Этика ұғымы және оның заты туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Мәнжазба
Тақырыбы: Этика ұғымы және оның заты

Орындаған: Кубаева М
Құқықтану 203
Тексерген: Мұсаев Б
Магистр,оқытушы

Ақтөбе 2020

Этика (грек. ethos - дағды, әдет-ғұрып) - зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі. Термин және айрықша зерттеу пәні ретінде өз бастауын Аристотель еңбектерінен алады. " Этизм" термині Аристотельдің ар-ождан мәселесіне арналған үш шығармасының ("Никомах этикасы", "Евдем этикасы", "Үлкен этика") атауына кірген. Аристотель Этизм жайлы сөз қозғағанда негізгі үш мәселеге тоқталып, этик. теория, этик. кітаптар, этик. іс-тәжірибе туралы айтады. О баста грек тіліндегі Этизмның латын тіліндегі баламасы ретінде мораль қолданылса, кейіннен білім беру дәстүрінде Этизм - ілім мәнінде, мораль - оның пәні ретінде қарастырылды. Әдетте, Этизмлық ой-толғамдар адамдардың мінез-құлықтары мен салт-дәстүрлерінің әралуан екендігін баяндаудан басталады. Сократ әр-түрлі мінез-құлықтарды бағалап, саралау үшін парасатқа жүгіну керек деп білді. Платон адам жан-жақты ұйымдастырылған мемлекетте өмір сүріп, оның басшылығын дана-философтар атқарғанда ғана рухани және мінез-құлық кемелдігіне жете алады деп білді. Парасат иесі ретінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асырған адам, өз өмірінің жоғ. мақсатын айқындап, мемлекеттің негізі болып табылатын саясатқа, экономикаға Э-лық нормалармен жетекшілік жасайды. Этизм ұғымы жайлы Д.Юмның "Адамның табиғаты" туралы трактатында жан-жақты айтылады. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында Этизм ұғымының баламасы ретінде ар-ождан ұғымы қолданылып, негізгі тақырып ретінде ұсынылған.
Этиканың құрылымы. Этика үш бөліктен тұрады:
:: теориялық этика;
:: нормативті этика;
:: эмпириялық этика.
Теориялық этика -- этиканың негізгі үғымдарын, оның зерттеу пөнін, ғылым ретінде даму тарихын зерттейді. Нормативті этика -- негізгі этикалық категорияларды: мейірімділік пен катыгездік, ізгілік пен жауыздык, ар-үждан, үят, абырой, парыз және т.б. қарастырады. Эмпириялық этика -- белгілі бір кезеңдердегі адамзат үйымдарының накты адамгершілік келбеті туралы түсінік береді.
Этика тарихы
Ежелгі грек этикасы. Этиканың өзіндік мәртебесі бар философиялық ілім ретінде қалыптасуы антикалық грек философиясының қойнауында жүзеге асқандығы туралы айтып өткен болатынбыз. Өзінің атауымен де, негізгі ұғымдық категорияларымен де, мәселелік өрісімен де этика Аристотельге қарыздар. "Никомах этикасын", "Эвдем этикасын", "Үлкен этиканы" жазған ұлы ойшыл этиканы дамыта отырып, елге танытты.
Аристотель этикасында "құба төбел" немесе "алтын орта" ұстанымы ізгіліктерді анықтаушы маңызға ие болды. Өйткені Аристотельдің айтуынша, екі шеткі күйлердің ортасып таба білгенде, яғни не асып-тасып кетпей, не жетпей қалмаудың дәл ортасынан өте ыңғайлы қасиетті ұстана білгенде ғана адам ізгілікті болғаны. Мысалы, жомарттық, -- "малшашпақ" пен "дүниеқоңыздықтың" орта шені; батылдық -- "көзсіз батырлық" пен "қоянжүрек қорқақтықтың" дәл ортасы; қарапайымдылық -- "ұяңдық" пен "ұятсыздықтың" ортан белі және т.б. Жалпы, антикалық этикаға тиесілі ең негізгі үш мұратты атап өтуге болады: а) адам мен полис бірлігі, яғни адам тек полистің азаматы болғандықтан ғана ізгілікке ие болады, мораль туралы түсінігі болады деп есептеу. Мысалы, Аристотель полистің мүшесі бола алмайтын құлдарды тіпті де адам деп санамаған. Оларды "сөйлей алатын хайуан" ретінде қарастырған. Ежелгі гректер қабылдаған және өмірге енгізген этикалық құндылықтардың өзіндік маңызы болды. Олардың кейбіреулері мыналар: көне гректер адамгершілік қасиеттерді, мейірімділікті сұлулықпен тікелей байланыстырғысы келді. Соның нәтижесінде көне Грекия мәдениетінде "калокагатия" идеалы дүниеге келген болатын. "Калокагатия" термині өзінін амбиваленттілігіне (екіжақтылығына) байланысты этикада болсын, эстетикада болсын кең пайдаланылады. "Калокагатия" термині грек тіліндегі екі сөздің ("Kalos" -- әсем, сұлу және "agathos" -- ізгі, мейірімді) қосындысынан шыққан. Дәлме-дәл аударатын болсақ, бұл термин ізгі сұлулықты, яғни жан сұлулығы мен тән сұлулығының үндестігін білдіреді.
Гедонизм -- грек тілінің "ләззат іздеу, қызыққұмарлық" деген мағынадағы сөзінен туындаған ұғым. Гедонистік көзқарасты ұстанушылардың түсінуінше, адамның бұл өмірге келгендегі ең басты мақсаты -- өмірдің қызығына бату, ләззат алу.
Эвдемонизм -- көне грек этикасының басты сипаттамасы. Себебі сол кезеңнің қай ойшылын алып қарасаңыз да, оның өмірлік маңызды мәселе деп ұққаны -- адамның бақытқа жетуі.
Этика термині ежелгі гректердің этос сөзінен шыққан. Этика Грек тілінен аударғанда Әдеп дегенді білдіреді.
Алғашқыда этос сөзі бірлесіп тұру мағынасында қарастырылды, үй, адамзат, тұрғын үй, аңның апаны, құстың ұясы. Бертін келе бұл сөз аударудың салдарынан тұрақты құбылыстың табиғаты, күнделікті, адамгершілік, мінез құлық деген мағына береді.
Алғашқыда этика, мораль, адамгершілік терминдері бірдей мағына берді. Уақыт өте келе жағдай өзгерді. Мәдениеттің даму барысында, шындығында, әсер ету шегінде этика білімнің әр түрлі аясы негізінде әр түрлі түсініктер қалыптасты: этика шегінде білімнің сәйкес тармағында, ғылым ал мораль мен адамгершілік шегінде оның оқытылатын пәні қарастырылады.
Мораль мен адамгершіліктің түсінігін қалыптастыру үшін әр түрлі шаралар пайда болуда. Гегельдің пікіріне сәйкес мораль шегінде жасалған әрекеттердің субьективтік аспектісі ретінде қарастырылады, ал адамгершілік шегінде - әрекеттердің өзі және олардың объективтік толықтығы қарастырылады.
Этика - мораль және адамгершілік туралы ғылым. Этика терминін философияға алғаш енгізген адамзаттың Ұлы ұстаздарының бірі - Аристотель.
Этика деп - этикалық ізгіліктерді зерттейтін ғылымды айтқан. Ол бойынша адам бойындағы ізгіліктер екі негізгі түрден тұрады:
1. Этикалық ізгіліктер.
2. Дианоэтикалық ізгіліктер.
Этикалық ізгіліктер адамның мінез-құлқына, күш-қуатына байланысты болады. Олар мыналар: жомарттық, батылдық, шыншылдық.
Дианоэтикалық ізгіліктер адамның ақыл парасатына байланысты дүниелер. Олар мыналар болып есептеледі: Ақыл мен парасат.
Этиканың негізгі зерттейтін пәні Мораль болып табылады. Ол адамзатпен бірге бірігіп этиканы құрайды.
Адамгершілік - адамгершілік құлық жеке адамның қоғамда өмір сүре алатын басқалармен қарым - қатынаста болатын қабілеті. Ол адамдардың ішкі дүниесінің көрінісі.
Ал мораль өзінің мәні жағынан жеке тұлғамен қауымның адам мен азаматтың арасындағы ізгілік ережелерінің жиынтығы.
Сонымен, оқу пәні шегінде этика деп біз ғылымды, білім аясын, интелектуалдық дәстүрді, ал мораль немесе адамгершілік деп - бұл сөздердің синоним дарын пайналанып этиканың пәні ретінде қарастырамыз.
Этикет адам мен қоғам мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылатын адамдардың ішкі қатынастарының пайда болу процесін реттейтін өзін - өзі ұстау ережелерінің жиынтығы.
Этикет адамның сыртқы келбетінің элементі ретінде ішкі мәнімен сәйкес бола бермейді, бала күнінен дипломатиялық қатынастардың даналығын сіңіріп өскен адам өнегесіз, адамгершіліксіз, менменшіл болып қалуы мүмкін. Бірақта осындай адамның мәдениетті, тәрбиелі болуы екіталай. Өзге адамдарға деген шынайы силастықтың сыртқы көрінісінде, адамның өзіндік абыройына, көмекке әзірлігі, қолдаушылық сияқты мінез - құлықтық мазмұнға ие болғанда өзін - өзі ұстаудың сыртқы нысаны шынайы мәдениеттің элементі мен көрсеткіші болып табылады.
Адамның өзін - өзі ұстауында сыртқы және ішкі бірлігі екі жарым мың жыл бұрын мінез - құлықтың алтын ережесінде, Басқалардың өзіңе қандай қарым - қатынаста болсын десең, басқаларға да сондай қарым - қатынаста бол дегенді білдіреді. Біз бұл қағиданы Конфуцидің ілімінде, ежелгі индия эпосы Махабхараттан және Библиядан да кездестіреміз. Өзіндік абыройын сезіну адамның өзін - өзі бағалауын бекітетін этиканың негізі болып табылады. Адамдарға қатысты әдептілік, шынайылылық, табиғилық, ілтипаттылық (этиканың маңызды кредосы) қарым - қатынастағы мәнерлілік пен жалғандылықты айыптайтын этиканың маңызды кредосы.
Көбінесе қазіргі заманғы этиканың мінез - құлықтық шарттастығы жақсы мәнер мен өзін - өзі ұстау ережелерін зеріккен мырзалар немесе әлеуметтік топтардың назымен қалыптасқан жоқ, ал адамдардың объективті қажеттіліктерін реттеп, жоғарылатудың күшімен, өзін - өзі құрметтеуге, басқа адамдардың қадірлеуі мен тануы, қарым - қатынас пен бауырмалдылықты әлеуметтік қамсыздандырып, оларды жылы және адами ету болып табылады. Әсіресе, бізге бұл қажеттілік қазір қоғамымызды менмендік пен бөлектенушілік меңзегенде аса қажет, ал альтруизм ұғымы келмеске кеткен сияқты.
Қазіргі заманғы жеке әлеуметтік топтардың кәсіби ерекшеліктері мен қоғамның кейбір өмірлік қызметінің аясындағы кәсібилік сияқты өмірлік жағдайлардың ерекшелікреімен айқындалатын этикеттің әртүрлі нысандары. Сондықтан, бүгінгі күні этикетті кәсіби, қызметтік, ғылыми, медициналық, дипломатиялық және т.б. түрлерге бөледі.
2. Этиканың қалыптасуы мен даму кезендері.
Этика ғылым ретінде ежелгі Грецияда қалыптасқан. Этиканың негізгі элементтері Платонның, Аристотельдің еңбектерінде кездеседі.
Этика Ежелгі Грецияда философиялық ғылым ретінде пайда болған екен. Ежелгі Греция құл иеленушілік мемлекет болған еді. Сондықтан ол Ежелгі Грецияда орнаған әлеуметтік теңсіздікті қалыпты жағдай екендігіне сенімді болды. Мысалы: Аристотель әрбір осы Ежелгі Грециядағы адам белгілі бір Полистің мүшесі болу керек деп білді.
Полистің мүшесі емес құлдарды ол адам қатарына қосқан жоқ еді.
Аристотель Этикасында Құбатөбел, немесе Алтын орта ұстанымы ізгіліктерді анықтаушы маңызға ие болды. Өиткені Аристотельдің айтуынша екі шеткі күйлердің ортасын таба білгенде ғана адам ізгілікке жетеді - деген екен.
Мысалы: Жомарттық малшашпақ пен дүниеқоңыздықтың орта шені, Батылдық, Көзсіз батылдықпен Қоянжүрек қорқақтықтың дәл ортасы.
Жалпы Антикалық этикаға байланысты оған тиесілі ең негізгі 3-мұрат бар.
1. Адам мен Полис бірлігі.
2. Адамның құдіретіне өзін-өзі жетілдіру қабілетіне мейліншесену.
3. Эвдомоманы яғни бақытты адам мұраттарының ең биік шыңы деп тану.
3. Қазіргі этика теориялары.
Қазіргі этика адамзат тарихының ежелгі кезеңімен өте тыгыз байланысты. Қазіргі кезде этиканың ең басты пәні Мораль.Ол күнделікті этикетпен тығыз байланысты.
Коптеген философиялық,теориялық пәндермен салыстырғанда этиканың категориялары күнделікті тілде кең пайдаланылатын сөздерден тұрады.Олар: Достық,Махабат,Жомарттық, ізгілікпен пен зұлымдық,ұят,абырой,парыз, Әділеттілік бақыт.
Қазіргі нарықтық эканомика жағдайында іскерлік қажетті қасиеттердің біріне айналып отыр. Іскер деп - нарық экономикасына әбден бейімделген өз ісін жетік білетін адамды айтады. Іскерліктің маңызды ұстанымына Сенім жатады.Әріптес адамдар арасында сенім болмай іс оңға баспайды.
Жалпы сенім - адамдардың қарым-қатынасын мүмкін ететін фактор.
Әдеп - қазіргі этиканың маңызды ұстанымы болып табылады. Әдеп амандасудан басталады.Қазіргі кездегі этика халықаралық қарым-қатынаста ереже ретінде кең қолданылады. Мысалы Мемлекет және Үкімет басшылары, Министрлер, Елшілер кездесу өткізгенде белгілі-бір әдеп ережелерін сақтай отырып кездесу жүргізеді. Қазіргі кезде дін,құқық, өнер сияқты Моральда қоғамдық сананың бір формасына айналды.Көптеген ерекшеліктермен қатар Мораль басқа қоғамдық сана формасымен тығыз байланыста дамиды.
Қазіргі біздің қоғамда Этика дін мен де тығыз байланысты.Мысалы: Исламның этикалық тұрғыдан қарастырған өлшемдері Мораль нормаларына да қатысы бар. Өйткені Ислам діні қазіргі кезде әділеттілікті,бейбітшілікті кеңінен марапаттайды.
Қазіргі этика күнделікті адамдар арасында кеңінен этикет түрінде қолданылады.
Мысалы: Бақыт дегеніміз бұқара санасында бақытқа мынадай 4 түсініктеме берілген.
1. Бақыт дегеніміз - жолы болып жұлдызы жаңғандық.
2. Бақыт дегеніміз - Қуаныш, Ләззат және жан қызығы.
3. Бақыт дегеніміз - Ең жоғарғы ізгілікке қол жеткізу.
4. Бақыт дегеніміз - өз-өзіңе,жалпы өмірге көңілі толған төрт құбылаң түгелдік күйі.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлікуниверситеті

Мәнжазба
Тақырыбы: Заңгердің кәсіби этикасының заты, міндеті, ерекшелігі.

Орындаған: Кубаева М
Құқықтану 203
Тексерген: Мұсаев Б
Магистр,оқытушы

Ақтөбе 2020
Құқық қоғау органдарының қызметі әр кезде қоғамның ерекше назарында болады, ол қандай жағдайда болса да бәрінің қызуғышылығын тудырады, себебі оның нәтижесі азаматтар, қоғам мен мемлекеттің қауіпсізідігін қамтамасыз етуіне әсерін тигізеді. Құқық қорғау органдарының қызметі ерекше мақсаттармен туындаған көптеген ізгілік мәселелерімен қатар журеді осында құқық қорғау органдарының алдына қойған мақсаты құқықбұзушылықпен күрес жүргізу амалдары ерекше орын алады. Бір жағынан құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне берілген құзырет азаматтардың құқықтарын құқықтық қорғаумен қатар, адамгершілік тұрғысынан қарауды міндеттесе, екінші жағынан қызметтік міндетті жүзеге асыруды негіздейді. Қай тұрғыдан қарасақ та, құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен ізгілікті, яғни кәсіби этиканы талап етеді.
Ізгілік қатынастарымызды жетілдіру міндеттерін - моральдық тәрбиелеудің тәжірибеде бар жетістіктерін теориялық тұрғыдан жалпыламай, өмірдің жаңа құбылыстарының барлығын ғылыми тұрғыдан зерттемей шешу мүмкін емес. Оларды тұтастай алғанда этиканың дамуына сүйенбей шешу де мүмкін емес. Сондықтан, этикалық зерттеулерді кеңейту және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этика ұғымы және оның заты туралы
Этика санаттары
Басқару еңбегінің мәдиниеті мен этикасы
Кәсіптік этиканың теориялық-методологиялық негіздері
Басқару еңбегінің мәдениеті мен этикасы жайлы
Басқару еңбегінің мәдениеті мен этикасы
Этика түсінігі және оның заты
Этика ұғымы және оның заты
Этиканың құрылымы
ЗАҢГЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫ
Пәндер