Мінез – құлық психологиялық категория және индивидтің негізі ретінде



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Адылгазина Аяулым
Дефектология-3курс, Б-тобы
Кәмелетке толмаған девианттар психологиясы
Мінез - құлық психологиялық категория және индивидтің негізі ретінде.
Қоғамдағы қабылданған өлшемдерден ауытқудан тұратын, жеткіншектердің девиантты мінез- құлқын көрсетуі шешімді талап ететін күрделі де, көп аспектілі мәселе. Оны зерттеу әлеуметтік тапсырыспен айтып жаздырылатын себепші болатын, ең алдымен, әлеуметтік феномен ретінде девиантты мінез-құлқының мәнін ашу қажеттілігі.
В.Д. Менделевич девианттылық бұл өлшеммен патология арасындағы өлшем деп көрсетеді. Девиантты мінез-құлықты өлшем іліміне сүйенбей анықтай алмаймыз. Медицинада өлшем бұл денсаулығы мықты адамдар болса; педагогикада барлық пәндер бойынша үлгерімі жақсы оқушы; әлеуметтік өмірде қылмыстың болмауы. Ең қиыны көптеген адамдарға тән мінез-құлық қасиеттерінің жиынтығы ретінде психологиялық өлшемді анықтау. Бұл идеал өлшемі болып табылады [1].
Л. Пожардың өлшемді үш түрлі мағынада қарастыруды ұсынуы да кездейсоқ емес, яғни статистикалык, функционалды (жеке даралык) және идеалды, Бұл жердегі идеалды өлшем тұлғаның қолайлы әлеуметтік жағдайда өмір сүруінің тиімді тәсілі. Демек әрбір индивидтің дамуында өзіндік ерекше жолы болады, яғни әрбір ауытқуды осы бағытпен салыстырмалы түрде девиация деп атауға болады. Сонымен функционалды (индивидуалды) өлшем индивидтың жеке даралығын басты назарға алады, бірақ жалпы адамдарға, жағдайларға конфликтілі қандайда бір қасиеттерді көрсетпейді.
Статистикалық өлшем көптеген адамдардың қалыпты адамдардың қатарына жататындығы туралы тұжырым.
Сонымен әлеуметтанудағы өлшем мәселесін тұлғаны нақты бір кезеңде қоғамда қабылданған адамгершілік талаптарын қабылдаудағы мінез-құлық эталоны ретінде қарастыру қажет. Демек өлшем бұл патологияның жоқ болуы, ал ауытқымалы мінез-құлық анық не жасырын психопатологияның бар екенін көрсетеді [2].
Девиантты мінез-құлықтың әлеуметтанулық сипатын тұлғаның қоршаған ортамен сыртқы қайшылықтары, құрылымсыздық және тұлғаның өзін-өзі бұзуымен байланысты қарастыруға болады.
Девиантты мінез-құлықтың қоғамдағы жағымсыз көрініске жататыны анық. Адамзат мінез-құлық өлшемінен ауытқымас үшін, балаларға өмірдің жағымсыз қырларын уақытында жеткізіп отыру қажет. Себебі мінез-құлықтың негізі дәл осы бала кезде қалыптасып үлгереді. Девиантты мінез-құлық көбіне тәрбие, білім беру, қоғамдағы әлеуметтік жағдай, отбасылық ахуал сияқты факторларға байланысты туындайтыны анық [3].
Яғни біздің балаларымыздың білімді, тәрбиелі, мәдениетті, коғамда өздерін ұстай алуды білуі үшін қолымыздан келгеннің бәрінен аянбауымыз қажет.
Ресейде девиантты мінез-құлықтың мәдени аспектісінің негізін қалаушы Я.И. Гелинский қолданысқа ауытқымалы мінез-құлық терминімен тең қолданылатын девиантты мінез-құлық терминін енгізеді [4].
Шетелдік зерттеушілер, Дюркгейм, Шуэсслер және басқалар девианттылықты әлеуметтік өлшемдерге сәйкестілік немесе сәйкессіздік деп анықтайды. Демек, девианттылық деп осы қоғамның әлеуметтік сұраныстарын қанағаттандыра алмайтын мінез-құлықты айтамыз.
В.А. Петровский, Э. Фроммның көзқарастарындағы нонконформизмнің негізінде адам Менінің конструктивті бастамасы тұратыны туралы ойларын айта кеткен жөн. Сонымен қатар девиация әлеуметтік шығармашылық сипатта болуы да мүмкін. Яғни ғылыми-техникалық және өнер шығармашылығында көрініс беруі мүмкін. Девианттылықтың әлеуметтік-жағымсыз сипаты тұлға үшін де, қоғам үшін де кұрылымсыз (деструктивті) болып табылады. Дегенмен ауытқымалы мінез-құлықтың осы типі әлеуметтік-психологиялық әдебиеттерде көптеп қарастырылып, зерттеушілердің де назарын өзіне аударып отыр [5].
Девиантты мінез-құлық деп әлеуметтік өлшемнен ауытқуды айтады. Оны қоғамда қабылданған өлшемге қарама-қайшы әрекет жүйесі ретінде анықтайды [6].
Психиклық әрекетіне өзгеру күйін тудыратын улы заттарды қолдану девиантты мінез-құлық формасы болып табылады. Осы заттарды қолданған кезде ол психикалық үдерістерге әсер етеді.
Қандайда бір іс-әрекеттің бағалануы оны қандайда бір өлшеммен салыстыру іске асады. Мәселелік іс-әрекетті жиі девиантты деп атайды. Девиантты мінез-құлық психологиялық денсаулық, құқықтық, мәдениеттік немесе жалпы қабылданған өлшемнен ауытқу әрекетінің жүйесі.
Девиантты мінез-құлық екі үлкен категорияға бөлінеді. Біріншіден бұл психологиялық денсаулық өлшемінен ауытқу. Екіншіден, бұл қандайда бір әлеуметтік-мәдени өлшемдерді, әсіресе құқықтық өлшемді бұзатын антиәлеуметтік іс-әрекеті [7].
Жалпы алғанда, зерттеулерді талдау барысында девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерде басымшылық танытады. Себебі, жасөспірімдердің тұлғалық ерекшеліктері болатыны бәрімізге аян! Олай болса, жасөспірімдік кезең-ең қиын, әртүрлі бұзақылықтардың пайда болатын және сонымен қатар достық өлшемдерді игеруіне сәтті кезең болып табылады.
Дәл осы кезеңде олардың бойында қоршаған орта ықпалымен көрініс табатын жағымсыз, яғни девиантты мінез-құлықтан арылтуды және оның қалыптасу себеп-салдарын анықтап алуды талап етеді. Қиын бала тақырыбында 20-30-жылдары П.П. Блонский, Г.А. Фартунатова, Л.С. Выготский, А.С. Макаренко, С.Т. Шацкий, В. И. Куфаев, С. Балаубаев, И.Л, Стычинский, В.Н. Мясичев және басқалар зерттеп, еңбектер жазды. Ал 30-жылдардың аяғы мен 40- жылдарда аталған тақырып аз тексерілді, немесе мүлдем тексерілмеді десе де болады. 50 және 60-жылдары бұл мәселе тереңірек зерттеліп, ол туралы бірқатар еңбектер жазылды. Қазіргі кезде әңгіме болып отырған тақырып Л. Бажович, Л.С. Славина, Т. Миньковский, Г.П. Медведев, И.Ф. Назаров, М.М. Муканов, Г.А. Уманов, Э. Шыныбекова, К. Бегалиев, Қ.Б. Жарықбаев және басқалардың еңбектерінде әр қырынан сөз болды. Аталған еңбектердің авторлары осы мәселенің пайда болу себептерін ашып көрсетіп, тәрбиеленуі қиын балаларға сипаттама береді және оларға педагогикалық әсер етудің жолдарын көрсетеді. Осыған қарамастан, қиын балаларды тәрбиелеу мәселесі педагогика, психология және криминалистика ғылымдарының әлі де болса толық зерттелмеген мәселесі болып отыр [9]. Көптеген ғалымдар қиын бала мәселесі туралы өздерінің еңбектерін жазды. Атап өтсек қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда Л.С. Выготский (1928) еңбектерінде талқыланады, сондай-ақ А.С. Макаренконың, С.Т. Щацкийдің, П.П. Блонскийдің, В.Н. Мясичевтің тәжірибелерінен де үлкен орын алады. Бұл мәселенің ары қарай талқылануына үлкен орын алады. Бұл мәселенің ары қарай талқылануына үлкес қосқан зерттеушілер қатары да біршама.
Мәселен, бұлардың ішінде В.Н. Куфаевтың еңбегі назар аударарлық. Ол қиын балалардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері болады, өсіп, ер жету, әлеуметтік жағдайына байланысты, бетімен кету дәрежесіне қарай, әр түрлі себептерге байланысты өз мінез-құлқының ерекшелігіне қарай мұндай балалар өздеріне ерекше тәсілмен қатынас жасауды және олармен тиісінше жұмыс жүргізуді талап етеді, - деп көрсетеді.
Тәрбиелеуі қиын жасөспірімдерді психологиялық жақтан бақылап зерттеу туралы М.А. Алемаскин - тәрбиелеуі қиындар проблемасы көп факторлы құбылыс, бұл проблеманы педагогтар, психологтар және заң қызметкерлері зерттеуі қажет, - деп жазады [10].
Девианттық мінез-құлық теориясының зерттеуіне Ш.К.Жаманбалаеваның диссертациясы көп үлес қосты, ол мынадай тақырыпта Девианттық мінез-құлықтың әлеуметтік мәселелері және оның монографиялары. Бұл еңбектерде автор - девианттық мінез-құлық дегеніміз мінез-құлық актісі деп әділдікпен айтады, ол адамдардың іс-әрекеттері немесе өмір салттары, арнайы қоғамда қабылданған әлеуметтік өлшемдер мен заңгерлік негіздегі салдарлы қағамдық санкцияларды бұзатын іс-әрекеттерді айтамыз. Берілген анықтама біріншіден, осы мінез-құлықтың барлық көріністерін қамтиды, екіншіден аутқуды, тек ресми жағынан ғана емес, сонымен қатар, айтылмаған әлеуметтік өлшемдердегі бейресми аутқитын мінез-құлық формаларында қарастырады; үшіншіден, санкцияның әртүрлін қамтиды, олар көбінде өздері девияцияға алып келеді-ол топтық аутқудан, қоғамдық жақтырмауға және толығымен қоғамнан бөліп тастауға алып келетін санкциялар.
Бірақта девиянттық мінез-құлықтың критерииін анықтау өзгеруде, бұл жағдайда біз бір іс-әрекетті девианттық немесе оған жатқызбауымызда мүмкін, яғни ол әртүрлі қоғамдарда салт дәстүрлерге, өмір шарттарына байланысты өзгеірп отырады. Әлеуметтік үдерістердің динамикасы, қоғамдық өмірдің әртүрлі аймақтарындағы тоқырау жағдайлары девиациялық үдерістердің өсуіне алып келеді. Олар өлшемнен ауытқитын мінез-құлықтың өлшемдерінен көрініп отырады [8].
Әлеуметтік толығырақ анықтамасын беру үшін, аномалды сұрағаның негізіне мән береміз. Алғаш рет аномалды түсінігін қабылдаған әлеуметтанушы Э. Дюркгейм. Аномалды түсінігін ол Индивидтің мінез-құлқының анық реттеушілік үдерістері, моральдық вакуум, ескі өлшемдер мен жаңа бағалылықтардың нақты қарым-қатынаста жоқ қоғамдық жағдайды қарастырады.
Ал қазіргі кезеңдегі автор В.Д. Плаховтың пікірінше аномалдылық таза күйінде кездеспейді, себебі кездейсоқ кездесетін үдерістердің ішінде бірнеше ықтималдылық заңдылықтар кездесіп отырады.
Әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан қарағанда, ауытқулық мінез-құлыққа айқынырақ түсінік З.А. Раевскаяның зерттеулерінде берілген, ол мінез-құлықты девиантты деп атайды да, мектептік және өнегелілік өлшемдерге сай емес деп береді. Мұндай түсүндіруде, автордың пікірінше, девиантты мінез- құлықтың криминалдықтан айырмашылығы құқық өлшемдерін бұзуды жорамалдамайды, ал аномалдылықтан айырмашылығы - ол тек психикалық жағынан сау жеткіншектерге тән. Мұндай мінез-құлықтың қалыпты белгілері ретінде ғалым жағымды қызығушылық және ұмтылыстың болмауын, тәртіпсіздігін, дау-жанжалға бейімдігін, қырсықтығын, ашу-ызашылығын, қоғамның жақтырмауын көрсетеді.
Жеткіншектердің девиантты мінез-құлқына қатысты өзінің сыртқы көріністері бойынша деликвенттікке ұқсайды, алайда қылмыстық заңдылықтар аясына кірмейді. Бұл қылмыстық жазаланбайтын заңбұзушылық сипатына ие болатын, қабылданған өлшемге қарсылас мінез-құлық. Конның И.С. анықтауынша, девиантты мінез-құлық-бұл құқық, мәдениет немесе моральдың жалпы қабылданған өлшемдерден ауытқыған іс-әрекеттер жүйесі. Е.Д. Дедков және Е.Г. Дидедкул девиантты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамның этномәдени даму мәселелері
Поли және моноэтностық топтарға арналған әдебиеттерді талдау
Тұлғаның құрылымы
Поли және моно этностық ортадағы мәдениеттің психологиялық ерекшеліктері
Заманауи тұлға теориялары. тұлға және индивидуалдылық
Құқық социологиясының пәні
Тұлға туралы теориялар
Бақылаушының зерттелетін жағдайға қатысуына қарай бақылаушы кіріскен және кіріспеген бақылау
Выготский Л. С
Жеткіншектердің эмоционалдық тұрақсыздық жағдайына байланысты агрессивті мінез - құлық ерекшеліктерін коррекциялау
Пәндер