Шет елдердеге инклюзивті білім беру
2.СӨЖ
Шет елдердеге инклюзивті білім беру
Жалпы инклюзивті білім беру - мүміндігі шектеулі студенттерді оқытып-үйретудің бір формасы.
Инклюзивті оқыту - мүміндігі шектеулі, дамуында сәл ауытқулары бар студенттердің дені сау студенттермен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.
Инклюзив сөзі - латын тілінен аударғанда өзімді қосқанда, ал, ағылшын тілінен аударғанда араластырамын деген мағынаны білдіреді.
Инклюзивті білім берудің мақсаты: даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру - мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді.
АҚШ пен Еуропаның инклюзивті білім беру саясаты.
20 ғасырдың 60-жылдарында Еуропа мен Американың бірқатар елдерінде қоғамдық өмірдік көптеген саласында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарының бұзылу мәселесі белсенді түрдле талқылана бастады, мүгедектер қоғамнан мүлем оқшуаланды және сегрегацияға ұшырады. Білім беру саласында мәселені шешудің екі негізгі жолы айқындалды: бір жолдан АҚШ өтті, екінші жолдан Еуропа өтті. 1970 жылдан бастап әлемнің бірқатар елдерінде, мүгедектердің білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге қатысты, нормативті актілер пакетін құрастыру және ендіру жүргізіліп келеді.
АҚШ пен Еуропаның білім беру саясатында мектептердің білімге қолжетімділікті кеңейту, интеграция, мейнстриминг, инклюзивті білім беру бірнеше тұғырлары дамыды. Ұлыбританияда әлеуметтік өнертапқыштық туралы сөз болды. Мейнстриминг - мүгедектігі бар оқушылардың өз қатарластарымен мерекелерде, әртүрлі демалыс іс-шарасында қарым-қатынас жасайтын стратегияға жатады, мұндай балалар жалпы білім беретін мектептің сыныбына енгізілген жағдайда, олардың әлеуметтік байланысының мүмкіндіктерін арттыру үшін қажет.
Интеграция - психикалық және физикалық ауытқуы бар балалардың қажеттіліктерінің білім беру жүйесімен сәйкестендіруді білдіреді: жалпы білім беретін мектептер мүгедек балаларға бейімделмеген. Интеграция термині әдетте психфизикалық даму ерекшеліктері бар оқушыларды қалыпты жалпы білім беретін мектептерге таңдамалы түрде орналастыруды білдіреді. Аталған тұғырды жақтаушылардың пікірі бойынша, оқушы қалыпты жалпы білім беретін мектепте оқу мүмкіндігіне ие болуы керек, оның бағдарламасын меңгеруде өзінің қабілеттерін көрсетуі керек. Арнайы білім беру жүйесі біртұтас өзгермеген. Осылайша, білім берудің үш моделі бар: жалпы, арнайы және интеграциялық. Дамуында ауытқуы бар балаларға қызметтің дәстүрлі формалары көрсетіледі: олар жалпы білім беретін мектепке барады, бірақ арнайы сыныпта оқиды, қалған балалармен бірлесіп оқыту үдерісіне енгізілмейді, яғни жекеленген интеграция жүзеге асады.
Инклюзивті білім беру термині аса терең үдерістерді сипаттайды: балаға қалыпты мектепке бару құқығы ұсынылады, бірақ ол үшін қажетті бейімдеоген білім беру ортасы құрылады және қолдаушы қызмет көрсетіледі. Инклюзивті білім беру - бұл заманауи термин, ол келесі үлгіде түсіндіріледі: бұл мектептерді және оқу ғимаратын барлық балалардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктеріне жауап беретіндей етіп қайта құру және қайта жобалау. Инклюзивті білім беру әртүрлі мүмкіндіктері бар балаларды мектеп өмірінің барлық аспектілеріне толық енгізуді білдіреді. Толық енгізу, барлық оқушылардың дамуындағы ауытқудың түрі, ауырлығы және сипатына қарамастан, жалпы білім беретін сыныпта оқитынын, талап етілсе, қосымша қызмет алатынын білдіреді. Бұл барлық балалардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін бағалау және құрметтеу үшін, мектеп кеңістігінің шынайы бейімделуін талап етеді.
Барлық батыс елдерінде мүмкіндігі шектеулі оқушыларды қамтамасыз етудің өзіндік тәжірибесі болады. Әдетте, әрбір елде педагогикалық қамтамасыз етудің және мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдаудың өзіндік моделі болады. Олардың көпшілігінде мектептен тыс ресурстық орталықтар немесе қолдаудың жергілікті қызметі құрылған, олар арнайы мұғалімді жалпы білім беретін ұйымға немесе нақты педагогқа көмек беру үшін бағыттайды. Ғалымдардың зерттеулері (Коркунов В.В., Малофеев Н.Н:, Назарова Н.М. және т.б.) мүмкіндігі шектеулі балалардың әлемнің әртүрлі елдерінде білім берудің жалпы жүйесіне ендіру үдерісінің, нақты әлеуметтік-мәдени жағдайлар мен басшылықтың саяси еркін есепке алып, бірте-бірте жүзеге асатынын көрсетеді. Әрбір елде интеграцияның өзіндік модельдері жүзеге асырылады, ол білім берудің әмбебап интегративті модельдерін құрудың мүмкін еместігін білдіреді. Алайда, кез келген елде интеграциялық білім беруді табысты жүзеге асырудың алғышарттары болады. Оларға жататындар:
* Тұлғаның құқықтарын кепіл сақтаумен демократиялық қоғамдық құрылым;
* Білім беру үдерісінің қаржылық қамтамасыз етілуі;
* Мүмкіндігі шектеулі балалардың өмір сүру әрекетінің ерекше жағдайлары мен арнайы білім беру қызметінің кең тізімінің жалпы білім беретін мектеп, балабақша құрылымында болуы;
* Интеграциялық үдерістердің жүргізілуінің еркін сипаты, білім беретін және коррекциялық қызметті таңдау мүмкіндігі;
* Қоғамның мүмкіндігі шектеулі адамдармен өзара әрекет етуге дайындығы.
Қазіргі заманғы зерттеушілер, инклюзивті білім беру тәжірибесін қамтамасыз ету саласында, аса жетілдірілген заңнамасы бар елдердің арасында келесі елдерді атауға болады: Канада, Кипр, Дания, Исландия, Үндістен, Мальта, Нидерланды, Норвегия, ОАР, Испания, Швеция, Уганда, АҚШ, Ұлыбритания. Италияда заңнама енгізілген оқытуды 1970 жылдан бастап қолдайды. Мұнда ең түбегейлі және жедел өзгерістер әлемнің ең кедей елдерінде байқалады: Уганда, Лесото, Вьетнам, Лаос, Иордания, Палестина, Марокко, Египет, Йемен. Бұл динамика көп жағдайда жоғарыда аталған елдерде ЮНЕСКО бағдарламасының тиімді жүзеге асырылуымен түсіндіріледі.
Бірқатар елдерде баланың жалпы мектепте білім алуын қамтитын инклюзивті оқыту үрдісі басым болады (Ұлыбритания, Италия, Канада, АҚШ, Норвегия, Австралия), ал кейбір елдерде баланың білімді арнайы мектепте немесе орта мектептің коррекциялық арнайы сыныбында алатын, бірақ сабақтан тыс уақытын дені сау балалармен өткізетін интеграция басым болады (Франция, Германия, Голландия, Финляндия, Бельгия). Әртүрлі елдер интеграцияға басқалардан айрықшаланатын, үлкен қиындықтары бар, оның пайдасы, нәтижелілігі және нормативті-құқықтық қамтамасыз етуінің құрастырылуы туралы пікірталастан кейін өз жодарымен келді. Білім берудегі интеграция құбылысы әлеуметтік-педагогикалық феномен ретінде, АҚШ және Батыс Еуропада 1970-жылдардың аясында қалыптасты. Алайда, әлеуметтік, нәсілдік, діни және басқа белгілері бойынша айрықшаланатын адамдарды бірлесіп оқыту үрдісінің пайда болуының алғышарттары, өзінің түп-тамырын соғыстан кейінгі жылдары қалыптасқан әлеуметтік жағдайдан алады. Күйреу, адамдар ресурсын аяусыз қырып-жою, қоғам мен оның мүшелерінің азаматтардан өзіндік сипаттамасымен айрықшаланатын адамға деген қатынасты қайта мағыналауға ықпал етті. Адамзат өмірі мен тұлғаның маңыздылығын саналы ұғынып, қоғам мүмкіндігі шектеулі балаларға деген қамқорлықты көрсете бастады.
Батыс Еуропадаға дискриминацияға қарсы саясатты жүргізу нәтижесінде, жалпы білім беретін мектепке әртүрлі бұзылуы бар балалардың көпшілік санын шынайы интеграциялау жүзеге асырылды. АҚШ және Батыс Еуропадағы интеграцияның дамуы, бұл үдерісті осы кезде реттейтін заңнамалық базамен қолдау табады. Соған сәйкес заңдар Бельгияда (1970), Ұлыбританияда (1981), Германияда (1973); Грецияда (1985), Данияда (1969), Италияда (1971,1975), Швецияда (1994) қабылданды. Осындай заңнамалық актілердегі бірыңғайлық осы кезге дейін жоқ.
Италия және Швецияда инклюзивті білім беру тәжірибесі.
Көптеген мамандардың пікірлері бойынша, Италия қалған дүние жүзіне инклюзивті білім берудің зертханасына айналды. Өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап, осы елдегі арнайы мектептер мен сыныптардың оқушыларының көпшілік бөлігі, жалпы білім беру жүйесіне интеграцияланды.
1971 жылы Италияда ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беретін мектепте оқыту құқығы туралы бірінші Заң пайда болады. 1977 жылы мұндай оқытуды ұйымдастырудың белгілі нормативтерін құрастырған Заң қабылданды:
* Сыныптағы балалардың ең көп саны - 20;
* Дамуында ерекшеліктері бар балалардың сыныптағы ең көп саны - 2;
* Мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау бойынша арнайы іс-шаралар, сыныптағы сабақтың мазмұнына енгізілген;
* Арнайы бағдарламалар бойынша оқитын сыныптар қысқартылады;
* Арнайы педагогтар қалыпты мектеп мұғалімдерімен командаға бірігеді;
* Педагогтардың екі категориясы сыныптың барлық оқушыларымен өзара әрекетке түседі.
Қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі барлық балалардың 99%-ы жалпы білім беретін мектепте оқиды. Оларға қолдау мұғалімі (тьютор) көмек көрсетеді. Қарапайым сыныпта қолдау мұғалімінен арнайы көмек алу үшін, бала дамуында ауытқуы бар бала ретінде тіркелуі керек. Тіркеу ата-аналардың келісімімен бір жылға жүзеге асырылады, бұл мерзім аяқталғаннан кейін, арнайы көмекті ұзарту немесе тоқтату туралы шешім қабылданады.
Арнайы педагогтар мен мүмкіндігі шектеулі оқушылардың ресми арақатынасы - 1:4, бірақ шынына келген бұл 1:2 болады. Италия үшін сыныпта көзі көрмейтін (соқыр) немесе құлағы естімейтін (саңырау) баланың болуы қалыпты тәжірибе болып саналады, сыныптағы қалған барлық балалар Брайль әліппесін немесе ым-ишара тілін үйренеді. 1992 жылы шыққан Италияның жаңа заңы, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіруді ғана емес, сонымен бірге академиялық пәндер бойынша сапалы оқытуды басты орынға қояды. Осы Заңға сәйкес, барлық балалар жалпы білім беретін мектепке қабылдануы керек және оларға сапалы білім алу үшін барлық жағдайлар жасалуы керек. Аталған Заңға сәйкес, 16 мыңға жуық балалар арнайы (коррекциялық) мектептен жалпы білім беретін мектепке ауыстырылды және 10 мыңға жуық оқушы әдеттегі университеттерге қабылданды,
1997 жылы Италияда дискриминация туралы Заң қабылданды, содан кейін ерекше қажеттіліктері бар 160 мың бала жалпы білім беретін мектептерге ауыстырылды, олардың мыңға жуығының дамуында ауытқуы бар.
2003 жылы Италияның білім министрлігі мектептердің барлық директорларына жұмыстан үздіксіз тренингке қатысуды міндеттейді, бұл тренингке қатысу өмірге инклюзивті білім берудің ұлттық саясатын жетілдіру үшін қажет болады. Мұнда жалпы білім беретін мектептің барлық мұғалімдеріне, жылына 40 сағат боп белгіленген біліктілікті арттыру курсынан өту міндеттелді.
Итальяндық тұғырдың ерекшелігі ретінде, жалпы білім беретін мектептің мүмкіндігі шектеулі балаларды диагностикалау және емдеу бойынша параллельді жұмыс жүргізетін медициналық және әлеуметтік мекеме мамандарымен тығыз өзара әрекеттің болуы алынады (дәрігерлер, психологтар, әлеуметтік қызметкер, мейірбикелер, логопедтер, функционалды және физикалық терапевтер және т.б.). Сонымен бірге, мүмкіндігі шектеулі оқушыларды жалпы білім беретін ортаға интеграциялау үдерісін дамыту, Италияда өз шешімін талап ететін мәселелермен қатар жүзеге асырылады. Жалпы білім беретін мектептің көпшілік мұғалімдері интеграцияны теріске шығармайды, бірақ оны сынып өміріне ендіруде бірқатар қиындықтары болады. Олар мүмкіндігі шектеулі оқушыларды оқытудың жауапкершілігін қолдаушы мұғалімге (тьютор) жүктеуді ұсынады. Бұдан басқа, мұғалімдер тьютордың сыныптан осындай балалармен жұмыс істегенін қалайды.
Италияда білім беруді интеграциялау мәселесі бірнеше себептермен байланысты:
1. Интеграция үдерісі мектеп және мектепке дейінгі ұйымдардың мұқтаждықтарын қажетті зерттеуді жүргізусіз, қажетті мамандардың болуын анықтаусыз басталды;
2. Инклюзивті білім беру мәслесі бойынша жалпы білім беретін мектептің мұғалімдерін оқыту шектелді және жеткіліксіз болды. Аталған тақырыпнама бойынша 1 айдың ішінде арнайы сабақтар (курс), оң нәтиже бермеді, көпшілік мұғалімдер мұндай оқытудан мүлдем өтпеді, соған сәйкес жалпы білім беретін мектептің мұғалімдері ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқыту міндетін қоймайды, себебі олардың интеграцияға дайындығы жеткіліксіз деңгейде болады;
3. Жоғары сыныптарда жұмыс істейтін қолдаушы мұғалімдердің көпшілігінің арнайы (дефектологиялық) дайындығы жоқ;
4. Сынып мұғалімі мен қолдаушы мұғалімнің (тьютор) ынтымақтастығы көп жағдайда қиындау жағдайда болады: қолдаушы мұғалім және жалпы білім беруші мұғалім өз іс-әрекетінің аймақтарын анықтай алмады және өздерінің міндеттерін бір-біріне жүктеді;
5. Жалпы білім беру үдерісіне ақыл-ойында ауыр ауытқуы бар балалар енгізілді, бұл өз кезегінде балаларды бірлесіп оқытуда және олардың қарым-қатынасын ұйымдастыруда бірқатар заңды қиындықтарға әкелді. Көпшілік мамандар мұндай балалар үшін арнайы сыныптардың ашылуы туралы пікірлерін білдірді. Алайда, Италияда бұл ұсыныс түбегейлі қабылданбады, себебі ол арнайы білім берудің жеке жүйесінің қайта туындауына алып келеді, ол бұл елде абыройды төмендететін және оқытуда ешқандай пайда әкелмейтін құбылыс ретінде қабылданады. Нәтижесінде, айқын интеллектуалды ауытқулары бар балалар жай оқытылмайды;
Орта мектептің жоғары сыныптарында білім беру үдерісіне қатысушылардың тарапынан инклюзивті білім беруге жағымсыз қатынас. Дені сау балалардың ата-аналары көп жағдайда, әдеттегі сыныпта ауытқуы бар оқушылардың болуына қарсы шығады.
Осылайша, Италиядағы интеграцияны осы мәселенің кең мағынасында қол жеткізілген мақсаты деп санауға болады. Алайда, осы мәселе бойынша жүйелі орталықтанған мәліметтердің жетіспеушілігінен, білім беру интеграциясы үдерісінің нәтижесі туралы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz