Дидактика пәні, міндеттері. Дидактиканың дамуына үлес қосқан ағартушылар туралы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Ақтөбе гуманитарлық колледж

Мәнжазба

Тақырыбы: Дидактика пәні, міндеттері. Дидактиканың дамуына үлес қосқан ағартушылар.
Дайындаған: Оспанқызы С
Тексерген: Булебаева Р.Т

2021-2022 жж

Жоспар.
І Ыбырай Алтынсарин
ІІ Ыбырай Алтынсарыұлының өз заманына сай ақындық өнерді меңгеруі
ІІІ Ыбырай Алтынсариннің қазақ əдебиеті тарихынан мəдениетті прозашы ретінде елеулі орын алуы
VI Алтынсарин аудармаларының мысал жанрының қалыптасуына негіз болуы, қазақ əдеби тілінің дамуына жол ашуы
V ҚОРЫТЫНДЫ

Ыбырай Алтынсарин
1841-1889
Қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы, жаңашыл педагог, жазушы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин Қостанай облысының Затобол ауданында туған. Әкесі Алтынсары ерте өлген. Ыбырай атасы Балқожа бидің тәрбиесінде болған. Атасы Ыбырайды Орынборда ашылмақ орыс-қазақ мектебіне жаздырып қойыпты. 1850 жылы сол мектеп ашылғанда түскен 30 қазақ баласының бірі - Ыбырай болған.
Патша үкіметінің көздегені осындай мектептер арқылы жергілікті әкімшілік орындарға қазақтың өзінен миссионер қызметкерлер әзірлеу еді. Сондықтан оқушылар патшаның отаршылдық саясаты рухында тәрбиеленуге тиіс болды. Бірақ жасынан-ақ зерек Алтынсарин бұл мектептің оқу жүйусіне қанағаттанбайды, дүние жүзі әдебиеті классиктерінің - В.Шекспирдің, И.Гетенің, Д.Байронның, А.Пушкиннің, Н.Гогольдің, М.Лермоновтің, И.Крыловтың, Ә.Фирдаусидің, І.Низамидің, Ә.Науаидің тағы басқалардың шығармаларын өздігінен оқыды.
Ыбырай Алтынсарин 1857 жылы мекткпті өте жақсы деген бағамен бітірді. Содан кейін ол екі жылдай өз елінде тілмаш болды. 1859 жылы Алтынсарин Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып аусады. Сол жерде шекаралық комиссияның председателі, белгілі шығыс зерттеушісі, ғалым, профессор В.В.Григорьевпен танысады. Атасы Балқожаны жақсы білетін және сылайтын Григорьев Ыбырайға аса ылтипатпен қарап, қзінің бай кітапханасын пайдалануға оған мүмкіндік берген. Оның кітапханасынан әдебиет, тарих, философия кітаптарын оқиды. Және дүние жүзі ағартушыларының еңбектерін, ұлы адамдардың өмірі туралы кітаптарды көп оқыған
Алтынсарин өз халқын жоғары бағалған, оны жантәнімен сүйген, оның патриоты болған. Ильминскийге жазған бір хатында Қазақ даласын үш жыл аралағанда қазақтар тапқыр, ақылды, қабілетті, бірақ білімсіз халық екен дегеніңіз әбден дұрыс. Қазақтарды оқыту бастықтардың ойына кіріп шыңпайды. Бекінңстерде училищелер салудан гөрі үйінің, онсыз да қып-қызыл шатырын сырлауды, онсыз да аппақ қабырғаларын ағартуды артық санайды, -- деп жазды.

1860 жылы Алтынсаринге облыстық басқарма Орынбор бекісінде Торғайда қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды тапсырды. Өзін осы мектепке орыс тәләнен мұғалім етіп тағайындайды. Осындан бастап Алтынсариннің ағартушылық-педагогтік қызметі басталады. Бірақ мектеп үйі, оқу құралы қаражат болмайды. Облыстық басқарма мектеп ашуға салқын қарайды. Бірақ Алтынсарин бұған мойымайды. Ауылды аралап, халыққа мектептің пайдасы туралы әңіме жүргізеді. Жұрттың оқуға ынтасын арттыру үшін біраз балаларды өз үйінде оқытады. Халықтан жиналған қаражатқа мектеп үйін салғызады.
Ыбрайдың арман еткен мектебі тек 1864 жылы ашылады. Осыған байланысты үлкен той болады. Мектеп жанынан интернат ашылады.
Алтынсарин өзінің ардақты борышы - балаларды оқыту деп түсінді. Мен қазақ жастарының классикалық гимназияларда, ауыл шаруашылық академияларында оқып білім алуын, өз халқына қызмет етуін, жаңалықты іс жүзінде көрсете білуін жоғары мұрат деп білемін,- деп жазды ол. Баланы оқыту, тәрбиелеу жұмысына Алтынсарин дүние жүзі педагогика классиктерінің Я. А. Каменскийдің, К.Д.Ушинскийдің, Л.Н.Толстойдың тағы басұалардың гуманистіқ идеяларын басшылыққа алады.
Ы.Алтынсарин Петербург, Қазан қалаларына барды. Орыстың ағартушылық жүйесін, орыс ағартушыларының еңбектерін зерттеді. Өзі де қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. Орынборда 1879 жылы Алтынсаринның тұңғыш оқу құралы Қазақ хрестоматиясы шықты. Бұл құралды орыс алфавиті негізінде жариялады.
Алтынсарин Қазақ хрестоматиясын балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырды. Олардың бірқатарын өзі жазды.
Алтынсарин -- әрі педагог, әрі ақын, әрі жазушы, әрі аудармашы және публицист. Әдебиет саласандағы негізгі еңбегі балаларға арналған. Алтынсарин - балалар әдебиетінің атасы.
Ыбырай Алтынсариннің жазушылық қызметі ХІХ ғасырдың 60-70-жылдарында қазақ халқының өмірінде болған тарихи-əлеуметтік үлкен өзгерістермен сабақтас, солармен тікелей байланысты. Ол өзінің əдеби шығармаларымен тіршіліктің өзекті проблемаларын көтеруге батыл бет бұрды.
Ұлы педагог-ғалым қазақтың жазба əдебиетінің, əдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі болды. Əдебиетке тың тақырыптар, озық ойлар енгізді.
Шиеленіскен тартыстар, соны бейнелер, бұрын болмаған жанрлар арқылы əдебиетті мазмұн жағынан ғана емес, түр жағынан да өркендетті. Қазақ даласының сұлу табиғаты, ұшан-теңіз байлығы, еңбек пен еңбек адамдары туралы əсем лирикалық өлеңдер, қысқа да əсерлі əңгімелер, сол кездегі қоғам өмірінің сан алуан жайларын шебер сипаттайтын публицистикалық мақалалар жазды. Оның шығармаларында философиялық пайымдаулар мен тұжырымдар молынан келтірілді. Орыс тіліндегі балаларға арналған көптеген еңбектерді қазақ тіліне жеңіл аудара білді. Сөйтіп, ұлтымыздың халық ағарту саласында көп еңбек етті.
Ыбырай Алтынсарыұлының өз заманына сай ақындық өнерді меңгеруі
Қазақ поэзиясында Ы.Алтынсарин несімен ерекшеленеді дейтін болсақ, ең бастысы, асыл сөздің негізгі міндетін орындап, өлеңдерін оқыған адамның жанына қажетті рухани білім бере білгенінде. Ол халықтың дəстүрлі өлең үлгілерін жаңашылдықпен түрлендіріп, байытты.
Ыбырай Алтынсарыұлының өлеңдері көп емес. Бірақ қай-қайсысында да ғибрат бар. Ақынның өлеңдерінде өнер, еңбек, кəсіп, адалдық, адамгершілік идея, отырықшылыққа байланысты тұрмыс жаңалықтары кең көтеріліп, еуропалық мəдениет үлгісі уағыздалды. Өмір мəселелері кейіпкерлер əрекеттері арқылы ашылды. Ыбырай мен Абай қазақ əдебиетінде жыл мезгілдерін өз алдына тақырып етіп жырлаған жаңашыл лирик ақындар болды.
Үміт еткен көзімнің нұры балам ... атасы Балғожа бидің оқудағы немересі Ыбырайға жазған хаты осылай басталады. Бұл өлең-хат қазақ баласының тұңғыш оқу кітабы Қазақ хрестоматиясында жарияланды. Балғожа бидің жазған хаты тек Ыбырайдың ғұмыр мұратының ғана арқауы емес, бар қазақ баласына ықпалы жайылған жəдігер болды [1; 8]:
Үміт еткен көзімнің нұры балам,
Жаныңа жəрдем берсін құдайтағалам;
Атаң мұнда анаңмен есен-аман,
Сүйіп сəлем жазады бүгін саған.
Атаңды сағындым деп асығарсың,
Сабаққа көңіл берсең басыларсың;
Ата-анаңды өнер білсең асырарсың,
Надан боп, білмей қалсаң аһ ұрарсың.
Шырағым, мұнда жүрсең нетер едің?
Қолыңа құрық алып кетер едің.
Тентіреп екі ауылдың арасында
Жүргенмен не мұратқа жетер едің?
Ыбырай бұл өлеңді оқу жылдарында дəтке қуат, жанына медет тұтынса, ата-əжесін, ағайын- туғанын, ауыл-аймағын сағынған сəттерде есіне алып, өзіне одан күш пен жігер тапса, есейе келе оны өмірлік тұмар етіп тағынды. Өзге жастарды да оқуға, өнерге тарту мен талпындырудың ұтымды құралы ретінде пайдаланды. Өлең кейін Ыбырай хрестоматиясы арқылы мүлде өлмес қасиетке ие болып, қазақ шəкірттерінің сан ұрпағына бастапқы мақсатында қызмет етті.
Ыбырай Алтынсаринның Кел, балалар, оқылық!, Өнер-білім бар жұрттар сияқты өлеңдері оқырман қауымның жүрегіне жол тапты. Ғұлама педагог-ғалымның туындылары шəкірттерді Отанын сүюге, адамгершілікке, тəлім-тəрбиеге жетеледі. Ағартушы ұстаздың [1; 7, 8]:
Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды,
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді.
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай,
Білгендерге осылар -
Бəрі дағы анықтай.
Білмегенге танықтай,
Біз де бекер жатпалық
Осыларға таныспай.
Ат өнері білінбес,
Бəйгеге түсіп жарыспай.
Желкілдеп шыққан көк шөптей,
Жаңаөспірім достарым,
Қатарың кетті-ау алысқа-ай,
Ұмтылыңыз қалыспай! -
деген тамаша жыр жолдары жас ұрпақты тəрбиелеудегі қажетті құралдың біріне айналды.
Ұлы ұстаз балалардың оқу керектігін, оқығандардың көңіліне ықыласпен тоқу керектігін айта келіп, оқыған баланың тілегені алдынан шығып, шырақ болып жағылатынына сенген [1; 5]:
Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан Іздемей-ақ табылар.
Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметін талқылағанда, оның адамгершілікке арналған мына өлең шумақтарының мəніне жету қажет [1; 12]:
Мақтанба бақыттымын деп бағыңызға,
Қартаймақ қиын сауда тағыңызда.
Іске аспай бақ-дəулеттің қалуы оңай,
Басыңнан бағың тайған шағыңызда.
Мақтанба сұлумын деп ажарыңа,
Ажарсыз адамдарды ал назарыңа!
Злиха Жүсіппенен сұлу өткен,
Тұрмаған ажар ара ажалына!
Ыбырай Алтынсариннің бір топ өлеңдері əлеуметтік мəселелерге арналған. Бұл орайда Өсиет өлеңдері [1; 9 - 11], Əй, жігіттер! [1; 15, 16] тəрізді тағы басқа туындыларын атауға болады. Ақынның мұндай өлеңдері биік адамгершілік тұрғысынан ұрлық-қарлықты, əділетсіздікті сынап, жалқаулықтың, ескі салттардың зияндылығын көрсетіп, адал еңбектің, адамгершілік қасиеттердің артықшылықтарын бейнелейді.
Əсіресе ақынның Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен деген өлеңінің мəні өте терең. Бұнда ол еңбек салтанаты мен адалдықты, шындықты жырлайды. Халқын берекесіз, жұғымсыз істен аулақ болып, игілікті еңбегімен, өз күшімен күн көруге, шындық үшін жан беруге, адал өмір сүруге шақырады. Ыбырай бұл өлеңінде əлеуметтік теңсіздікті жоюдың жолын еңбекке негізделген парасатты өмір үстемдігінен іздейді [1; 12]:
Араз бол, кедей болсаң ұрлықпенен,
Кете бар кессе басың шындықпенен!
Қорек тап бейнеттен де тəңірің жəрдем,
Телмірме бір адамға мұңдықпенен.
Адамға бір өзіңдей көзің сүзбе,
Бір əділ қазнасы кең патшаңды ізде!
Қорексіз еш пендесін қалдырмайды,
Жаратқан бір тəңіріңнен күдер үзбе!
Ақын Əй, достарым! деген өлеңінде [1; 14, 15]:
Əй, достарым, жігіттерім,
Болмасқа болушы болма,
Қолыңнан келсе, қыл қайыр, Кісіден алушы болма...
Ақылсыз достан -- ақылды дұшпан артық,
Дұшпаныңнан бір сақтан!
Сырты майда, іші қан,
Ел ішінде жар-жора,
Достарыңнан бір сақтағанда, мың сақтан! -
деп, қайырымды, кеңпейіл, адал азамат болуға шақырады.
Ақынның Əділдік көрмегені үшін бір төреге айтылған сөз атты өлеңінде [1; 19] былай делінген:
Оразаның түбіне мақсым жетер,
Азған елдің түбіне тақсыр жетер.
Əділдіктен хан тайса наным кетер,
Жылай-жылай жарлының малы кетер.
Ай, тақсыр, бұл дүние өтер-кетер,
Мал иесі де артыңнан қуып жетер.
Жарлылар да бір табар əділ қазы,
Таразылы күн болса арыз етер!..
Осы туындыдан байқайтынымыз, Ыбырай Алтынсарыұлының өлеңдері асыл сөзбен жазылған мұсылмандықтың тұтқасы болып табылады.
Ағартушы ақын бала тəрбиесіндегі ананың еңбегіне ерекше мəн берді. Ана махаббатын терең сезіммен жырлады. Сол арқылы баланың ата-ана алдындағы перзенттік парызын есіне салатын ғибратты сөздер, пайымды ойлар айтты. Əйелді отбасының құты деп, əспеттеп-құрметтеген.
Ы.Алтынсарин Ананың сүюі деген өлеңінде [1; 19, 20] ананың балаға деген шексіз махаббатын, ынтызарлығын былайша паш еткен:
Кім сендерді, балалар, сүйе-тұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күйе-тұғын?
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүре-тұғын.
Кім сендерді, балалар, тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең?
Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.
Кім сағынар сендерді келгеніңше,
Құлындарын көзімен көргенінше?
Сендер қайтып келгенде адам болып,
Еш арманым болмас дер өле-өлгенше.
Ы.Алтынсариннің табиғат туралы жазған өлеңдері оның ақындық шеберлігін танытады. Өзен,Жаз сияқты пейзаждық шығармалары Ыбекеңнің нағыз талантты ақын болғанын көрсетеді. Мысалы, Ыбырайдың Өзені табиғат суретін тамаша бейнелейді [1; 18]:
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сəуле беріп жарқыраған.
Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған.
Көңілің суын ішсең ашылады,
Денеңде бар дертіңді қашырады.
Өксіген оттай жанып жануарлар,
Өзеннен рақат тауып басылады.
Қынарда тілсіз тұрған тоғайлары
Шуылдап желмен бірге бас ұрады...
Бұл туындыда суға толы өзеннің ағысы өмір сырын бейнелейді. Тынымсыз ағып, адам, жан- жануар біткенге өмір нəрін ұсынады.
Ыбекеңнің бірде ауылға келіп демалғанында шығарған Жаз атты өлеңі [1; 16 - 18] бар. Онда қазақ жайлауының классикалық сұлу көрінісі былай бейнеленген:
Сəуірде көтерілер рақмет туы,
Көрінер көк жүзінде қаз бен қуы.
Көктен жаңбыр, таулардан сулар жүріп,
Жайылар жер жүзіне қардың суы...
Ұшпақтың бір сəулесі жерге түсіп,
Өсірер жерден шөпті нұрдың буы!..
Жақындар құдайымның көктен күні,
Тең болар жарлықпенен күн мен түні.
Аспаннан рақымменен күн төнгенде
Қуанып қыбырлайды ыныс-жыны.
Ұйқыдан көзін ашқан жас балаша,
Жайқалып шыға келер жердің гүлі.
Ыбырай Алтынсарыұлы осы шығармасында өзінің басты ұстанымын алға тартады:
Адамзат сайран етер көңілі жай,
Секіріп ойын салар құлын мен тай.
Қой маңырап, сиыр мөңіреп шат болады,
Тасиды күркіреп өзен мен сай.
Аяғын алшақ басып түйе шығар,
Жаратқан мұнша таңсық жаббар Құдай!
Кеш болса күн қонады таудан асып,
Шапаққа қызыл алтын нұрын шашып,
Аһ ұрып шүкірлікпен құшақтасар
Рақатпен кеш уақытында неше асық...
Боз үйден таң алдында күйеу шықса,
Артынан қарар жары жүзін басып.
Құдайға шүкір етер жас пен кəрі,
Бердің деп жанға рақат мұндай дəрі!
Жын-айуан, адамзат, құрт-құмырсқа
Разылық бір Құдайға асар зары.
Қырда орман, жер жүзінде бəйшешектер,
Шуылдап шүкір етер мұның бəрі!
Сонымен, ақын бұл еңбегінде табиғат пен тіршілікті, аспан мен жерді, ай мен түнді, тау мен орманды көріп-сезіну үшін білім керек екенін есімізге салады.
Ағартушы-педагогтың ХІХ ғасырда айтылған [1; 6]:
Оқу білген адамдар
Май тамызған қылыштан...
Білмегенді білуге
Есті бала тырысқан, --
деген ақыл сөзі бүгінгі ХХІ ғасырда да өзектілігін жоғалтпай отыр.
Жалпы алғанда, Ыбырай өлеңдерінің тілі қарапайым, жатық та тартымды. Олар мақал- мəтелдерге де толы. Ақын айтайын деген ойын оқушысының көңіліне құйып, қолына нық ұстатқандай əсер қалдырады.
Қорытындылай келе айтарымыз, Ыбырай өлеңдері -- тəлім-тəрбие мақсатын көздеген, дидактика сарыны басым шығармалар. Сондықтан олардың көпшілігіне публицистика стилі тəн деуге болады.
Ыбырай Алтынсариннің қазақ əдебиеті тарихынан мəдениетті прозашы ретінде елеулі орын алуы
Ы.Алтынсарин қазақ прозасының еуропалық шағын түрін қалыптастырды. Бұл жанрдың сырын ашты. Көркем əңгіме, новелла жазудың жақсы үлгісін көрсетті. Сондықтан қазақтың жаңа үлгідегі көркем прозасы Ыбырай əңгімелерінен басталады деу орынды.
Ыбырай əңгімелерін үш топқа бөлуге болады: оның бірі -- новелла; екінші тобы -- ауыз əдебиетінде қалыптасқан ертегі-аңыз үлгісіндегі əңгіме; үшінші тобы -- шағын көлемді мысал үлгісіндегі өнеге сөздер [2].
Мазмұны жағынан Ыбырай əңгімелері өз кезінің келелі мəселелерін қамтыған. Ғұламаның шығармаларының барлығы дерлік оқырманын адамгершілікке, кішіпейілділікке, еңбек-сүйгіштікке, əділдікке, жақсылыққа, өнерпаздыққа, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дидактика пәні, міндеттері. Дидактиканың дамуына үлес қосқан ағартушылар
Орта мектепте физиканы оқытудың негізгі дидактикалық принциптері
Дидактиканы оқытудың жеке заңдылықтары
Оқу процесінің мəні жəне дидактика жөнінде
Қысым жасамай оқыту
Оқу процесінің мəн-мағынлары
Дидактикалық ойын арқылы қазақ тілі пәніне қызығушылығын арттыру
Ян Амос Коменскийдің дидактиканың негізін салушы
Ы. Алтынсариннің дидактикаға қосқан үлесі
Оқытудың жеке, нақты заңдылықтары
Пәндер