Аутэкология: экологиялық факторлар және Либихтің минимум мен Шелфордтың толеранттық заңдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Орындаған:Жексенбі Нұрай Фок-200п/я студенті

Тексерген:Мусина Роза Тлетаевна

15. 02. 2021ж.

Тақырып 3. Аутэкология. Экологиялық факторлар және олардың әсер ету заңдылықтары

Сұрақнама:

1. Экологиялық факторлардың классификациясы.

а) Абиотикалық факторлардың тірі ағзаларға әсері.

Абиотикалық факторлар (гр. ' а' - теріс және біотікос - тірішілік, өмір) - бейорганикалық ортаның тірі организмдерге жасайтын тікелей немесе жанама әсерлерінің жиынтығы; сыртқы ортаның бейорганикалық, физикалық және химиялық жағдайлары.

Ол ф и з и к а л ы қ абиотикалық фактор (температура, жарық, жел, ылғалдылық, атмосфераның қысымы, ағыстар, радиациялық деңгей, радиоактивті сәуле шығару т. б. ), х и м и я л ы қ Абиотикалық фактор (атмосфера, су, қалдықтар, топырақ, шөгінді құрамы және олардағы қоспалар т. б. ), к л и м а т т ы қ абиотикалық фактор (күн радиациясы, атмосфералық жауын-шашын, гидросфералық қысым т. б. ) болып бөлінеді. Өсімдік пен жануарлардың ыстыққа, суыққа, ауа қысымына, су тереңдігіне, хим. құрамына қарай бейімделуі, кейбір жануарлардың қысқы, жазғы ұйқыға кетуі т. б. Абиотикалық факторға байланысты. Жер бетінің, ауаның, судың химиялық және физикалық құрамының өзгеруі тірі организмдерге де әсер етеді. Мысалы, 20 ғасырда Арал теңізінің тартылып, ауада тұз концентрациясының көбеюіне байланысты, миллиондаған тонна тұзды шаң тірі организмдерге үлкен әсерін тигізді.

Абиоталық факторды химиялық Абиоталық факторхимиялық (атмосфераның, теңіздің, тұщы судың құрамы және тағы да басқалары) және физика Абиоталық факторфизикалық (климат, орография) деп екіге бөледі. Абиоталық фактор биоталық және антропогендік факторлармен қосылғанда экологиялық факторлар құрайды

б) Биотикалық факторлардың өзара қарым-қатынасы.

Биотикалық фактор , биогендік фактор - ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты бір-біріне тигізетін сан алуан әсерлері. Биотикалық фактордың абиотикалық фактордан айырмашылығы, мұнда әр түрге жататын азғалар бір-біріне өзара және айналадағы ортаға әсерін тигізеді. Мысалы, жәндіктер өсімдіктерді тозаңдандырады, бір ағза екінші бір ағзаны қорек етеді, микроорганизмдер топырақ құрылымын өзгертеді, т. б. Биотикалық факторлар бір популяция ішіндегі дара бастар арасында да, жеке популяциялар арасында да байқалады. Мысалы, ақ бөкендердің жайылымдардағы өсімдіктерге әсері, ақ бөкендердің өзара әсері немесе қасқырдың ақ бөкенге шабуылы, т. б. Биотикалық фактор түрішілік және түраралық болып ажыратылады. Түрішілік Биотикалық факторға жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдердің өз өсімталдығын арттырудағы әрекеті (демогр. әсер), мекен ететін аумағын қорғаудағы жануарлардың мінез-құлығы (этологиялық әсер), т. б. әсерлер жатады. Түраралық Биотикалық факторға комменсализм (сіңісу), симбиоз (селбестік), нейтрализм (бейтарап селбесу), масылдық (басқа ағза есебінен күн көру), жыртқыштық әсерлер жатады. Биотикалық фактордың қалыпты жағдайдан ерекше ауытқуы ағзалардың қалыптасқан тіршілігіне әсерін тигізбей қоймайды, соның нәтижесінде табиғи тепе-теңдік бұзылады.

с) Антропогенді факторлардың табиғатқа ықпалы.

Антропогендік фактор (грек. антһропос - адам, генос - тегі, пайда болуы, лат. фактор - іс-әрекет) - адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері. Антропогендік факторға қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде атмосфера, өзен-көл және мұхит құрамының өзгеруі, сондай-ақ технология қалдықтар мен радиоактивтік заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп, жалпы экожүйенің құрамы мен құрылысының бұзылуы жатады. Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда. Бүкіләлемдік бақылау институтының (АҚШ, Вашингтон қ. ) мәліметтері бойынша табиғи орта жылдан-жылға нашарлап барады. Интернет жариялаған негізгі мәліметтерде жыл сайын 16, 8 млн. га тропиктік ылғалды орман жойылатыны, жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан жыл сайын 6 млн. га шөл пайда болатыны, қышқыл жаңбырдан 50 млн. га орманның зақымдалғаны, жыл сайын біздің планетамызда жыртылатын жердің 26 млрд. т құнарлы қабаты жойылатыны, өсімдіктердің 25 - 30 мың түрі жойылып кету қаупінде тұрғаны атап көрсетілген. Кейінгі кезде атмосфераға жыл сайын 400 млн. т күкірт диоксиді, азот және көміртек оксидоксидтері, қатты бөлшектер шығарылатыны анықталды. Қазақстанда Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий алқабының экол. апатты аймақтарға айналуына Антропогендік факторлар негіз болып отыр.

Антропогендік факторлар тікелей (жою, енгізу, акклиматизация, қорғау) және жанама (ланшафтылар мен оның жеке құрамдас бөліктерінің өзгерісі - орманның кесілуі, жердің жыртылуы, пайдалы қазбалардың өндірілуі, карьерлердің, үйінді, террикондардың пайда болуы т. б. ) болуы мүмкін. Жанама антропогендік факторлар бір уақытты көп аумақты қамти отырып, өсімдіктер мен жануарлар әлемінде, қоршаған ортаға өзгерістерді тудырады.

Адам қандай да бір жерде тек тірішілік етіп қоймай, өзінің шаруашылық әрекеті арқылы табиғатқа әсер етеді. Адам табиғат кешенінің бір немесе бірнеше құрамдам бөлігіне оның құрылымы мен қызметін өзгерте отырып, тұтас табиғат кешеніне әсер ететінін, антропогендік ландшафт құратынын толық түсінбейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық факторлар: Либихтің минимум заңы және Шельфордтың толеранттылық заңы
Қоршаған ортаның экологиялық факторлары және организмдердің адаптациясы: абиотикалық, биотикалық және антропогенді әсерлер; Либихтің минимум және Шелфордтың толеранттық заңдары
Шектеуші экологиялық факторлар: Либихтың минимум заңы және Шелфордтың толеранттылық заңы
Аутэкология: экологиялық факторлар, жарық пен температура және төзімділік заңдары
Жалпы экология және тұрақты даму: аутэкология, экологиялық факторлар мен негізгі тіршілік орталары
Экология және популяциялық экология: ұғымдар, даму тарихы, бөлімдері және Либихтің минимум заңы
Аутэкология мен демэкология: популяциялық құрылым және экологиялық факторлар
Аутэкология: экологиялық факторлар, шектеуші заңдылықтар және организмдердің толеранттылығы мен бейімделуі
Дара организмдердің аутэкологиясы: экологиялық факторлар, заңдылықтар және бейімделулер
Стенобионттық және эврибионттық организмдер: негізгі абиотикалық факторлардың экологиялық маңызы және Либих пен Шелфорд заңдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz