Қазақстандағы логопедиялық көмек көрсету жүйесі мен арнайы білім беру мекемелері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАНДА ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ

Қазақстандағы логопедиялық көмек көрсету жүйесі

Қазақстанда балалар мен ересектерге логопедиялық көмек білім және ғылым, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері тұрғысынан көрсетіледі.

Білім және ғылым министрлігі жүйесіне келесі мекемелер жатады:

  • Мектепке дейінгі сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған білім беру мекемелері.
  • Мектепке дейінгі көруі, естуі, зияты, тірек-қимылы бұзылған балаларға арналған білім беру мекемелері.
  • Сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелердегі арнайы топтар.
  • Оңалту орталықтары.
  • Арнайы мектеп-интернаттары.
  • Арнайы балалар үйлері.
  • Жалпы білім беру мектептеріндегі логопедиялық пункттер.
  • Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері.
  • Әлеуметтік бейімдеу еңбекпен оңалту орталықтары (ӘБЕО) .

Денсаулық сақтау жүйесінде логопедиялық көмек амбулатория, стационарлық жағдайда көрсетіледі. Балалар емханасындағы логопедиялық кабинеттер мен психоневрологиялық диспансерлердің негізгі міндеттері: сөйлеу тілі бұзылған балалармен жасөспірімдерді ерте анықтап, диспансерлік бақылауға алып, уақытында кеңес беріп, арнайы көмек көрсететін мекемелерге бағыттау болып табылады. Сонымен қатар арнайы логопедиялық көмек ауруханалардың психоневрологиялық, неврологиялық, нейрохирургиялық, отоларингологиялық бөлімдерінде ұйымдастырылады.

Халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты мекемелер:

  • Мүгедек балаларға арналған интернаттар.
  • Психоневрологиялық интернаттар.
  • Әлеуметтік орталықтар.

Барлық арнайы мекемелерде логопедиялық көмекті «логопедия» мамандығы бойынша арнайы жоғары білімі бар мамандар көрсете алады. Ал дәрігерлер сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды анықтап, диспансерлік тізімге алып, арнайы көмекті уақытында алу үшін логопед мамандарға жібереді.

Арнайы білімді қажет ететін адамдарға арнайы білім беру мекемелерінің тізімі, түрлері, қажетті орындар саны

29. 10. 2003ж. ҚР БжҒМ №787 бұйрығымен бекітілген арнайы білім беру мекемелер түрлері мен үлгілерінің тізімі.

Бұйрықта көрсетілген арнайы білім беру мекемелерінің түрлері:

- Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеудің түзетушілік (теңестіру) мекемелері.

- Түзетушілік білім беру мекемелері.

- Орта-кәсіби, бастауыш кәсіби білім беру түзетушілік мекемелері.

- Арнайы білім беру мекемелері.

- Ата-анасынан айырылған мүмкіндігі шектеулі, жетім балаларға арналған арнайы білім беру мекемелері.

Психофизикалық дамуының бұзылуы және жасына байланысты арнайы білім беруді қажет ететін тұлғаларға арналған арнайы мектепке дейінгі мекемелер түрлері, ондағы орындар саны, 3 жас және 3 жастан ересек балаларға арналған топтар:

  1. бөбектер балабақшасы:
  2. мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған балабақшасы:
  • ауыр тіл кемістігі бар балаларға:

3 жасқа дейін - 10 баладан артық емес;

3 жастан жоғары - 12 баладан кем емес;

- естімейтін (керең) балаларға:

3 жасқа дейін - 10 баладан артық емес,

3жастан жоғары -12 баладан артық емес;

  • көру қабілеті зақымдалған (соқыр) балалар:

екі топта - 10 баладан артық емес:

  • нашар көретін балалар, амблиопиясы бар, қыли балалар;

3 жасқа дейін -10 баладан артық емес;

3 жастан жоғары - 15 баладан артық емес;

- тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар балалар :

3 жасқа дейін - 10 баладан артық емес,

3жастан жоғары -12 баладан артық емес;

- зияты бұзылған ( ақыл -ойы кем) балалар;

3 жасқа дейін - 6 баладан артық емес;

3 жастан жоғары - 10 баладан артық емес;

- психикалық дамуы тежелген балалар ;

3 жасқа дейін - 6 баладан артық емес;

3 жастан жоғары - 10 баладан артық емес;

- ақыл-ойы терең зақымдалған балалар ;

3 жастан жоғары - 8 баладан артық емес;

- күрделі кемістіктері бар балалар ;

екі топта да - 8 баладан артық емес;

3) Жалпы білім беру және түзету сипатындағы функцияларды біріктіріп жүргізетін аралас балабақшалар.

4) Қалыпты дамыған және мүмкіндігі шектелген балаларды оқытып тәрбиелеуге арналған жалпы үлгідегі жалпыдамыту балабақшасы ( бөбектер балабақшасы) .

Мүмкіндігі шектелген балаларға арнайы түзете білім беру мекемелерінің түрлері және топ, сыныптағы балалар саны:

1) Көру қабілеті зақымдалған балаларға арналған арнайы ( түзету) мекемесі:

- көрмейтін (соқырлар) - 8 баладан артық емес;

- нашар көретін және кейін көрмей қалған - 12 баладан артық емес;

2) есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған арнайы ( түзету) мекемесі:

- естімейтіндер (кереңдер) - 8 адамнан артық емес;

- нашар еститіндер және кейін естімей қалған балаларға арналған 2 бөлімді:

1 бөлім - 10 адамнан артық емес;

2 бөлім - 10 адамнан артық емес;

4) тірек-қимыл аппараты бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы

( түзету) мекемесі - 10 адамнан артық емес;

5) психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы (түзету) мекемесі -12 адамнан артық емес;

6) ақыл-ойы кем (зият бұзылыстары бар) балаларға арналған арнайы

(түзету) мекемесі (көмекші мектеп) - 12 адамнан артық емес;

7) эмоция-ерік аясы бұзылған балаларға арналған арнайы (түзету) мекемесі - 6 адамнан артық емес;

8) ақаудың күрделі құрылымы бар балаларға арналған түзету мекемесі - 6 адамнан артық емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы логопедиялық көмек көрсету жүйесінің құрылымы мен ұйымдастырылуы
Инклюзивті білім беру жағдайында тірек-қимыл аппараты зақымдалған мектепке дейінгі балаларға көмек көрсету
Инклюзивті білім беру жағдайындағы жалпы білім беру ортасында бала мен отбасына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету
Жалпы білім беру жүйесінде бала мен отбасыға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету
Қазақстандағы арнайы білім беру қызметінің қазіргі жүйесі: теориялық негіздер және педагогикалық технологиялар
Мектеп жасындағы білім беру мекемелерінде түзету-логопедиялық жұмысты жетілдіру бағыттары
Инклюзивті білім беру жағдайында көру қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі оқушыларға көмек көрсету
Инклюзивті білім беру жағдайында есту қабілеті бұзылған мектепке дейінгі балаларға көмек көрсету
Инклюзивті білім беру жағдайында көру қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі оқушыларға көмек көрсету әдістемесі
Арнайы педагогика және арнайы білім беру: пәні, ұғымдары және міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz