Іріңді сепсистік аурулар. Жаңа туылған нәрестенің ОНЖ зақымдануы
Іріңді сепсистік аурулар. Жаңа туылған нәрестенің ОНЖ зақымдануы.
Тершеңдік (потница) дегеніміз - сәбидің денесіне, мойнына,аяқ-қолдарының ішкі жақтарына ұсақ нүкте тәрізді қызғылт бөртпелердің шығуы . Бұл сәби денесін қыздырғанда немесе сәби терісіне күтім дұрыс жүргізілмегенде сәбиден бөлінген тердің , тер бездерінің шығу жолдарында тұрып қалуынан болады. Бөртпе элементеріне инфекция түсуден ол қызарып іріңдейді.
Емі. Тершеңдіктің пайда болу себебін жою қажет. Сәбиді перманганат калий ерітіндісімен жуындыра бастағаннан бөртпе тез жойылады.
Баздану. Сәбиге жүргізілетін күтімнің жеткіліксіз болуынан пайда болады.Ауруды тудыратын себептерге: сәбиді сирек жөргектеу,суға өте сирек түсіру, сәбидің нәжісі мен зәрі бөлінгеннен кейін,оның жыныс ағзасының сирек жуылуы,бір пайдаланған жөргекті жумай ,екінші рет пайдалану жатады. Эксудативті катаральды диатезбен ауыратын балаларда ,тері саңырауқұлақ флорасымен зақымдалған кезде , тез арада баздану дамып, оның жазылуы қиындап, ауру ұзаққа созылады.
Баздану көбіне жамбас ,жыныс ағзаларында ,тері қыртыстарында байқалады. Ол 3 дәрежеге бөлінеді: Аурудың 1 дәрежесінде - тері аздап қызарады. 2-дәрежесінде - тері айқын қызарып, үлкен көлемде эрозия байқалады; 3-дәрежесінде - терінің айқын қызаруы және бір -біріне қосылған эрозиялардың сулануы байқалады. Кейін баздануға инфекция түсіп, оның іріңдеуі мүмкін.
Емі. Сәбиді тамақтандырмастан бұрын міндетті түрде, оның жыныс ағзасын жуып , құрғатып ,таза жаялықпен жөргектеу қажет . Сәби күнде ауа ваннасы мен УКС алуға тиісті. Сәби терісі аздап қызарғанда ,оны қайнап, суытылған өсімдік майымен немесе витамин А- ның майлы ерітіндісімен ,балалар кремімен сүртуге болады.Баздануда теріні дезинфекциялайтын және оны қорғайтын присыпканы пайдалануға да болады. Бұл ауруда теріге бір мезгілде өсімдік майы мен присыпканы қолдануға болмайды. Вазелин теріні тітіркендіріп, жараның жазылуын қиындататын болғандықтан , ол баздану емінде тағайындалмайды. Тері эрозиясын 5% перманганат калий ,0,5 %резорцин,1,25% күміс нитраты ерітінділерімен және болтушкамен сүртеміз. Баздану байқалғанда, сәбиді перманганат калий ( 1: 10000) немесе 1 %танин , кора дуба ,түймедақ ерітінділерімен гигиеналық бұлауға түсіруге болады.
Склередема және склерема. Бұл - ағаштың тығыздығындай ісіктің тері мен тері асты шелінде пайда болуы. Жиі шала туған нәрестелердің денесі салқындағанда пайда болады. Склередемада тығыздалу нәрестенің тізесінде, тобығында ,қасаға сүйегі үстінде, жыныс ағзаларында,т.б дене бөліктерінде байқалады.Склеремадан айырмашылығы, мұнда зақымдалған ошақтар генерализацияға бейім болмайды.Зақымдалған ошақ үстіндегі тері тартылып, сипағанда салқындық байқалып , терісі көкшіл тартады , бірақ қыртыстанбайды . Іскен жерді саусақпен басқанда, басқан жерде құдықша пайда болып,ол өте жәй жойылады. Жаңа туған нәресте күтімін дұрыс ұйымдастырып, сәби денесін қыздырған кезде денедегі тығыздалу бірнеше аптадан кейін жойылады.
Склерема- диффузды тығыздалумен сипатталады. Тығыздық тізе бұлшық еті аймағында,сәбидің бетінде, денесінде , жамбасында, ,аяқ-қолдарында байқалады.Теріні басқанда құдықша қалмай, зақымдалған теріде атрофия пайда болғандай,науқастың беті маскі тәріздес болып,аяқ-қолдарында қозғалыс азаяды. Сәбидің дене қызуы төмендеп, әлсіздік, ұйқышылдық, емшек ембеу белгілері пайда болып, жалпы жағдайы ауырлайды.
Емі. Баланы кувезге жатқызады немесе нәрестенің айналасына жылытқыш қояды .Жылы сумен булау жасауға да болады. Науқасқа жүрек препараттары, кортикостероидтар,оксигенотерапия тағайындалады.
Болжамы . Қолайсыз аяқталады.
Жаңа туған нәрестенің жұқпалы аурулары.
Іріңді инфекцияның шектелген және генерализацияланған түрінің себебі мен эпидемиологиясы. Омфалит, пиодермия, мастит, конъюнктивит: клиникалық көрінісі . Шектелген іріңді аурулардың емі. Жаңа туған нәресте сепсисі : этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі, диагностикасы, емі, болжамы. Іріңді -септикалық аурулардың алдын алу шаралары.
Іріңді қабыну аурулары жергілікті іріңді инфекция мен сепсис ауруынан тұрады. Сәбилерде жергілікті инфекция, тез арада генерализацияланған түрге айналып кетуі мүмкін. Іріңді қабыну ауруы даму үшін, оған әсер ететін жағдайларға: сәбидің иммунологиялық қорғанысының төмендеуі,инфекцияның кірер жолының ашық болуы немесе микробтардың вируленттілігінің жоғары болуы, ағзаға әсер ететін инфекцияның көп болуы жатады. Тері ауруларының қоздырғыштары , түрлі микроорганизмдер болып келеді. Іріңді қабыну ауруын, көп жағдайда грамм теріс флоралар мен стафилококк,стрептококк инфекциялары тудырады. Инфекция сәбиге құрсақішілік дамуда , босану кезінде немесе босанудан кейін жұғуы мүмкін . Инфекция көзі науқас адам мен бактерия тасымалдаушылар болып келеді . Ауру науқас пайдаланған заттар арқылы , ластанған медициналық құрал-саймандар мен медициналық аппараттар арқылы жұғады. Инфекцияның таралу жолдарына : ауа -тамшысы, қарым -қатынас ,алиментарлық және құрсақішілік жолдар жатады.. Инфекцияның тез таралуына санитарлық-гигиеналық режимнің бұзылуы да әсер етеді.
Жергілікті іріңді -қабыну аурулары.
Жергілікті іріңді инфекцияда - Іріңді қабыну процесі бір ғана ағзаны қамтиды. Жергілікті іріңді инфекцияға : кіндік ауруы (омфалит),терінің іріңді -қабыну аурулары
( пиодермиялар) ,бездердің зақымдалуы( мастит), шырышты қабаттың қабыну аурулары ( конъюнктевитт.б ) жатады.
Омфалит - кіндік айналасындағы тері мен тері асты шелінің қабынуы. Омфалит алғашқы және екіншілік болып бөлінеді. Алғашқы омфалит -кіндік жарасына ерте инфекция түскен кезде дамиды; екіншілік омфалит -туғаннан пайда болған аномалияға инфекция қосылған кезде дамиды. Екіншілік омфалит өте кеш мерзімде пайда болып, ауру ұзаққа созылады. Қабыну процесіне қарай омфалит мынадай түрлерге бөлінеді: катаральды омфалит,флегмонозды,некрозды омфалит.
Катаральды омфалит немесе омфалиттің қарапайым түрі " дымқыл кіндік " деп те аталады. Жаңа туған нәрестенің кіндігі түскеннен кейін, оған инфекция қосылған жағдайда, жара беті қарақотырланғанмен (грануляцияланғанмен) ол жазылмай, оның үстінде серозды немесе серозды -іріңді сұйықтық тамшылары пайда болады. Жарадан бөлінген бөлініс кепкенде, қабыршаққа айналып, мезгіл мезгілмен түсіп отырады. Аурудың бұл түрінде , кіндік жарасының жазылуы бірнеше аптаға созылып, сәбидің жалпы жағдайы бұзылмай, қанағаттанарлық күйде, физиологиялық бөліністері (нәжісі ,зәрі,ұйқысы,тәбеті) қалыпты жағдайда болып, сәби салмақ қоса бастайды.
Кіндік жарасының жазылуы ұзаққа созылған жағдайда, жара бетіндегі қабыршақ (грануляция ) үсті- үстіне өсіп, "саңырауқұлақ " тәрізді болады ,яғни қабыршақ беті жалпайып,асты жіңішкере береді. Бұл " фунгус ",- деп аталады. Фунгус тығызорналасқан ,басқанда ауырмайтын ,ақшыл -қызғылт түсті болып келеді. Оған инфекция түскен жағдайда , жара беті фибринді қабықшамен қапталып, сәбиді жөргектегенде немесе бір жерден ,екінші жерге ауыстырып жатқызғанда бала қатты мазасызданып жылайды.
Флегмонозды омфалит қабыну процесінің кіндік айналасы мен оның жанындағы тіндерге жайылуымен сипатталады. Кіндік айналасындағы тін іш деңгейінен жоғары орналасып, сол жердің терісі қызарып,ісінеді,инфильтрация байқалады.Кей жағдайда кіндік құдықшасының ішінде жара пайда болады. Қабыну процесі жергілікті өзгеріспен ғана шектелмей ,кейде ол іштің алдыңғы қабырғасына қарай таралады. Көп жағдайда кіндік айналасын басқан кезде ,кіндік жарасынан ірің бөлінеді.Іштің қан тамырлары кеңейіп, іштің алдың қабырғасында қызыл жолақ пайда болады.Ол лимфангиттің дамығандығы туралы айтады. Кейде қабыну процесі көктамыр мен артерияны қамтығанда ,қан тамырлар қалыңдап , кіндік сақинасының асты мен үстінде жгут тәрізді жұмырланып тұрады. Қабыну процесі кіндік тамырларына таралғанда ,кіндік көктамырының тромбозы дамиды немесе генерализацияланған процесс сепсиске асқынады.
Флегмонозды омфалитте сәбидің жалпы жағдайы бұзылады: дене температурасы жоғарылайды,тәбеті төмендейді, диспепсиялық бұзылыс байқалып ( іші өтеді),дене салмағы азаяды.
Омфалиттің некрозды түрі өте сирек, әсіресе дене салмағы аз балаларда кездеседі. Ауру, әуелгі уақытта флегмонозды омфалит тәрізді өтіп, кейін қабыну процесі тереңірек таралады.Қабынған жер терісі қоңыр-қызғылт ,көкшіл реңді болып келеді. Ол жердегі теріде некроз байқалғанда , ол астындағы тіндерден бөлініп, сол жерде үлкен көлемді жара пайда болады. Омфалиттің бұл түрі өте ауыр өтіп,уланудың айқын белгісімен сипатталады. Ауру көп жағдайда сепсиске асқынады.
Омфалиттің қай түрінде болса да ,инфекцияның кіндік тамырларына таралу қаупі болады, міне осыдан келіп сепсис дамиды.
Емі. Омфалиттің қарапайым түрі , тек жергілікті емді қажет етеді және оны амбулаторлы жағдайда емдеуге болады. Дымқыл кіндікті күніге 3-4 рет,70%спирт ,3% сутегі пероксидімен, 5% перманганат калий немесе 1% йодтың спирт ерітіндісімен сүртеміз . Егер кіндік жарасынан ірің бөлінсе ,оны әуелі сутегі асқын тотығымен жуып,кейін жоғарыда айтылған ерітінділермен күйдіреміз және ақ стрептоцид, ксероформ, дерматол,виоформ ұнтағын себеміз. Кіндік түскеннен кейін, 5-7 күн аралығында кіндік дымқылданып және грануляция байқалса, сәбиді перманганат калий қосылған суға ғана ( су ақшыл қызғылт болуы тиіс) жуындыру қажет. Аурудың қоздырғышы саңырауқұлақ болған жағдайда, грануляция күміс нитратымен күйдіріледі, көп жағдайда артық грануляция хирургиялық жолмен алынып тасталады.. Фунгусты кесіп алып тастағаннан кейін, пайда болған жараны антисептикалық ерітінділермен күйдіріп, ашық күйде ұстаймыз.
Флегмонозды омфалитте ем белсенді түрде жүргізіледі. Кең түрде әсер ететін антибиотиктер бұлшық етке 7-14 күнге тағайындалады.Мұндай ауру балаларды тек қанан ана сүтімен тамақтандырған дұрыс. Оларға витаминдер (С және В1), арасына 5-6 күн салып гемотрансфузия , плазма, бұлшық етке гамма глобулин беріледі. Науқас балада аурудың өзге белгілерінің дамуына байланысты глюкоза,жүрек гликозидтері тағайындалады.
Терінің жұқпалы аурулары.
Пиодермиялар ( руоn - ірің, derma -тері ) терінің іріңді ауруы . Тері ауруларының ішінде , жиі кездесетіні- терінің іріңді аурулары.Терінің іріңді қабынуын түрлі микроорганизмдер тудырады.Инфекцияны жиі тудыратын қоздырғыштарға : стафилококк (80 %) ,стрептококк (15-18 %) , өте сирек жағдайда көкіріңді таяқша,вульгарлы протей,ішек таяқшасы т.б жатады. Сәби терісінің анатомиялық -физиологиялық ерекшеліктерін біліп, аз жарақаттың өзі терінің іріңді жараларын тудыратындығын ескерген жөн.
Жаңа туған нәрестелерде жиі кездесетін тері ауруларына везикуло-пустулез, пузырчатка,емшек және ерте жастағы балаларда кездесетін -импетиго жатады.
Везикуло-пустулез. Ауру сәби өмірінің алғашқы аптасында дамып, теріге жайылуға бейім болып келеді.Аурудың алғашқы пайда болатын элементі -пустула. Оның үлкендігі ұсақ дән, бұршақ тәрізді болып, іші серозды немесе лайлы сұйықтыққа толады.Пустула айналасы қызарып іседі. Везикуло-пустулез элементтері кеуде терісінде, аяқ-қолда, шаш арасында және тері қыртыстарында орналасады. Әлсіз және шала туған балаларда пустула топ-топ болып орналасып түптері тығыздала түседі. Кейде ол көптеген милиарлы абсцеске немесе флегмонаға асқынуы мүмкін.
Жаңа туған нәресте пузырчаткасы. Сәбидің өмірінің алғашқы күндерінде көпіршік тәрізді болып шығып, іші серозды немесе ашық сары түсті ,серозды -іріңді сұйықтыққа толады. Көпіршіктің үлкендігі бұршақтың үлкендігінен жаңғақтың үлкендігіне дейін, саны әртүрлі болып келеді. Жиі көпіршіктер диффузды қызарып ісінген теріге шығып,тез арада жарылып,дымқыл эрозияға айналады.
Көпіршіктер жиі кеуде терісінде, мойын аймағында ,аяқ-қолдарда, орналасады. Кейде денеге , әрбір 7-10 күн сайын көпіршіктің жаңа элементтері шығып отырады. Бөртпе денеге көп шыққан жағдайда науқастың жалпы жағдайы бұзылып,аурудың клиникалық көрінісі сәбидің дене қызуының жоғарылауымен, мазасыздануымен,ұйқысы бұзылып,емшек ембеуімен,диспепсиялық бұзылыстардың болуымен (жиі құсу,іші өту),салмағының кемуімен сипатталады. Жалпы қан анализінде байқалатын өзгерістер: лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жоғары болады. Көпіршік денеге белгілі бір екпінмен шығады: бір жерде көпіршік беті кеуіп жатса,екінші бір жерде -эпидермис түлеп ,үшінші жерде - көпіршік жарылып эрозияға айналып жатады. Эрозия беті тез арада қабыршақтанғанмен оның орнында ұзақ уақыт ақшыл қызғылт таңба қалады. Бұл кезеңде баланың жалпы жағдайы бұзылмайды, ауру ұзақтығы көпке созылмай, 2-3 аптада жазылады.
Жаңа туған нәрестенің эксфолиативті дерматит ауруы ( Риттер ауруы).Пузырчатканың ең ауыр түрі болып саналады. Аурудың бастапқы кезіңінде қызару кіндік ,шап,ауыз айналасында байқалып, кейін ол суланады . Зақымдалған бет ,дене ,аяқ -қол терілері тез арада сылынып түседі.(Никольскийдің оң симптомы)
Ауру ауыр ағымда өткен жағдайда, флегмонаға, пневмонияға, отитке, рожа қабынуына,сепсиске асқынады.
Импетиго (остеофолликулит). Ауру кенеттен үстіртін ,сопақша орналасқан пустуланың ,шаш шығатын жерлерде пайда болуымен сипатталады. Пустула іші сүт тәрізді немесе қаймақ тәрізді ақшыл сұйықтыққа толады. Пустула денедегі ұлпа шашты немесе ұзын шашты жерлерге шығады.Аурудың дамуына әсер ететтін факторларға сәби денесін шамадан тыс қыздыру, гигиеналық күтімнің жетіспеушілігі,мацерация ( жарақаттануы), терінің механикалық және химиялық заттар әсерінен тітіркенуі жатады. Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайлары әсерінен импетиго тереңдеп, тері асты майы шелін зақымдайды. Сөйтіп фурункул пайда болады. Фурункул-тығыз, терең орналасқан,ауыратын пустула. Оның көлемі тез үлкейіп,күрең қызғылт түске айналады. 2-3 күннен кейін пустула жарылып,аздап ірің бөлініп, жарадан іріңді -некрозды өзекті көруге болады, өзек пісіп шыққан кезде орнында жара пайда болады. Фурункул жазылғанда,орнында тұрақты гиперпигментті тыртық қалады. Бір фурункулдың немесе бірнеше фурункулдың денеге қайталап шығуы " фурункулез", деп аталады. Бұл созылмалы процесс болғандықтан бірнеше айға созылады. Ауру көбіне әлсіз гипотрофиямен,рахитпен,анемиямен,ги повитаминозбен,көмірсутегі зат алмасуы бұзылған балаларда жиі кездеседі.
Балаларда фурункул көбіне лимфангит пен лимфаденитке асқынады. Әсіресе,фурункулдың бет пен шаш арасына орналасуы қауіпті болып саналады, өйткені бұл жерлерде вена торларының тығыз орналасуы,анастомоздардың көп болуы іріңнің метастазын тудырып, менингит пен сепсистің дамуына ықпал етеді.
Везикуло-пустулезді мерез пузырчаткасынан ажырату. Ауру қоздырғышы стафилококк болған жағдайда көпіршік көбіне кеудеге,аяқ-қолға шығады, ал мерез ауруында көпіршік алақан мен табанға ,жамбасқа шығады және оның үлкендігі везикуло-пустулезге ұқсас болып келгенмен , көпіршік ішіндегі сұйықтықта ақшыл трепонема анықталады. Мерез ауруында Вассерман реакциясы әрқашан оң болып келеді.
Терінің көптеген абсцесі ( псевдофурункулез немесе жалған фурункулез ). Қабыну процесі тер бездерінің шығар жолдарында ( өзектерінде) байқалады. Абсцесс терінің жарылған ,ластанған ( шаш арасындағы теріде,мойны, арқа ,жамбас ,аяқ-қол)аймақтарындабайқалады.Әуел і кейін дамуға бейім пустула пайда болады. Кейін сол жерде немесе оның айналасында көкшіл-күрең түсті , үлкендігі бұршақтан жаңғақ көлеміне дейінгі түйіндер пайда болады. Қабыну ошағының ортасында флюктуация байқалады.Абсцесті хирургиялық әдіспен кескен кезде ішінен қою,жасыл-сарғыш түсті ірің шығады. Жара жазылғанда ,орнында тыртық қалады.Абсцесс санының көп болуы ағзаның улану белгісімен сипатталады.Ауру ұзақ.толқын тәрізді өтеді.
Жаңа туған нәресте флегмонасы. Тері мен тері асты майының ауыр түрде өтетін іріңді -қабыну ауруы. Көп жағдайда кеуде ,бел,құйымшақ және жамбас аймағы зақымдалады. Аурудың алғашқы сағаттарында теріде шектелген қызару белгісі байқалады, кейін ол үлкейіп, ісініп , тығыздала түседі. 2-3 тәулікте инфильтрат ортасы жұмсарып, сол жердің терісі көгеріп, кейін тесіліп ішінен ірің бөлінеді.Тез арада тері асты шелінің некрозы дамиды. 5-6 күнде некрозға ұшыраған бөлік ,түлеп түседі де , оның астында шеттері ойылған кең көлемді жара пайда болады. Ауыр жағдайда қабыну процесі бұлшық етке тарайды.
Емі. Хирургиялық .
Іріңді мастит . Көбіне ауру сүт бездерінің физиологиялық қатаюынан дамиды. Аурудың дамуына әсер ететін факторларға пиодермия, сүт безін механикалық тітіркендіру (сүт безінен шыққан бөліністі сығу )жатады. Көп жағдайда сүт безінің біреуі ғана үлкейеді. Қабыну процесі терінің қызарып, ісінуімен , қабынған жердің ортасының жұмсаруымен сипатталады. Кеуде безінің сыртқа шығар жолдарынан ірің бөлінеді. ( өзекті бойлай)Қабыну флегмонаға асқынады.
Іріңді конъюнктевит. Қабақтың қызарып, ісінуімен сипатталады.Қан тамырлары қанталап қызарады.Науқас көзінен ірің бөлінеді. Ірің өте көп мөлшерде бөлінген кезде, іріңді микробиологиялық,бактериологиялық әдіспен зерттейміз.
Терінің іріңді ауруларын емдеу.
Іріңді -септикалық ауруларды емдеу, қоздырғыш пен оның өмір сүруі нәтижесінде пайда болған улы заттарды зарарсыздандыру, ағзаның арнайы және арнайы емес қорғаныс факторын жоғарылату , инфекция ошақтарын жоюға бағытталған терапиядағы жиынтық принциптерді сақтаудан тұрады. Бұл аурумен ауырған науқас балаларды міндетті түрде дені сау балалардан оқшаулау қажет. Везикулопустулез бен пузырчатка элементтерін кесіп алып тастағаннан кейін,эрозия беті бактериоцидті препараттардың сулы ерітіндісімен сүртіледі ( 2 %калий перманганат ерітіндісімен, 1% анилин бояуы ерітіндісімен). Везикулопустулез,пузырчатка элементтерін бактериоцидті препараттармен сүрткен кезде, сау теріге ерітіндіні тигізбеген дұрыс. Эксфолиативті дерматитте гормональды майлар ( "Синалар", "Локакортен") қысқа курспен тағайындалады. Стафилодермияны емдеу үшін, жергілікті ем стафилококк бактериофагын пайдалану арқылы жүргізіледі ( бактериофагпен жуылып,сулы ерітіндісі жараға басылады). Іріңді -қабыну ауруларын физиотерапиялық әдісті пайдалану арқылы емдеудің де маңызы зор ( УВЧ,УКС ). Жергілікті байқалатын ,барлық іріңді -септикалық ауруларға калий перманганаты,кора дуба,чередамен жараға , емдеу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz