ҚАТТЫ ОТЫНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛДАУ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Цемент, керамика және шыны технологиялары кафедрасы

Силикаттардың физикалық химиясы
пәні бойынша орындалған

лабораториялық жұмыс № 4

Тақырыбы: ҚАТТЫ ОТЫНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

Орындаған ;Қалдан Е
Тобы; ХТ18 7к2
Қабылдаған:Эрметова К

Шымкент 201_

ҚАТТЫ ОТЫНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

1 ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ:

1) Қатты отынның құрамындағы ылғалдылықты, күлділікті және ұшпа заттарды анықтаудың стандартты тәсілдерімен танысу.
2) Қатты отынның сапасын анықтау.

2 ТЕОРИЯЛЫҚ МАҒЛҰМАТТАР
2.1 Отын-энергетикалық қорларының жалпы сипаттамасы

Отын-энергетикалық қорлар отындық және отындық емес, қалпына келетін және қалпына келмейтін, бірінші реттік және екінші реттік болып бөлінеді. Отындық қорларға жанғыш қазбалар (көмір, мұнай, торф, сланец және табиғи газ) жатады. Отындық емес қорларға атомдық және термоядролық энергия, күн энергиясы, гидроэнергия (өзендер энергиясы), жер қойнауының жылу энергиясы (геотермалдық), мұхит суының көтерілу және төмендеу энергиясы, жел энергиясы жатады. Қалпына келетін энергия көздеріне барлық отындық емес энергия көздері (атомдық энергиядан басқасы) және биомасса (ағаш және басқа да өсімдік шикізаттары) жатады. Қалпына келмейтін энергия қорларына өндірген сайын азая беретін энергия қорлары жатады. Олардың қатарына барлық жанғыш қазбалар мен атомдық "отын" - уран кіреді. Жоғарыда аталған барлық энергия көздері бірінші реттік болып саналады.
Екінші реттік энергия қорларына химия-технологиялық процесте пайда болатын соңғы, жанама және аралық өнімдердің энергетикалық потенциалдарының энергиялары жатады. Екінші реттік энергия қорларын қолдану арқылы өндірісті жартылай немесе толық энергиямен қамтамасыз етуге болады.
Отын дегеніміз жылу энергиясының көзі және химиялық өнеркәсіптің шикізаты болып саналатын табиғи немесе жасанды жанғыш органикалық заттар. Отынды агрегаттық күйі бойынша қатты, сұйық және газ тәрізді, ал пайда болуына байланысты табиғи және жасанды деп бөледі. Табиғи отындар: қаттылар - қоңыр және тас көмірлер, ағаштар, жанғыш сланецтер және шым тезек; сүйықтар - мұнай; газдар - табиғи газ және мүнай өндірісінің жолшыбай газдары. Жасанды отындар - табиғи отындарды өңдеуден пайда болған заттар: қаттылар - кокс, жартылай кокс, шым тезек және көмір брикеттері, ағаш көмірі; сүйықтар - бензин, керосин және басқа да мүнай өндеу нәтижесінде пайда болған сұйық өнімдер; газдар - генератор газы, кокстеу газы, жартылай кокстеу газы, мұнай өндеудің көмірсутекті өнімдері, сутегі.
Отын энергетикалық және технологиялық болып бөлінеді. Энергетикалық отынды электр және жылу энергиясын алу үшін жылу энергия станцияларында (ЖЭС-да) және қазандықтарда қолданады. Технологиялық отын тікелей технологиялық процестер мен операциялар жүргізілетін өндірістік қондырғыларда қолданылады (мысалы қатты отынды кокстеу және газдандыру процестерінде, шойын мен болат қорытуда, силикатты материалдарды күйдіруде, кептіру, буландыру, термиялық өндеу және т.б. процестерде).
Отынның негізгі технологиялық сипаттамалары ретінде оның жану жылуы (жылу бөлу қабілеті) және энергия сыйымдылығы қолданылады.
Отынның жылу бөлу қабілеті (жану жылуы) дегеніміз қатты немесе сұйық отынның салмақ бірлігінің (МДжкг) немесе газ тәрізді отынның көлем бірлігінің (МДжм[3]) толық жанып және жану заттары қалыпты температураға дейін салқындағанда бөлінетін жылудың жалпы мөлшері.
Отынның энергия сыйымдылығы дегеніміз отынның көлем немесе салмақ бірлігіндегі потенциалдық жылу энергиясының мөлщері. Отындардың сапасын салыстыру үшін отынның шығынын шартты отынның шығынымен салыстырады. Шартты отын ретінде 1кг жанғанда 29,3МДж энергия бөлетін отын саналады, оған қатысты көмірдің үлестік энергия сыйымдылығы орташа есеппен 33,5МДжкг құрайды. Мұнай мен табиғи газдың энергия сыйымдылығы сәйкесінше шамамен 41,9 және 46,1МДжкг құрайды, яғни салыстырып қарағанда жоғары болады. Сутегінің энергия сыйымдылығы (120,6МДжкг) мұнаймен салыстырған үш есе жоғары, экологиялық таза ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арнайы кокс өндірісі
Дизель қозғалтқышының отын айдаушы сорғысы
Жылу қазандықтары шығарылымдарын зиянсыздандыру және оларды іске асыру технологияларын негіздеу мен жасау туралы
Қабатты газ генераторлары
Биомасса - жаңғыртылатын энергия көзі
Шаңкөмірлі отынды жағу кезіндегі жану камерасының температуралық сипаттамаларына ауырлық күшінің әсері
Қатты отынның жануы туралы
Резервуарларда сақтау кезінде мұнай өнімдерінің булануын азайту
Химия пәнінен зертханалық жұмыс
Техникалық жылудинамикасының әдістері
Пәндер