Асқазан- ішек жолдарының және билиарлық жүйенің аурулары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Асқазан- ішек жолдарының және билиарлық жүйенің аурулары

Гастриттер
Жедел гастрит - асқазанның шырышты қабығының қабынуы, мектеп жасына дейінгі балаларда жиірек кездеседі. Ауру ащы, қатты тамақ ішкенде, тамақты көп ішіп қойғанда, қышқылдармен, сілтілермен, ауыр металл тұздарымен уланғанда , сондай - ақ асқорыту аппаратына тамақпен бірге микроорганизмдер мен олардың токсиндері (сальмонелла, шартты патогендік ішек таяқшасы, стафилококк және басқалар) түскенде бел алады; жедел гастрит кейде кейбір жұқпалы аурулармен ауырғанда пайда болады.
Клиникасы. Ауру өте жедел, тамақ ішкеннен кейін 6 - 12 сағаттан соң бел алады. Балалар ішінің, басының ауратынын айтады, әлсіреп құсады, дене қызуы қалыпты болуы мүмкін немесе 38 - 39 градусқа дейін көтеріледі, содан соң қорытылмаған тамақты құсып тастайды. Баланы қарағанда терісі бозғылт, тілін ақ жабынды басып кеткені, ішінің кепкені анықталады. Ауыр жағдайда жүрек соғысы баяулайды, тахикардия байқалып, қан қысымы төмендейді, ішін басып қарағанда эпигастрий аймағының ауыратыны анықталады. Көбінде таза сұйық нәжіс түрінде энтерит құбылыстары қосылуы мүмкін. Есінен жаңылып, тырыспа ұстауы мүмкін. Дұрыс емдегенде жағдайы тез жақсарады, ауру 5 - 7 күнге созылады.
Емі. Интоксикация симптомдары жойылғанға дейін төсек режимін сақтау, асқазанды натрий гидрокарбонатының 4% ерітіндісімен, сілтілермен уланған жағдайда - су қосылған қышқылдармен (лимон немесе сірке қышқылдары), натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісімен немесе қайнатылған сумен жуып тазартады. 18 - 24 сағат бойы шай - су диетасы қолданылады. Көп мөлшерде (тәулігіне 1 - 1,5 литрге дейін) сұйық тағам, шай, арасан суы (боржом), 5% глюкоза ерітіндісі ішкізіледі. Қайталап құсқан жағдайда көктамырға тамшылатып Рингер - Локк ерітіндісі, 5% глюкоза ерітіндісі құйылады. Одан кейінгі күндерде күтім жасауға арналған диета тағайындалып, шырынды қайнатпалар, майсыз сорпа, құрғақ нан мен шай, ұсақталған ботқа беріледі. Диета біртіндеп ұлғайтылады: айран, көкөніс пюресі, ұсақтап туралған ет беріледі. Тәбеті қалпына келгеннен кейін баланы толымды тамаққа көшіреді, бірақ барлық тамақ тартылып, булап пісірілген түрде беріледі. Дәрі - дәрмектерден дәрігердің көрсетуімен кордиамин, кофеин, строфантин, коргликон, кортикостероидтар, құсуы тоқтамаған жағдайда - аминазин, ішек инфекциясына күдік туғанда - эмигил тағайындалады, метеоризмде күніне 2 - 3 рет 0,5 г-нан карболен беріледі. Әлсіреген балаларға плазма құяды.
Болжамы. Қолайлы.

Созылмалы гастрит - аурудың морфологиялық негізі асқазанның шырышты қабығы эпителийіндегі дистрофиялық өзгерістерден тұрады.
Этиологиясы. Созылмалы гастриттің бел алуы тамақты дұрыс ішпей, сыңаржақ тамақтануға, құрғақ, қатты тамақ ішуге, оны тез және жеткіліксіз шайнауға байланысты. Ауруға тұқым қуалауға байланысты ерекшеліктері, сондай - ақ асқорыту аппаратының басқа бөлімдерінің аурулары (дуоденит, холецистит) себепші болады.
Клиникасы. Созылмалы гастрит кезінде эпигастрий мен оң жақ қабырға астының, кіндік маңының, кейде бүкіл ішінің ауратынына шағым айтады. Ауырсыну көбінесе тамақтан кейін жиірек, аш кезде сирегірек немесе тамақ ішуге байланысты болмайды. Баланың тәбеті нашарлайды, жиі лоқсиды, құсады. Қарағанда терісі боз, құрғақ, тілін ақ үлпек басып кетеді. Асқазан сөлін анықтағанда протеолиттік белсенділіктің төмен екені байқалады.
Жіктелуі.

Пайда болуы
Патология-лық про-
цесстің жайылуы, орналасуы
Асқазан шырышы өзгерісінің морфология-лық сипаты
Эндоско-
пиялық
сурет
Секреция сипаты
Ауру кезеңі
Алғашқы

Екіншілік
Жайылған

Ошақты (антраль-
ды, фун-
дальды)
Үстіртін

Атрофиясыз бездер зақы-
мы

Атрофиялы (шамалы айқындал-
ған, айқын-
далған қайта
құрылу көріністері-мен)
Үстіртін

Гипертро-
фикалы

Эрозиялы

Қалыпта

Жоғары-лаған

Төмен-
деген

Асқыну

Толық жазыл- маған

Толық айығумен

Диагностикасы. Келтірілген жіктелуге сай диагноз қою үшін, аурудың клиникалық көріністерін, фракциялық дуоденалды зондылау, асқазан рентгеноскопиясы, асқазан мен ұлтабардың гастрофиброскопиясы деректерін ескеру қажет. Асқыну кезеңінде науқастар тәбеті төмендегеніне, ащы, жағымсыз иісті кекірекке, лоқситынына, кейде құсатынына, әрдайым іш ауратынына шағымданады. Дәреті тұрақсыз, тамақтану мен асқорыту бұзылыстарынан болатын, жалпы симптомдардан - маза кету, тез шаршау, тері бозаруы, тері асты май қабаты, тін тургоры төмендеуі, шамалы анемия болады. Аталған симптоматика байқалса, баланы ауруханаға салып тереңдете тексеріп, ем курсын тағайындау керек.
Емі. Науқастарды асқыну кезінде стационарда емдеу қажет. Төсек тәртібін 7 - 10 күнге тағайындайды, ауру синдромы жойылғанша Певзнер бойынша №1а диетасы 3 - 5 күнге, сосын №1б 2 аптаға, біртіндеп №1 диетаға 5 - 6 ай, сосын №5 диетаға көшеді. Күніне 5 рет тамақтану керек, тағам механикалы аялы, сөл бөлдірмейтін, жылы, В тобындағы витаминдермен байытылған болуы керек. Антацидті препараттарды (алмагель, алмагель А, фофолюгель, викалин т.б.) ұзақ уақыт қолданылады, тамақтануға 30 - 40 минут қалғанда; холинолитикалы және құрамында атропині бар (беллоид, белласпон) препараттар, метацин, платифиллин, папаверин, но - шпа тағайындалады. Дискенитикалы (рефлюкс) және диспептикалы (жүрегі айну, құсу) көріністер болса метоклопрамид (церукал) қолданады. Репарация кезеңінде асқазан мен ащы ішектің шырышты қабаттарының регенерация процесстерінің ынталандыру үшін гефарнил (күніне 3 рет), гастрофарм, плантаглюцид, метацил, бүрген (облепиха) майы және де басқа асқазан секреғциясын азайтып, шырышты қабаттарды регенерациялайтын дәрі - дәрмектер ұсынылады. Физиопроцедуралардан спазмолитикалықтардан электрофорез, ауру синдромын жойған соң - жылыту процедуралары (озакерит, парафин) жасалады.
Асқазан мен ұлтабардың жаралы ауруы. Негізінен мектеп жасындағы балаларда кездеседі. Науқастанғандардың тең жартысы туысқандары аурады. Жара 12 елі ішекте, асқазанға қарағанда 9 - 14 есе жиі кездеседі. 12 елі ішек пен асқазан жарасы ауруы дегеніміз - асқазан мен 12 елі ішектің кілегей қабатының ойылуы, ауру әр түрлі клиникалық белгілермен өтіп, ауру ағымы өршумен немесе ремиссиямен сипатталатын созылмалы ауру. Көбінесе жара асқазанның кіші ойығы мен антральды бөлігін зақымдайды. Бұл кезде іш аш қарында, кешке не түнде ауырады. Тамақ ішу кезінде жеңілдік байқалады. Диспептикалық бұзылыстардан кекіру, лоқсу, кейде құсу байқалады, іш өту қатуға айналады. Асқыну кезінде науқастар эмоционалды тұрақсыз, дене қызуы субфебрильды болуы мүмкін.

Этиологиясы:
1. әр түрлі психоэмоциялық фактордың ұзақ әсері.
2. эндокриндік, биологиялық белсенді заттардың әсерінен асқазан мен 12 елі ішектің қызметі бұзылуы.
3. иммунологиялық бұзылыс.
4. тамаққа аллергия, астың сапасы мен көлемінің сәйкес келмеуі.
5. қышқыл пептикалық фактордың белсенділік әсерінен шырышты қабаттың табиғи резистентті төмендеуінен асқазанның антральды бөлігі мен 12 елі ішекте микрофлора өзгеріп, жергілікті асқорыту бұзылады.
6. гипоксиялық фактор.
7. тұқым қуалайтын конституциялық ерекшелік.
8. асқазан мен 12 елі ішектің кілегей қабатының алғашқы морфологиялық өзгерісі.
9. асты дұрыс ішпеу.
10. созылмалы инфекциялар, интоксикация әсері.
Клиникасы: Ауру клиникасы жараның орналасқан жеріне байланысты. Егер жара асқазан денесіне, яғни кіші ойығында орналасса, шағымы: ауру ас немесе көкөніс жегенде белгілі бір ырғақпен әрбір 25 - 30 минут сайын асқазан тұсы ауырады. Әрбір 6 - 8 апта сайын ауру өршіп немесе басылып отырады. Ауру өршігенде ауру синдромдары сақталады. Бала кекіріп, асқа тәбеті төмендеп құсумен аяқталады. Ауру басылса да сол жерде ауыртпалық сезім қалады.
Жара 12 елі ішектің буылтығында орналасса: баланың іші аш қарында ауырып, тамақ ішкеннен кейін қойып, 1,5 - 2 сағаттан соң қайта ауырады. Ауырсыну кіндіктен жоғары таралып, түнге қарай ауырады. Пилородуоденальды аймақ немесе оң жақ қабырға тұсы ас ішкесін 3 - 4 сағаттан кейін ауырады. Ұстама арасында балада тамақ араласқан сарғыш - жасыл түсті кілегей құсады. Асқазан тұсының қыжылдап ауырсынуы мен қышқыл кекірік болады. Іші кеуіп, кейде іші қатады. Асқазанның қышқыл мен фермент шығаратын қызметі күшейіп, шырыш шығаратын қызметі төмендейді.
Жара постбульбарлы орналасса: аш қарында іштің ауырсынуы күшейіп, ауырсыну күндіз шаншып, кесіп ауырсынады. Ауырсыну баланың арқасына, іштің оң жақ бөлігіне беріледі. Ауру түнге қарай күшейіп, ауру ұзақтығы емге қарамай 25 - 30 күнге созылады. Мұндай жағдайда ауру еріксіз отырады, тері тітіркенгіш болып келеді. Аурудың бұл түрі жиі дуоденальды қан кетумен, перфорациямен (тесілу), пенетрациямен, стенозбен асқынады. Ауруда астеновегетативті синдром байқалады. Ұйқысы бұзылып, шаршағыш, қозғыш, АҚ төмендеп, брадикардия, қызыл дермографизм байқалып, физикалық дамуы жағынан артта қалады.

Асқорыту мүшелерінің ауруларының клиникалық ерекшеліктері.

Сипаты
Гастрит
Асқазан жаралы ауруы
Ұлтабар жаралы ауруы
Ауру ерекшелігі
Сыздап, негізінен тамақтан соң
Әлсіз сыздаудан шаншылуға дейін

Орналасуы
Эпигастрийде
Орта сызық және оның сол жағы
Оң жақ қабырға асты
Тағамға байланыстылық
Тамақтан соң және тойып кеткенде
Тамақ ішісімен
Тамақтан 1 - 3 сағат өткен соң не ашқарында
Иррадиация
Жоқ
Іш пен арқаның сол жағы
Іштің оң жағы
Мерзімділігі
Жоқ
3 аптадан 5 аптаға дейін
Көктем және күзде
Тәбет
Төмендеген
Сақталған не өзгерген
Сақталған, азаюы мүмкін, мазасыз
Құсу
Жиі
Міндетті емес, сирек
Сирек
Оккультативті қан құйылу
Мүмкін
Жиі
Жиі
ЭТЖ
Қалыпта
Қалыпта, шамалы ұлғайған
Қалыпта
Диагнозға бастысы
Рентген - шырыш рельефінің өзгерісі
Рентген - қуыс
Рентген - қуыс буылтық деформацияланған

Диагностикасы: асқазан мен 12 елі ішек рентгеноскопиясы. Эндоскопия. УДЗ, биопсия, нәжістен жасырын қанға тексеру. Асқазанның қышқыл, секрет жасау қызметін тексереміз.
Емі. Асқыну кезінде ауруханада емделеді. Бұл аурудың негізгі емі - ұзақ терапия, онда асқазан шырышын механикалы, химиялы және ыстықтан аялау қарастырылады. Тағамнан ащы және қуырылған, құнарсыз өсімдік клетчаткалары, қиын еритін майлар аластатылады. Ас тұзы шектеледі. Асқыну кезінде науқасқа төсек тәртібі тағайындалады, оның маңында тыныштық орнатылады. Алғашқы аптада максималды аялы диета (стол №1а) ұсынылады, осы кезде науқасқа шырышты көже, кисель, көкөніс - жеміс шырындары, шала піскен жұмыртқа, үгілген ботқалар беруге болады. Сосын диета кеңейеді, бірақ 2 - 3 жыл ащы және қуырылған, кептірілген тағам, қою шай, кофе ішуге болмайды.
Ингибитор протонды помпа антисекреторлы препарат ретінде қолданылады.
Ол асқазанның қышқылдық ортасын 18 сағат бойы сақтап тұрады, қышылдықты төмендетіп, антибактериальды препараттардың белсенділігін жоғарылатады,
Н. Pylori қоздырғышының өмір сүруін қиындатады.
Бірінші линиялы ем - үшкомпонентті ем. Протонды насостың ингибиторы (рабепрозол 20 мг немесе омепразол) + кларитромицин 7,5 мгкг + амоксициллин + клавулон қышқылы 20 - 30 мгкг немесе метронидазол 40 мг барлығын күніне 2 рет 7 күн қабылдайды. Егер бірінші линияның препараттары нәтижесіз болса, қайтадан біріктірілген ем тағайындалады. Субцитрат висмуттың коллоиды 4 мгкг күніне 3 рет тамақтан 30 мин бұрын, ал төртінші рет тамақтан 2 сағаттан кейін ұйықтар алдында қабылдайды.
12 елі ішектің қозғалыс қызметін қалыптастыру үшін прокинетиктер - домперидон 0,25 - 1,0 мгкг күніне 3 - 4 рет 20 - 30 минут тамаққа дейін 2 апта қабылдау. Ішкі мүшелердің жұмсақ бұлшықеттерінің тонусын төмендету мақсатында гиосцин бутилбромид 10 мг күніне 2 - 3 рет беріледі. Қажет болса, антацидтер, цитопротекторлар ( сукральфат, вентрисол, бисмофальк), синтетикалық простогландиндер( мисопростол), кілегей қабықтың протекторы (салкосерил), вегетотропты препарат ( валериан тұнбасы, микстура Павлов) 4 аптаға тағайындалады. Ұйқы безінің экскреторлы жетіспеушілігінде панкреатин 10000ХБ липаза күніне 3 рет тамақ уақытында 2 аптаға тағайындалады.

Өт шығару жолдарының дискинезиясы
Өт жолдарының дискинезиясы дегеніміз - өт қабы мен өт шығару жолдарының тонусының бұзылуына байланысты, бауыр мен өт қабынан өттің 12 елі ішекке өтуінің бұзылуымен, оң жақ қабырға астының ауырсынуымен сипатталатын ауру.. Аурудың шығу тегіне байланысты алғашқы және екінші дискинезия болып бөлінеді.
Алғашқы дискинезия - орталық нерв жүйесінің реттейтін қызметінің бұзылуының әсерінен дамиды, көбіне энцефалопатимен ауыратын балаларда кездеседі.
Екінші дискинезия - гастродуоденит созылмалы ауруымен ауыратын балаларда, дисбактериоз, аллергия, диета сақтамау әсерінен дамиды, көбінесе глист инвазиясында кездеседі.
Жіктелуі. Дискинезияны гипер- және гипокинетикалы деп бөледі. Вегетативті жүйке жүйесінің парасимпатикалық бөлімінің тонусы көтерілгенде, өт жолдарының гиперкинетикалы және гипертоникалы типті дискинезиясы дамиды, ол Одди сфинктері тарылуымен өтеді. Жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімдерінің тонусы жоғарылауы, гипокинетикалы және гипотоникалы типті дискинезия дамуына соқтырады. Аралас дискинезия да болады, дискинезия көбіне өт жолдары қабыну аурулары пайда болуына бейімдейді.
Этиологиясы. Ішек - асқазан мен 12 елі ішек жарасы ауруларында, әсіресе гастродуодениттерде, жалпы невроздарда, аллергияда, өт жолдары қабынуында, жұқпалы аурулар (вирусты гепатит), ішек құрттары инвазиясы, ішек лямблиозы және басқа да ауруларда пайда болады. аурудың дамуына тұқымқуалаушылық факторлар мен аз қимылдау, диета сақтамау да әсер етеді.
Патогенезі: Дискинезияның дамуына ықпал ететеін невроз бен өт шығаруды реттеу қызметінің бұзылуы, симпатикалық немесе парасимпатикалық жүйе жүйесі тонусының басымдау болуы, өт жолы сфинктерінің (буылтығының) гипотониясын немесе тұрақты тарылуын (спазм) тудырады.Бұл себептер әсерінен өттін ағу ырғағы бұзылып, оның қасиеті мен құрамы өзгереді.
Клиникалық суреттемесі. Өт қабы дискинезиясы негізінен екі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бауырдың атқаратын қызметтері
Созылмалы панкреатиттер (дефинициясы, этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емдеу принциптері)
Асқазан - ішек жолдарына түсініктеме
Тыныс алу жүйесінің аурулары
Студенттер арасындағы дұрыс тамақтану режимін сақтану маңызы
Сау жасушаның өспе жасушасына айналуы
Иттердегі парвовирустық энтериттің сипаттамасы
Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларының дәрілік өсімдіктері
Бұзаудағы вирустық пневмонияның өтуі
Диспепсиялық бұзылулар
Пәндер