Балалардағы церебералды паралич



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Балалардағы церебералды паралич
Балалардағы церебралды паралич (Детские церебральные параличи, ДЦП) - туылғанға дейінгі, туу кезінде жəне ерте неонатальды кезеңде мидың зақымдалуынан пайда болатын, клиникалық тұрғыдан қимылдау бұзылыстарының (шала салдану, салдану, гиперкинездер, қимыл-қозғалыстың бұзылуы) көрінуімен, психика, сөйлеу, көру, естудің өзгеруі, құрысулық жəне құрысусыз талмалармен қатар жүретін полиэтиологиялық ауру.
Балалардың церебралдық параличі - қозғалыс қызметі мен дене қалпының бұзылуы, ол статистикалық ақау мен жетілмеген мидың зақымдалуымен негізделген. (Palmer, Hoon ,1995).
Жіктелуі:
Л.О.Бадалян (1988) бойынша:
Омырау жасындағы БЦП:
1. Спастикалық түрлер- гемиплегия, диплегия, екі жақты гемиплегия.
2. Дистониялық.
3. Гипотониялық түрі.
К.А.Семенова сатысы бойынша (1973):
1. Ерте саты (4 айға дейін).
2. Бастапқы созылмалы-резидуалдық сатылар (5-6 айдан 3-4 жасқа дейін).
3. Кеш резидуалды (3 жастан кейін).
Ересек жастағы БЦП:
* Спастикалық түрлер- гемиплегия, диплегия, екі жақты гемиплегия.
* Гиперкинетикалық түр.
* Атактикалық түр.
* Атоникалық-астатикалық түр.
* Аралас түрлері (спастикалық-атактикалық, спастикалық-гиперкинетикалық, атактикалық- гиперкинетикалық).
Балалардың церебралдық параличінің түрінің таралуы:
* спастикалық тетраплегия -- 2 %
* спастикалық диплегия -- 40 %
* гемиплегиялық форма -- 32 %
* дискинетикалық форма -- 10 %
* атаксиялық форма -- 15 %
БЦП клиникалық формалары
ауырлығына байланысты
* Жеңіл дәреже (61 %) - науқастар өздігінен жүреді, өзін-өзі күтеді, интеллект бұзылмаған, жұмыс істей алады.
* Орташа ауырлықта (23 %) - науқастар балдақтың немесе басқа біреудің көмегімен жүреді, өздігінен киіне алмайды, интеллект бұзылған. Сөйлеудің, көру, есту дефектілері.
* Ауыр дәреже (16 %) - төсек тартып жатады, интеллект, сөйлеу, көру, есту қатты бұзылған. Бекітілген контрактуралар және деформациялар
Негізгі клиникалық белгілері:
* Бұлшық ет тонусының өзгеруі.
* Қозғалыс бұзылыстары.
* Статиканың және жүрістің бұзылуы.
* Өз еркінен тыс қозғалыстар (Непроизвольные движения).
* Рефлекстердің жоғарылауы және патологиялық рефлекстердің пайда болуы.
* Контрактуралар және деформациялар.
* Мишықтық зақымданулар.
* Психиканың бұзылуы және бас-ми нервтерінің зақымдары.
Гемиплегия. Спастикалық гемиплегия: дененің бір бөлігінің қозғалыстық бұзылыстармен сипатталады. Бұл мидың бір жартышарының зақымдалуымен түсіндіріледі. Оң жақ гемипарез кезінде сол жақ жартышар, сол жақ гепипарез кезінде - оң жартышар зақымдалады. Зақымдалған жағында бұлшық ет тінінің гипотрофиясы, айқын контрактуралар және ірі буындар деформациясы, қол буындарында бүгілген, кіші балаларда денеге әкелінген қол білезігі жұдырық болып бүгілген, ересектеу балаларда - акушер қолы тәрізді.
Диплегия. Спастикалық диплегия - қол және аяқ бұлшық еттерінің қалыпты қызметінің бұзылысы. Осы кезде дененің оң және сол жақ бөліктері зақымдалады. Ауруға жиі аяқтар шалдығады.
Квадриплегия. Бұл екі қол және екі аяқтың зақымдалуы, жиі жұлын мидың мойын сегменттерінің жарақаттануы нәтижесінде дамиды. Жұлын мидың зақымдалуы нәтижесінде оның жүйке жасушалары және тіндері қалпына келмейді де, зақымдалу нерв импульстары өтетін жолды бөгеп тастайды.
Негізгі белгілер: зақымдалған аймақтарда сезімталдылық жойылып, науқас ауырсыну, қызбаны, жанасуды мүлдем сезбейді.
Атоникалық-астатикалық түр. Психикалық дамудың тежелуі, тепе - теңдік бұзылыстармен сипатталады.
Атаксиялық түрі: Қозғалыс координациясының және тепе - теңдік бұзылыстармен сипатталады. Бір жаста бұлшық ет гипотониясы және психомоторлы бұзылыстармен сипатталады.
Дистониялық түрі: Дистонияға атетоз және торсионды спазм жатады. Торсионды спазм кезінде дене және дененің жоғарғы бөліктері жүрген кезде бір жаққа иіледі және дене қисайып артқа ығысады. Атетоз кезінде бұлшық ет топтарының изометриялық жиырылуында қатып қалуымен сипатталады.
Гипотониялық түрі: Балалардың церебралдық параличінің бұл түрі мишықтың зақымдалуымен шақырылған. Бұл ауру кезінде бұлшық ет тонусының бұзылысы әр түрлі жастарда көрінеді. Баланың бұлшық еттерін бақылауға мүмкіндік жоқ, соның себебінен дене бөліктерін қозғалта алмайды.
Гиперкинетикалық түрі: Мидың қыртыс асты бөлімдері зақымдалудан дамиды. Ол тұрақты емес бұлшық ет тонусымен көрінеді. Баланың қалыпты қозғалыстары бұзылған.
Балалардағы ДЦП (БЦП) көріністері
Балалардағы церебералды параличтің диагностикалық критерийлері:
* нəрестелер бірқатар рефлекстері регресінің кешігуі;
* психологиялық - моторлық жəне сөйлеу дамуының кешігуі;
* гиперкинездер, бұлшықет тонусының өзгеруі (гипо- немесе гипертония);
* когнитивтік, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардың церебральды сал ауруын зерттеу тарихы
Балалардын церебральды сал ауруы
Церебральды сал ауруы бар балалардың даму ерекшеліктері
Қозғалыс үйлесімінің бұзылуы
Дизартрия
Церебралды сал ауруы
Балалар неврологиясын зерттеудің негізгі әдістері
Менингоэнцефалит - этиологиясы және патогенез
Жүйке жүйесінің анатомиясы
Балалардың церебральды сал ауруы кезіндегі сөйлеу тілінің ерекшеліктері
Пәндер