Ұлттық сананың қалыптасуы және оның дамуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Ұлттық сананың қалыптасуына және оның дамуына екі тұрғыдан қарауға болады:

1. сезімдік, түйсіктік.
2. саналы теориялық.
1-сі ез елін, халқын, ұлтын сыйлайтын, сүйетін алғашқы ыстық сезімнен туса, 2-сі өз елінің, халқының, ұлтының өткенін, қазіргісін, келешегін толық біліп, тексеріп, халық тағдырына, ұлт мәселелеріне мемлекеттік, елдік, тіпті дүниежүзілік тұрғыдан теориялық ұлттық бағыт-бағдарлама тұрғысынан қарап, аңғару арқылы болатын саналы ойдан туады. Ал, ұлттық сананың жасаушысы, қолдаушысы, қорғаушысы, сақтаушысы әрқашанда ұлттық интеллигенция, ұлттық зиялы қауым халықтың тек сезімі ғана емес, ойы, санасы оянған өкілдері, артына, қазіргісіне, алдына ой жүгіртіп, көз жіберетін,
Қыранша қарап Қырымға,
Мұң мен зарды қолға алып,
Кектеніп надан залымға,
Шиыршық атып, толғанатын ұлы ойшылдар ғана ұлттық сананың негізін салып, ірге тасын қалаған. Дәл осы тұрғыдан Абай сезімтал да ойшыл, білімдар да кемеңгер. Халқының өткеніне қиналған, қазіргісіне күмәнданған, алайда келешегінен үміттеніп, шиыршық атып толғанған Абай: Осы мен өзім - қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді... Ондайым жоқ. Егер жек керсем, сөйлеспес ем, мәжілістес, сырлас, кеңестес болмасам керек еді, тобына бармай, не қылды, не болды? демей жата беру керек еді... бұлардың бәрі де жоқ... Мен өзім тірі болсам да анық тірі емеспін... Сыртым сау болса да ішім өліп қалыпты. Ашулансам, ызалана алмаймын. Күлсем, қуана алмаймын... деп, халқының қамын ойлап қиналады, қапаланады, халқының мінін, кемістігін көрсетіп, бетіне баса сынайды. Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. Жақсы менен жаманды айырмадың. Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың деп бір жағынан қатты қиналса, екінші жағынан Дүниеде еш нәрседе баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы жаз келмеуші ме еді? деп, үміттенеді.

Ойшыл ақынның ұлттық сана жөніндегі пікірін үш тұрғыдан пайымдауға болады. 1-ден, қазақ халқының ұлттық санасының қалыптаса бастауы жөніндегі ойлары; 2-ден, Абайдың өз заманындағы ұлттық сананың ерекшеліктері, қайшылықтары, белгілері туралы ойлары; 3-ден, қазақтың ұлттық санасының қалыптасуын, дамуын Абай қазақ халқының шығуымен тікелей байланыстырады. Абай Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы деген еңбегінде аталған мәселелерге ерекше тоқтала келіп, адам баласының бір саласы Үндістан тарапынан келген, олар ертерек ғылымға үйір болып, қайдан шыққандарын білгендер, екіншіден - моңғол жағынан келген; олар заманның кебін ғылымсыздықпен өткізіп, тауарларын терең білмейді... соның бірі - біздің қазақ, - деп, қазақтың сары нәсілге, оның ішінде монголоид тегіне жататынын білдіріп, қазақты өзінің тегімен таныстырады. Қазақтың ертеректе Амудария және Сырдария бойын жайлағанын, сонсоң Алатау бөктерін, Ташкент төңірегін, кейіннен Ақтабан шұбырындыға ұшырап, қалмақтардан қауырт жеңілген соң Сарыарқаға, Шыңғыс тауына ауыса көшкенін айта келіп, Қазақтың қатты өсе бастағаны Құба қалмақтың жұрты бұзылған соң, осы Сарыарқаға орныққан соң ғана болса керек, - дейді
Абайдың рушылдық санамен күресі. Абай заманында қазақ қоғамының дамуына, өсіп-өнуіне, прогреске ұмтылуына зиянды әсерін тигізген кесепат құбылыс - рушылдық сана, алтыбақан алауыздық, береке бірліктің жоқтығы, руға, тайпаға, жүзге бөлінушілік болды. Сананың жекеден жалпыға қарай даму сатыларын:
1) Аталық сана,
2) Рулық сана,
3) Ұлттық сана,
4) Әлемдік сана деп шартты түрде бөлуге болады
Ұлттық сананың ең негізгі белгісі - әр ұлттың өзін-өзі танып білуі, өзін өзге ұлттардан айыра білуі, ұлттық мақсаттар мен мүдделерді іске асыру үшін күресу, ұлттық мақсаттар мен мүдделерді бүкіл адамзаттың мақсаттары мен мүдделеріне ұштастыра білу. Өз ұлтының жетімсіздер, мешеулеу жағымен күресе отырып, ілгері дамыған ұлттардың жақсы, жағымды жақтарынан үйрену, дүн.жүз. гуманистік санаға жету. Қазақ ұлтының келешегін ойлаған Абай өзінің өмірлік мақсатын халықтың болашағымен байланыстырып, ұштастырып: Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ. Наданның көзін қойып, көңін ашпақ. Үлгі алсын деймін ойлы жас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық этникалық топтарды негізгі түрлері
Сана ұғымы
Дүниеге көзқарас түрлері
Этникалық өзіндік сана және қарым - қатынас ерекшеліктері
Жеткіншектерде этномәдени құндылықтарды қалыптастыру туралы
Психологиядағы қарым-қатынас пен этникалық өзіндік сананың теориялық негіздері
Мәдени мұра саласындағы проблеманың қазiргі жай-күйiн талдау
Ұлттық сананы қалыптастыру
Психологиядағы қарым-қатынас пен этникалық өзіндік сананың теориялық мәселелері
Саясат психологиялық феномен ретінде
Пәндер