Қ. Р әкімшілік-аумақтық құрылымы


Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігі
С. Сейфулин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Жер ресурстарын басқару және дизайн факультеті
Жерге орналастыру және геодезия кафедрасы
Лабораториялық жұмыс
Пәні: Территориялық аймақтау
Тақырыбы: Қ. Р әкімшілік-аумақтық құрылымы
Орындаған: Сайлаубаев Нариман
Тексерген: Саттыбаева Гульжамал Абылкасымовна
Нұр-Султан 2021 жыл
Қазақстан аумағын табиғи ауылшарушылық аудандастыру
Қазақстан Республикасының аумағында табиғи жағдайлары бойынша мынандай аймақтар ерекшеленеді: орманды дала; дала; қуаң дала; шөлейтті; шөлді; тау етегі-шөлді-далалық; субтропикалық шөлді; субтропикалық тау етегі-шөлді; орта азиялық таулы; оңтүстік-cібір таулы аймақтар; жалпы-климаттық, ландшафттық-климаттық, құрылыстық-климаттық, физиологиялық-климаттық және агроклиматтық сипаттамаларын кешенді талдауды есепке алу арқылы жүргізіледі. Жалпы климаттық жағдайды сипаттау үшін ауаның ылғалдылығы мен температурасы, атмосфералық шөгінділер, жел, күн радиациясы, абсолютты максимум, минимум және температуралардың жылдық амплитудасы, ең ыстық және ең суық айлардың орташа температурасы, ауаның абсолютты және салыстырмалы орташа айлық ылғалдылығы туралы деректер талданады. Жылдың жылы және суық мезгіліндегі шөгінділердің орташа мөлшері, қар жамылғысы мен шөгінділері бар жылдың күндер саны, қар жамылғысының биіктігі, желдің максималды жылдамдығы көрсетіледі. Жалпы климаттық сипаттамалардың негізінде жалпы қорытындылар және жеке аумақтарды (аумақтардың топтарын) климаттық бағалау жасалады, урбандалған аумақтар мен бірінші кезектегі қала құрылысын игерудің аумақтары бойынша көрсетілген аумақтардың мезо- және микроклиматтық ерекшеліктерін есепке ала отырып, егжей-тегжейлі талданған климаттық аудандастыру жасалады. Қазақстан республикасының аумақтарын ғылыми негізделген аудандастыру жер-бағалаулық жұмыстарының сәтті орындалуы үшін маңызы зор. Бұған себепші мемлекет аумағының үлкен қашықтықтарға созылып жатуы, сондықтан жер сапасына және олардың шаруашылықтық пайдаланылуына әсерін тигізетін табиғи факторлар (жер бедері, жылу, ылғал, топырақ және т. б. ) әртүрлі болып табылады. Табиғи-ауылшаруашылықтық округ - аумақтың белгілі бір геоморфологиялық ерекшеліктерімен (жер бедерінің жалпы құрылымы), топыраққұралу жыныстарының құрамымен, топырақ жамылғысының құрылуымен, әртүрлі механикалық құрамдағы топырақтың сәйкес келу заңдылығымен, тұздылығымен, сортаңдылығымен, батпақтануымен, сондай-ақ провинциялық нормалар шегінде микро-және мезоклиматтың өзіндік ерекшеліктерімен сипатталатын провинцияның бір бөлігі. Осылардың барлығы агротехниканың ерекшеліктерін, ауылшаруашылық дақылдар жиынтығын, ауылшаруашылық жер-суларының қатынасын, мелиорациялау түрлерін, егу айналымының жүйесін, табиғатты және топырақты қорғау шараларын айқындайды. аулы табиғи-ауылшаруашылықтық облыс жерлерді ауылшаруашылықта пайдаланудың қауымдылығымен және биік табиғи зональдылық құрылымының типтерінің ұқсастығымен сипатталады. Ол таулы табиғи-ауылшаруашылықтық аудандарға, округтерге, провинцияларға бөлінеді. Табиғи ауылшаруашылықтық аудандастыруда оның телімдерін әкімшіліктік және жерді пайдалану шекараларымен байланыстыру керек. Табиғи-ауылшаруашылықтық округ шегінде жерді бағалау үшін жер бағалаулық (кадастрлық) аудандарға бөледі. Ауыл шаруашылығының қарқындылық деңгейі мен мамандандырылуына әсерін тигізетін нақты табиғи жағдайлармен белгіленген жер пайдаланудың аймақтық ерекшеліктері аудан үшін әдеттегі болып саналады.
Шығыс Қазақстан облысы табиғи ауылшаруашылық аудандастыру
Табиғи - климаттық зонасына әркелкілік тән. Аймақ өңірін -таулы, таулы-орманды, орман-тоғайлы, далалы, шөлді, шөлейтті, андшафт алып жатыр. Шығыс Қазақстан облысы мемлекет аумағының үлкен қашықтықтарға созылып жатуы, сондықтан жер сапасына және олардың шаруашылықтық пайдаланылуына әсерін тигізетін табиғи факторлар (жер бедері, жылу, ылғал, топырақ және т. б. ) әртүрлі болып келеді. Табиғи және экономикалық жағдайлар аудан, облыс аумақтарының шегінде анықталады. Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу орындарына және өнеркәсіптік орталықтарға байланысты жерлердің орналасуы ауылшаруашылық өндірістің мамандануына және топтауына, жерді пайдалану сипатына әсерін тигізеді. Ал бұл жағдай өз кезегінде жерлердің өнімділігіне ықпал етеді. Жер бағалаулық аудандастыру жерлерді бағалау әдістемесімен қарастырылған. Ақмола облысын аудандастыру егін шаруашылығының қарқындылық деңгейі мен мамандандыруына ықпалын тигізетін біркелкі агроклиматтық, геоморфологиялық және топырақтық-мелиоративтік жағдайлар бойынша аумақтарға бөлінуін қарастырады. Бұл еліміздің жер қорын табиғи-ауылшаруашылықтық аудандастыруының жалпы сұлбасы негізінде іске асырылады. Мұндай аудандастыру ауылшаруашылық өндірісінің сипаты мен табиғи жағдайлардың ерекшелігін есепке ала отырып аумақтардың ғылыми негізделген зоналауы болып табылады. Оның негізінде табиғи жағдайлардың және ауылшаруашылық өндірісінің экономикалық факторларының талдауы мен олардың өзара тәуелділігі жатыр. Табиғи-ауылшаруашылықтық аудандастыруды жетілдіруде топырақтың және жалпы қоршаған ортаның биологиялық өнімділігін анықтайтын табиғи жағдайлардың жиынтығы ескеріледі, аудандастыру сұлбасын құру негізіне кіргізілген маңызды көрсеткіштер таңдалынады. Сондай-ақ, вегетациядық кезеңдерді сипаттайтын көрсеткіштер; ауылшаруашылық дақылдардың жылумен (агроклиматтың термиялық көрсеткіші, топырақтың термиялық режимі) ; ылғалмен (атмосфералық ылғалдану көрсеткіштері, топырақтың гидрологиялық режимі) ; қорекпен қамтамасыз етілуі (топырақтың қоректену режимі, тыңайтқыштар) ; биохимиялық ортада өсімдіктердің өсуінің қолайлылығы (қышқылдылық, тотығып-қайта қалпына келтіру потенциялы, топырақтың микробиологиялық режимі) . Өсімдіктердің өсуінің осы факторлары ауылшаруашылық дақылдарының оптималды жиынтығын анықтайды. Агротехника және жерді мелиорациялау негізі жерді пайдалану сипаты мен ауылшаруашылық өндірістің мамандандырылуына ықпалын тигізеді. Табиғи-ауылшаруашылықтық белдеу - аудандастырудың ең жоғарғы жалпы бірлігі. Ол жерді пайдаланудың жалпы ерекшкліктерін және ауылшаруашылық өндірістегі белдеулік типті анықтайтын
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz