Norton Commander (NC) программа-қабықшасы, Windows-Commander программасы.


№7 лекция. Norton Commander (NC) программа-қабықшасы, Windows-Commander программасы.

Жоспары:

a) NC программасы туралы түсінік.

ә) Каталогтарды не файлдарды таңдау.

б) Функционалдық пернелер қызметі.

в) Басқа каталогқа жылдам көшу.

г) Басқа дискіге жылдам көшу.

д) NC менюлері.

ж) Файлдарды жылдам іздеп табу және оларды өңдеу, көру.

з) Жылдам көшу командаларының меню жүйесін ұйымдастыру.

и) NC программасының жылдам орындалатын командалары.

Дербес компьютерде MS-DOS операциялық системасымен жұмыс істегенде әрбір команда пернелерде теріліп, ENTER пернесін басқан кезде ғана орындалады. Ол команда орындалып болған соң, экранға тиісті мәлімет-хабар шығады. Мұндай тәртіппен жұмыс істеудің қолайсыздығы:

- компьютер пернелерін жылдам басуға дағдыланбағандар әр команданы теруге біраз уақыт жұмсайды;

- орындалып жатқан команданың нәтижесін тек экранға мәлімет шыққан кезде білуге болады;

- экран бетінде жан-жақты қамтылған толыққанды көріністер аз, яғни онда көрнекілік жоқ.

Мұндай кемшіліктен арылу үшін соңғы кездерде адам мен ЭВМ арасындағы байланысты жеңілдететін, жұмыс істеу жолдарын жылдамдататын "қызметші" қосалқы программалар-операциялық системаның "қоршаулары"пайда бола бастады. Солардың ішіндегі ең көп тарағаны - NORTON COMMANDER (NC) программасы. Ол экран мүмкіндіктерін толық пайдалана отырып, компьютерде жиі қолданылатын іс-әрекеттердің көбін өте жылдам, әрі көрнекті етіп орындайды. Олар:

- магниттік дискінің мазмұнын көру;

- мәліметтер көшірмесін алу;

- файлдарды жылжыту, өшіру, қағазға немесе экранға шығару т. б.

Осындай іс-әрекеттерді жылдам орындау жолдарын NC программасының жұмысын талдау арқылы қарастырамыз.

Бұл программаны іске қосудың екі түрлі жолы бар. Егер оны NC. EXE файлын орындау арқылы жүзеге асырсақ, онда бұл программа ЭВМ жедел жадында тұрақты 150 Кбайт орын алып тұрады. Мұндайда үлкен көлемді программаларды орындау кезеңінде NC программасынан шығуға тура келеді. Ал, егерде NC программасын NCSMALL. EXE файлы арқылы іске қоссақ, онда бұл программаның керекті бөлігі қажетті кезде ғана автоматты түрде ЭВМ жадына шақырылады.

Ал, NC жүйесінің соңғы кезде шыққан версиялары(түрлері) магтиттік дискіде 190 Кб орын, компьютердің жедел жадында 210 Кб орын қажет етеді.

Өзге программалар іске қосылған шақта NC жүйесінің ЭВМ-нің жедел жадында алатын орны тек 12. 5 Кб болып кішірейеді де, жұмыс істеп жатқан кәделі программаға орын беріледі.

Көбінесе NC программасын іске қосу компьютерді алғашқы рет ток көзіне қосқанда, AUTOEXEC. BAT файлын орындау барысында автоматты түрде жүзеге асырылады. Сонымен, Ncпрограммасын іске қосу үшін

NC ↵

Командасын орындау керек, мұндағы

NC-программаның аты;

↵-"енгізу" пернесін басу белгісі.

NC-ны іске қосқан соң, экранда сызықтармен қоршалған екі тік төртбұрышты тәріздес терезелер пайда болады (оларды панель деп те атайды) . Олардан төменірек DOS командаларын қабылдайтын енгізу қатары орналасқан, онда DOS-тың шақыру мәліметі мен жыпылықтап тұратын сызықша-курсор бар.

Әрбір терезеде:

-белгілі бір дискінің мазмұны(каталог) ;

-көрші терезедегі каталогты көрсетілген диск туралы керекті мәліметтер;

-бұтақ тәріздес каталогтар құрылымы болуы мүмкін.

Терезелердің жоғары жағына оның ішіндегі мәліметтерге сәйкес каталогтың аты, не INFO (информация), неTREE (бұтақ) деген сөздер шығады. Каталог аттары үлкен әріптермен, ал файлдардың аты кіші әріптермен бейнеленеді. Каталог мазмұнының үстіңгі жағында нүктелермен белгіленген (. . ) қатар келесі деңгейдегі жоғарғы каталогқа көшу үшін қолданылады.

Каталогтарды не файлдарды таңдау.

Экрандағы файлдардың не каталогтардың бірі көмескі түрмен белгіленген. Көмескі тіктөртбұрыш таблицалық курсор деп аталады. Ол белгіленген не таңдап алынған файлды көрсетеді. Бағыттауыш пернелер арқылы (←, →, ↑, ↓) бұл файлды өзгертуге болады. Екінші терезедегі файлдарды таңдау үшін ТАВ пернесін басу арқылы сол терезеге көшу керек.

Егер бір каталогтың атын таблицалық курсормен таңдап, "↵" пернесін бассақ, онда терезеге төменгі деңгейдегі осы каталогтың мазмұны шығады. Кері қайту үшін осы мазмұндағы қос нүктесі бар уң жоғарғы қатарға көтеріліп "↵" пернесін басу қажет.

Егер каталогты емес, кіші әріппен терілген файлды таңдап алып "↵" пернесін бассақ, онда файлдың түріне байланысты белгілі бір жұмыс орындалуы тиіс. Файлдың түрі com, bat, exe болса, онда ол программалық файл ретінде орындалады, ал басқа файлдардың жұмыс сипаты көбінесе NC. EXT файлына байланысты болады.

NC программасы кейбір амалдарды бір топ файлмен бірден орындау мүмкіндігін береді, мысалы, файлдарды көшіру, немесе жылжыту, немесе өшіру т. с. с.

Файлдарды топтап таңдау кезінде оларды белгілеу және қате белгіленген файлды алып тастау үшін INS пернесін пайдалану қажет. Белгіленген файлдар басқа түске боялады. Бір каталогқа кіретін файлдарды түгел белгілеу үшін қосалқы сандар пернесіндегі “+” (сұр түсті) пернесін басу керек. Сол кезде экранға барлық файлдарды белгілеу шаблоны “*. *”шығады, оны мақылдау үшшін ENTER пернесін басу жеткілікті. Екі жұлдызшаны өзгерте отырып, шаблонның басқа түрін енгізіп таңдалатын файлдарды өзгертуімізге болады, мысалы, ”*. com” не “alma. txt”.

Ал белгіленген файлдарды белгіленбеген бастапқы қалыпқа түсіру үшін сол қосалқы сандар пернесіндегі “-”, (сұр түсті) және ENTER пернелерін басу қажет.

Функционалдық пернелер қызметі.

Экранның ең төменгі қатарында функционалдық пернелердің қажеттілігін көрсететін анықтамалық мәлімет жазылған. Ол қатарда әр пернені басқан кезде қандай жұмыс атқарылатыны көрсетілген, олар төмендегідей:

F1-HELP-программамен жұмыс істегенде керекті көмекші мәлімет алу;

F2-USER, MENU-қолданушылар менюін шақыру;

F3-VIEW-таңдап алынған файлды оқу;

F4-EDIT-таңдап алынған файлды түзету;

F5-COPY-таңдап алынған файлды не алдын ала белгіленген файлдар тобын көшіріп алу;

F6-RENMOVЕ-файлдың не каталогтың атын өзгерту немесе файлдарды басқа орынға жылжыту;

F7-MKDIR-жаңа каталог ашу.

F8-DELETE-файлды не каталогты өшіру;

F9-PULLDN- NC жұмыс тәртібін өзгертетін менюді шақыру;

F10-QUIT-программадан шығу.

Басқа каталогқа жылдам көшу.

Бір дискідегі басқа каталогқа жылдам көшу ALT+10 пернелер комбинациясын басу арқылы орындалады. Сол сәтте экранға дискінің бұтақ тәріздес каталог құрылымының бейнесі шығады.

Курсорды жылжытатын бағыттауыш пернелер арқылы керекті каталогты таңдап аламыз да, ENTER пернесін басамыз. Бағыттауыш пернелерді пайдаланбай, керекті каталог атының алғашқы әріптерін теруде NC программасының осы каталогты белгілеуіне негіз бола алады. Егер NC программасы аты осы каталогқа ұқсас басқа каталогты белгілесе, онда

CTRL+ ENTER пернелерін басу арқылы келесі өзімізге керекті каталогқа көшуімізге болады.

Басқа дискіге көшу.

Экранға басқа дискінің мазмұнын шығару үшін, ALT+F1 (сол жақтағы терезеге) немесе ALT+F2 (оң жақтағы терезеге) пернелер комбинациясын басу қажет. Сол сәтте экранға A, B, C, D тәрізді дискілер аттары шығады. Бағыттауыштар арқылы сол дискілердің біреуін таңдап, ”ENTER” пернесін басу арқылы керекті дискіні таңдап аламыз. Онан кейін TAB пернесінің көмегімен екі терезенің біреуіне көшіп, бағыттауыш пернер арқылы керекті каталогты тауып алып, оған ену үшін ENTER пернесін басамыз.

Егерде NC панельдерінің бірінде дискеттің мазмұны тұрса, ал сіз дискетті ауыстырсаңыз, жаңа дискеттің мазмұнын қайта оқу ALT+F1 (немесе ALT+F2) пернелерін, сонан соң ENTER ді басу арқылы орындалады.

Таблицаның курсор тұрған терезедегі мазмұнын CTRL+R пернелер көмегіменде қайталап оқуға болады.

DOS командаларын және программаларды орындау.

Егерде DOS тың бір командасын орындау қажет болса, онда әдеттегідей команданы пернелерінде теріп ENTER ді басу керек. Команда орындалғаннан кейін экран алғашқы бейнесіне оралады. Команда нәтижелері панельдернің астында қалып кетсе, CTRL+O пернелерін басу арқылы оларды оқуға болады. Бұл пернелер комбинациясын қайта басқанда, экранда NC терезелері пайда болады. Команданы енгізетін қатарға бұрынғы орындалған командаларды командаларды қайта шақыру үшін CTRL+E пернелерін басу керек. Осы тәсілді қайталап отырып, бұрынғы орындалған 15 команданы еңгізу қатарына шақырып, қайта орындауға болады. CTRL+X комбинациясын басу арқылы орындалған командалар тізбегін кейін қарай өзгертуге болады, яғни CTRL+E, CTRL+X пернелері орындалған командалардың кез келгенін таңдап алып, ENTER пернесін басу арқылы қайта орындау мүмкіндігін береді. Егерде орындалған команданың біреуін өзгеріссіз орындау қажет болса ALT+F8 пернелерін басып, бағыттауыштар арқылы керектісін таңдап алып, ENTER пернесін басу керек. Еңгізу қатарына экран терезесіндегі бір файлдың атын кіргізу үшін, сол файлды таңдап алып CTRL+ENTER пернелерін басамыз. ESC пернесін басқанда, енгізу қатары тазаланады.

Файлдарды жылдам іздеп табу және өңдеу.

Экранда көрініп тұрған таңдап алынған каталогтың ішінен бір файлды жылдам тауып алу үшін ALT пернесін басып тұрып, екінші қолмен файл атының алғашқы әріптерін тере бастау керек. Егер басқа файлдардан айрықшаланатын алғашқы әріптер тізбегі еңгізілген болса, NC программасы автоматты түрде керекті файлды таблицалық курсормен белгілеп экранға шығарады. Керекті файлды жұмыс істеп отырған дискінің басқа каталогтарының жылдам іздеп табу қажет болса, ALT+F7 пернелерін басып, экранға сол мезетте шыққан қатарға файл атын еңгізсе жеткілікті. NC барлық каталогтарды шапшаң аралап, аты көрсетілген файлды тауып, сол каталогқа көшу үшін CHDIR және ENTER пернелерін басуыңызды өтінеді. Іздейтін атында * немесе ? таңбаларын да пайдалануға болады. Бұндай сәтте NC программасы көрсетілген белгілкрдің орнына кез келген таңба қойылатын бірнеше файлдарды анықтап, солардың ішінен біреуін бағытауыш пернелер арқылы таңдау мүмкіндігін береді. Ол файлдың атын экрандағы менюден таңдап, сонан соң CHDIR (каталогты өзгерту) сөзін белгілеп, ENTER пернесін басқанда, керекті каталогқа бірден көшу мүмкіндігіне ие боламыз.

NC менюлері.

F9 функционалдық пернесін басқанда, экранның жоғарғы жағына NC программасының бар мүмкіндіктерін толық пайдалануға көмектесетін меню жүйесі шығады. Бұл меню арқылы информацияны қолайлы түрде бейнелеуге, NC программасының жұмыс тәртіптерін өзгертуге және т. б. іс-әрекеттерді орындауға болады. Меню жүйесінің ең жоғарғы деңгейінде Ғ9 пернесін басқан сәтте LEFT, FILES, COMMANDS, OPTIONS, RIGHT сияқты әртүрлі мәліметтер алу мүмкіндігін беретін алғашқы жарлықтар тобы бар. Осы бөліктерден тұратын жарлықтардың бірі көмескі түрмен боялып, белгіленіп тұрады. Белгіленген жарлықты өзгерту үшін, яғни таблицалық курсорды оңға не солға жылжыту үшін бағыттауыш пернелердің бірін(← немесе →) басу қажет. Өзімізге керекті жарлықты таңдап алған соң, ENTER пернесін басқан шақта, сол сөздің төменгі жағынна бағана тәріздес орындалатын командалар тізімі шығады. Командалардың бірін жоғары не төмен жылжытатын бағыттауыштар арқылы(↑ немесе ↓) таңдап алып, ENTERпернесін басқан кезде сол команда орындалады. Егер команданы орындағыңыз келмесе немесе меню жүйесінің жұмысын тоқтату үшін ESC пернесін басу жеткілікті.

NС меню жүйесінің жарлықтар тізімін және олардың жұмысын қарастырып өтейік. LEFT(сол), RIGHT(оң) жарлықтары сол жақтағы немесе оң жақтағы терезедегі мәліметтерді өзгерту жұмысын атқарады. Жарлықтардың автоматты түрде орындалатын командаларының алдына арнайы белгі (v) қойылған. Белгі қойылмаған басқа команданы орындау үшін бағыттауышпен керектісін таңдап алып, ENTER пернесін басу қажет.

Сонымен, LEFT және RIGHT жарлықтары төменгі командаларды орындата алады:

BRIEF - файлдар туралы қысқаша мәлімет алу (тек файл аттары экранға

(қысқаша) шығады) ;

FULL - файлдар туралы толық мәлімет алу;

(толық)

INFO - көрші терезеге осы диск және ағымдағы каталог жөнінде

(информация) қысқаша информация шығару;

TREE - осы терезеде дискідегі бұтақ тәріздес кпталогтар құрылымын

(бұтақ) бейнелеу;

ON/OFF -осы терезені көрсету немесе алып тастау;

(көрсету/алу)

NAME -терезедегі файл аттарын алфавит бойынша бейнелеу;

(аты)

EXTENSION -файл аттарының түрін алфавит бойынша бейнелеу;

(түрі)

TIME -терезеге файл аттарын жасалған уақыты бойынша шығару;

(уақыт)

SIZE -терезеге файлдарды көлемінің кішіреюіне қарай шығару;

(көлемі)

UNSORTED -терезеге файлдарды сұрыптамай каталогта жазылған

(сұрыптаусыз) күйінде шығару;

RE-READ -каталог мазмұнын қайталап оқу;

(қайталап оқу)

DRIVE -басқа дискенгізгішке көшу;

(дискенгізгіш)

Меню жүйесінің FILES жарлығы функционалды пернелердің атқаратын жұмысын көрсетеді. Ал COMMANS жарлығы төмендегі командалар тізімін орындау мүмкіндігін береді:

NCD tree -ALT+F10-NC бұтағы;

FIND FILE -ALT +F7-файл табу;
HISTORY -ALT+F8-тарих;

EGA LINES -ALT+F9-қатарлар;

SWAP PANELS-CTRL+U-ауыстыру;

PANELS- CTRL+O-алу, қосу;

COMPARE DIRECTORIES -каталогтарды салыстыру;

MENU FILE EDIT -файл менюін түзету;

OPTION жарлығы төмендегі командаларды орындата алады:

COLOR-түс;

AUTO MENUS-автоменю;

PATH PROMT-хабарлама жолы;

KEY BAR- пернелік;

FULL SCREEN- толық экран;

MINI STATUS-шағын қалып;

INS MOVES-жылжыта ығыстыру;

CLOCK-сағат;

EDITOR-түзеткіш редактор;

SAVE SETUP-таңдалған командаларды еске сақтау;

CTRL O-экрандағы қос кестені жою не қайта орнату.

CTRL P-экранда ағымдық емес кестені жою не қайта орнату.

CTRL U-кестенің орындарын ауыстыру.

CTRL F1-экрандағы сол жақ кестені жою не қайта орнату.

CTRL F2-оң жақ панельді жою не қайта орнату.

CTRL F3-NAME-файл аты бойынша келесі панельді сұрыптау.

CTRL F4-EXTEN-типі бойынша сұрыптау.

CTRL F5-SIZE- өлшемі бойынша сұрыптау.

CTRL F6-TIME-уақыт бойынша сұрыптау

CTRL F7-UNSORT келесі панельдің файлын сұрыптамайды.

CTRL F8-SYNC

CTRL F9-PRINT-белгіленген файлды не файлдар тобын теру.

CTRL F10-SPLIT-файлды бірнеше бөлікке бөлу.

Мәліметтік кесте.

Программа кестесінде диск және каталог жайында жинақ мәліметтерді шығаруға болады. кестенің жоғарғы жағында “INFO”сөзі пайда болады, яғни

Кестеде мынадай мәліметтер беріледі.

-Компьютердегі оперативтң жадының сыйымдылығы, байт бойынша.

-Бос оперативті жадының орны.

-Көрші кестедегі каталог файлдарыныңсаны мен өлшемі жайында.

SHIFT F1-HELP-дискті тазарту.

SHIFT F2 -MENU- сеттік утилит.

SHIFT F3-VIEW-файлды қарау.

SHIFT F4-EDIT-файлдыредакторлау.

SHIFT F5-COPY-файлдыкөшіру. Қай файлды қандай каталогқа көшіру сұралады.

SHIFT F6-RENMOY-файлды, файлдарды жаңа атпен атау.

SHIFT F7-MKDIR-ішкі каталог құру.

SHIFT F8-DELETE-жою.

SHIFT F9-PULLDN-конфигурацияны, тәртіпті сақтау.

SHIFT F10-QUIT-менюді шақыру.
ALT F1-сол жақ кестеде басқа дискінің мазмұнын беру.

ALT F2-оң жақ кестеде басқа дискінің мазмұнын беру.

ALT F3-программаны көріп өту, іс әрекетін компьютерлік программа арқылы жүргізу.

ALT F4-альтернативті редактор көмегімен файлды редакциялау.

ALT F5-архивтеу.

ALT F6-архивті ашу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Программалық қабықшалар
Norton Сommander программасымен жұмыс істеу
Операциялық жүйелер пәнінен дәрістер
Norton commander (nc) бағдарламамен жұмыс iстеу
NC жұмыс техникасы. Қолданушы менюімен жұмыс
Ақпарат және информатика бойынша материалдар
Norton Commander программасы
Әр түрлі операциялық жүйелерде шифрлеудің программалық құралдары
Norton Сommander сипаттамасы
МӘТІНДIК РЕДАКТОР ЖӨНІНДЕ Norton Commander (NC)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz