Ертефеодалдық дәуіріндегі жер қатынастарының сипаты мен жерге орналастыру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

Дәріс-1. Ертефеодалдық дәуіріндегі жер қатынастарының сипаты мен жерге орналастыру мазмұны

Жоғарыда сипатталып өткен методологиялық алғышарттар мен критерийлерге негізделе отырып, бірінші кезеңге түрік қағандықтарынан бастап XIII ғасырға дейінгі уақытты жатқызуға болады. Бұл кезең жер иеленудің қауымдық-рулық формасының ыдырауымен және жерге феодалдық меншіктің пайда болуымен сииатталады.

Әлі де орны берік қауымдық-рулық жер иеленумен қатар, қағандар мен бектердің жер меншігі пайда болып, зор маңызға ие бола бастады.

Коммендация институты мен шартты әскерилендік жер иелену жүйелерінің пайда болуына байланысты рулық қауымның эволюциялық процесі жеделдеді.

Едәуір ертерек пайда болған коммендадия институты караханидтер заманында (Х-ХІ ғғ. ) аса кең тарады.

Оның мәні төменгіге саяды. Сол кездегі қоғамды үнемі үрейлендіріп отыратын толассыз қақтығыстар мен басқа әлеуметтік катаклизмдердің салдарынан қарапайым диқандар мен көшпенділер, ал кей жағдайларда бүтін рулар мен қауымдар, феодалдық ақ- сүйектерді паналауға мәжбүр болды. Бірте-бірте бұл қатынастар тәуелдік қатынастарына айналып, қауымдық жерлер ақсүйектердің қол астына көшті.

Осымен қатар қаған мен бектердің иеліктері көршілес жатқан иеліктердің жер алаптарын тартып алу арқылы кеңейтіліп отырды.

Ірі жер иеліктердің дамуына байланысты жерді иелену функциясы жаңадан туындай бастаған феодалдық жер меншігі құқығының негізгі элементіне айналды.

Икта құқықтық институтының пайда болуы дәл осы жағдайға байланысты.

Ол (икта) жер пайдаланушыға белгілі бір қүжат арқылы халықтан жер салығын жинап отыруға мүмкіндік берді. Бірақ та бүл құжат жерді толық иеленуге, демек сатуға, сыйға тартуға және осы тәріздес басқа да іс-әрекеттерге баруға құқық бермеді. Дегенмен икта қызмет адамдарының тіршілік мұқтаждықтарын қанағаттандырып отырды. Ол Х-ХІ ғасырларда пайда болған шартты әскерилендік жер меншігі жүйесінің негізіне айналды. Жалпы түрде икта мазмұны және формасына қарағанда Русьтағы дворян поместьелеріне ұқсас болды.

Сонымен қарахандықтар дәуірінде жер меншігінің негізгі субъектілері болып табылатын көшпенділер ақсүйектері мен ру басшылары және жер иелену құқығынан айрылған қатардағы қауым мүшелері арасында айтарлықтай айырмашылық қалыптасты.

Қарастырып отырған кезеңде жер қатынастарының алғашқы формасында вассалитет пен феодалдық иерархиялық жүйе пайда бола бастады. (1-сурет) .

C:\Users\ASS~1\AppData\Local\Temp\FineReader12.00\media\image6.jpeg

1-сурет. Жерді иеленудің және пайдаланудың иерархиялық жүйесі

Бірақ қаған және бектер иеліктері түрінде туындаған феодалдық жер меншігі қауымдық-рулық жер иелену жүйесін жойды деуге болмайды. Республиканың негізгі территориясында қауымдық жер меншігі әлі де басым болды.

Міне, зерттеп отырған кезеңдегі жерге орналастырудың дамуының саяси-әлеуметтік және экономикалық астары осындай.

Жерге орналастыру тарихына тікелей қатысты маңызды материалдардың жоқтығына қарамастан, сол уақыттағы жерге орналастырудың мазмұнын жалпы түрде болжауға мүмкіндік бар. Қытай, парсы, араб және түркі шежірелерінің деректеріне қарағанда, көшпелі мал шаруашылығы аймақтарында жерге орналастыру іс-қимылдары көбінесе жеке ру мен қаумдастықтардың, сонымен қатар феодалдық ақсүйектердің, әскери қолбасшыларының және басқалардың жаздық жөне қыстық жайылымдарының межелері мен орнын белгілеуге, олардың көшу бағыттары мен жолдарын анықтауға сайды. Феодал шонжарлары, жоғарыда айтылғандай, жерді шартты әскери-лендік жер иелену жүйесі құқығымен пайдаланды. Толассыз соғыстар мен өзара қақтығыстар салдарынан аталған жерге орналастыру элементтері үнемі өзгеріп отырды.

Бұл жағдай, өз кезегінде, жер алаптарын қайта-қайта таратып үлестіріп отыру қажеттілігін туғызды.

Осыдан мынадай тұжырым жасауға болады: сол кездегі жерге орналастыру жуйелі түрде жүргізілетін шаралар сипатына ие бола бастады. Сонымен бірге ол иерархиялық схема бойынша, үкіметтің нұсқауымен жүзеге асырылып отырды.

Төуелсіз қауымдастық жерлерінде жер иеліктерінің межелері мен көшу жолдары ру басылары кеңесінде белгіленді. Межелер мен көшу жолдары әдеттегідей табиғи шептерді (ландшафт злементтерін: өзен- көл, жонылди және т. с. е. ) бойлай жүргізілді.

Оңтүстік Қазақстанның суармалы аймақтарында жерге орналастырудың сипаты мен мазмұнын сол кездегі Орта Азия елдерінде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайлар аясында қарастырған жөн. Көшпелі шаруашылық жүйесі жағдайларында жүзеге асырылатын шаралармен қатар суармалы аймақтарда ирригация жүйелерін салуға, жерді суаруға, қажетті суды, тартуға, сонымен қатар жерді икта құқығымен пайдаланып жүрген әскери қолбасшылары мен басқаларына жер учаскелерін үлестіруге және соңғыларды орналастыруға байланысты жерге орналастыру іс-қимылдары жүргізілді.

Сонымен, қарастырылып отырған кезеңде жерге орналастырудың айтарлықтай тұрақты формалары мен мазмұны қалыптасты деуге болады.

Феодалдық жер иеліктерінің территориясында жерге орналастыру щаралары қағандар мен бектердің тікелей нүсқаулары бойынша көшпенділер басшыларының иерархиялық жүйесі арқылы жүзеге асырылып отырды.

Бұл жерге орналастыру мемлекеттік сипатқа ие бола бастады деген сөз.

Дәріс-2. ХІІІ-ХІХ ғасырлар аралығында қалыптасқан жер қатынастары мен жерге орналастыру сипаты

Шартты түрде, қарастырылмақ болып отырған кезеңнің хронологиялық шеңберіне 5 ғасырға жуық уақытты енгізуге болады. Бұл кезең Алтын Орданың гүлденуі мен күйреуі, алғашқы қазақ хандығының құрылуымен және республика территориясында орын алған феодалдық ыдыраушылықпен сипатталады. Сонымен бірге осы ғасырларда Ресей мемлекетінің шығыстағы отарлау саясатының алғашқы қадамдары байқала бастайды.

Моңғол үстемдегі және соған байланысты жаңа мемлекеттік құрылыстың орнығуына байланысты жер иелену формалары мен жер қатынастары жүйесінде елеулі өзгерістер орын алды.

Біріншіден, барлық басып алынған жерлер ерекше түрде иеленуге моңғол әскери ақсүйектеріне берілді;

Екіншіден, икта институты мен шартты әскерилендік жер иелену жүйесі жойылды;

Үшіншіден, нақты түрде феодалдық иерархиялық жер иелену формасы қалыптасты. Оның жоғарғы сатысында хансюзерен, феодалдық және әскери аристократия, ал осы пирамиданың астында соңғыларға тәулді қауымдастықтың қатардағы мүшелері орын алды.

Төртіншіден, жерді тартып алудың нәтижесінде рулар, ауыл қауымдастықтары жер иелену құқығынан айырылып, іс жүзінде тек жер пайдаланушылар ғана болып қала берді.

Осының барлығы жерге орналастыру шараларын жүзеге асыру сипаты мен олардың мазмұнына елеулі түрде әсер етті. Жайылымдарды үлестіру және қайта бөлу, жер алаптарының межелерін белгілеу, рулар мен басқа қауымдықтардың көшу тәртібі мен бағыттары енді көбінесе феодалдық иерархияның жоғарғы сатысындағылардың нұсқауы бойынша жүзеге асырылып отырды. Демек, жерге орналастыру шараларын жүргізуді мемлекет басшылары өз қолына алды деуге болады.

Осыған байланысты, жерге орналастыру сипатында елеулі өзгерістер байқалса, оның формасы мен мазмұнында, сол кезіндегі өндіріс тәсіліне тән тұрақтылыққа себепті, айтарлықтай өзгеріс пайда болған жоқ жөне ондай болуы мүмкін еместі. Өйткені моңғолдар, жергілікті мемлекеттік құрылымдардан өзгеше саяси құрылым орнатқанымен, тұрмыс қалпы мен даму деңгейі жағынан жаулап алған халыққа өте жақын болды.

Сондықтан бұрынғыдай жерге орналастырудың мазмұны жайылымдарды үлестіруден, оларды межелеуден, қыстаулар мен жайлауларды орналастырудан, көшу тәртіптері мен бағыттарын белгілеуден тұрды.

Суармалы егіншілік аймақтарында, уақытша құлдыраудан кейін, ирригациялық құрылыс жандана түсті. Бұрын тасталған жерлер қайта игеріле бастады. Осыған себепті жерге орналастыру шараларын жүргізу қажеттілігі туды.

Жалпы, жоғарыда аталған таза көшпелі аймақтарда пайда болған өзгерістер, суармалы егіншілік аймақтарында да орын алды. Біріншісінде сойырғал. ал екіншісінде дерубест түрінде шартты әскерилендік жер иелену формалары қайта орын ала бастады.

Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық одан әрі дамуы Ресей империясының отарлау саясатымен тығыз байланысты. Метрополияда жүзеге асырылып отырған өзгерістердің арнасында, соларға сәйкес қазақтарда да жер қатынастары мен жерге орналастыру формалары және мазмұны қалыптасып отырды.

Сонымен, бұл кезең мынадай бірқатар саяси-экономикалық жағдайлармен ерекшеленеді:

  • ғасырлар бойы қалыптасқан шаруашылық жүйесіне жаңа өндірістік қатынастардың белсенді түрде енуі және көшпелі халықтың бір бөлігінің бірте-бірте отырықшы тұрмыс қалпына көшуі;
  • осыған байланысты әдетте көшпелі аймактарда егіншіліктің дамуы;
  • Ресей үкіметінің қоныс аудару саясатының басталуы және оны жүзеге асыру мақсатында орасан зор көлемді шұрайлы жерлердің жергілікті халықтан күшпен тартып алынуы.

Дәріс-3. Қазақ жерін отарлау кезеңіндегі жер қатынастарының сипаты мен жерге орналастыру формалары

1868 жылы Ресей үкіметі «Орынбор және батыс Сібір генерал- губернаторлықтарының далалық облыстарында басқару туралы уақытша ереже» («Временное положение об управлении в степных областях Оренбургского и Западно-Сибирского генерал-губернаторств») атты құжат қабылдады. Осы ереже бойынша қазақ жерлері Ресей мемлекетінің меншігі деп жарияланды. Келесі қарастырылатын кезеңді осы, өте маңызды саяси оқиғамен ұштастырған жөн.

Бұл уақытқа дейін Республиканың басым көлемінде көбінесе жерге орналастырудың бұрынғы дамыған формалары сақталып келді. Дегенмен бұнда да елеулі өзгерістер орын ала бастады. Алдымен бұл байырғы біртұтас көшпенді қауымдастықтың отырықшы және көшпелі жүртқа бөлінуі. Әсіресе бұл, осы уақытқа дейін негізінен егіншілікпен айналыспайтын солтүстік аймақтарға қатысты.

Халық санының өсуіне қарай, көшпелі шаруашылық жүйесі жағдайында, қоғам әрқашанда шаруашылық дағдарысқа ұшырап отырады. Бұндай кезде ол (қоғам) жайылым көлемін кеңейтуге немесе шаруашылық жүргізу формасын өзгертуге тиісті. Бұрын қолданылатын бірінші жол күрт өзгерген саяси жағдайларға себепті мүмкін еместі.

Сондықтан жергілікті халық бірте-бірте отырықшы тұрмыс қалпына көшуге мәжбүр болады. Орыс көшкіндері сияқты солтүстік аймақтарда қазақта белсенді түрде егіншілікпен айналыса бастады. Олар өз бетімен бұрын ортақ пайдаланудағы және жылда қайта үлестіруге жататын жаздық жайылымдарды басып алып отырды. Енді бұл жердің нақты межелері мен аудандары болды. Халықтың басқа бөлігі, бұл көбінесе бай рулар, жаздық жайылымдарынан айырылу салдарынан күйзеліске ұшырап отырды. Оның үстіне келгін халықтың өз бетімен ең шұрайлы жерлерді күшпен тартып алуына себепті жағдай одан әрі шиеленісе түсті. Бұның аяғы көптеген жер дауларына әкеліп соқты. Соңғылары әдетінше би және ақсақалдар кеңесінде қаралып шешіліп отыратынды. Кейінірек жер даулары Ресей мемлекетінің заңдары негізінде реттелетін болды. Аталған органдардың шешімдері жерге орналастыру іс-қимылдары арқылы жүзеге асырылды. Осымен қатар жерге орналастыру шараларын жүргізу өз бетімен босып келген мұжықтар мен қазақтардың әскери қоныстары мен бекіністеріне жер бөліп беру қажеттілігінен туды. Бұл жүмыстарды патша үкіметі қаулысымен құрылған уақытша жер бөлігі беру партиялары жүргізді. Ең құнарлы, егіншілікке жарамды Және су көздерімен қамсыздандырылған «артық» жерлерді есепке алу, сонымен бірге жер үлестерінің межелерін орнату міндеттері осы партияларға жүктелді.

Сонымен, бұл кезеңде жерге орналастыру ашық мемлекеттік сипатқа ие болған және жүйелі түрде жүзеге асырылып отыратын шараларға айналды. Бұл процестің саяси астары мен әлеуметтік-экономикалық алғышарттары ретінде сол кезде Қазақстан территориясында орын алған, бірқатар аса маңызды оқиғаларды атап өту қажет.

Біріншіден, Ресей империясының шығысқа қарай экспансиясының үдейе түсуі және оның жаңа деңгейде жүйелі түрде жүзеге асырылуы.

Біріншіден, Кіші жүз бен Орта жүздің Ресей қүрамына енуі және осыған байланысты қазақ қауымының өмірінде орын алған саяси- экономикалық және өлеуметтік өзгерістер.

Республиканың оңтүстік аймақтары әлі де Орталық Азияның феодалдық мемлекеттері ықпалында болды. Бірақ, 1865 жылы Қоқан хандығының жаулап алынуына байланысты, бұнда да жер қатынастары мен жерге орналастыруға бірқатар өзгерістер кіре бастады. Дегенмен. жер реттілігі формалары мен жер меншігінде айтарлықтай жаңашылдықтар байқалмады. Бұрынғыдай жерге орналастыру іс- қимылдары негізінен жер мен суды үлестірумен шектелді.

Дәріс-4. XIX ғасырдың екінші жартысындағы және XX ғасырдың басындағы жер қатынастары мен жерге орналастыру

Қарастырылып отырған кезеңде бірқатар ерекше маңызды саяси, экономикалық және әлеуметтік өзгерістер орын алды. Бірінші кезекте, бұл Ресейдің шығыстағы отарлау саясатының күрт белсенділенуі нәтижесінде Қазақстанның оған толық косылуы. Соңғы жағдай патша үкіметіне қазақ халқының саяси және экономикалық бостандығын шектеу жөнінде бірқатар табанды шаралар қолдануға мүмкіндік берді. Жоғарыда айтылғандай, 1868 жылы «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарының далалық облыстарында басқару туралы уақытша ереже» қабылданып, қазақтардың қоғамдық өмірінде жаңа кезең басталды. Осы құжат бойынша қазақтардың жерлері Ресей мемлекетінің меншігіне ауысты.

Хандық институтының, қоныстанудың және жер пайдаланудың ру-тайпалық формасының жойылуы жер иеленудің иерархиялық жүйесінің толық ыдырауына әкеліп соқты. Крепостнойлық правоның жойылуы нәтижесінде, патша үкіметінің тыйым салу шараларына қарамастан, империяның шығыс аймақтарына орыс шаруаларының жаппай көшуі басталды. Амалсыздан Ресей үкіметі бұл процесті реттестіруге бағытталған бірқатар шаралар қолданды. Сібір темір жолы салынғаннан кейін, келгендерге жер бөліп беру мақсатында, жерге орналастыру партиялары ұйымдастырылды. Бұл жүмыстардың нәтижесінде жаңа қоныс аудандарында мал басы күрт қысқарып, жергілікті халық жер тапшылығына ұрынды.

Қоныстау жүйесінде де едәуір өзгерістер орын ала бастады. Байырғы халық бірте-бірте табиғи жағынан қолайсыз аймақтарға қарай ығыстырылды. Егер де, 1750 жылы өзен жайылмалары мен орманды далада барлық ауылдардың 86% орналасқан болса, 1900 жылы бүндай жерлерде олардың тек жартысы ғана қалған екен (1- кесте) .

Кезең

Аймақ атаулары

Су көздері жоқ

ауылдардың үлес салмағы

Өзен

жайыл-

малары

Тау және орманды төбелер

Ормансыз

төбелер

Дала
Кезең:

1750 ж.

Аймақ атаулары: 57
Су көздері жоқауылдардың үлес салмағы: 29
11
3
-
Кезең:

1800 ж.

Аймақ атаулары: 30
Су көздері жоқауылдардың үлес салмағы: 42, 6
16
10
1, 4
Кезең:

1850 ж.

Аймақ атаулары: 27
Су көздері жоқауылдардың үлес салмағы: 31, 4
19
20
2, 6
Кезең:

1900 ж.

Аймақ атаулары: 19
Су көздері жоқауылдардың үлес салмағы: 30
20, 5

25, 2

5, 3

1-кесте. Ауылдардың топографиялық аймақтар бойынша
орналасуы және су көздерімен қамсыздандырылғандығы, %

Объективтік мәліметтер мен материалдардың жоқтығына байланысты бұл партиялар жер пайдалануды реттестіру жөніндегі алдарына қойылған міндеттерді орындай алмады. Жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу барысында, жергелікті табиғи-экономикалық жағдайларды ескеру қажеттілігіне байланысты, үкімет ірі масштабты экспедициялық іздестіру жұмыстарын ұйымдастыруға мәжбүр болды. 1892-1905 жылдары осындай шаралар жүзеге асырылды. 106 мың қазақ шаруашылықтарына 150-300 десятинадан, барлығы 17 млн. десятина жер бөліп беру белгіленді. Қалғаны (18 млн. десятина) «артық» жерлер есебіне алынып, келгіндерді орналастыруға жоспарланды. 1905-1907 жылдардағы революциядан кейін Ресейдің орталық аймақтарында ауылшаруашылық дағдарыстың асқынуына байланысты орыс шаруаларының көшу процесі одан әрі кеңейе түсті. Столыпиндік жер реформасының құрам бөлігі ретінде байырғы халықтың жерін тартуға алу іс-қимылдары бұрынғыдан да үдейе түсті.

Қайтадан жүргізілген іздестіру жұмыстары бойынша бір шаруашылыққа тиістілі жер мөлшері 55-350 десятинаға дейін азайтылды. Осының нәтижесінде Қазан революциясына дейін тағы да 13 млн. десятинаға жуық жер ауданы алынды.

Сонымен, халықтың табиғи және механикалық өсімі және осының салдарынан тіршілік кеңістігінің күрт шектелуі, ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелі шаруашылық жүйесінің құлдырауына тікелей әсер етті. Жергілікті халықтың белгілі бір бөлігі отырықшы тұрмыс қалпына көшіп, егіншілікпен айналыса бастады. Қазақтардың қоныстану жүйесінде айтарлықтай өзгеріс байқалмады. Бұрынғыдай елдің, негізінен мал шаруашылығы дамыған аймақтарында елді мекендер ұсақ болды. Олардың көлемі орташа алғанда 5-7 жанұядан тұрды. Демек, бұл аймақтардың қоныстану жүйесінде елді-мекендердің хуторлық формасы кеп тарады деуге болады. Ақмола облысының далалық аймақтарында зерттеу және іздестіру жұмыстарын жүргізген экспедициясының мәліметтері бойынша да ауылдардың көлемі 5-10 шаруашылық аулалардың аралығында болғандығын көреміз. Жалпы алғанда талданып отырған кезең ауыл шаруашылығында алғашқы капиталистік өндірістік қатынастарыдың пайда болуымен және осыған сейкес көптеген басқа да құбылыстармен сипатталады. Крестьяндық отарлау процесі кейінірек басталған (Қоқан хандығы 1965 жылы жойылғаннан кейін) Жетісу және Сырдария облыстарында да осы тәріздес өзгерістер жүріп жатты. Mine, жалпы түрінде, жерді реттестіру формалары мен мазмұнын себептеген саяси және әлеуметтік-экономикалық факторлар осындай. Енді жерге орналастыру іс-кимылдары жерді үлестірумен шектеліп қана қоймай, ішкішаруашылық территорияны реттеумен де айналыса бастады. Бөлінген жерлердің аумағында жеке қоныстар мен ауылшаруашылық алаптардың орналасуы белгіленіп, ауыспалы егістер алқаптарын жобалау ісі орын алды. Қазақтар ауыспалы егістердің бірнеше түрлерін қолданған:1 түрі: 5-6 жыл астық дақылдары - 2-3 жыл тыңайма - 2 жыш астық дақылдары - 4-5 жыл тыңайма - 2 жыл астық дақылдары т. с. с. 2 түрі: 1 жыл - бидай немесе тары; 2 жыл - бидай; 3 жыл - сүлы; 4 жыл - сүлы; 5 жыл - тыңайма (пар) . Бұрыннан келген орыс шаруаларына жер учаскелері ортақ пайдалануға берілетінді. Бірақ та шаруашылықтардың дамуына қарай оларды жеке жанұяларға тарату қажеттілігі туды. Соңғысын ішкі селолық (внутриселенное) жерге орналастыру ретінде жеке меншік жер өлшеушілер (землемерлер) жүзеге асырып отырды. Қарастырылып отырған кезенде жерге орналастыру үкімет тарапынан жүйелі түрде жүзеге асырылып отыратын шараларға арналып, кешенді сипатқа ие болды. Сонымен бірге бұнда әр түрлі табиғи-экономикалық және әлеуметтік жағдайлар да барынша ескерілді . Демек, жерге орналастырудың ғылыми бағыттанушылығы анық көріне бастады.

Дәріс-5. Революциядан кейінгі алгашқы жылдардағы жер қатынастары мен жерге орналастырудағы өзгерістер

Ұлы Қазан революциясы жер қатынастары мен жерге орналастыру жүйесіне түбегейлі өзгерістер еңгізді. Жаңа әлеуметтік- экономикалық және саяси жағдайлар жерге орналастырудың алдына мүлде басқа мақсаттар мен міндеттер қойды. Осыған сәйкес жерді реттеудің мазмұны мен формалары да өзгерді.

Жерді ұлттандыру (национализациялау) сол кезде жоспарланған аграрлық реформалардың аса маңызды саяси және құқықтық негізгі болып табылды. Сөзсіз, ол жерге орналастырудың мазмұны мен формаларын себептей отырып, оның негізіне де жатты.

Бұл кезеңді, тарихи тұрғыдан ұзақ уақыт алмағанына қарамастан (11-12 жыл), жүргізілген жерге орналастыру іс-қимылдары сипаты мен міндеттеріне қарай үш кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезеңде буржуазиялық құрылыстың негізін жою көзделді. Осы мақсатпен ірі жер иеліктерді ұсақтауға және шаруаларға жер үлестерін бөлуге байланысты жерге орналастыру жұмыстары жүргізілді.

Әрине, бұл ірі социалистік егіншілік доктринасына қарама қайшы келді. Бірақ сол кездегі саяси жағдайда большевиктер аталған іс-әрекеттерді дұрыс және қажет деп таныды.

Жерді шаруаларға тең ауданды учаскелер түрінде бөліп беру олардың жер пайдаланушылықтарының тұрақсыздығына, толып жатқан кеңістік кемшіліктердің пайда болуына әкеліп соқты.

Осыған байланысты жер алқаптарын ірілендіру, аталған кеңістік кемшіліктерін жоя отырып, олардың пішін-кескіндерін қолайлыландыру қажеттілігі туды. Міне, осы міндеттерді жүзеге асыру екінші кезеңдегі жүргізілген жерге орналастырудың мазмұнын құрады.

Көптеген ұсақ шаруашылықтар жағдайында экономикалық дамудың объективтік заңдылығына сәйкес, шаруа массаларының жіктелу үрдісі орын алады. Осының нәтижесінде, шарасыз, жалдау қатынастары пайда болуға, ауыл шаруашылығында оның қайта капитализациялану процесі басталады. Үкімет соңғыны шектей отырып, белсенді түрде ірі кооперативтік және мемлекеттік типтегі шаруашылықтарды ұйымдастыру бағытына көшті. Үшінші кезеңдегі жерге орналастыру мазмұны осы саяси-экономикалық шараларды жүзеге асырумен сипатталды.

Қазіргі кездегі ТМД көлемінде қарастырылған процесс жалпы түрінде осылай бейнеленеді.

Қазақстан территориясында жерге орналастыру іс-қимылдары аздап кешіге және біршама басқаша жүргізілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Славян халықтары мен мемлекеттері
Араб халифаты туралы ақпарат
Қазақстан Республикасында жер меншігі құқығының түсінігі
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша дәрістер
Феодалдық қоғамның құқықтық дамуы
Чехияның мемлекеті мен құқығы
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы нәтижесінде пайда болған ерекше басқару органдары
XVIII ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанды еуропа және орыс ғалымдарының зерттеуі
Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша меншік қатынастары
Жапонияның әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz