Қазақстан Республикасының әрекеттегі Конституциясына сыртқы және ішкі талдау жасау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университет
Ақпараттық коммуникациялық технологиялар факультеті

Сөж
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының әрекеттегі Конституциясына сыртқы және ішкі талдау жасау

Орындаған: Советов Ернур
Группа: АУ-001
Тексерген: Башаева.Н

Семей 2021.

Қазақстан Республикасының әрекеттегі Конституциясына сыртқы және ішкі талдау жасау

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.
1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.
1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы -- Сенат, төменгі палаталы -- Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.
Конституция құрылымы
* I бөлім. Жалпы ережелер
* II бөлім. Адам және азамат
* III бөлім. Президент
* IV бөлім. Парламент
* V бөлім. Үкімет
* VI бөлім. Конституциялық кеңес
* VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
* VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
* IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер

Өзгертулер мен түзетулер
1998 жыл
1998 жыл
1998 жыл

1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумде қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы еліміздің іргелі мемлекеттік-құқықтық акті болып табылады. Ол адамның және азаматтың кең ауқымды әмбебап құқықтарына, еркін сайлау өткізуге, мемлекеттік биліктің біртұтастығы және биліктің үш тармаққа бөлінуі принципінің жүзеге асырылуына, жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесінің қызмет істеуіне кепілдік береді. Ол шындығында да Қазақстан қоғамы өмірінің Негізі Заңы және оның қуатты жасампаздық әлеуеті осыдан білінеді. Бұл әлеует әлі де болса толығымен жүзеге асырылған жоқ, оны біз, бәлкім, соңына дейін ұғынбасақ та керек. Конституция - жай ғана құқықтық акт емес. Негізгі Заңның кіріспесі мен баптарында ұлттық қоғам мен мемлекет өмірінің басты рухани діңгектері айқындалған. Ол Қазақстан Республикасының бүкіл нормативтік құқықтық актілерінің иерархиясында ең жоғары деңгейді иеленеді, сондықтан елімізді қабылданатын барлық заңдар мен заңға тәуелді кез келген актілер Қазақстан Конституциясына қайшы келмеуге тиіс және қайшы келе алмайды да. Республика Конституциясына сай Қазақстан халқы мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы деп танылған. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Президенттің, сондайақ өзінің конституциялық өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар. Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет болып, ел Президенті мемлекеттік биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ететіндіктен, Мемлекет басшысының осындай құқығы бар. Өткен он бес жыл ішінде еліміз жаңа қоғам құру жолында көптеген, бұрын-соңды шықпаған қияндарға қол жеткізді. Сонымен бірге, Конституцияның осы ғылымиқұқықтық талдау шеңберіндегі мазмұнына талдау жасау Қазақстан мемлекеттілігінің серпінді алға басуын көруге мүмкіндік береді. Осыған орай, құқық тәртібінің, заңдылықтың, адам құқықтары мен бостандықтары жүзеге асырылуының, өмір сапасы одан әрі артуының, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім орнығуының негізі ретінде, еліміздің барлық азаматтарының, мемлекеттік органдарының, лауазымды тұлғаларының және қоғамдық бірлестіктерінің Конституцияны қалтқысыз сақтауы, оның нормаларын, принциптері мен идеяларын қолдануы Қазақстанның одан әрі қалыптасуының бірден-бір шарты болып табылады. 1998 жылғы 7 қазанда және 2007 жылғы 21 мамырда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңдары қабылданған болатын. Аталған заңдардың әрбірі Конституцияны реформалау кезеңін сипаттайды. Конституцияға 1998 жылы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар халықтың мемлекетті басқаруға қатысу белсенділігін арттыру мақсатында еліміздің саяси жүйесін жетілдіруге бағытталды. Аралас сайлау жүйесін енгізу осы бағыттағы маңызды қадам болды. Бұл мақсатта Парламент палаталарының бірі - Мәжіліс депутаттарының саны сайлауда жеңген саяси партияларға партиялық тізімдер бойынша барабар өкілдік негізінде берілетін 10 мандатқа ұлғайтылды. Конституциялық өзгерістерге сәйкес 1999 жылғы 10 қазанда Парламент Мәжілісіне сайлау өтіп, оған 10 саяси партия қатысты. Нәтижесінде, төрт партия атынан сайлауға түскен 10 депутат Парламент Мәжілісіне сайланды. Парламенттің өкілеттіктерін кеңейту, Үкімет мүшелерінің депутаттық корпус алдындағы жауапкершілігін бекіту, Парламент депутаттарының өкілеттік мерзімін Мәжіліс депутаттары үшін - төрт жылдан бес жылға және Сенат депутаттары үшін - алты жылға дейін ұлғайту, алқабилер институтын енгізу және т.б. Конституцияға енгізілген елеулі толықтырулар болды. 8 2007 жылғы конституциялық новеллалар қоғамдық және мемлекеттік институттардың қосылып кетуіне және қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қаржыландыруға салынатын тыйымның алынып тасталуын, өлім жазасын қолдану аясының шектелуін, тұтқындауға және қамауда ұстауға санкцияны соттың ғана беруін көздейді. Конституцияға сондай-ақ қазіргі заманғы партиялық жүйенің қалыптасуын ынталандыратын, Парламенттің өкілеттігін кеңейтетін, оның депутаттарының санын ұлғайтатын, оларды сайлау тәртібі мен мандатын тоқтату негіздерін өзгертетін түзетулер енгізілді. Үкіметті құрудың жаңа рәсімі және бақылау механизмдерін қарапайымдау биліктің заң шығару тармағының атқарушы тармаққа әсер ету тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Негізгі Заңның сот және құқық қорғау жүйелерінің, жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың қызметін регламенттейтін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Парламент құзыреті және оны жүзеге асырудың ұйымдық-құқықтық нысандары
Қаржылық бақылауды ұйымдастыру
Конституциялық бақылаудың Қазақстан Республикасында пайда болу тарихы мен оны жүзеге асыру
Мемлекеттің заң шығару қызметіндегі парламент рөлі
Нормативтік құқықтық актілер
Қоршаған қолайлы ортаға деген құқық ұғымы
Қазақстан - тәуелсіз, унитарлық мемлекет
Шет елдердің конституциялық құқығының пәні
Мекемелердің бюджеттік шоттарындағы қазынашылдық
Шет елдердің Конституциялары және басқару нысандары
Пәндер