Вульвит - әйелдің сыртқы жыныс мүшесінің қабынуы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

22. 10. 20. Тақырыбы: «Әйел жыныс мүшелерінің қабыну аурулары»

Сыртқы жыныс мүшесінің қабыну аурулары.

Вульвит. Вульвит-әйелдің сыртқы жыныс мүшесінің қабынуы. Ол қынап қабынуымен бір жүреді, оны вульвовагинит деп атайды. Вульвиттің себептері: 1/Жалпы аурулар/қантты диабет/. 2/Жұқпалы ауру қоздырғыштары /іріңді микробтар, гонококк, ашытқы тәрізді саңырауқұлақ, дифтерия /қырылдауық таяқшасы, туберкулез микробактериясы/. 3/Механикалық, химиялық, термиялық факторлар.

Вульвиттер жиі қыз балаларда, сонымен қатар ересек және қарт жастағы әйелдерге кездеседі. Жыныстық жасы жетілген шақта вульвиттер аналық, без гипофункциясына, авитаминозға байланысты. Вульвиттер біріншілік /вульваның жеке қабынуы/ және екіншілік /қынап пен жатыр мойнынан патологиялық бөліндінің бөлінуі әсерінен пайда болатын әйел ішкі жыныс мүшесінің жалғас қабынуы/ болып бөлінеді.

Клиникалық суреттемесі. Сыртқы жыныс мүшесінің маңайы сыздап-сыздап ауырады, қышыма пайда болады, осы белгілер кіші дәретке барғанда және жүогенде күшейе түседі, жабысатын сұйық бөлінді келеді. Қарау барысында сыртқы жыныс мүшесі қатты қызатып ісінеді және санның ішкі бетінде қасыған жерлер, іріңді майда жаралар барлығы анықталады.

Емі: Тазалық ережелерін және төсек режимін сақтау керек. Күніне бірнеше рет жыныс мүшесін 5%-тті калий пермаганат ерітіндісімен жуады не осы аталған ерітінділермен жуады не осы аталған ерітінділермен булау жасайды. Тері жабындысын жұмсақ дегенмен сақтықпен құрғатады, сосын тальк не ұнтақ себеді, өте қатты қышымада сіңгенде бром, валерия, нустурник, димедрол препараттары беріледі және жыныс мүшесінің айналасын анестезин майымен силайды.

Қынаптың қабыну аурулары.

Кольпит - қынаптың шырышты қабатының қабынуы. Қынаптың қынаптық бацилл көмегімен өзін-өзі тазалау қасиеті бар. Қабыну микробтануында оның қабынуы міндетті емес. Қабыну туғызатын факторларға постменопауза, аналық безді алып тастағанан кейінгі кезеңдердегі аналық бездің гипофункциясында байланысты организмдегі гормонды бұзылулар жатады. Эстроген гормонының аз түзілуіне байланысты қынап эпителий клеткасындағы гликоген саны азаяды, ол қынаптың бацилл микробының өміріне керекті зат болып табылады. Осының әсерінен организмнің патогенді микробтарға қарсы күші төмендейді. Жеке бас және жыныстық өмір тазалығының ережесін сақтамау, сыртық қоршаған ауаның шаңдануы /өндірісте/ антибиотиктерді ұзақ қолдану, қынап дөңгелектерін дұрыс қолданбау /қынап қабырғалары төмен түскенде/, кольпит дамуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Кольпиттің қоздырғыштары стафилакокк, стрептококк, трихоманады, гонококк және сыңырауқұларқтар болып табылады.

Клиникалық суреттемесі: Іріңді, сары, жасыл түсті, иісі қолайсыз бөліндінің көп бөлінуі, қынап пен сыртқы жыныс мүшесінің қышымасы тән. Саңырауқұлақты кольпитте бөлінді ақ түсті, ірімдік тәрізді. Айна арқылы қарағанда қынаптың қабырғалары қызарған, кейде ашық-қызыл түсті өте майда бөртпелер пайда болады. Оларды сипатағанда теріс емес, кедір-бұдырлау болып тиеді және тампон тисе қанайды. Атрофиялық кольпит аналық бездің гормонды қызметінің төмендеуіне және қынаптың шырышты қабатының жұқаруына байланысты қарттық кезеңде дамиды. Қатерлі процестің даму мүмкіндігін ескере отырып, қынап жұғындысын атипия клеткаларына зерттеу керек.

Емі: Емі жалпы және жергілікті емдеу әсерлерінен тұрады. Саңырауқұлақты кольпитте саңырауқұлаққа қарсы ем /пистатин, леворин/ қолданылады. Алдымен қынаптың гидрокарбонат натрий /бір шай қасықты 1 литр суға/ не түймедағы, календула, фурацеллин, пермаганат калий ерітінділерімен жуып алады. Сонан кейін қынапқа айна салып, зарасыздандырылған тампонмен құрғатып, эмульсиялы /синтомицинді, стрептоцитті/ тампон не қынап балауызын қояды. Тампон, балауызды кешке және түнге қарай қояды, ал таңертең науқастың өзі оны алып тастайды. Балауызды науқас үй жағдайында өзі қоя алады. Саңырауқұлақты кольпитте қынапты глицериндегі бұрамен тазалап, инстатинді балауыз қояды, леворин майы қолданылады. Колпиттің алдын-алу жеке бас тазалығын сақтау байланысты.

кольпит.jpg

Жатырдың қабыну аурулары. Эндоцервицит /цервицит/ - жатырдың мойын каналы шырышты қабатының қабынуы. Ол стафилакокк, стрептококк, ішек таяқшасымен дамиды. Етеккір қаны да қынап ортасының құрамын өзгертеді, сондықтан етеккір кезеңі инфекция кіруіне қолайлы жағдай болып табылады.

Клиникалық суреттемесі: Эндоцервициттің жедел кезеңінде жалпы әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, іштің төменгі жағынан ауруы, қынаптан қоймалжың іріңді бөліндінің көп бөлінуі байқалады. Екіншілік вульвиттің дамуы мүмкін, вульва маңайында қышыма пайда болады. Айна арқылы қарағанда жатыр мойнының сыртқы ернеуінің айналасы қызарып, ісінеді, мойын каналынан іріңді бөлінді келеді.

Емі. Сульфаниламидты, антибиотик және жансыздандыру преператтары қолданылады. Жедел үсті және созылмалы кезеңдерде гидрокарбонат натрий ерітіндісімен жуып, дәрілі эмульсиялы тампон қойылады.

Эндометрит. Эндометрит - жатыр денесінің шырышты қабатының қабатынуы. Өз алдында жеке шырышты қабаттың зақымдануы сирек кездеседі, жатырдың бұлшық ет қабаты көп не аз деңгейде қабынады /метроэндометрит/. Эндометриттің қоздырғыштары: стафилакокк, стрептококк, гонококк, ішек таяқшалары болып табылады. Эндометриттер аборттан /түсік/, босанудан кейінгі кезеңде, әр түрлі емдік және диагностикалық іс-шаралар нәтижесінде /кольпит, цервицит кезінде жатыр ішіне асептика ережелерін сақтамай заттар жіберу/ пайда болады.

Клиникалық суреттемесі: Эндометриттің /метроэндометрит/ жедел сатысында іштің төменгі жағы тұрақты шаншып ауырады, ол бел маңайына да жетеді, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі байқалады. Жыныс жолдарынан іріңді, кейде қанды бөлінді көп бөлінеді, ол жатырдың шырышты қабатының /кейбір бөлігінің/ шіруіне /некрозына/ байланысты. Созылмылы сатысында клиникалық белгілер онша күшті білінбейді және тұрақты болады. Ациклды қан кету байқалады.

Емі. Жедел эндометрит /метроэндометрит/ емханада емделеді. Төсекті режим белгіленеді, іштің төменгі жағына мұз қойылады. Бактерияға қарсы ем /антибиотиктер, сульфаниламидтер/ қоздырғыштың түріне сай қолданылады, витаминдер, десенсибизациялық заттар жасалады; метрид, метродиназол, метрагил в/в -система, ЦЕФ3, ципрофлоксазин схема боыйнша. Созылмалы сатысында витаминдер, десенсибилизациялық заттар, физикалық ем жасалды.

шейка.jpg

Жатыр қосалқысының қабыну аурулары.

Сальпингоофорит - қосалқысының /жатырдың түтікшесі мен аналық бездері/, /аднексит/ қабынуы болып табылады. Қоздырғыштары өзгешелі емес /стафилакокк, стрептококк, гонококк, ішек таяқшасы/ инфекция. Сальпингоофорит жатырдан жоғары көтерілу жолымен, сонымен қатар гемогенді жолмен - организмдегі алыс жатқан инфекция ошағынан тарайды. Инфекция жатырдан жатыр түтікшесіне жеңіл енеді, шырышты қабатының, кейде бұлшық ет қабатының /мезосальпинкс/ және перде дабындысының қабынуын /сальпингит/ туғызады.

Клиникалық суреттемесі. Клиникалық белгілері әр түрлі, қабынудың сатысы мен таралу дәрежесіне, қоздырғыштың түріне, науқастың жалпы жағдайына және жалпылама болып бөлінеді. Жергілікті клиникалық белгілері патологиялық процеске организмнің реакциясын айқындайды. Жергілікті белгілеріне ауру, ақ бөліндінің бөлінуі, етеккір циклінің бұзылуы /қан кету/ және бедеулік жатады. Шаншып ауырады, әдетте ауру белгісі тұрақты болады, жәйліп үдей түседі, тіпті пышақ салғандай өте күшті болады. Бұл белгі пиосальпинге жарылғанда байқалады. Мықын маңайы ауырады, ол сегізкөзге беріледі. Ішекке іріңнің жарылуы байқалса, күшену ауырып өтеді, көтеншекке немесе қуыққа қысым түседі. Әлсіздік, бас ауру, дене қызуының көтерілуі, пайда болады.

Емі. Емі қабыну процесін жоюға, аналық бездің қызметін қалпына келтіруге және әйел денсаулығын сақтауға арналады. Консервативті ем комплексті болады: бактерияға қарсы ем, іштің төменгі жағына мұз қояды және қынап гипотермиясы, десенцибилизация заттары, метрид, метродиназол, метрагил в/в -система, ЦЕФ3, ципрофлоксазин схема боыйнша. улануға қарсы - дезитоксикалық ем, витаминдер, сіңіру емі, физикалық ем жиынтығынан тұрады.

Жамбас шел қабатының қабынуы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әйел жыныс мүшелерініңісіктәрізді аурулары мен нағыз ісіктері
Әйел жыныс мүшелерінің қабынуы
Әйел жыныс мүшелерінің қабыну аурулары
Сыртқы жыныс мүшелерінің бейспецификалық қабыну аурулары
Әйелдердің жыныс мүшелерінің қабыну аурылары
Туғаннан кейінгі вульвит
Фармакология бойынша
Ет қоректілердің төлін кесерево тәсілімен жарып алу
Жатыр мойны аурулары
Қынаптың және жатыр мойнының қынап бөлігінің шырышты қабаты құрғақ және ыстық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz