Әйел жыныс жүйесінің анатомиясы және физиологиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Әйел жыныс жүйесінің анатомиясы және физиологиясы
Әйелдің жыныс мүшелері сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Сыртқы жыныс мүшелеріне: қасаға (шат), үлкен және кіші жыныс ернеулері, шүрті (шошақай), қыздық перде, қынап сағасы, ал ішкі жыныс мүшелеріне: қынап, жатыр, жатыр түтікшелері және аналық бездер жатады.
Сыртқы жыныс мүшелері
Қасаға (шат) - құрсақтың төменгі жағына, шаптың арасына орналасқан. Жыныстық жасы толған кезде оның үстін түк басатын, өте көп тері асты май шелдерінен тұратын томпақтау, табаны жоғары қараған үш бұрышты аймақ.
Үлкен жыныс ернеулері тері және май бездеріне бай екі қатпарлы теріден тұрады. Олар бір-бірімен алдыңғы және артқы жабысқан жерлермен алдыңғы және артқы жақтарынан түйісе қосарланады. Үлкен жыныс ернеулерін жыныс саңлауы бөліп тұрады. Үлкен жыныс ернеулерінің төменгі қатпарларында қынап сағасының үлкен бартолинді бездері орналасқан, олар жыныс қатынасы кезінде сұйық зат шығарады. Бұл қынапты және жыныс ернеулерінің арасын ылғалдандырып, шәухет сұйығын сұйылтып жыныс қатынасын жеңілдетеді. Бұл бездердің өзектері кіші жыныс ернеулері мен қыздық перденің арасындағы саңлауға ашылады. Кіші жыныс ернеулер - үлкен жыныс ернеулері тәрізді соның ішкі жағында орналасқан, екі тері қатпарынан тұрады. Бірақ өте жұқа, нәзік қызғылт түсті терімен жабылған. Қалыпты жағдайда үлкен және кіші жыныс ернеулерінің ішкі беттері өзара жымдасып, жыныс саңлауын жауып тұрады. Ол үлкен жыныс ернеулері мен қынаптың құрғақ қалуынан ішке жұқпалы ауру тудыратын микробтардың енуінен сақтайды.
Шүрті - конус тәрізді, ерлер жыныс мүшесіне ұқсайтын, жыныс саңлауының алдыңғы бұрышында орналасқан, жыныс сезім мүшелеріне жатады. Ол екі үңгір денеден, қан тамырлары мен көп нерв өрімдерінен тұрады. Қынап сағасы дегеніміз - алдыңғы жағы шүртімен, артқы жағы түйісе қосарланатын және екі бүйірі кіші жыныс ернеулерінің ішкі жағымен қоршалған кеңістік. Қынап сағасына үлкен бездер секреті мен несеп жолы шығады.
Қыздық перде дегеніміз - сыртқы және ішкі жыныс мүшелерін бөліп тұратын, жұқа дәнекер тіннен тұратын тасалау жер. Қыздық перденің ортасында түріне және орналасуына қарай әр түрлі тесігі болады. Осыған байланысты сақина, жарты ай, дөңгелек, тісті түрлері болады. Алғашындағы (алғашқы) жыныс қарқында қанайды. Мұнан кейінгі қалдығын қыздық перденің гименалды бүртіктері, ал босану кезіндегі қосымша жыртылыстан кейін мирта шоғының бүртіктері деп атайды.

Ішкі жыныс мүшелері
Қынап дегеніміз - ересек әйелдерде ұзындығы орташа есеппен 8-10 см болатын, бұлшық және дәнекер талшықтарынан тұратын түтік. Ол кіші жанбас қуысында орналасқан, алдыңғы жағынан несеп ағар жолымен ал артқы жағынан тік ішекпен түйіседі қынап қабырғалары бір-бірімен түйісіп жатады. Ал жоғарғы жағында жатыр мойынының қынап бөлігінде күмбез тәрізді ойық жасайды. Осы ойықтау бөлікті қынап күмбезі деп атайды. Қынап күмбезінің алдыңғы артқы жақтары екі бүйірден тұратын төрт бөлігі бар. Солардың ішінде басқаларынан тереңдеу жатқан артқы күмбездің орны ерекше. Онда жыныс қатынасы кезінде шығатын шәухет жиналады. Қынап қабырғасы шырыш қабығынан, бұлшық ет қабатынан айнала қоршап жатқан шелден тұрады. Шырыш қабығы көп қабатты тегіс эпителий клеткасынан тұратын, түсі қызғылттау келген, өте көп қатпарланып, сәл өзгерген теріден тұрады. Бұл қатпарлар әйелдер босанған кезде қынап бұлшық еттерінің жиырылып - созылуын қамтамасыз етеді. Шырыш қабығы қартайған шақта жұқарып, қатпарлары жойылып кетеді. Қынаптың шырышты қабығында бездер жоқ. Бірақ қынап қан, лимфа тамырларының ісініп, сыртқа шығатын сұйықтарының, жатыр, мойын бездері бөлетін сұйық заттарының нәтижесінде, үнемі дымқылданып тұрады. Сонымен қатар, қынап тінінің түсетін клеткалары, ақ қан түйіршіктері, микробтар болады. Дені сау әйелдерде бұл сұйық зат сүтке ұқсас, ақшыл түсті өзіндік иісі бар қышқыл реакциялы болып келеді. Осындай орта қынаптағы Дедерлейн таяқшасының тіршілік әрекеті кезінде бөлінетін ақ сүт қышқылына байланысты. Бұл таяқша дені сау әйелдердің қынабында болатын микробтар. Дедерлейн таяқшасы қынаптың шырышты қабығындағы гликогенді ақ сүт қышқылына дейін ыдыратады, бұл қышқыл реакциясын туғызады. Ақ сүт қышқылы қынаптың ішінде ауру тудыратын микробтарды жояды да, қынаптың өздігінен тазаланып, тұруына себебін тигізеді. Микрофлора түрлеріне қарай қынап тазалығы 4 дәрежеге бөлінеді. Бірінші дәрежелі тазалықта, қынап ішіндегі заттарда, тек таяқша - микроб пен эпителий клеткалары болады, реакциясы қышқыл. Екінші дәрежелі тазалықта қынаптағы таяқша - микробтар азая бастайды, әр түрлі бактериялар, кокки, лейкоциттер пайда болады, реакциясы қышқыл күйінде қалады. Бірінші және екінші дәрежелі қынап тазалығы дені сау әйелдерге тән қасиет. Үшінші дәрежелі тазалықта таяқша - микробтар өте аз, бактериялар, кокки, лейкоциттер өте көп, әлсіз сілтілі реакция жасайды. Төртінші дәрежелі тазалықта, қынапта таяқша микробтар болмайды, басқа әр түрлі кокки, іш таяқшасы, трихомонада сияқты микробтар, лейкоциттер көбейеді. Үшінші және төртінші дәрежелі тазалықта жатыр ішінде әр түрлі микробтардың өсіп өнуіне олардығ ауру тудыруларына қолайлы жағдай туады.
Жатыр. Іші қуысты, жылтыр бұлшық еттен тұратын, алмұртқа ұқсас, алдыңғы және артқы жақтарында сәл тығыздала түскен жыныс мүшесі. Ол кіші жамбас қуысында орналасқан. Жатыр мынадай бөліктерден тұрады: а) жатыр денесі не тұтас бөлігі, б) жатыр мойыны, в) жатыр денесі мен мойын аралығы, Жатырдың жоғарғы дөңестеу, томпақтау болып келген бөлігі жатыр түбі деп аталады. Жатыр қуысы үш бұрышты, жоғарғы бұрыштарында жатыр түтіктерінің тесіктері ашылады. Төмен қарай жатыр қуысы тарылып, жатыр денесі мен мойыны аралығына жалғасып, жатыр мойынының ішкі ернеуімен аяқталады.

Жатыр мойын каналының сыртқы ернеуі

Босанбаған әйелде Босанған әйелде

1. Жатыр түбі; 2.Түтікшенің истмикалық бөлігі;3.аналық бездің өз дәнекері;4.5.түтікшенің ампулярлық бөлігі;6.Түтікше желбіршегі. 7. Түтікшенің каналы; 8. Жатыр;9. Аналық без;
Жатыр мойыны. Өте жіңішке, оның төменгі жағында қынап күмбезінен төмен жатқан, қынапқа жақын және күмбезден жоғары жатқан, қынаптан жоғары деген бөліктері болады.
Жатыр мойынының ішімен ұзындығы 1-1,5 см болатын жіңішке мойынша каналы өтеді. Жоғарғы жағы ішкі, ал төменгі жағы жатыр мойынының сыртқы ернеулерімен аяқталады. Жатыр босанбаған әйелдерде дөңгелек, ал босанған әйелдерде бұрынғы босану кезіндегі жарық, жыртылу нәтижесінде көлденең саңылау тәрізді болады. Жатыр мойынының каналы шырышты тығыннан тұрады. Ол бездер бөлетін сұйық зат. Шырышты тығын, қынаптан жатырға микробтардың өтулеріне кедергі жасайды. Ересек әйелдердің жатырының ұзындығы жатыр мойнының сыртқы ернеуінен бастап, жатыр түбінің ішкі қабатына дейін есептегенде, 7-9 см болады. Бұл есептеу бойынша, ұзындықтың үштен екі бөлігі жатыр денесіне не тұтас бөлігіне, ал үштен бір бөлігі жатыр мойыны бөлігіне тиеді. Жатыр түбі тұсындағы жатырдың ені 4,5-5 см, ал қабырғасының қалыңдығы 1-2 см болады. Жатырдың қалыпты жүкті емес кезіндегі салмағы орташа есеппен 50-100 гр-ға дейін. Жатыр қабырғасы үш қабаттан тұрады. Ішкі қабаты-шырышты эндометрий қабығы деп аталады. Онда бір қабатты цилиндрлік жыбырлағыш эпителиймен қапталған, өте көп түтік тәрізді бездер орналасқан. Жатырдың шырышты қабығы екі қабаттан тұрады, яғни бұлшық ет қабығына жанасып жатқан базалды және етеккір циклі кезінде бір қалыпты, ритмді өзгеріске ұшырайтын функционалды қабаттарынан тұрады. Функционалды қабаты - өсіп өңгіш базалды қабағы арқылы, бұрыңғы қалпына келтіріліп отырылады. Жатыр қабырғасының көп бөлігін ортаңғы бұлшық ет қабаты алып жатады. Бұлшық ет қабығы сыртқы, ішкі бойлық және ортаңғы циркулярлық қабаттан тұратын жазық бұлшық ет талшықтарынан құрылған. Сыртқы серозды қабаты жатырды жауып жататын іш пердесі болып табылады. Жатырдан қуыққа қарай іш пердесі тереңдеу келген қуық жатыр, ал тік ішекке қарай ішек жатыр кеңістіктерін құрайды. Жатыр кіші жамбас қуысында қуық пен тік ішек аралығында орналасқан. Жатыр денесінің алға симфизге (қасағаның буындасып, мүшенің тұтасып біткен жеріне) қарай орналасуын антеверзия деп атайды, ол жатыр мойнымен алға қарай ашылатын доғал бұрыш жасайды. Оны антефлексия деп атайды. Жатыр мойыны сәл артқа қарай ығысқан. Жатыр мойнының сыртқы ернеуі, артқы қынап күмбезіне жанасады. Қалыпты жағдайда жатыр өте қозғалғыш келеді. Оның орналасуы кіші жамбас қуысындағы орналасқан мүшелердің (қуық пен тік ішектің) толуына байланысты өзгеріп отырады. Жатыр бала туу жұмысын орындайды. Жыныс мүшелерінің жетілуі кезінде жатырдың шырышты қабығында бір қалыпты, ритмді, қайталанып тұратын өзгерістер әйелдің жүкті болуына жағдай жасайды. Жатыр жүктілік кезінде бала жататын орын болып табылады. Жатырда ұрықтанған бала дамып, өсіп жетіледі.
Жатыр түтіктері немесе ұрық жолдары
Жатыр түтіктері - жатырдың жоғарғы оң және сол жағындағы екі бұрышынан басталып, екі жаққа шығып, кіші жамбасқа қарай ойысып жатады. Әрбір жатыр түтігінің ұзындығы 10-12см. қалындығы - 0,5см. Жатыр түтіктерінің қабырғасы 3 қабаттан тұрады. Олар бір қабатты, цилиндрлік, жыбырлағыш эпителиймен қапталған, кірпікті түктері жатыр жағына қарай қозғалатын ішкі шырышты, ортаңғы бұлшық ет, соңғы сыртқы серозды қабаттары. Жатыр түтіктері жатыр қабырғасының ішімен өтетін саңылаулы интерстициалды, ортанғы тарылған истмикалық, воронка тәрізденіп аяқталатын кеңейтілген ампулярлы бөліетерден тұрады. Воронка ұшында фимбрий днп аталатын желбіршегі болады. Жатыр түтіктерінің ампулярлы кеңейтілген бөлігінде ұрықтану процесі жүреді, сосын жыбырлағыш эпителий мен жатыр түтіктері қабырғасының бойлық қатпарларының жиырылуы, ұрықтанған үрықтыңжатыр ішіне енуіне ықпалын тигізеді.
Аналық бездер,- қосарланған әйел органнизмінде атқаратын қызметі ерекше жыныс мүшелерінің бірі. Оның түрі бадам дәні төрізді ақшыл- қызғылттау
түсті. Ересек әйелдерде аналық бездің ұзындығы орташа есеппен 3,5-4см, ені 2-2,5см, қалындығы 1-1,5см, салмағы 7-8 гр. Аналық бездер жатырдың екі жағына
қарай жатыр түтіктерінің астын ала орналасқан, жатырдың жалпақ дөнекерінің артқы қабығына барып бекенеді. Астыңғы жағында дөнекер тіннен тұратын ақ белокты қабығы бар ұрық эпителий қабатымен қапталған. Онан сәл төмеңірек құрамында көптеген алғашқы фолликулдары, әр түрлі сатыда өсіп жетілген қыртыс қабаты орналасады. Аналық бездің ішкі қабаты - ми қабаты болып табылады, ол көбінесе дөнекер тінінен, көптеген қан тамырлары мен нервтерден тұрады. Аналық бездердің әйел организмінде атқарар рөлі ерекше.
Аналық бездерінде жыныстық әйел толған кезде, ай сайын, ритмді түрде, ұрық аналық клеткаларының жетіліп, ұрықтануға қабілеті бар клеткалардың іш қуысына шығу процесі жүреді. Осы гормондар жыныстық жасы жетілу кезінде қыз организміндегі әйелге тән қосымша жынысбелгілерін қалыптастырады және қыз организмін болашақ аналық қасиетке бейімдейді. Жатыр түтікшелерін, аналық бездерін және жатыр дәнекерлерін біріктіріп жатыр қосалқысы деп атайды.
Әйел жыныс жүйесінің физиологиясы. Әйел жыныс жүйесінің: етеккір келу, жыныс қатынасы, бала босану және секрет шығару сияқты 4 ерекше қызметтері бар. Бұл қызметтер бір-бірлерімен, бүкіл организм қызметімен және қоршаған ортамен тығыз байланысты. Етеккір циклі дегеніміз - әйел организмінде, оның жыныс жүйесінде байұалатын биологиялық маңызды, ритмді түрде қайталанып тұратын күрделі өзгерістер. Ол әйел организмін жүкті болуға, ана міндетін атқаруға дайындайды. Бір циклдің шамамен ұзағтығы соңғы етккірдің бірінші күннен, келесі етеккірдің бірінші күніне дейінгі аралық болып табылады. Бала босанатын жастағы әйелдердің көпшілігінде, етеккір циклі 28 күннен, екейбір жағдайдаларда, 21-22, 35 күндерден тұрады. Етеккір клиникалық жағынан алғанда, жыныс мүшелерінен қан кететін, әйел организміндегі оқтын-оқтын қайталанатын өзгеріс болып табылады. Етеккір организмдегі 3-4 аптаға созылатын физиологиялық процестердің аяқталып, жаңа циклдің басталғанын білдіреді. Етеккір езінде қанның кетуі жатырдың эндемотрии ішкі қабығының функционалды қабатының түсіп қалуымен және аналық клеткалардың ұрықтанбауымен байланысты. Етеккірдің қан кетуі 3-5 күнге, кей уақыттарда 6-7 күнге дейін созылады, 50-150 мл қан кетеді. Етеккір қаны ұйымайды және қан тамырларының қанымен салыстырғанда түрі өте қоңыр болып келеді. Пубертатты деп аталатын жыныс мүшелерінің жетілуі кезеңінде ең алғашқы етккір келеді. Етеккірдің келуі 46-48 жасқа дейін созылады. Етеккір циклі кезінде жыныс мүшелерінде, әсіресе, аналық бездерімен жатырдың шырышты қабатында өзгерістер байқалады. Осы сияқты циклді өзгерістер бүкіл организмде өтеді. Етеккір циклін реттеуде ішкі секреция бездері - гипоталамус - гипофис жүйелерінің алатын орны ерекше. Бұл жүйелердің қызметтерін орталық жүйке жүйесі мен ең жоғарғы бөлім - бас миының қабығы реттейді. Гипофиздің алдыңғы бөлігі (аденогипофиз) - жыныс бездерінің қызметтерін күшейтетін, 3 түрлі гонадотроп гормондарын қанға бөліп шығарады. Олар - фолликулдің жетілуін күшейтетін (ФСГ). Аналық бездер циклі. Аналық бездерінде гипофиздің гонадотпроты гормондарының әсер етуіне байланысты аналық бездер циклі өтеді. Ол цикл үш кезеңнен тұрады: а) фолликул кезеңі - фолликул аналық клеткаларының өсіп жетілуі. б) овуляция не аналық клетканың аналық безден бөлініп шығу кезеңі - өсіп жетілген фолликулдің безді жарып бөлініп шығуы. в) лютеин кезеңі - сары дененің өсіп жетілуі. Циклді түрде аналық клеткалардың толық пісіп жетілуі мен овуляция процестері, әйел организмінің ұрықтану қабілетін және аналық қызметін орындауға мүмкіндік береді. Қыз баланың дүниеге келу шағында, оның аналық бездерінде 100 - 400 мыңға жуық алғашқа примордиалды аналық фолликул клеткалары болады. Олар эпителий және дәнекер қабаттарымен қапталған өсіп жетілмеген аналық клеткалардан тұрады. Алғашқы етеккір келу қарсаңында алғашқы фолликулдердің саны 30-50 мыңға дейін азаяды, ол физиологиялық атрезия не жойылып кету процестеріне байланысты. Жыныстық жасы толған кезеңге дейін, осы қалған алғашқы фолликулдердің 450-500 ғана өсіп жетіледі, ал қалғандары жойылып кетеді. Бірінші фоликул кезеңінде фолликул аналық клеткалары өсіп жетіледі, ол етеккір циклінің бірінші жартысын қамтиды. Осы мезгілде фолликул аналық клеткаларының құрамы түгелдей өзгеріске ұшырайды, аналық клеткалар өсіп жетіледі, үлкейеі және бөлінеді, фолликул эпителиінің клеткалары көбейіп дөңгеленеді, сөйтіп, түйіршікті дән фолликул қабатына айналады. Сонымен қатар, дәнекер қабатының ішінде фолликул сұйық заты жиналады, ол фолликул эпителиінің клеткаларын бір жағынан аналық клеткаларға, екінші жағынан фолликул қабырғасына ығыстырады. Аналық клеткалары қоршап жатқан фолликул эпителиін сәулелі тәж деп атайды. Өсіп жетілген фолликул не граф көпіршіктері диаметрі жағынан 1,5-2 см-ге жетеді. Фолликул аналық клеткалары өсіп жетілуі, оның эстроген гормондарын өндіру гипофиздің фолликул жетілуін күшейтетін (ФСГ) гормонға байланысты. Эстроген гормондарын аналық бездерінен басқа бүйрек бездері де өндіоеді. Эстроген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Анатомия пәні және зерттеу әдістері. Остеология
Ішкі сөлініс бездер жүйесі
Жыныс бездері
Гипоталамус-гипофиз диагностикасы
Қалқансерік бездер
Жыныс бездері және плацента гормондары
Популяция.Таралуы,көшірмесі. Жабайы жануарлардың мінез-құлығы және әдетімен пішіні
Фармакология бойынша
Балалар және жасөспірімдердің өсуі мен дамуының жалпы заңдылықтары. Тұқым қуалаушылық және ортаның ролі
Адам геномы
Пәндер