Жәншау. Желшешек


Жәншау. Желшешек
Жәншау (Скарлатина) - жедел жұқпалы ауру, ол жалпы интоксикация құбылыстарымен, жұтқыншақтағы ангина формалы өзгерістермен, терінің гиперемия басқан түсі жағдайында орналасқан ұсақ бөртпелердің шығуымен сипатталады.
Этиологиясы. Скарлатинаның қоздырғышы - гемолитикалық стрептококк. Скарлатинаның бастапқы симптомдары стрептококк токсинінің әсеріне байланысты болады. Ауырып сауыққаннан кейін организмде ерекше антиденелер пайда болады.
Эпидемиологиясы. Инфекцияның көзі - науқас және таратушы адам. Қоздырғыш айналадағы ортаға жұтқыншақ пен кеңсіріктің шырышты қабаттарынан секретімен бірге шығады. Инфекция ауа - тамшы жолымен таралады. Науқас бүкіл ауырған кезінде инфекция көзі болып қала береді. Скарлатина науқас пайдаланған, ауру жұққан заттар (ойыншық, кітаптар, ыдыстар, киім - кешектер т. б. ), сондай - ақүшінші бір адам арқылы жұғуы мүмкін. Скарлатинамен ауырған адамдар өмір бойына тұрақты иммунитет алады.
Клиникасы. Инкубациялық кезең орта есеппен 2 - 7 күнге созылады. Экстрафарингеалдық түрінде 12 күнге дейін созылуы мүмкін. Дене қызуы тез көтеріледі, бас ауруы, лоқсу, әлсіздік пайда болады. Дене қызуының көтерілуімен жұтынғанда ауру, жұтқыншақтың айқын гиперемиясы аңғарылады. Көп кешікпей баспа іріңді (фолликулярлық, лакунарлық) сипат алады, ал аурудың оксикалық және септикалық түрлерінде некротикалық баспа пайда болып, ол аурудың 3 - 4 күніне күшейе түседі. Терең жайылып кеткен некроз жағдайында аузынан жағымсыз иіс шығады. Аурудың 1-ші күнінен бастап мойынның лимфа түйіндері ұлғаяды олар, қатая түсіп, пальпация кезінде ауырады. Тіл, әуелі ақшыл жабындымен жабылған, 2 - 3 күні ұшы мен қапталынан бастап тазарады, ал сонан соң одан толық арылып, бүртіктері үлкейген ашық қызыл «алқызыл тіл» («таңқурай» тәрізді) түрін алады. Аурудың алғашқы тәуліктерінің ішінде, сирегірек болса да 2-ші күнінде скарлатинаның ең айқын симптомы - тері бетінің жалпы эритемасы жағдайында ашық қызғылт ұсақ бөртпе пайда болады. Бөртпе тез жжайылып, бетті, денені және қол-аяқты жауып кетеді. Біркелкі гиперемияланған бетте мұрын - ауыз үшбұрышы ағарып тұрады. Скарлатина бөртпесі дененің бүйір жағында, қолтық астында, шап қыртыстарында көбінесе ораналасады. Саусақпен немесе алақанмен басқанда терідегі бөртпе жойылып кетеді де, содан соң қайтадан пайда болады. Сипағанда тері құрғақ, түсі ашық қызғылт, ақ дермографизм тән болады. Ауру асқынған кезде (2 - 5 күндері) науқастың халі нашарлай түседі. Бұдан басқа орталық жүйке жүйесі де зақымдалады, оның симптомдары: еліру, сандырақтау, есінен айрылу болуы мүмкін. Интоксикацияның бастапқы кезеңінің ұзақтығы - 3-5 күн. 1-ші аптаның аяғы 2-ші аптаның басында терінің түлеуі басталады. Түлеу алақан мен табанда айқын аңғарылады (пластиналық түлеу) . Скарлатинаның жеңіл түрлерінде түлеу болмауы мүмкін. Ауру бел алған кезде қанда: нейтрофиллез, эозинофилдік лейкоцитоз, ЭТЖ-ның жоғарылауы байқалады. Зәрден көбіне белок іздері табылады. Аурудың екінші кезеңінде (5 күннен 15 күнге дейін) «скарлатиналық жүрек» синдромы: аритмия, қан қысымының төмендеуі, тамыр соғысының баяулауы, систолалық шу, жүрек шекарасының кеңеюі болады. Миокардит, іріңді отит, мастоидит, лимфаденит, нефритпен асқынуы мүмкін.
Диагностикасы. Аурудың клиникалық көрінісі айқын жағдайда диагнозын қою қиын емес.
Емі. Скарлатинасен ауырған адам жұқпалы аурулар ауруханасына жіберіледі, жеңіл түрінде үй жағдпйында емдеуге болады. Антибактериалды терапия - пенициллин препараттары, асқынған кезде антибиотиктерді араластырып тағайындау кеңінен қолданылады. Емдеу курсы - 5-7 күн, қажет болған жағдайда оны ұзартуға болады. Патогенетикалық ем - қуат беретін, препараттар. Симптоматикалық ем, витаминдер тағайындалады. Сұйықтықты көп беріп, ерет балалардың аузын натрий гидрокарбонатының 2% немесе фурациллин ерітінділерімен шаюға болады. Бөлменің ауасын үнемі тазартып тұруға, үздіксіз ылғалдап сүртіп, алдын алатын дезинфекцияға зор көңіл бөлінуге тиіс.
Алдын алу. Алдын алу шараларын 2 топқа: инфекцияның таралуына қарсы шаралар мен организмнің инфекцияға төзімділігін арттыру жөніндегі шараларға бөлуге болады.
- ауруханаға жатқызу міндетті емес.
- науқасты 10 күнге оқшаулау.
Есте сақта! Егер баланың жасы 8 дейін болса, онда 10 күнге 12 күн қосып, үй жағ-дайында ұстаймыз.
- ағымды дезинфек-цияны жүйелі түрде өткізеді, ауруға күтім жасағанда маскалы режимді сақтау, бөлмені желдету, ылғалды тазалап тұру.
- оқшаулағаннан немесе ауруханадан шыққаннан кейін қорытынды дезинфекциялауды ұйымдастыру қажет.
- қатынаста болған барлық баланы есепке алу.
- мекемені 7 күнге карантинге жабу (егер жаңадан ауырғандар болмаса карантинді ашуға болады) . .
- қатынаста бол-ғандарды бақылау (термометрия, тері жамылғысын, шырышты қабат-тарын, аранын қарау) .
- стрептококкты инфекциясы бар қатынаста болған барлық балаларды 22 күнге оқшаулау.
Желшешек - вирус текті жедел жұқпалы ауру, ол дене қызуының көтерілуімен, терінің және шырышты қабықтардың, сирек болса да ішкі мүшелердің зақымдануымен сипатталады, зақымдану түссіз сұйықтық толған ұсақ ақшыл күлбіректер түрінде көрініп, кейіннен сорылып, күлбіректердің орнында құрғақ қабықшалар түзіледі. Сауығу кезеңінде қабықшалар тыртық қалдырмай түсіп қалады.
Этиологиясы. Желшешекті сүзілмелі вирус қоздырады. Айналадағы ортада вирус төзімсіз, тез өліп қалады. Табиғи ортада желшешектің вирусы адам организмінде ған өмір сүріп, көбейеді, қатаң түрде таңдампаз болады және көбінесе терінің эпителий жасушаларын зақымдайды. Вирустың көпшілігі желшешек күлбіректерінде аурудың алғашқы 5 күнінде болады, 5 күннен кейін вирус саны азаяды, 8-ші күнге қарай ол табылмайды.
Эпидемиологиясы. Инфекцияның көзі инкубациялық кезеңнің соңғы 2 күні ішінде, бүкіл бөріту және везикула түзілу кезеңінде науқас бала болып табылады. науқас сауығу кезеңінде - қабықшалардың түзілуі мен түсуі кезінде ауру жұқтырмайды деп саналады. Инфекция ауа - тамша жолымен таралады. Вирус көрші бөлмелерге, іргелес пәтерлерге тез еніп кете алады. Вирустың айналадағы ортаға онша төзімсіз болғандықтан инфекция заттар мен үшінші адамдар арқылы берілмейді. Бейімділіктік жоғары болуына қарай желшешекпен ауыру көп кездеседі. Көбінесе 5 жасқа дейінгі балалар ауырады. Инфекциямен ауырғаннан кейін тұрақты иммунитет қалып, өмір бойы сақталады.
Клиникасы . Инкубациялық кезең 11 - 21 күнге дейін. Продромалдық құбылыстар көбінесе бола бермейді немесе нашар аңғарылады. Кейде продромалдық бөртпе, көбінесе скарлатина немесе қызылша тәрізді бөртпе болады. Бұл бөртпе 3 - 5 сағат тұрады да, тез ұшып кетеді. Желшешек бөртпесі көбінесе дене қызуының көтерілуімен бірге пайда болады, күлбіректер біркелкі орналаспайды. Бөртпе бетке, бастың шаш бөлігінде, денеге, қол-аяққа шығады; әдетте, алақан мен табандарда бөртпе болмайды. Бөртпе элементтері бастапқыда көлемі тары дәнінен бұршаққа дейін болып, дақты - папулездік түрде шашырап шығады, алайда көп кешікпей ішінде ақ сұйықтығы бар жұқа күлбірек (везикула) пайда болады. Олар 1 - 2 күн сақталады, инемен жарғанда су ағып, бет жағы эрозия болып, тез құрғап, бетінде қабықша пайда болады. Бөріте бастағанда қышып, науқастың мазасын алады. Желшешек бөртпесі бір мезгілде шықпайды, көбінесе толқын тәрізді, арасына 1 - 2 күн салып, 2 - 3 рет шығады. Ауру әбден қызған кезде желшешектің бөртпесі полиморфтық сипатта болады: терінің бір көлемінде дақтардың, күлбіректердің және қабықшаларының көрінуі мүмкін. температура шамасы бөртпенің шығу динамикасын көрсетеді, өйіткені күлбіректердің әрбір жаңадан шығуына қоса дене қызуы 38 - 39ºC-қа дейін көтеріліп отырады. Температура көтерілген кезде баланың жалпы жағдайы нашарлайды, ол мазасыздана түседі, тәбеті нашарлап, ұйқысы бұзылады. Ауру басталағаннан кейінгі 3 - 5 күнде везикулалар қабықшаларға айналады, температура төмендеп, қалпына түседі, көңіл - күйі жақсарып, ұйқысы, тәбеті қалпына келеді. Қабықшалар теріде 1 - 2 апта тұрады, содан соң сәл - пәл із қалдырып түсіп қалады, тыртық қалмайды.
Диагностикасы. Көпшілік жағдайда желшешекті анықтау аурудың симптомдары нашар аңғарылғанның өзінде де қиындық келтірмейді. Дигнозды нақты анықтау үшін күлбіректер ішіндегі сұйықтықты вирусологиялық лабораторияға жіберіп, қоздырғышын табады.
Емі. Гигиеналық режимді сақтау қажет, бала дене қызуы көтерілген кезде төсектен тұрғызылмауға тиіс. Бала қабыршақтарды қасып, тырнап тастамауы үшін оның тырнағын алып тастау керек. Іріңді инфекция келтіруден сақтану үшін төсек - оргыгың тазалығын қадағалап отыру қажет. Жақсы кебу үшін калий перманганатының 2% ерітіндісін немесе бриллиант жасылының 1% спирт ерітіндісімен өңдейді. Симптоматикалық ем - қызу түсіретін, антигистаминді препараттар тағайындалады.
Алдын алуы.
- ауруханаға жатқызу міндетті емес.
- науқасты соңғы бөртпе шыққаннан кейін 5 күнге оқшаулау.
- ауруға күтім жасағанда маскалы режимді сақтау, бөлмені желдету, ылғалды тазалап тұру.
- қатынаста болған барлық баланы есепке алу.
- мекемені 21 күнге карантинге жабу (егер жаңадан ауырған балалар болмаса карантинді ашуға болады) .
- қатынаста болған әлсіз балаларға бұлшықетке иммуноглобулин егу.
- қатынаста бол-ғандарды бақылау (термометрия, бастың шаш бөлігін қарау, тері жамыл-ғысымен шырышты қабаттарға назар аудару) .
Тапсырма:
1. Желшешек ауруының қоздырғышы:
а) гемолитикалық стрептококк
в) менингококк
с) фильтрлік вирус
д) саңырауқұлақтар
е) коринебактерия
2. Желшешек ауруының негізгі таратушы көзі:
а) ауру адам
в) кеміргіштер
с) ауру мал
д) дені сау адам
е) бактерия тасымалдаушы
3. Желшешек ауруының таралу жолдары:
а) тағам арқылы
в) заттар арқылы
с) ауа -тамшысы арқылы
д) көк-өніс, жемістер арқылы
е) су арқылы
4. Желшешек ауруын тез қабылдайтын жас :
а) 1 жасқа дейін
в) 1-5 жас
с) 5-10жас
д) 10-12 жас
е) 13-14 жас
5. Қоздырғыштың сыртқы ортаға төзімділігі:
а) жоғарғы температурада ұзақ сақталады
в) құрғақ күйінде ұзақ сақталады
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz