АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА АУЫСПАЛЫ ЕГІСТІКТЕРДІҢ ЖҮЙЕЛЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА АУЫСПАЛЫ ЕГІСТІКТЕРДІҢ ЖҮЙЕЛЕРІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Еліміздің басты байлығының бірі ауыл шаруашылығы болып табылады. Ауыл жерлерінің даму деңгейі қашан да қоғамның экономикалық және саяси тұрақтылығын анықтайтын фактор болып келеді. Республика экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі - ауыл шаруашылығы жерлерін нарық айналымына енгізу. Халықтың әл-ауқатының жақсаруы негізінен әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтануымен және дамуымен тікелей байланысты. Ауылшаруашылық жерлердің құнарлығын арттыру, ұтымды пайдалану ішкі шаруашылық жерге ауыспалы егіс түрлері негізінде орындалады [1].
Мақалада бүгінгі күні кең тараған агроқұрылым түрі - жерді пайдаланудың ішкі шаруашылық жерге ауыспалы егіс түрлерін орналастыру болып келеді. Ауылшаруашылығы жерін территориялық ұйымдастыру барысында ауыспалы егіс түрлерін таңдау және оны ұйымдастыру жұмыстары жасалған.
Ішкі шаруашылық ауыспалы егіс түрлерінің негізгі ерекшелігі - ауылшаруашылық кәсіпорындарын өндірістік-территориялық ұйымдастыру - адамдардың еңбегін, ауыл шаруашылық техникаларын тиімді пайдалану, топырақ құнарлығын қорғау және жақсарту, ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту іс әрекеттері бір-бірімен байланыста, кешенді орындалады.
Ауылшаруашылық дақылдарын және парды агротехникалық дұрыс кезектестіру өсімдіктердің өнімділіктерін, топырақтың құнарлылығын көтереді, танаптарда арам шөптердің және әртүрлі аурулардың дамуын тоқтатады.
Ауыспалы егістіктердің жүйелерін жобалау, олардың типін, түрін, санын анықтау, егістік массивінің мөлшерін, территорияда орналасуын, егістік пен пардың кезектесу схемасын белгілеу.
Өндірістің, әсіресе ауылшаруашылық өндірісінің, жоғары тиімділігін қамтамасыз ету, қай салада болса да жермен байланысты еңбектің өнімділігін арттыру - жерге орналастырудың мақсаты болып табылады.
Ауыл шаруашылығы саласында ауылшаруашылық алаптарының құрамын, өндірістік бөлімшелердің, танаптардың және жұмысшы учаскелерінің, сонымен бірге ауыспалы шабындықтар мен жайылымдардың, жол торабы мен шаруашылық орталықтарының орналасуын белгілей отырып, бүкіл өндірістің үйымдастырылуы территорияның негізі қалыптастырылады.
Ауыл шаруашылығы саласына сәйкес негізгі міндеттері келесі жіктеулермен айқындалады:
Республика заңдарының негізінде жер қатынастарын реттеу;
жерде шаруашылық жүргізудің барлық формаларына тең даму
жағдайларын жасау;
жердің ұтымды пайдаланылуын және қорғалуын ұйымдастыру;
топырақтың құнарлылығын ұдайы өндіру, табиғи ортаны
сақтау және жақсарту, тұрақты агроландшафттарды жасау;
жылжымайтын мүлік ретіндегі жердің рыногін қалыптастыру
және дамыту.
Әрбір келесі егілетін дақыл бұрынғы егілген дақылдың топырақта қалдырып кеткен қолайлы химиялық заттарын пайдалана алуы керек. Танапта бірнеше жылдың ішінде егілетін өсімдіктердің бірінен соң бірінің ауысу ретін агрономиялық талапқа сәйкестендіреді. Сонымен, белгілі бір танапта егілетін өсімдіктердің түрлерінің жыл сайын өзгеріп отыруын, ауыспалы егіс деп атайды.
Ауыспалы егіс үнемі жоғары түсім алу, топырақтың құнарлығын сақтау және жақсартып отыру мақсатында колданылады. Ол егін шаруашылығы жүйесінің арқауы болып есептеледі. Ауыспалы егістің түріне сәйкес барлық ұйымдастырулық-экономикалық шаралар белгіленеді. Сондықтан, ауыспалы егіс жерді, өндіріс құралдарын, адам күшін ұтымды пайдалану, яғни осы саладағы өндірістің тиімділігін арттыру үшін аса қажетті жағдай болып есептеледі.
Ауыспалы егістің үш түрі болады: алқаптық, мал азықтық және арнайы.
Осы аталған ауыспалы егістің үш типінің әрқайсысы өзінің құрамындағы дақылдардың үлестеріне сәйкес бірнеше түрлерге бөлінеді.
Нарықтық экономикаға көшуге байланысты жаңадан құрылып, жұмыс істеп жатқан ауыл шаруашылығы бөлімшелері және шағын кәсіпорындар да осы звенолар сияқты ауыспалы егістің белгілі бір дақылдарын өсіруге бейімделуіне болады. Егер бұл мүмкін болмаған жағдайда, егін шаруашылығымен шұғылданған кәсіпорындар ауыспалы егістің ұсақ түрлерін қолдана алады.
Мал азықтық ауыспалы егістің орналасуына және құрамына байланысты келесі түрлері болады: ферма және лагерь қасындағы және шабындықты- жайылымды.
Шаруашылықта ауыспалы егістің бірнеше түрі қолданылады. Ауыспалы егісті жобалауда шаруашылықтың келешекте даму жолы, алдындағы міндеттері есепке алынады. Сонымен қатар егістіктің ең тиімді түрін және құрамын жоспарлау қажет. Бұл өте жауапты және күрделі мәселе. Оны қателеспей шешу үшін әрбір аймақтарға арналған егін шаруашылығы жүйесін жүргізу ұсыныстарын қолданулары қажет.
Егістің құрамына қойылатын негізгі талап - әрбір гектардан мүмкіндігінше аз шығыннан көп түсім алу. Сондықтан ауыспалы егісті жобалағанда тек дақылдың түрі мен көлемін ғана ескеріп қоймай, ғылым мен озат тәжірибе жетістіктерін қолдану, шығымдылығы артық сорттарды пайдалану, қолданылатын барлық технологияны жетілдіріп отыруды ойластырған жөн.
Егістің құрамының және ауыспалы егістің пайдалылығын анықтайтын маңызды тәсілдің бірі - ауыл шаруашылығы дақылдарын экономикалық тұрғыдан бағалау. Экономикалық бағалауда келесі көрсеткіштер қолданылады: 1 гектар егістен алынған түсім және оның құны, еңбек өнімділігі, 1 ц өнімнің өзіндік құны, 1 гектар егістен алынған таза табыс және тиімділік денгейі.
Ауыспалы егіс жүйелерін жобалау топырақтың құнарлылығын сақтау және жақсарту үшін жасалады. Ауылшаруашылық дақылдарын және парды агротехникалық дұрыс кезектестіру өсімдіктердің өнімділіктерін топырақтың құнарлылығын көтереді, танаптарда арам шөптердің және әртүрлі аурулардың дамуын тоқтатады. Ауыспалы егістер игерілген шаруашылықтарда астық егістерінің өнімділігі 3-4 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыспалы егіс жүйелерін ұйымдастыру
Ауыл шаруашылығы бөлімі
Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығының территориялық ұйымдастыру ерекшеліктері
Ақмола облысы астрахан ауданы «Приишимское» жшс-нің жыртылған жерін реттестіру жобасы
Ауыспалы егіс жүйесін ұйымдастыру
Жайылымдардың ішкі шаруашылық жерге орналастырылуы
Жерге орналастырудың жұмыстары
Ауыл шаруашылық өндірісін орналастыруды модельдеу
Картоп дақылының ботаникалық және биологиялық ерекшеліктері
«БҚО, Бөрлі ауданындағы Қарағанды селолық округінде орналасқан «Тулеугалиев Б.Е.» шаруа қожалығының территориясын ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасы»
Пәндер