Кеңестік қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дағдарысы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірлігі
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Жаратылыстану факультеті
105 Б-тобы

Тапсырма-7

Тақырыбы: Кеңестік қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дағдарысы.
Дайындаған: Турдымуратова Ш.П
Тексерген: Тойшубекова Ж

2020-2021ж
"Тоқырау" кезеңі дейтін 1971-1985 жылдар аралығында Қазақстан экономикасы бұрынғысынша техникалық прогреске қабілетсіз, қарабайыр әдіспеналға басты. Бұл жылдары өнеркәсіпті өркендетуге 40,8 млрд. сом немесе халықшаруашылығына бөлінген барлық қаржының 32 пайызы жұмсалды. Негізгіөндірістік қорлар 3,1 есе артып, оның ішінде химия және мұнай-химиясында6,5 есе, машина жасауда 4 есе, отын өнеркәсібінде 3,8 есе өсті. 15 жылішінде өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі екі есе, ал машина жасау, химияөнеркәсібі сияқты салаларда үш еседен астам артты. Энергетикада электрқуатын өндіру одан ары шоғырланып орталықтандырылды. 1975 жылыреспубликаның барлық кәсіпорындары дерлік бір орталықтан энергияменжабдықталды. Шевченко қаласында шапшаң нейтронға негізделген, дүниежүзіндегі аса ірі атом реакторы жұмыс істеді. Минерал тыңайтқыштар шығарутоғызыншы бесжылдықта 1,8 есе, сары фосфор өндіру 2,5 есе көбейді. Машинажасау және металл өңдеу саласындағы өсудің жылдық орташа қарқыны 12 пайызғажетті. Бұл көрсеткіштер оныншы және он бірінші бесжылдықтарда да кеміген жоқ.1980 жылы 250-ге жуық кәсіпорын, ірі өндірістер мен цехтар қатарға қосылды,өндірістің жаңа салалары пайда болды. Дегенмен, осы жылдарда КСРО бірыңғайхалық шаруашылығы жүйесіне әбден кірігіп кеткен Қазақстан экономикасықалыпты да қарқынды дами алған жоқ. Республика өнеркәсібінің жартысынажуығы одақтық министрліктің қарамағында болды. Одақтық ведомстволарреспубликадан шикізат ресурстарын сорып алып, аса зор пайда тапты. Бірақ,олар Қазақстан бюджетіне инфрақұрылымды дамытуға қаржыны жұмсамады депайтуға болады. Олар өз қарауындағы кәсіпорындар арқылы жылына 15 млрд. сомжалпы табыс алып отырса да, республикалық бюджетке бар болғаны 31 млн. сомнемесе 1 пайыздан аз қаржы аударды. Міне, осындай және тағы да басқасебептермен байланысты өнеркәсіп өнімінің кейбір түрлерін өндіру жөніндегіжекешелеген экономикалық көрсеткіштер бойынша жоспарлық тапсырмаларорындалмады. Өндірісті жоспарлауда кемшіліктер орын алды, жаңа өндірістікқуаттар кешігіп іске қосылды. Жоспарлық, технологиялық және еңбек тәртібінбұзушыларға жол берілді, ғылым мен техниканың жетістіктері өндіріскежеткілікті дәрежеде тез енгізілмеді. Осының әсерінен, республика өндірісорындары мемлекетке 1981 жылы 760 млн. сом, 1982 жылы - 1,0 млрд., 1983жылы - 1,3 млрд, 1984 жылы -1,65 млрд. сомға жоспарлы өнімді берген жоқ.Сонымен бірге өндіріс тиімділігі мен өнім сапасын арттыруда, ғылыми-техникалық дамуда, қазіргі заманғы техника мен технологияны игерудееліміздің капиталистік мемлекеттерден кейін қалуы күшейе түсті. Бұл жылдарда жалпы өнім көрсеткішін қуалай өсіру ауыр өнеркәсіптенегізгі мақсатқа айналды. Күрделі құрылыста да солай болды, мұнда жұмыстыатқарудың ұзақ мерзімге созылуы салдарынан ұлттық байлықтың едәуір бөлігіістен шығып қалып жатты. Қымбатқа түсетін, жоғары ғылыми-техникалықкерсеткіштерге жетуді қамтамасыз етпейтін объектілер салынды. Бірақ, осығанқарамастан республиканың басшылығы партияның кезекті съездерінде елдегі іріөнеркәсіп орнының, шахтаның, мұнай кәсіпшілігінің, комбинаттардың,зауыттардың қатарға қосылғаны туралы зор жігерленген рухта есеп беріпотырды. Еңбекті, материал мен ақшаны көп жұмсаған қызметкер немесекәсіпорынның көрсеткіші жоғары бағаланды. Республика ілгерілеу қарқынынанайырыла бастады, шаруашылықтың және мәдениеттің барлық саласында іркіліскөбейіп, қиыншылықтар үсті-үстіне жинақталып, шиеленісе түсті, шешілмегенпроблемалар көбейді. IX бесжылдықта жоспарды күрт төмендетіп отырса да, өнеркәсіп көлемі12,6 пайызға орындалмады. Оныншы бесжылдық - 25 пайызға, он бірінші - 3,6пайызға орындалған жоқ. Соның салдарынан IX, X, XI бесжылдықтардың ішіндеұлттық табыстың өсу қарқыны баяулап, 80-ші жылдардың бас кезіндеэкономикалық тоқырауға жақындатқан деңгейге дейін құлдырады. Мысалы,республика ұлттық табысын 60-70 пайызға өсіру міндеті қойылса да, ол ісжүзінде 36 пайызға ғана орындалды. Республиканың көптеген шаруашылыққызметкерлері ұлттық байлықты молайту қамын ойламай, қайта белгілі бірсалаға материал мен еңбекті, жұмыс уақытын көбірек жұмсап, оны қымбатырақбағаға өткізуге әуестенді. Осының салдарынан өнімнің "жалпы саны" болды,бірақ тауарлар жетіспеді. Қазақстан дамыған басқа елдерге қарағанда өнімніңбір өлшеміне шикізатты, энергияны, басқа да ресурстарды едәуір көп жұмсады.Мәселен, АҚШ пен Жапонияны алсақ, өнімнің бір өлшеміне бізге қарағандашикізат пен энергияны 30-40 пайыз кем пайдаланды. Қазақстанның бай табиғижәне еңбек ресурстары басшы кадрларды дандайсытып жіберді. Елдің эко-номикасының ондаған жылдар бойы экстенсивті жолмен дамығаны көбінесе дәлосы себептен еді. Өндірісті сан жағынан басымырақ өсіру идеяларында тәрбиеленгенреспублика басшылығы бұл қарқынды тоқтатуға тырысты, бірақ көбінесе үсті-үстіне жаңа шығындар жұмсау әдісімен әрекет жасады, отын, энергетикасалаларын ұлғайтты, өндіріске табиғи ресурстарды жеделдете тартты. Мысалы,Маңғыстауда өндіретін мұнайдың және онымен қосылып шығатын газдың тек қана8-10 пайызы пайдаланылды. Аса ірі кәсіпорындар салу арқылы шикізат салаларын дамытуға бағытұстау ғылыми прогресс арқылы өркендейтің ондірісті тежеді, өңдеу, қайталапөңдеу, жаңа тауарлар шығару салалары баяу дамыды. Өндірістің теңестірілмеуі, нұсқау арқылы басқарылуы жағдайында жылдық,тоқсандық және айлық тапсырмаларды өзгертіп отыру үйреншікті іске айиалды.1981-1985 жылдары Қазақстанда әр түрлі министрліктер мен ведомстволардыңжоспарлары 300-ден астам рет өзгертілген. Күрделі құрылыста "сақалды"объектілер берік орын алды, жоспарлы құрылыстардың орнына жоспардан тыскөптеген құрылыстар салынды, бітпеген объектілерді пайдалануға беру, қосыпжазу, құрылыс материалдарыи талан-таражға салу көбейді. 70-жылдардақұрылыста бригадалық-мердігерлікті дамыту қозғалысы басталды. Оныңнегізінде жұмысшылардың өндірісте ресурстарды пайдалануда тәртіп орнату,еңбекақы төлеуде теңгермешілікті жою, неғұрлым көбірек дербестік алужолындағы ұмтылысы жатқан еді. Бригадалық мердігерлікті соз жүзінде бәріқолдады және насихаттады, ал іс жүзінде мердігерлік әдіс көптеген нұсқауларарқылы жоққа шығарылды. Бұл кезде Қазақстанда экономиканы дамытуда интенсивті жолға көшу жәнеғылыми-техникалық прогресті өрістетуге бағыт алынды. Қызықты идеялар менұсыныстар аз болған жоқ, жаңашылдар мен өнертапқыштардың саны көбейді, тек1981-1985 жж. жаңашыл ұсыныстар берген авторлардың саны 818,8 мың адамғажетті. Алайда, олар өндіріске ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктеріненгізу практикасында аз ықпал жасады. Көптеген кәсіпорындарда өндірістіңбүкіл процесі емес, тек жеке учаскелері ғана автоматтандырылды, немесекомплексті механикаландырылды. 80-ші жылдардың орта кезінде өнеркәсіптегіжұмысшылардың үштен бірі, құрылыста жартысынан астамы ауыр қол еңбегінатқарды, олардың творчестволық белсенділігі төмен болды. Кәсіпорындардасоциалистік жарысты ұйымдастыру формальды сипат алды. Ресми мәлімет бойыншабұл жылдары жарысқа жұмысшылардыц 90 пайызы қатысқанымен, мұның өндірістіңқосу қарқынына, еңбек өнімділігіпе, өнімнің сапасын жақсартуға, өндірістіжетілдіругс ықпалы болған жоқ. Өндірісте немқүрайлылық, салақтық, ынта-жігерсіздік тағы басқа да келеңсіз көріністер үйреншікті әдетке айналды.

2. Қазақстан ауыл шаруашылығының дамуындағы қайшылықтар мен қиындықтар
Тоқырау кезеңін қамтыған үш бесжылдық аралығында ауыл шаруашылығын1965 жылдан басталған реформалау әрі жалғастырылды. Аграрлық салаға қаржыныкөптеп болу, селоның әлеуметтік проблемаларын шешу, шаруашылық есептіенгізу, ауыл шаруашылық өнімдерінің сатып алу бағасын арттыру шараларыбелгіленді. Осы бағытта тек 1971-1978 жж. ауыл шаруашылық саласына 58,2млрд. сом бөлінді. Мұның нәтижесінде 1985 ж. дейін пегізгі егін шаруашылығыжұмыстары - жер жырту, тұқым себу, дәнді дақылдарды жинау, мал шаруашылығысаласындағы жұмыстар 75-90 пайызға техникаландырылды. Алайда, ауылшаруашылығы проблемаларын тек күрделі қаржыны көбейту арқылы шешу жолытиісті нәтиже бермеді. Аграрлық секторда аса маңызды орын алатын жердіңқұнарлылығын арттыру, электрлендіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтайтынжәне өңдейтін кәсіпорындар жеткілікті дәрежеде салынбады. Сондай-ақ селоеңбеккерлерінің әлеуметтік-экономикалық проблемалары шешілмей қалды, сөйтіпбұл салада күткен бетбұрыс болмады, нәтижесінде ауыл шаруа-шылық өнімдерінөндіру тұрақсыз болды. Егістіктің шығымдылығы азайды, мал шаруашылықөнімдерін ендіру бірқалыпты жүрмеді. Бұл кезде ауыл шаруашылығы секторының құрамында едәуір ұйымдықөзгерістср енгізіліп, колхоздардың есебінен совхоздардың саны көбейді. 1960жылы республикада 879 совхоз бен 1355 колхоз болса, 1985 жылы колхоздаресебінен совхоздар саны 2140-қа өсіп, республикада 388 колхоз қалды.Сөйтіп, меншіктің кооперативтік-колхоздық түрінің үлес салмағы едәуіртөмендеді, бірақ осыған қарамастан колхоздық меншіктің одан ары жетілуінкөруге болады. 1971-1985 жылдары совхоздардың өнімі көбеймей бір орындақалса, колхоздарда ол орта есеппен 200 мың сомға дейін өсті. Мал шаруашылығының жем-шөп базасы нығайтылды, жем-шөптік дақылдарегілетін алқаптар ұлғайтылды. Дегенмен мұның барлығы тек экстенсивтікшаруашылық негізінде іске асырылды. Атап айтқанда, жемшөптік дақылдарегілетін алқаптар сегізінші бесжылдықтағы 6678,4 мың гектардың орнына IXбесжылдықта 8824,6 мың гектарға дейін жеткізілді. 1985 жылы жоспарланған 50млн. қойдың орнына тек қана 35 млн. қой болды. Оған шопанның ауыр еңбегіненемқұрайды қарау, малды күтіп бағудағы қазақтың еңбек дәстүрін елемеу,халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан, сыннан өткен технологиясының жоғалыпкетуі үлкен әсерін тигізді. Бір айтып кететін жай, бұл жылдары мал шаруашылығын өнеркәсіптікнегізге көшіру басталды. Сондай-ақ ет және сүт өндіретін кешендер мен малсеміртетін алаңдар салынды, малды өсіріп, семіртетін мамандандырылғаншаруашылық бірлестіктері, құнажындар өсіретін фермалар құрылды. Жалпы қуаты23 мың ірі қара малды жедел өсіріп, семіртетін төрт кешен: Алматы облысыбойынша 10 мың басқа арналған "Жетіген", Шығыс Қазақстан облысында 5 мыңбасқа есептелген "Ждановский", Орал облысында 5 мың басқа арналған "Правда"газеті атындағы, Ақмола облысында 3 мың басқа арналған "Шалқар" кешендеріжұмыс істеді. Шошқа өсіріп бордақылайтын "Волынский" Қарағанды облысыкешені қатарға қосылды. 1976 жылдың ба-сына қарай 575 мың бас ірі қара мал,418 мың шошқа, 1,7 миллионнан астам қой өнеркәсіптік негізде күтіп бағылды. Бірақ осы жылдарда мал шаруашылығын дамытуда келеңсіз жағдай қалыптасабастады. Олай дейтініміз, туберкулез және бруцеллезбен ауырған мал кейбіроблыстарда 95 пайызға жеткен. 1965-1985 жылдары 4,2 млн. сиыр, 55 мли. басқой мен ешкі, 5,1 млн. шошқа өлген, ал әрбір 100 саулықтан небары 10 бұзау,30-дан аса қозы, 69 торай алынған. Азық-түліктік астық өндіру жөніненодақта алдыңғы орындардың біріне шыққан республика жыл сайын жемге арнапбасқа жерлерден миллиондаған тонна астық сатуға алып отырды. Мұнда ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу, сақтау, халыққа сату ісі бетімен жіберілді.Көліктің, элеваторлардың, қоймалар мен ыдыстың жетіспеушілігінен, жолдыңнашарлығынан жыл сайын жиналып алынған өнімнің 20 пайыздан 40 пайызғадейінгісі ысырапқа түсті. Село тұрғындарының еңбегі бағаланбай, оларқалаларға, баска жақтарға көшіп кетуге мәжбүр болды. Қаңырап қалғанкішігірім ауылдар қатары жүздеп саналды. Аграрлық сектор саласында енгізілген жаңа сатып алу бағасы көбінесеөнімнің өзіпдік құнын ақтамады, қайта зиянмен жұмыс істейтіншаруашылықтардың саны артты. Егер 1970 ж. ондай шаруашылықтардың үлес санысовхоздардың 26 пайызын, колхоздардың 4 пайызын қамтыса, 1985 ж.совхоздардың 53 пайызы, колхоздардың 49 пайызы зиянмен жұмыс істеді. Селоеңбекшілеріне еңбекақы төлеуде теңгермешілік күшейді, адамдар көбінесеақшаны жұмыстың нәтижесі үшін емес, жұмысқа шыққаны үшін алды. Еңбекте ақытөлеу оның өнімділігінің өсуінен басып озды. Республиканың жергілікті жерлеріндегі ауыл шаруашылығы өндірісінұтымды ұйымдастыру, оның тиімділігіи арттыру бағытындағы кейбір ізденістербасшы органдар тарапынан қолдау таппады. 80-ші жылдардың басындажүргізілген сансыз көп қайта құрулар, эксперименттердің, бағаның,интеграция мен мамандандырудыц жаңа түрлерін және т.б. енгізу ауылшаруашылғының берекесін кетірді. Одан болдырған ауыл шаруашылығы қатаңәкімшілік бақылауға алынып, аяғында келіп дағдарысқа кошті. Істің жағдайынжаңа шешімдср қабылдау жолымен өзгертуге тырысу елеулі нәтижс бермеді.
Радиация деген не? Радиацияның қандай түрлері бар,Қазақстан аумағына қанша көлемде күннен радиация түседі? Деген сұрақтарға жауап берейік.

Күн радиациясы Күннен шығатын сәулелі энергия.Белгілі бір уақытта 1 см жер бетіне түсетін күн радиациясы Джм мен есептеледі.Күн радиациясының Жер бетіне түсу мөлшері географиялық ендікке байланысты өзгеріп отырады.Неғұрлым оңтүстікке орналасқан сайын күн сәулесі тік бұрышпен түседі де,атмосфераны қысқа жолмен кесіп өтеді,жылуды да соғұрлым көп береді.Солтүстікке барған сайын күн сәулесінің түсу бұрышы азайып,атмосфераны ұзаз жолмен,көлбеу бұрышпен кесіп өтеді.сол себепті жылуды да аз алады.

Радиация дегеніміз-Жер бетіне түсетін күн сәулесінің 20 пайызын атмосфера кері шағылыстырад.Қалған бөлігі жер бетіне жетеді,яғни жер бетіне тура түскен күн сәулесін т у р а к ү н р а д и а ц и я с ы деп атайды.

-Күн сәулесінің біраз бөлігін атмосферадағы су булары,мұз түйіршіктері,шаң-тозаңдар,бұлттар өздеріне сіңіріп және шашыратып таратады.Мұндай жағдайда Жер бетіне ш а ш ы р а н д ы радиация жетеді.

-Жер бетіне келетін тура және шашыранды радиацияның қосындысын ж и ы н т ы қ радиация деп атаймыз.

-Жиынтық радиацияның біраз бөлігі жерге топырақ,су,қар жамылғысы арқылысіңіп жылынады,оны ж ұ т ы л ғ а н радиация деп атайды. Ал біраз бөлігін жер беті кері шағылыстырады, оны ш а ғ ы л ы с қ а н радиация дейміз.Күн радиациясының жер бетіне жетуі географиялық ендікке ғана емес,атмосфераның мөлдірлігіне және күн сәулесінің түсу ұзақтығына да байланысты

Ядролық жарылыстың өткір радиациясы дегеніміз - гамма сәулелену мен нейтрондар ағыны.

Биологиялық ұлпа арқылы өткен гамма кванттар мен нейтрондар тірі жасушылардың құрамына енетін атомдар мен молекулаларды иондандырады, нәтижесінде қалыпты зат алмасуы бұзылып, сәуле ауруының туындауына әкеп соғады.

Сәулелену мөлшеріне қарай сәуле ауруы 4 түрлі дәрежеге бөлінеді:

1) 1 дәрежелі сәуле ауруы (жеңіл түрі) сәулеленудің жиынтық мөлшері 150-250 радиан болған кезде басталады. Аурудың жасырын кезеңі 2-3 аптаға созылады, содан кейін сырқаттың күйі нашарлап, жалпы әлсіреу, лоқсу, басы айналу, температурасы көтерілу сияқты белгілер байқалады. Қанда ақ түйіршіктер азаяды. 1 дәрежелі сәуле ауруын емдеуге болады.
2) 11 дәрежелі сәуле ауруы (орташа) сәулеленудің жиынтық мөлшері 250-400 радиан болған кезде басталады. Аурудың жасырын кезеңі 1 аптаға созылады. Ауру белгілері айқын білінеді. Белсенді түрде емдесе, ауру 1,5 - 2 айда сауығады.
111 дәрежелі сәуле ауруы (ауыр түрі) сәулеленудің жиынтық мөлшері 400-700 радиан болған кезде басталады. Аурудың жасырын кезеңі бірнеше сағатқа созылады. Ауру жылдам және ауыр түрде өтеді. Сәті түссе, 6-8 айдан соң жазылып кетеді.
1V дәрежелі сәуле ауруы (жеңіл түрі) сәулеленудің жиынтық мөлшері 700 радианнан асқанда басталады, өте қауіпті болып саналады. 5000 радианнан асқан мөлшерде адам бірнеше минуттан кейін-ақ ұрысқа қабілеттілігін жояды.
Күші 1 мың т нейтронды оқ-дәрінің әуеде жарылуы кезіндегі сәулелену мөлшерінің есептік мәні.

Сәулелену тығыздығы жоғары (қорғасын, құрыш, бетон) материалдарда көбірек әлсірейді. Нейтрондар сығымы жеңіл элементті ядролары бар (су, полиэтилен) жеңіл материалдарда жақсы әлсірейді.

Өткір радиацияны әлсіретудің ең үлкен шамасына фортификациялық (бүркемеленген орлар) құрылыстар ие.

Адам ағзасына иондалған сәулелену әсерін әлсірету үшін әр түрлі радиацияға қарсы құралдар (радиопротекторлар) қолданылады.

Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі - радиациялық ластану болып қалып отыр. Радиоактивті ластанумен күресу тек алдын алу сипатында ғана болады. Себебі табиғи ортаның мұндай ластануын нейтралдайтын биологиялық ыдырату әдіс-турі де , басқада механизімдері де жоқ . Қоректік тізбек бойын-ша тарала отырып радиоактивті заттар азық-түлік өнімдерімен бірге адам ағзасына түсіп , адам денсаулығына зиянды мөлшер-ге дейін жиналуы мүмкін.

Қазақстан териториясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері жасала Адамзат тарихында бірнеше өте үлкен яадролық және атом электр станцияларында жарылыстар болды. Тек Қазақстанның өзінде семей полигоны, Капустин Яр, өте қауіпті радиациялық заттар шығаратын Байқоңыр ғарыш аймағы т.с.с.

Олар қазақстан территориясының біраз бөлігінің радиа-циялық ластануына әкелді. Шығыс қазақстан тұрғындары Хиросима - Нагасаки мен Чернобыльдан кейінгі ең үлкен иондаушы сәулелену дозасын алған. Радиациялық әсерғе бай-ланысты туған аурулар туралы мәліметтер 1989 жылға дейін құпия сақталып келді. Ресми емес көздердің мәліметтеріне сүйенсек лейкемиядан қайтыс болғандар саны ондаған мың адамды құрайды.

Қазақстан территориясында радиациялық ластану себеп-теріне мыналар жатады: Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары, радиоактивті материялдарды пайда-ланатын атомдық өнеркәсіп орындары, ғаламдық жауын-дар,халық шаруашылық маселелерін шешу мақсатында жасал-ған жер асты ядролық жарылыстар, табиғи радиоактивтілік, радиоактивті қалдықтар.

КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті.Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды.

Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. Бұл аймақта радиациялық фон 3000-4000 микрорентгенге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастар социологиясы
Жастар әлеуметтануы туралы
Кеңес Одағында тоталитарлық жүйенің қалыптасуы
Название доклада ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАҒДАРЫСТАН САНА
Ежелгі және орта ғасырлардағы Русь (ІХ ғ.-ХҮІ ғ. басы)
Саяси жүйе туралы
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы туралы
Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы ақпарат
Тоталитарлы саяси жүйе
Пәндер