Қостанай облысында Жангелдин ауданының тарихи-мәдени ескерткіштері туралы
Аманжол Боранбайұлы Қалыш,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
(е-mail: kalyshamanzol@gmail.com)
Ерболатқызы Жансая

(е-mail: mikosh_011@inbox.ru)
Қостанай облысында Жангелдин ауданының тарихи-мәдени ескерткіштері
Бұл мақала Атамекен ата-баба мекені қазақ тарихынан кішкентайда болса өзіндік орын алған Қарт Торғай елінің тарихымен оны мекендеген ата-бабалары және тарихи ескерткіштері жайлы болмақ. Торғай қаласы - ұлы даланың төсіне таққан алқасы, тарихтың алтын сандық іспеттес. Онда халқымыздың сұлу тарихы сақтаулы екені жазылған. Бұл дала ықылым дәуір даласы қарт Торғай даласымен жалғасып жатыр. Ұлы даланың көне тарихи шығуы ежелгі замандарға бастайды. Бұл жерден кімдер өтті екен, кімдердің табанының ізі қалды? Құс ұшып құлан жортқан далаға Торғай атын кім тастап кеткен. Кең даланы еркін жайлаған түріктер ме? Ежелгі бабаларымыз сақтар ма екен? Болжамдар көп. Қалай болғанда да даланың аты көктен түспеген, жердің сипатына қарай қалыптасқаны аян. Торғай деген жағрапия ғылымында - бұл мынау Тайга мен Тұран өлкесінің ортасында жатқан кең де көлемді қазалы кең байтақ жер. Яғни, Үй өзенінің бергі беті оңтүстігі Торғай өзенінің солтүстік жағы, батысында Орал, Жайық, шығысында Есіл. Осы төрт шекараның ортасы Торғай елі, Торғай ойпаты, Торғай қыраты, Торғай қақпасы. Тайга мен Тұран арасындағы алып аймаққа Торғай даласына қызыққандардың . Ата-бабамыз ұлан байтақ өлкені қысық көз, қиғаш қас жаудан білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғады. Халық батырлары Амангелді мен Әлібидің ерлік істерінен, қос арыс А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың Торғай жеріндегі ескерткіштері мен мұражайлары жазылған. Міне, осылайша мақалада Торғай жерінің тарихи ескерткіштерімен, бүкіл адамзаттың табиғи да, тарихи да, аса қасиетті мекен екені көрсетіледі.
Түйін сөздер: қарт Торғай елі, кең дала, алтын сандық, сақтар, ықылым дәуір, қос арыс.
Аманжол Боранбайулы Калыш, Ерболаткызы Жансая
Историко-культурные памятники Джангельдинского района Костанайской области
Эта статья будет посвящена истории земли Старого Тургая, прародины Атамекена, занимающей особое место в истории Казахстана, его предкам и историческим памятникам. Город Тургай - ожерелье на груди великой степи, как золотой ящик истории. Это говорит о том, что прекрасная история нашего народа сохраняется. Эта степь продолжается старой Тургайской степью. Древняя история Великой степи восходит к глубокой древности. Кто здесь прошел, чьи следы остались? Могут ли турки бродить по степям? Будут ли осторожны наши древние предки? Есть много прогнозов. В любом случае ясно, что название степи пришло не с неба, а сформировалось в соответствии с природой земли. По географии Тургай - обширная территория между Тайгой и Туранским районом. То есть южная сторона реки Уй - это северная сторона реки Тургай, Урала и Урала на западе и реки Ишим на востоке. Центром этих четырех границ является край Тургая, Тургайская впадина, Тургайская возвышенность, Тургайские ворота. Тем, кому интересна Тургайская степь, огромная территория между Тайгой и Тураном. Наши предки защищали огромную землю от узкоглазого косого врага силой своих рук и острием копий. Из подвигов народных героев Амангельды и Алиби, памятники и музеи двух львов А. Байтурсынова и М. Дулатова в Тургай. Так в статье показано, что Тургайская земля - это природное, историческое и священное место для всего человечества.
Ключевые слова: старый Тургай, широкая степь, золотой сундук, саки, эпоха.
AmanzholKalysh, YerbolatkyzyZhansaya
Historical and cultural monuments of Dzhangeldinsky district of Kostanay region
This article will be devoted to the history of the land of Old Turgai, the ancestral home of Atameken, which occupies a special place in the history of Kazakhstan, its ancestors and historical monuments. The city of Turgai is a necklace on the chest of the great steppe, like a golden box of history. This suggests that the wonderful history of our people is being preserved. This steppe continues with the old Turgai steppe. The ancient history of the Great Steppe dates back to ancient times. Who passed here, whose traces remain? Can the Turks roam the steppes? Will our ancient ancestors be careful? There are many predictions. In any case, it is clear that the name of the steppe did not come from the sky, but was formed in accordance with the nature of the earth. By geography, Turgai is a vast territory between Taiga and the Turan region. That is, the southern side of the Uy River is the northern side of the Turgai River, the Urals and the Urals in the west and the Ishim River in the east. The center of these four borders is the Turgai Territory, the Turgai Depression, the Turgai Upland, the Turgai Gate. For those who are interested in the Turgai steppe, a huge territory between Taiga and Turan. Our ancestors defended the vast land from the narrow-eyed slanting enemy by the strength of their hands and the edge of their spears. From the exploits of the folk heroes Amangeldy and Alibi, monuments and museums of two lions A. Baitursynov and M. Dulatov in Turgai. So the article shows that the Turgai land is a natural, historical and sacred place for all mankind.
Keywords: old Turgai, wide steppe, golden chest, saki, era.
Кіріспе
Кәрі құрлық Еуропаның бірнеше мемлекеті сыйып кететін, ешкімнің тақиясына тар келмейтін байтақ аймақ Торғай жерінің тарихи-мәдени ескерткіштеріне және тарихи жерлерін зерттеу. Онда қазақ халқының бай әрі тарихы терең бірнеше ескерткіштері пайда болған. Бұл жерді тарихи-мәдени және көне өркениеттер ошағы десек те болады.
Торғай өлкесі батысында Оңтүстік Орал мен Мұғалжардың шығыстық сілемдеріне, шығысы мен солтүстігінде: Сарыарқаға, Батыс Сібірге, оңтүстігінде Сарысу мен Арал маңы ойыстарына жалғасады. Онда батысы Оңтүстік Оралға және Мұғалжар тауына, шығысы Сарыарқаға, солтүстігі Батыс Сібір жазығына, оңтүстігі Шалқар Теңіз ойпатына жалғасқан, ұзындығы 630 км, ені 300 км шамасында Торғай үстірті (Тургайское плато) жатыр. Оны қақ жарып, Батыс Сібір жазығы мен Тұран ойпандарын жалғастырушы, ұзындығы 800 км, ені 20-75 км Торғай қолаты-Торғай аңғары жатыр. Онда Оңтүстік Оралдан Сарыарқаға дейін созылып Торғай ойпаны (Тургайская ложбина) жатыр. Онда Мұғалжар мен Сарыарқа аралығын, Қостанай белінен Арал теңізіне дейінгі аймақты алып жатқан, жер сулы өңірі- Торғай артезиан алабы жатыр. Онда кенді аймақтар: Торғай боксит провинциясы, Торғай көмір бассейні, Торғай темір белдеуі және Торғай мұнайы жатыр. Екіншіден, ғалымдардың Торғай аңғары, Торғай бұғазы және Торғай қыратын бір сөзбен Торғай төрткүл өлкесі деуіне басты негіз олардың бәрінің бүкіл Жер, Табиғат, Адамхат тарихында маңызды орын алған Торғай бұғазы аймағында орналасуында. Сондықтан да осы аймақта бұдан 33 млн жылдар бұрын өмір сүрген, бұрын-соңды болмаған алыптарға Торғай фаунасы, ғажайып бай өсімдіктер қазбаларына Торғай флорасы есімдері берілген. [1, c. 5].
Қазақ даласын отарлауды тездету жолында 1824 жылы Орынбор генерал-губернаторы П.К.Эссеннің басшылығымен жасалған Орынбор қазақтарын басқару туралы Ереже қабылданды. Ол ереже бойынша хандық билік таратылды. Орынбор қазақтары Шығыс, Орта, Батыс бөлік болып үшке бөлінді. Торғай осы үш бөліктің шығысына қарады. Сөйтіп, 1845 жылы Торғай өзенінің оң жағасына бекіністің іргесі қаланды да, Орынбор қазақтарының бірнеше отбасы көшіріліп әкелінді. Торғай қаласының іргетасы 1845 жылдың 22 шілдесінде қаланды. 1876 жылы қалада 570 тұрғын болса, 1902 жылы тұрғындардың саны 1180 жетеді. Торғайдың ресми түрде қала атануы 1868 жылы болса керек, оған дейін Торғай бекінісі немесе Орынбор бекінісі аталып келген [2, с. 77].
Ел тарихында Торғай атауымен қатар аталатын есім Ы.Алтынсариннің аты. Ұлы ағартушының барша творчестволық қызметі осы қаламен байланысты өтеді. Дала төсінде тұңғыш мектеп ашты. Екі сыныптық орыс-қазақ мектебі, кәсіби училище, қыздар мектебі. Қалады оқу-ағарту орындарының ашылуына Ы.Алтынсариннің нағашысы Шеген әулетінің көп көмегі тиді. Қазақ елінің бостандығы жолында күрескен Алаш көсемдері Ахмет Байтұрсынов пен М.Дулатов, Республиканың жер шаруашылығы халық комиссары Кәрім Тоқтабаевтар да Ыбырай мектебінен қанаттанады [3, с. 15]. Ыбырайдың Кел, балалар, оқылық уағызы, Ахмет мен Міржақыптың Оян,қазақ! ұранымен осылайша сабақтастық тапты.
Жангелдин ауданы бойынша жергілікті маңызы бар тарихи- мәдени мұра 13 ескерткіштері бар.Олар Көкалат селосы, 1967 ж. ҰОС жылдары қаза тапқан батырларға арналған ескерткіш; Торғай селосы, 1969 ж. Торғайда Кеңес Үкіметін орнату үшін күресте қаза тапқан батырларға обелиск; Торғай селосы, 1958 ж. Ә.Жангелдиннің ескерткіштері сияқты т.б. мұралар кіреді. Жангелдин ауданы бойынша тарихи- мәдени мұра 36 нысандары бар.
Торғай өңірінің тарихи даңқына орай , мәдени мұрасы да баршылық. Ел тарихынан көрініс беріп, өткенді еске салар мұражайлар көптеп ашылды. Бүгінде көне Торғай қаласында сонау, ХҮІІІ-ғасырдағы жоңғар шапқыншылығы кезіндегі ел қорғаған қазақ елінің бірлігі мен тұтастығы жолында күрескен халық батыры, тархан баһадүр бабамыз Шақшақ Жәнібек Қошқарұлы тарихи мұражайы, қазақ даласына тұңғыш мектеп ашқан, елді сауаттылыққа шақырған Ыбырай Алтынсариннің мемориалды-педагогикалық мұражайы, ел перзенті Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби мұражайы, Кеңес дәуірі кезінде Қазақстан Республикасының Министрлер Советінің төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың өкімімен 1984 жылы күзде Торғай қаласында екі қатарлы сәулетті ғимаратта Әліби Жангелдиннің ерлік істері мен өмір жолы, азаттық жолындағы тұлғаның замандастары мен үзеңгілес серіктері, сарбаздары мен сол кездегі қоғамдық өмірдегі маңызды мәселелерді қамтыған деректер мен дәйектер қамтылып - осы Торғай өлкесіндегі төңкеріс тұсындағы ерлердің күресі, бостандық пен азаттық сүрлеуіндегі талмай жүргізілген күрестің негізгі жүйесі кеңінен қамтылған Ә.Т.Жангелдин әдеби мұражайлары жұмыс істейді [4, с. 20-24]. Еліміздің қос арысы-Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы есімдерінің ақталуына байланысты бұл үй - Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы атындағы әдеби мұражайға айналды. Мұражай алдынан Ахмет пен Міржақыпқа үлкен ескерткіші қойылды.
Республиканың тәуелсіздік алуына орай халқымен қайыра табысқан ардақтыларымыздың бірі Шақшақ Қошқарұлы Жәнібек тархан болды. Қазақ тарихындағы танымал тұлға даңқты қолбасшы, атақты би, дуалы ауыз шешен Шақшақ Жәнібек есімін жерлестері ерекше құрмет тұтып, батыр бабамызға арнайы күмбез салды. Ескерткіш орнатып, көрікті де үлкен алаңға атын берді [2, с. 22-29].
Негізгі бөлім
Жангелдин ауданы, Торғай селосындағы Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы ескерткіші
Қос арыстың туған еліне оралу салтанатына орай Республикада тұңғыш рет Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып Дулатовтың есімдері мен еңбектері елімен 50 жылдан астам уақыттан кейін қайта қауышуына орай мұражай кешені көрікті жерден салынып орын тапты. Оны жабдықтау тұтас мұражайды құнды деректермен, асыл азаматтардың тұтынған заттары мен мүліктері, олардың еңбектері жинастырылып ел кәдесіне ұсынылды. Бұл мұражай өнер мен білімге ерте талпынған Торғай елі азаматтарының тұтас Қазақстанға кеңінен мәлім болған тұлғалар еңбектері мен бюстерімен толықтыра түсті.
Аталған мұражай алдында қос Арыстың қоладан құйылған биік тұғырдағы ескерткіш (сурет-1) мұнда келушілерді еріксіз өзіне тартады. 1991 жылы мүсінші Хакімжан Есімханұлы Наурызбай мұражай конференциясында ескерткішті орнатқан. Хакімжан Есімханұлы Наурызбай 1925 жылы Қостанай облысы, Меңдіқара ауданында дүниеге келген, 2009 жылы Алматы қаласында дүние салған. Оның қазақ жерінде шығармалары өте көп. Ол 200-ден астам ескерткіштердің авторы. [2, с. 85-87]. Композиция үш бөліктен тұрады: мүсін, тастұғыр және негіз. Көрнекті ғалым, қоғам қайраткерлерін тұрып тұрған, Ахмет Байтұрынұлының сол қолына кітап ұстап тұрған қалыпта бейнеленген. Мүсін гранитті блоктармен қапталған мәнерлі тұғырға орнатылған. Тұғырдың жоғарғы бөлігіндегі бет жағында Ахмет Байтұрсын-ұлы (1873-1937) Міржақып Дулатұлы (1885-1935) деген жазу жазылған. Тұғырдың негізі бетоннан жасалып, беті мәрмәрмен қапталған. Мүсінің биіктігі -1,5 м, мыстан жасалған. Ал тұғырдың биіктігі -1 м.
Сурет-1. Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы ескерткіші [Автордың суреті]
Мұражайдағы бай экспонаттар мен құжаттар, мұрағаттар араға 60 жыл салып халық игілігіне мәдени өміршең мұрасына айналды. Мұнда Ахмет пен Міржақыптың балалық шағымен басталған дерек пен дәйек олардың сонау өткен ғасыр басындағы қоғамдық өмірдегі - тәуелсіздік пен бостандық жолындағы ұлы істерін көз алдыңа елестете алатын нақты құжаттар мен заттай айғақтармен қауышасың. Қос арыстың бірі ұйқыдағы елін өнер мен білімге, өркениетке үндей Маса боп ызылдап жар салып ілгері сүйресе, бірі Оян қазақ деп ұрандап- ХХ ғасыр басында - ақ елін езгіден, отаршылдықтан, бостандықтан шығуға шақырады. Міне, қос арыстың мұражайы осындай символдық ырғақпен бастау алып өздері өмір сүрген ортадағы қазақ зиялылары Әлихан Бөкейханов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Шәкәрім Кұдайбердиев сынды ұлылармен тізе қосып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz