DALA animation (Тарихи-мәдени туризмді дамытуда анимациялық бағдарлама)


Л. Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА ФАКУЛЬТЕТІ
«ТУРИЗМ» КАФЕДРАСЫ
ҚҰПИЯЛЫҚ МЕМОРАНДУМ
Осы бизнес-жоспарда берілген барлық ақпарат қатаң құпия болып табылады.
Мазмұнмен танысу жоба жетекшісінің немесе оның өкілінің келісімімен ғана мүмкін болады.
Осы бизнес-жоспармен таныс тұлға жауапкершілікті өз мойнына алады және ондағы ақпаратты автордың алдын-ала келісімінсіз таратпауға кепілдік береді.
Бүкіл бизнес-жоспарды да, оның жеке бөліктерін де (атап айтқанда, алынған есептерді және қаржылық көрсеткіштерді) көшіруге, өзгерістер енгізуге, сондай-ақ ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
М147-1105-21-01 - Туризм
тобының студенті
Магистрант Тасқынбек Қазына
Нұр-Сұлтан
2021
МАЗМҰНЫ
ЖОБА ТҮЙІНДЕМЕСІ
Жобаның атауы: «DALA animation» (Тарихи-мәдени туризмді дамытуда анимациялық бағдарлама) .
Жоба саласы: Моральдық және физикалық күштерін қалпына келтіру, танымдық қызметті ұйымдастыру
Жобаның мақсаты: Туристердің тарихи ескерткіштер туралы танымын көтеру.
Мақсатты аудитория: Туристер
Жобаны іске асыру орны: Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі
Логотипі:
Жобаны іске асырудың орындылығы:
Жобаны келу турзмін дамыту барысында және халықтың облыстағы тарихи ескеркіштер туралы танымын көтеру мақсатында маңызы бар іс-шаралардың бірі ету, жобаны толығымен іске асыру.
2-БӨЛІМ. ӨТІНІШ БЕРУШІ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ
2. 1. Кәсіпорын туралы жалпы мәліметтер - өтініш беруші
Кәсіпорынның толық атауы: ЖК "DALA animation"
Ұйымдық-құқықтық формасы: Жеке кәсіпкерлік
Кәсіпорынның заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы, Тәуке хан 370.
Кәсіпорынның нақты мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы, Тәуке хан 370.
Қызмет саласы: Тарихи-мәдени туризмді дамыту мaқсатында анимациялық бағдарлама қызметтерін ұсыну
Меншік нысаны: Жеке меншік
Қызметінің басталу күні: "DALA animation" ЖК 01. 06. 2023 жылдан бастап жұмыс істейді.
ЖК директоры: Шәуен Жақсылық
Сенімді тұлға: Тасқынбек Қазына
Байланыс телефоны / факс:тел. : 8 700 154 53 54.
Салықтық берешегінің болуы: кәсіпорынның салық берешегі жоқ.
Қызметкерлер саны: 12 адам.
Жобаның мәні: Түркістан облысы, қаласы тарихи-мәдени нысандарға бай өлке болғандықтан, бұл іс-шараның маңызы дәл осы аймақта өткізілуі өте тиімді. Шоудың жалпы өтілу уақыты 20 (жиырма) минутты қамтитын болады. Кез-келген оқиғаның, фильмдернің, бағдарламалардың мазмұны, айтар ойы және оқиға желісінің басы, ортасы, аяғы болады. 20 минуттық шоу Ұлы Жібек Жолынан бастау алған адамзат тарихынан бастап қазақ халқының тарихын, Түркістанның түркі әлемінің рухани астанасы аталуына дейінгі аралықты қамтитын болады. Сондай-ақ, орыс, ағылшын, франсуз, қытай тілдерінде дубляж жасалатын болады.
Кесте-1. Жоба бойынша болжамды штаттық кесте
Ақылбек Самат
Арманқұл Әсет
Жақсыбай Арман
Жүрсін Нұрәлі
Оразәлиев Али
Жоғарыда көрсетілген кестеге сәйкес 3 әкімшілік қызметкер (директор, бухгалтер, кассир), 3 салалық маман (3D режиссер, сәулет құрылыстарының визуализаторы, моделер), 7 техникалық қызметкерлерден (дыбыс қоюшы, дыбыстаушы-дубляж жасаушы, күзетші, жарық тексеруші) штаттық кесте құрылды.
3-БӨЛІМ. ЖОБАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Жобаның мәні: Тарихи-мәдени туризм (қалашық, мәдениет) - әр түрлі ғасырлардағы мәдени және тарихи ескерткіштермен жеке танысу сонымен қатар адамның көкжиегін кеңейту мақсатында әр түрлі елдер мен қалаларға саяхат жиынтығы. «DALA animation» ЖК-нің басты миссиясы туристің демалыспен қанағаттануы-оның жақсы көңіл-күйі, жағымды әсерлері, моральдық және физикалық күштерін қалпына келтіру. Жобаны келу турзмін дамыту барысында және халықтың облыстағы тарихи ескеркіштер туралы танымын көтеру. Бұл жобаның басты мақсаты Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келушілердің санын ұлғайту.
Кіріспе
Жобаның негізгі әлеуметтік маңызы - туристің демалыспен қанағаттануы-оның жақсы көңіл-күйі, жағымды әсерлері, моральдық және физикалық күштерін қалпына келтіру. Жобаны келу турзмін дамыту барысында және халықтың облыстағы тарихи ескеркіштер туралы танымын көтеру. Түркістан облысы, қаласы тарихи-мәдени нысандарға бай өлке болғандықтан, бұл іс-шараның маңызы дәл осы аймақта өткізілуі өте тиімді. Шоудың жалпы өтілу уақыты 20 (жиырма) минутты қамтитын болады. Кез-келген оқиғаның, фильмдернің, бағдарламалардың мазмұны, айтар ойы және оқиға желісінің басы, ортасы, аяғы болады. 20 минуттық шоу Ұлы Жібек Жолынан бастау алған адамзат тарихынан бастап қазақ халқының тарихын, Түркістанның түркі әлемінің рухани астанасы аталуына дейінгі аралықты қамтитын болады. Сондай-ақ, орыс, ағылшын, франсуз, қытай тілдерінде дубляж жасалатын болады.
3D mappıng бағдарламасын іске асыру орны ретінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесі таңдалды. Бұл тарихи маңыздылығы бар туристік нысанды таңдауымыздың себептері бар;
- кесененің қазақ хандығының астанасы - Яссы, қазіргі Түркістан қаласында орналасуы;
- нысанның терең тарихы;
- нысанның «Ұлы жібек жолы» - мемлекеттер тарихы тоғысқан жерде орналасуы;
- нысанның айналасында әлеуметтік-экономикалық маңызы бар: «Visit» орталығы, «Uly Dala Eli», «Керуен Сарай» көпсалалы кешені, «Hampton by Hılton» қонақ үйі, «Top Tobe» мейрамханасы, Әуенді су бұрқақ, Гүлдер саябағы орналасуы, баяндалған нысандарға келген туристер және келушілер бейнекэмпингті тамашалай алады;
Сонымен қатар, Түркістан өңірі діни тарихи туризмнің ордасы болып табылады. Мұнда келушілер басым көпшілігі бір күн немесе екі күнге келеді. Уақыттың тапшылығына, тығыздылығына байланысты. Осыған орай, облыстың тарихын, мәдени ескерткештерін аз уақытта таныту мақсатында бұл жобаның маңыздылығы зор.
4-БӨЛІМ. МАРКЕТИНГТІК БӨЛІМ
4. 1. Өнімнің сипаттамасы:
Туристік өнім дайын бағдарлама түрінде туристерге ұсынылады. Жыл мезгілдері мен туристердің сұранысына сәйкес жұмыс барысы өзгеріп отырады. Жаңбырлы, карлы мезгілдер бұл бағдарламалар үшін қолайсыз болып табылады. Себебі, электр жүйесімен тығыз байланысты. Шоу тек 20 минутқа созылады.
Қажетті қызмет түрлері мен техникалар:
- Арнайы құрылғыларды сақтауға арналған орын
- Видеопроектор
- Техникалық жабдықтар
- Аудиовизуалдық жабдық
бейне контроллерлер
серверлер
Акустикалық жүйелер
коммутациялық жабдық
- Микрофон
- Аниматорлар
- Тематикалық сыйлықтар
4. 2. Жалпы стратегиясы
«DALA animation» ЖК-нің басты миссиясы туристің демалыспен қанағаттануы-оның жақсы көңіл-күйі, жағымды әсерлері, моральдық және физикалық күштерін қалпына келтіру. Жобаны келу турзмін дамыту барысында және халықтың облыстағы тарихи ескеркіштер туралы танымын көтеру. Бұл жобаның басты мақсаты Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келушілердің санын ұлғайту. Мәселен, 2019 жылдың соңында туристердің жалры қарқындылығы 1 600 000 адамды құраған, мұнда орташа айлық коэфициент саны 133 333 адамды құрайды. Сондай-ақ, бұл жоба арқылы төменде көрсетілген мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады;
- Жаңа жұмыс орындарының ашылуы;
- Тарихи-мәдени ескерткіштерінің танымал болуы және маңызы бар ескерткіштермен аз уақытта танысу мүмкіндігі;
- Отандық инвесторларды тартып ЖІӨ көтеру;
- Жастар арасында танымдық туризмінің дамуы;
4. 3. Қазіргі жағдайдың негізгі сипаттамасы
Географиялық орналасуы: Түркістан облысы - Ұлы Жібек жолының орталығында орналасқан еліміздің ең жылы, әрі қонақжай өңірі. Ол өзінің тарихи ескерткіштерімен әйгілі, олар - қорғандар, ежелгі елді мекендердің қирандылары, бекіністер, кесенелер және ежелгі қалалар. Бірегей мәдени-тарихи және археологиялық ескеркіштері, таңғажайып табиғаты мен өзіндік мәдениеті бар өңіріміз облыстық және халықаралық деңгейде туризмді дамыту үшін зор әулетке ие. Облыс тарихи-мәдени нысандарға бай. Өз кезегінде Оңтүстік өңірде Түркістан, Отырар, Сауран қалашықтары тарихи-мәдени бағытта, Сарыағаш ауданы аумағы емдік-сауықтыру бағытта, ал Түлкібас, Төлеби аудандары болса экологиялық туризм бағытында қарқынды ілгері дамуда. Қазіргі Түркістан көрікті жерлерінің әртүрлілігі туризмнің 3 негізгі бағытын дамытуға мүмкіндік береді.
- Мәдени туризм
- Рухани туризм
- Тематикалық туризм
Кез-келген жаңа дүниені ашпас бұрын халықпен ақылдасу керек. Мысалы, сіз киім дүкенін ашпақсысыз. Сіз дүкеніңізді ашатын жерді, жергілікті тұрғындардың киімге деген көзқарасын талғамын зерделеп зерттей келе дүкенде сатылатын киімдердің қпндай болу керектігін анықтайсыз. Біз де біздің ұсынып жатқан жобамыздың қаншалықты халық қабылдайтынын білгіміз келді. Осыған орай, әлеуметтік желіде сауалнама жүргіздік. Қатысушылар саны 852, жас мөлшері 18-30. Сауалнама қорытындысы төмендегідей нәтижеге қол жеткізді.
Кесте-2. Сауалнама нәтижесі.
4. 4. Құрал-жабдықтар мен инвентарь:
Бұл жобаға арнайы әкімшілік ғимарат талап етпейді. Өйткені тікелей кесенеге қатысты жоба болғаннан кейін, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайына қарасты мекемеде отыруды ұсынамыз.
Коммуникациялық инфрақұрылым
Электр қуаты
Жол бойындағы сервис пунктінің аумағы Орталық электр энергия станциясымен қамтамасыз етіледі. Сыртта жұмыс істеу үшін 15000-нан 2 люменге дейін жарық ағыны бар қуатты проекторлар қолданылады.
Байланыс(связь)
Ұялы байланыс операторларының барлық құрылғыларымен қамтамасыз етілуі маңызды, себебі бұл әлеуметтік желілерде таралып, келушілер санын арттыруға септігін тигізеді.
Анимациялық бағдарламада қуатты проекторлар қолданылады. Олар күрделі сәулеттік формалары бар үлкен ғимаратты жарықтандыруға мүмкіндік береді. Проекторлардың саны 4 - тен 16-ға дейін болуы мүмкін.
Кез-келген проекция үшін проектор қажет екені түсінікті. Өз кезегінде, олар әртүрлі: қуат, фокустың түрі, Жарық шығарғыш, Wi-Fi адаптерінің болуы немесе болмауы және т. б. сондықтан 3D mapping үшін жабдықты таңдағанда проекторлардың тиісті түрінің қажетті санын таңдаңыз.
3D mapping Қызметтерінің құны әр түрлі жағдайларға байланысты, ал есептеу әр жоба үшін жеке жасалады. Көбінесе, құны жобаның көлеміне байланысты, объект неғұрлым үлкен болса, оның бағасы соғұрлым жоғары болады. Жобаның нәтижесіне сыртқы жағдайлар да әсер етеді: ауа-райы, Электр кернеуі, проекция алаңы және т. б.
4. 5. Шоу бағдарламасы
20 минуттық шоу бағдарлама Ұлы Жібек Жолынан бастау алған адамзат тарихынан бастап қазақ халқының тарихын, Түркістанның түркі әлемінің рухани астанасы аталуына дейінгі аралыақта қамтитын болады. Сондай-ақ, орыс, түрік, ағылшын, франсуз, қытай тілдерінде дубляж жасалатын болады.
Экскурсиялық маршрут бағдарламасы:
Жобаның қаржыландыру инвестициялықт қаражат есебінен жүзеге асыру жоспарлануда. Ұсынылып отырған жоба мемлекеттік негізінде құрылады. Шоуды ұйымдастыруға жұмсалатын шығындар Түркістан қаласының бюджетінен қаржыландырылатын болады. Жоба құны 75, 045, 000 теңгеге бағаланып отыр. Жобаға керекті технологияларға жұмсалатын қаржының соммасы төменде берілген кестеге сәйкес жұмсалады.
Жоғарыдағы 3 кестеге сәйкес шығыс көрсеткішітері, Инженерлік желілер мен коммуникациялар, проектор, жарық бойынша - 68, 000 000 тг studio22. 12 компаниясының коммерциялық ұсынысына сәйкес қойылды. Studio22. 12 мэппингті залды безендіруге, қасбетке, объектілерге ұйымдастыратын компания. Бұл компания 2016 жылдан бастап жұмыс жасауда, яғни нарықта өзінің алар орны бар. Осыған байланысты осы компания біздің тарапымыздан таңдалды. Көп сумма шыққанының себебі кесене - аса үлкен порталды күмбезді құрылыс. Оның ені - 46, 5 м, ұзындығы - 65 м. Ғимараттың орасан зор порталы (ені - 50 метрге жуық, порталдық аркасының ұзындығы - 18, 2 м) және бірнеше күмбезі бар. Кесененің ауқымдылығы есептеле 3 кестеде көрсетілген қаражат суммасы шықты.
Бұл жобаға арнайы әкімшілік ғимарат талап етпейді. Өйткені тікелей кесенеге қатысты жоба болғаннан кейін, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайына қарасты мекемеде отыруды ұсынамыз.
Штатта бекітілген қызметкерлерге арналған жаһаздарға қойылған 1, 586 000 сумма және компьютерлік жабдықтар бойынша 3, 586 000 тг мемлекеттік сатып алу порталына ыңғайланып жасалған «ОMARKET KZ» https://omarket. kz/about/index. php онлайн сайтында жиһаздарға қойылған сумманың жалпы суммасы. Жоғарыда айтылғандай 13 қызметкер қызмет уақытысында қолданатын керекті жиһаздар https://omarket. kz/catalog/ecc_mebel/ecc_ofis/ мен компьютерлік жабдықтар осы мемлекеттік онлайн сайттан алуды ұсынадыhttps://omarket. kz/catalog/ecc_kompyutery//?PAGEN_1=2. Себебі, мемлекеттік сатып алу порталында жасаған сатып алуларға сәйкес жеңілдіктер ұсынады және сайттағы жиынтық тауарлар арзан.
Сондай-ақ, О МАРКЕТ КZ сайтын таңдаудың тағы бір себебі кез-келген мемлекеттік мекеме, коммуналдық мемлекеттік мекеме, акционерлік қоғамдыық және жауапкершілігі шектеулі серіктестік болсын мемлекттік сатып алу порталы арқылы жабдықтарды алу барсыныда осы онлайн сайт арқылы жұмыс жасауға міндетті.
Жоғарыда бұл бағдарламаның берер мүмкіндіктері туралы баяндалған болатын, оның бірі жаңа жұмыс орныдарының ашылуы. Кез - келген жобаның, мекеменің ашылуы адамның, маманның көмегінсіз жүзеге аспайды. Сондай-ақ, қанша технология дамыса да, сол технологияларды шығарған, басында жүрген адам. Осыған байланысты, бағдарламаның штаттық құрылымы жасалды. Жобаның қызметін ұйымдастырып жүргізу үшін жалпы көлемде 13 персоналдың қызметін талап етеді. Сондай-ақ, қосымша жалдамалы жұмыскерлерді талап етеді. Штатқа қажет лазерлік қондырғыларда жұмыс тәжірибесі бар мамандарды қабылдау шоуды компьютер арқылы ұйымдастыру жөніндегі маманмен келісім шартқа отыру керек.
Қызметкерлерді таңдауда олардың кәсібилік және психологиялық дайындықтар мен шығармашылық тұстары есепке алынатын болады.
Сондай-ақ, мамандардың кәсібилік шеберліктерін жетілдіру мақсатында, соның ішінде шығармашылық жағын жақсарту үшін біліктіліктерін шыңдауға арналған курстарға, семинар немесе тренинге уақыт пен қаражат бөлетін боламыз.
Қазіргі уақытта елімізде технологияны жақсы меңгерген жастар шет мемлекеттеріне жұмыс барысымен кетуде санымен қатар жұмыссыздық сынды мәселелерді азайту мақасатында мамандарды салалық жоғарғы орындарынан іздейміз.
Сонымен қатар, баспа беттеріне, Enbek. kz порталында, жұмыспен қамту орталықтарына өтініш тастау арқылы немесе кадрларды таңдау агенттіктерімен кеңесіп талдау арқылы таңдайтын боламыз.
5. 2. Жалпы және әкімшілік шығындар
Негізгі шығын - бұл командадағы қызметкерлердің жалақысы. Нарықтағы мамандардың орташа жалақысы мен қызмет көрсету бағасын ескере отырып, есептеулер келесідей:
Жоғарыда көрсетілген 15 кестеге сәйкес 3 әкімшілік қызметкер (директор, бухгалтер, кассир), 3 салалық маман (3D режиссер, сәулет құрылыстарының визуализаторы, моделер), 7 техникалық қызметкерлерден (дыбыс қоюшы, дыбыстаушы-дубляж жасаушы, күзетші, жарық тексеруші) штаттық кесте құрылды.
Сондай-ақ, сайтта https://kz. trud. com/ көрсетілген статистикалық мәліметтерге сәйкес қызметкерлердің айлық жалақы мөлшері алынды. Төмендгі 1 гистограммада Қазақстандағы 3D визуализатор мамандығының 12 айлық орташа жалақы деңгейінің өзгеруі көрсетілген.
Жоғарыдағы диаграммаға сәйкес 3D визуализатор қызметі Қазақстанның қай қалаларында сұранысқа ие екенін байқауға болады .
5. 2. Салықтар
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Салық кодексінде жеке кәсіпкерлерге қатысты бірқатар өзгерістер күшіне енеді.
ҚР Салық салудың оңайлатылған шартын қолдану кезінде міндетті түрде мынадай міндеттемелер орындалатын болады:
- орналасқан жері бойынша аумақтық салық органдарында мемлекеттік тіркеуден өту;
- белгіленген үлгідегі от шашқыш болуы тиіс;
- лицензиялауға жататын қызметті жүзеге асыру кезінде лицензияның болуы;
- мемлекеттік тіркеуге байланысты төлемдер толтырылуы керек;
- банктегі шот туралы түсінікке ие болу;
- сондай-ақ, басқа бюджет қаражатын есептеу туралы құжаттар болуы керек.
5. 3. Жарнама
3D mapping - бұл бірегей жоба, оның қызметтері бүгінгі таңда тек пассивті оқу демалыстарын ғана емес, сонымен бірге туристердің өнімдерді тұтынудың тартымды процесіне қатысатын ойын-сауық пен белсенді демалысты да қамтиды. Осыған сүйене отырып, бірінші кезеңде алға жылжудың негізгі шаралары ретінде біз келесі тәсілдерді қарастырамыз:
- Әр жылда Түркістан облысына Хабар24 каналы «Дархан дала» бағдарламасы түсірілім жұмыстарымен өңірге іссапармен келеді. Осыған орай кешкі шоуды түсіруге ұсыныс білдіруге болады.
- Жарнамалық аудироликтерді жылжыту аясында оларды жергілікті және республикалық маңызы бар радиостанцияларға (NS радиосы, орыс радиосы және т. б. ) айналдыру жоспарлануда.
- «Facebook», «Instagram», «Twitter», «Snapchat», «WatsApp», «Вконтакте» әлеуметтік желілері арқылы жарнамалық ақпаратты тарату.
Жарнама түрлері:
Әлеуметтік желілер LED экрррандар Телеарналар арқылы
6. КАПИТАЛҒА ҚАЖЕТТІЛІК ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
6. 1. Капиталға қажеттілік
Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар инвестиция алдындағы шығыстардан, негізгі құралдарға және айналым капиталына инвестициялардан құралады.
Инклюзивті туризмді дамытуда бизнес пен қайырымдылықтың қиылысы болып табылатын әлеуметтік кәсіпкерлік маңызды рөл атқарады. Ол әлеуметтік, мәдени немесе экологиялық мәселелерді шешу әдістерін дамытуға бағытталған. Оның көмегімен инклюзивті турларды ұсыну шығындары толығымен немесе ішінара өтеледі.
6. 2. Қаржыландыру бағдарламасы
Жобаны қаржыландыруды "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ секілді ұйымдар арқылы қаржыландыру есебінен жүзеге асыру жоспарлануда.
7. ӘЛЕУМЕТТІК БӨЛІМ
7. 1 Әлеуметтік маңыздылықты негіздеу
Тарихи-мәдени туризм - әр түрлі ғасырлардағы мәдени және тарихи ескерткіштермен жеке танысу сонымен қатар адамның көкжиегін кеңейту мақсатында әр түрлі елдер мен қалаларға саяхат жиынтығы.
Тарихи туризм - адамды маңызды білім мен ғана емес, материалдық, рухани және зияткерлік болашақты тәрбиелейтін таусылмайтын білім көзі.
Проекция мүмкіндіктерін көрсететін үш өлшемді кескін артықшылықтарды көрсете алады және кемшіліктерді жасыра алады. Үш өлшемді жарықтандыру қарапайым физикалық объектілердің көрінісін тиімдірек етеді. Бұл тәжірибе кеңінен қолданылады:
- Маркетингтік мақсатта;
- Презентация құрылымының элементі ретінде;
- Архитектуралық түсіндіруде.
8. ЖОБАНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz