Балалардағы өкпе туберкулезі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Балалардағы өкпе туберкулезі

Туберкулез (лат. tuberculum - төмпешік), ескіше: құрт ауру, көксау - адам мен жануарларда болатын созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулездің қоздырғышы - микробактерияны ("Кох таяқшасын") неміс микробиологы Р.Кох (1843 - 1910) ашты (1882). Туберкулез микобактериялары жіңішке, түзу не сәл иіліп келген таяқшалар, ұзындығы 1 - 10, ені 0,2 - 0,6 мкм.Этиология. Туберкулездің контактілігі (жұқпалылығы) сонау Гипократтың заманында-ақ белгілі болған. 1865 жылы туберкулездің жұқпалы ауру екені анықталды. 1882 жылы Роберт Кох туберкулездің қоздырғышын ашты. Қазіргі уақытта туберкулездің микобактериясы немесе Кох бактериясы деген терминді пайдалану ұсынылды.Берілу жолдары. Ең таралған жолы-микобактериялардың бала организміне енуінің ауа-тамшы-және ауашаң жолдары. Тамақ жолымен жұғу және ауру анадан құрсақ ішінде жұғу мүмкіндігі дәлелденген. Жас нәрестелердің туылыпп жатқан кезінде жұқтыру оқиғалары суреттелген. Көпшілік жағдайда туберкулезбен ауыратын адам, сирегірек болса да ауру мал инфекция көзі болып табылады. Енетін жолының тыныс алу аппаратының болуы жиі, бадамша бездің, ас қорыту аппаратының болуы сирегірек кездеседі. Жұғатын көзін анықтау маңызды, өйткені ауру жұққан немесе аурулы баланы аурудың барысы онша қолайлы болмайтын суперинфекциядан сақтау қажет. Балаға жұқтырған ауру қоздырғышын таратушылар да жедел емдеуді қажет етеді. Балалардың туберкулезді жұқтыруы жасы өскен сайын арта түседі. Егер өмірінің алғашқы үш жылында ауру жұқтырған балалар 1-3% болса, пубертаттық жасқа таман бұл көрсеткіш 10-11 процентке дейін көбейеді. Туберкулезбен ауыратын барлық адамдардың жалпы санында балалар 5-6 процентке жуық болады.Патогенез.Туберкулездің микобактериялары ену жолдары (тыныс жолдарының шырышты қабықтары, ас қорыту аппараты және басқалар) арқылы бала организміне өтіп, лимфа және гематогенді жолдарымен таралады. Лимфа жолдары еніп кеткен инфекцияны тез аңғарып, оны лимфа түйіндеріне адсорбциялайды. Ауру жұққаннан кейін көп кешікпей көбінесе лимфа жүйесінің зақымданғаны айқындалады. Микобактериялар бала организмінің аллергиялық өзгерісін туғызады: тканьдардың микобактериялар тіршілігінің өнімдеріне сезімталдығы артады, олардың түсуіне гиперергиялық қабыну реакциясын жасайды. Сезімталдығы баяу, ауру жұққаннан кейінгі бірнеше апта ішінде өзгереді. Туберкулинге сезімталдықтың артуын анықтау 1907 жылдан бастап диагностикалық мақсатта пайдаланылып келеді (туберкулин сынамасы). Сынаманың оң нәтиже беруі бала организмінде туберкулез инфекциясының бар екенің көрсетеді. Туберкулез инфекциясының қарсыласуы жоғары болған жағдайда аурудың дамымауы мүмкін.Аурудың пайда болуына мынадай себептер бар: 1) инфекцияның жаппай жайлап алуы, мұның өзі әдетте туберкулезбен ауыратын адаммен семья ішінде тығыз байланыс жағдайында байқалады; 2) организмнің туберкулез инфекциясына резистенттілігінің төмен болуы, мұның өзі жас нәресте кезінде, әсіресе 1 жасқа толғанға дейін, сондай-ақ жыныс мүшелерінің жетілу кезеңінде (12-16 жаста) болады және жас реактивтілігінің ерекшеліктеріне байланысты; 3) организмнің туберкулез инфекциясына резистенттілігін кемітетін күн және кварц сәулесі; 4) қызылшамен, көкжөтелмен, гриппен ауыру, өте қатты пневмония; 5) организмнің көктемдегі қарсыласуының төмендігі; 6) ұтымды тамақтанбай, көмірсулар мол және белогы мен витаминдері кемшін тамақ ішу.
Егер бала организміне микобактериялар көп түсіп, ал иммунитет төмендеген болса, мысалы, бұл жас нәресте кезінде немесе ауырғаннан кейін болса, ерекше туберкулез процесі дамиды. Туберкулез процесі шоғырланған жерде, көбінесе бронх лимфа түйіндерінде, өкпеде ерекше қабыну дамып, оның төңірегідегі ерекшелігі жоқ перифокальдық қабыну реакциясы болады (сенсибилизация салдарынан). Туберкулез процесі микобактериялардың шоғырлануымен және ұзаққа созылуымен, фазасымен және бөлінуімен сипатталады. Өкпедегі шоғырлануы мен ұзаққа созылуын сегменттері бойынша анықтайды. Басқа мүшелер мен жүйелерде зақымданудың шоғырлануы ғана аңғарылады (оң жак бүйректің жоғарғы сегментінің туберкулезі, омыртқа туберкулезі және т.б.).
Процестің фазалары: а) инфильтрация, ыдырау, тұқым шашу жаңадан ауырған науқастарда немесе процесі асқынған науқастарда туберкулез өзгерістерінің активтілігімен сипатталады (емдеу кезінде немесе емдегеннен кейін, не клиникалық емдеуден кейін қайталану арқылы); б) сорылу, тығыздалу, тыртықтану, әксіздену активті туберкулез процесінің саябырсып, оның тұрақтануға бейімделгенін көрсетеді.Перифокалдық қабыну аймағы (перифокалдық экссудат) не толық резорбцияға немесе өзіндік ерекшелігі жоқ грануляциялық тканьдар мен тыртық жасалуына ұшырайды.Аурудың беті қайта бастаған кезде перифокалдық қабыну ертерек жойылып, кейініректе ерекше (туберкулез) қабыну ошағының сорылуы немесе оның петрификациясы (әк тұзыңын сіңіп қатаюы) орын алады.Инфекция қоздырғышын (БК+) таратушыларға бір рет болса да туберкулездің микобактериясы табылған науқастар жатады, бірақ бұл орайда оларда процестің көрінеу активтілігін дәлелдейтін клиникалық-рентгенологиялық деректер болады.Жіктелуі.Фтизиаторлардың Бүкілодақтық VІІІ съезі (1973) туберкулездің СССР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен төмендегідей клиникалық классификациясын қабылдады.
А. Негізгі клиникалық формалары
І топ. Балалар мен жасөспірімдердегі туберкулез интоксикациясы.
ІІ топ. Тыныс мүшелерінің туберкулезі.
Бастапқы туберкулез комплексі
Кеудедегі лимфа түйіндерінің туберкулезі.
Өкпенің диссеминацияланған туберкулезі.
Өкпенің ошақты туберкулезі
Өкпенің инфильтарцияланған туберкулезі
Өкпе туберкуломасы
Өкпенің каверналық туберкулезі
Өкпенің фиброздық-каверналық туберкулезі
Туберкулез плевриті (оның ішінде эмпиема).
Жоғарғы тыныс жолдарының, кеңірдектің, бронхтың туберкулезі.
Тыныс алу мүшелерінің шаңға байланысты кәсіптік аурулармен араласқан туберкулезі.
ІІІ топ. Басқа мүшелер мен жүйелердің туберкулезі.
Ми қабықтары мен орталық нерв жүйесінің туберкулезі.
Ішек, іш перде мен шажырқайдың лимфа түйіндері туберкулезі.
Сүйек пен буын туберкулезі.
Несеп пен жыныс мүшелерінің туберкулезі.
Тері мен шел клетчаткасының туберкулезі.
Шеткі лимфа түйіндерінің туберкулезі.
Көз туберкулезі.
Басқа мүшелер туберкулезі.
Ә.Туберкулез процесінің сипаттамасы
Өкпеде шоғынлануы мен ұзаққа созылуын мөлшері мен сегменттері бойынша, ал басқа жүйелерде - зақымданудың шоғырлануы бойынша анықтайды.
Фаза:
а) инфильтрация, ыдырау, тұқымдану;
ә) сорылу, тығыздалу, әк сіңіп қатаю.
Бацилла бөліп шығаруы:
а) туберкулез микобактерияларын бөліп шығару (БК+);
б) туберкулездің микобактерияларын бөліп шығармау (БК-);
Б.Асқыну
Өкпеден қан тастау спонтандық пневмоторакс, өкпе-жүрек кемістігі,бронхтағы, торақалдық тесік және басқалар.
В.Емделген туберкулезден кейінгі қалдықты өзгерістер
а) тыныс мүшелеріндігі фиброздық, фиброздық-ошақты, буллездің өзгерістер, өкпедегі және лимфа түйіндеріндегі кальцинаттар, плевро-пневмосклероз, цирроз, бронхоэктаздар, хирургиялық әдіспен араласқаннан кейінгі жағдай және басқалар;
ә) басқа мүшелерде: әртүрлі мүшелердегі тыртықты өзгерістер мен олардың зардаптары, әк сіңіп қатаю, хирургиялық әдіспен араласудан кейінгі жағдай.
Клиникасы. Алғашқы туберкулез инфекциясының ерте кезеңінде балада туберкулин сынамасының оң мәнді болуы (вираж) бірінші рет анықталады. Оның жалпы жағдайы өзгермейді. Перифериялық лимфа түйіндерінің диаметрі 0,8 - 1,5 см дейін ұлғаяды, пальпацияда жұмсақ консистенциясы болады. Қанда: эозинофилдік лейкоцитоз бен моноцитоз, кейде ЭТЖ 15 - 20 ммл мөлшеріне дейін ккөтеріледі. Егер 3 ай профилактикалық препарат ретінде изониазид қабылдаса, баланың денсаулығы сақталып қалады. Туберкулездің ерте интоксикациясы балаға оның жұққанына көп болмаған жағдайда, Манту сынамасының оң мәнді болғанынан кейін бір жыл ішінде дамиды. Клиникалық көрінісі жалпы симптомдармен сипатталады: баланың мінез - құлқы өзгереді, ашушаң, тез шаршағыш, тәбеті нашарлайды. Дене температурасы 37,1 - 37,5ºC-қа дейін көтеріледі, бауырдың үлкейгені байқалады. Әртүрлі функционалдық бұзылыстар, субфебрильдік дене температурасы, терісінің құқыл тартып, құрғап кетуі, шеткі лимфа түйіндері ісінеді, пальпацияда ауырады, ұлғайып, көбейеді, тығыз, тас түйін болады. Рентгенге түсіріп көргенде науқастардың 50% бронхтың лимфа түйіндерінде петрификаттар (кальцинаттар) табылады. созылмалы туберкулез интоксикациясы бар балалар толымды тамақ ішумен бірге ұзақ уақыт (кемінде 6 ай) бойы изониазидпен және десенсибилизациялаушы, витаминотерапиямен ұштастырылып, ПАСК-пен емделуге тиіс. Алғашқы туберкулезды комплекс - өкпедегі бастапқы инфекцияның ең жиі кездесетін көрінісі болып табылады, сонымен бірге әр жердегі лимфа түйіндеріндегі без компоненті айқын аңғарылады. Балалардың көпшілігінде дене қызуының көтерілгені байқалып, ол алғашқы 4 - 7 күнде жоғары цифрға жетеді, ал содан соң субфебрильды болады. Өкпеде зақымданған жағында көмескілену, ал көмескіленген жерде - тыныс алудың әлсіреуі, кейде аздаған ұсақ көпіршікті ылғалды сырыл, түбір айналасында тыныстың қатаюы анықталады. Қақырық бөлінбегендіктен, асқазанды жуған су зерттеледі, одан кейде туберкулездің микобактериясы табылады. Қанда: ЭТЖ-ның жоғарылауы, формуласы сол жаққа қарай ығысқан лейкоцитоз анықталады. Рентгенологиялық зерттеу кезінде өкпеде гомогенді емес көлеңке анықталады. Манту сынамасы оң мәнді. Жазылу процесі 3 бағытта: сорылу, фиброз және кальциноз болады. Ең жақсы нәтижесі сорылу болып табылады, ол көбінесе дер кезінде және дұрыс емдегенде байқалады. Туберкулезды бронхоаденит - туберкулез инфекциясының шағын көрінісі болуы мүмкін, оның кезінде кеуденің лимфа түйіндері зақымдалады. Ауру басталағанда жедел респираторлы инфекция сияқты болып көрінуі мүмкін. ауру жедел немесе тез басталып, жалпы жағдайы бұзылады, дене қызуы көтеріліп, тәбеті нашарлайды. Науқасты тексерген кезде шеткі лимфа түйіндерінің ұлғайғаны, кеудедегі ІІІ - Х омыртқа маңайында бронхты тыныс пен бронхофония, өкпе түбірінің проекциясына сәйкес паравертебралдық және парастерналдық кеңістіктерде перкуторлық өкпе тынысының қысқарғаны (Коранья - де ла Камп симптомы) анықталады. Манту сынамасы оң мәнді. Рентгенологиялық тексеру түбірдің ені мен ұзындығы ұлғайғанын анықтайды. Бронхоаденит емдеудің ықпалымен бірқалыпты өткен жағдайда 6 - 12 айдан кейін қабыну өзгерістерінің беті қайтып, кальциоздың дамуы орын алады.
Диагностикасы.Балаларда туберкулез диагнозы анамнездің, объективті зерттеу деректеріне, эпидемиологиялық мәліметтерге - инфекция көзін анықтауға, Манту сынамасының оң болуына (туберкулинодиагностика), рентгенологиялық зерттеулердің нәтижесіне, сондай-ақ қақырықтан, асқазанды жуған судан туберкулездің микобактерияларының табылуына негізделеді. Туберкулинодиагностика - виражбен гиперергияны ерте анықтау, БЦЖ ревакцинациясына балаларды іріктеп алу үшін қолданылады. Бұл мақсатта 2 ТЕ (туберкулиннің халықаралық өлшемі) мөлшерінде тазартылған туберкулин пайдаланылады, тері ішіне жасалады. Бұл сынаманың нәтижесі 72 сағаттан кейін тексеріледі, жылына 1 рет жасалады.
Емі.
№ 471 бұйрық 18.05.01
ҚР туберкулезбен күресу шараларды күшейту туралы
DОТS - туберкулезді емдеу жаңа тактикасы
D - тікелей
О - қадағалауылы
Т - емдеу
S - қысқа курстармен
(БК +) пациент, кемінде екі қақырық анализінде туберкулез бацилласы табылғандар.
(БК - ) пациент, клиникасы және рентгенологиялық өзгерістер активті процесіне сәйкес, бірақ үш рет қақырықты зерттегенде бацилла табылмаған.
Вакцина БЦЖ - ағылшын тілінде ВСG. Осы вакцинаны шығарған ғалымдардың аттарымен аталған.Calmette,Guerin
БЦЖ - ит - БЦЖ вакцинадан кейін дамыған салқын тері асты абсцесстер.
Резистенттілік - туберкулез микобактериялардың туберкулезге қарсы препараттарға төзімділігі.
І. ДОТS стратегия бойынша химиотерапия туберкулезді емдеудің негізгі әдісі болып
саналады. Және 3 принципке негізделеді:
1.Химиятерапия қадағалаулы болу қажет. Туберкулезге қарсы препараттар ауруханада және санаторийде мед.қызметкерлердің көзінше қабындану керек, амбулаториялық жағдайда мед қызметкерлердің немесе тумалардың көзінше.
2. Категорияға қарай мөлшері, саны және препараттар тізімі мұқият сақталу керек.
3. Ұзақтығына қарай емдеу кестесі сақталу керек.
ІІ. ДОТS стратегиясы бойынша химиотерапия 2 сатыдан тұрады.
Бірінші саты - химиотерапияның интенсивті фазасын ауруханада өткізеді. ІІІ категорияның кейбір ауруларын емханада емдеуді фтизиатр шешеді.
Екінші саты - көтермелеу фазасы, әлеуметтік-нашар жанұялардан шыққандардан басқаларына емханада өткізіледі.
Туберкулезді аурулардың категориялары.
1 категория - алғашқы рет анықталған өкпедегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардағы туберкулез
Бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары мен туберкулезге қарсы ұйымдарда туберкулезді анықтау, тіркеу, емдеу және диспансерлік бақылау жөніндегі нұсқаулық
Тыныс алу ауруларының шағымдары, ауру тарихы және өмір тарихтарын жинау ерекшеліктері. Балалардағы ерекшеліктері
Балалар аурулары туралы
Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілер
Өкпе тіндерінің тығыздалуы синдромының анықтамасы
Балаларда АИТВ- инфекциясын және ЖИТС-ты диагностикалау және емдеудің ХАТТАМАСЫ
Цитомегаловирусты инфекция
Балалардағы АИТВ- инфекциясы және ЖИТС-ты диагностикалау және емдеу
Өкпеден тыс туберкулезбен ауыратын науқас жағдайы
Пәндер