Реагенттерді тазарту әдістері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Реагенттерді тазарту әдістері

Орындаған:Байузак А
Тексерген:Чапаевна А

2021ж.

Суды хлорлау -- ауыз суды немесе ақаба суды залалсыздандыру (зарарсыздандыру) үшін хлормен өңдеу. Ауыз суды озондаған (яғни, озонмен ондеу) дұрыс, өйткені, Суды хлорлау бірқатар жағдайларда мутагендер мен канцерогендер (хлорорганикалык косылыстар, мысалы, хлороформ) түзілуіне себепші болады.
Хлорлаудың теріс қасиеті хлорорганикалық қосылыстар: тригалогенметандардың, хлорфенолдардың, п-нитрохлорбензолдардың, хлораминдердің, сондай-ақ диоксидтердің пайда болуы болып табылады, олар су айдындардың суындағы табиғи фенолды қосылыстардың суға жіберілетін хлормен өзара әрекеттесуі кезінде пайда болады. Көптеген зерттеулердің деректері бойынша хлорорганикалық қосылыстар адамға жоғары уыттылығымен, мутагендігімен, канцерогенділігімен әсер етеді. Олар су түбiндегi шөгiндiлерде, суда тіршілік ететіндердің жасушаларында жинала алады және ақырында адамның организміне түседі. Олар биологиялық ыдырауға өте төзімді болып келеді және шығару (түсіру) орнынан бастап өзенді ағыс ыңғайымен елеулі қашықтықтарға ластайды. Хлорлау кезінде сондай-ақ хлораминдер пайда болады, осы заттар ең аз шоғырланған кездің өзінде су организмдерінің қатты физиологиялық өзгертеді және оларды жояды. Таяуда тірі организмдерге өте уытты хлордибензопарадиоксиндер, фурандар сияқты жаңа қосылыстар анықталды және теңестірілді, олардың ластану көзі хлорорганикалық өндірістердің өнімдерін пайдаланатын өнеркәсіптік өндіріс, халыққа тұрмыстық қызмет көрсететін кәсіпорындар (химиялық тазарту орындары) болып табылады. Диоксиндер мен фурандар биологиялық қышқылданбайтын заттар болып табылады және олар қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған коммуналдық және өнеркәсіптік тазарту құрылыстарында тазартылмайды. Хлорлаудың елеулі кемшілігі (әсіресе ірі және орташа тазарту құрылыстары үшін) хлорлы шаруашылықтың жоғары дәрежеде қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету қажеттілігі болып табылады. Шаруашылық ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын бұлақтардың суын хлорлау үшін көрсеткіштерді белгілеу мақсатында, сондай-ақ хлорлау режимі жөнінде негізгі ережені әзірлеу үшін су көзін алдын ала санитарлық және эпидемиологиялық тексеру жүргіледі, ол қолданыстағы нормативтерде көзделген бағдарламаға сәйкес орындалады.
Суды хлорлаудың басты артықшылығы - сутартқыш желісінің қалыпты санитарлық жай-күйін ұстап тұру.Суды озондау мен ультракүлгін сәулесімен өңдеу әдістері мұндай ұзақ мерзімді әсерге ие емес. Сондықтан аталған әдістерді жеке бір үйге немесе сутартқыш желісі кішігірім елді мекендерге берілетін суды зарарсыздандыру үшін тиімді қолдануға болады.
Көптеген сарапшылардың пікірі бойынша, суды хлорлау - бұл медицинада, дәлірек айтқанда, ХХ ғасырдың профилактикалық гигиенасында адамзатқа орасан пайдасын тигізген ең үлкен жаңалық. Антибиотиктерді, инсулинді немесе жүректі жамауды ашу емес, атап айтқанда, суды хлорлау адам өмірін көбірек құтқарды. Бұл қалалардағы ішек инфекциясының таралуын тоқтатты.
Суды хлорлау зарарсыздандыру құралы ретінде ХХ ғасырдың басында басталды. Бірінші рет хлор суды зарарсыздандыру үшін Лондонда 1870 жылғы оба індетінен соң қолданыла бастады.
Кейінгі жылдары суды хлорлау жұқпалы аурулармен күресудің тиімді құралы ретінде бүкіл әлемде тез қарқынмен тарады. Қазіргі таңда мұндай суды жүздеген миллион адам тұтынуда. Әлемнің 90% астам сутартқыш желісі суды хлорлы заттармен зарарсыздандыруда. Ұзын және тарамдалған сутартқыш желісі бар Париж, Лондон, Нью-Йорк, Мадрид, Токио, Йоханнесбург, Москва сияқты әлемнің ірі қалаларында суды зарарсыздандыру хлордың көмегімен жүзеге асады.
Дүниежүзінде суды дайындау станциясынан шығатын ауыз судағы хлордың мөлшерін белгілейтін нормативтер бар. Олар адамдардың денсаулығына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағынды суларды тазарту
Нанотехнологияларды пайдаланып ауыз суды тазартудың қазіргі заманғы әдістері
Ағынды сулар
Ағынды суларды тазарту әдістері
Тік тұндырғыштар
Реакторлар және регнераторлар
Мұнаймен ластанған суды тазартудың заманауи әдістері
Химия-технологиялық процесс туралы түсінік
Көкшетау қаласының ағынды суларын тазарту жөніндегі имараттарға талдау жүргізу және олардың тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды ұйымдастыру
Суды тазалау әдістері
Пәндер