білдіреді, сынайды, жоққа шығарады не мақұлдайды
1. Блум таксономиясы - сабақ мазмұнын меңгертудің тиімді тәсілі
Блумның бұл таксономиясы танымдық үрдісті ең қарапайым деңгейден бастап бірте-бірте күрделенетін 6 деңгейге жіктейтіндігін ескере отырып, қарапайым деңгейге есте сақтау, түсініп білу, еске түсіру, ал одан кейінгі түсіну деңгейінде сол ақпаратты басқаша, өз сөзімен жеткізе алумен жалғасады. Жаңа ақпаратты бөліктерге бөліп зерттеуден кейін оны өз тәжірибесінде тасымалдай алу сияқты алдыңғыға қарағанда күрделі әрекетке ұласады. Қарама-қарсылық туғызу, шешім қабылдау, баға беру оқушының білімін дамытудағы ойлаудың жоғары деңгейінде жүретін жұмыстар. Сөз етіліп отырған деңгейлерге сәйкес танымдық үрдістің мақсаттары бірте-бірте күрделенетіндігі заңдылық. Әр қадам сайын сол деңгейде орындалған әрекетке баға беруді жүзеге асыру арқылы оқушының білім деңгейі артып, шығармашылығы шыңдалады. Шығармашылық жұмыстарды орындағанда оқушылар өзінің болжау, топшылау, түрлі құбылыстардың арасындағы байланыстарды салыстыра білу қабілетіне сүйене отырып, ой қорытындысын жасап, жаңа шешім табады, өзіндік жаңалық ашады. Бұл жаңалықты бала шығармашылығын дамытуда пайда болған өзгеде жоқ қайталанбайтын өнім деп қарауға болады. Оқушы білімін шығармашылық деңгейге жетелеу өнімді тәсілдермен жүзеге асады. Ол өнімді деңгей деп аталады. Ғалым әдіс-тәсілдерді оқушының когнитивтік іс-әрекетіне байланысты білімді меңгертуде қолдана отырып өнімді-өнімсіз деңгей деп бөледі.
Өнімді, шығармашылық деңгей - анализталдау, синтез жинақтау, баға. Блум таксономиясының ұтымдылығы да сол, ол оқушыларды шығармашылық деңгейге жетелеуімен ерекшеленеді.
Жаңа буын Әдебиеттік оқу оқулықтарындағы көркем шығармалардың оқушы шығармашылығын арттыруда мүмкіндігі мол. Негізінен, әдебиет сабақтары - қызығушылық пен қажеттіліктерді дамытудың қайнар көзі. Ұстаз шығарманы түсініп оқудың, сонымен қатар, оқушының жалпы тілдік мәдениетін, тілдік құбылыстардың ерекшеліктерін толықтай меңгеріп, ана тілін өз халқының әдебиетін жетік түсінуге, суреткердің өзіндік шеберлігін тануға жол ашады. Көркем шығарманы көркемдік ерекшелігіне, сөз өрнегіне, суреткердің шеберлігіне, стиліне ерекше тоқталған орынды. Оқушыларды көркем шығармаға терең бойлату үшін шығармашылық оқу, шығармашылық тапсырманы беру әдісі ұтымды. Оқушы неғұрлым көп білсе, ал сұрақ-тапсырмалар мәтінге үңілдірер, қызықтырар, ынталандырар сипатта болса, соғұрлым оқушының көркем шығарманы қабылдауы арта түспек. Бұл жұмыстың негізгі мәселесі - мұғалімнің оқушыларды өзіндік ізденіске жетелеуі. Сонымен қатар баланың қиялына, фантазиясына ерік беру керек. Атақты жазушылардың шығармасын өткен соң мұғалім оқушыға сол туындыға байланысты дүниені көз алдына елестету арқылы өз ойын жазуға дағдыландырады. Бұл жерде бағыт-бағдарды мұғалім береді, ал сюжет пен мазмұнды оқушы өзі табады. Осындай туынды жазу арқылы оқушының ой-өрісі, қиялы, шығармашылық қабілеті дамиды. Сондай-ақ сабақта проблемалық жағдаят тудырудың да маңызы зор. Нәтижесінде ақын-жазушылардың шығармасымен толық танысуға ынтасы артады.
Блум таксономиясының басты белгісі мынадай жүйеленген мақсаттармен ерекшеленеді.
Дағдылар
Мазмұны
Оқушы нені білу керек?
Тапсырмалардың түрі
Мысалдар
Білу
Таным мен ойлаудың төмен деңгейі. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.
- Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталайды);
- Нақты фактілерді біледі;
- Жұмыстың орындалу ретін біледі;
- Негізгі ұғымдарды біледі;
- Ережелерді, қағидаларды
біледі.
Кім? Не? Қашан?
Қайда? Ережелерді, теорияларды формуларды еске түсіру, жазу, атап көрсету, жатқа айту, анықтамалар мен атауларды қайталау, оларды қолдану.
Зат есім деген не?
Етістік деген не?
Алманы пайдаланудың денсаулық үшін қандай пайдасы бар?
Түсіну
Таным мен ойлаудың орта деңгейі.
- Негізгі идеяларды ұйымдастыру
салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту жолымен фактілер мен идеяларды түсінетіндегін көрсету;
- Оқу материалын түсінген ретінде келесідей әрекеттерді атқаруды атауға болады:
* Аударма жасау
трансляция- оқу материалын бір тілден екінші тілге ауыстыру (мысалы, сөзбен келтірілген мәліметті кесте, схемамен көрсету, т.б.);
* Интерпретация - оқу материалын өз сөзімен түсіндіру, қысқаша баяндау;
* Экстраполяция Жорамалдау - құбылыстың бір бөлігіне қатысты түйіндерді оның екінші бөлігіне тарқату;
Оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын, оның салдары мен нәтижелерін болжау
Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;
·Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді;
·Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді;
·Берілген ақпарат бойынша болашақта туындалуы ықтимал салдарын сипаттайды.
Қалай?
Неліктен?
Сөйлемді аяқтаңыз; сөйлемді өзгертіңіз; өзара байланысын түсіндіріңіз; айырмашылығын көрсетіңіз; өз сөзіңізбен айтыңыз; графикті, суретті түсіндіріп беріңіз.
Зат есім мен етістікті саластыр.
Түсiнгенiңiздi өз сөзiңiзбен айтып беріңіз;
Зерттеуiңiздi таблица жүзiнде көрсетiп, қысқаша мазмұндап берiңiз;
Шығарманың сюжетiн өз сөзiңiзбен әңгімелеп берiңiз.
Алма мен апельсинді пайдаланудың денсаулыққа пайдасын салыстырыңыз.
Қолдану
Таным мен ойлаудың орта деңгейі. Жаңа білімдерді, әдістерді
және ережелерді түрлі нұсқада пайдалану. Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.
Ұғымдар мен қағидаларды
жаңа жағдайларда қолданады;
Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады;
Әдіс немесе жұмыс ретін дұрыс қолданатындығын көрсетеді.
Жасап көр; таблица график жаса; қолдану мақсатын түсіндір.
Оқушыларда метафора мен
теңеу туралы түсiнiк бер (Білім), олардың айырмашылығыда белгiлi (Түсiну), ендi олар Абайдың "Қыс" өлеңiнде метафора мен теңеу қандай бейнелерді құрастыратындығын айтып беруi керек.
Бәліш пісіру үшін
Алманың қандай түрі жарамды, неге?
Талдау
Таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі.
Дәйектер мен себептерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу. Қорытынды жасау және жалпылаудың болғанын растайтын дәлелдерді анықтау.
Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу: бүтіннің бөліктерін ажырату; бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау.
Бұл категория оқу материалының мазмұнын сезінумен қатар оның ішкі құрылысын қалайша құралатындығын меңзейді.
Элементтерді талдау,
Қарым қатынасты талдау,
Ұйымдастыру
Қағидаттарын талдау;
Жасырын (көзге көрінбейтін) жәйттерді ашады;
Ойдың өрбуінен қателер мен олқылықтарды айқындайды,
Фактілер мен олардың салдарының арасын ажыратады;
Ұсынылған фактілердің маңыздылығын айқындайды.
Құрылымы
қандай? Салдары неде?
Топтастырыңыз;
салыстырыңыз; себебін талдаңыз.
Теореманың екi бөлiгiн салыстырыңыз
"Ер туған жерiне, ит тойған жерiне" деген мақалды қалай түсiнесiз?
Алма қосып дайындайтын 4 түрлі тағам түрін айтыңыз. Оның ішінде ең денсаулыққа пайдалысын дәлелдеп беріңіз.
Жинақтау
Таным мен ойлаудың жоғарғы деңгейі.
Жаңа үлгідегі әртүрлі тәсілдер мен элементтерді қиыстыру арқылы ақпараттарды жүйелеу немесе балама шешім ұсыну;
Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттан бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады. Мұндай оқу нәтижелері
Жаңа мазмұн мен жаңа құрылымдарды жасап шығаратын шығармашылық әрекеттерді қолдануды талап етеді.
Шығармашылық тұрғыдан кішігірім шығарма (эссе) жазады;
Тәжірибе жасаудың өзіндік жоспарын ұсынады;
Қандай да болмасын проблеманы шешу үшін өз білімдерін шығрамшылықпен қолданады.
Өз
шешіміңізді табыңыз, алгоритм құрастырыңыз, баламасын табыңыз, бөліктерден құраңыз, жүйелестіріңіз, зерттеңіз
1.Эссе, шығарма, өлең, шешендiк сөз (ораторлық), сценарий, компьютерлiк бағдарлама жазу.
2. Мәлiмет бойынша барлық бiлiмдi тиянақтап, оны бiр жүйеге келтiрiп, жоспар немесе кесте құру (Тәжірибенi жоспарлап, нәтижесiн бақылау).
3. Ғылыми гипотеза (болжау) құрастырып, ұсыну
4. Алма ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz