Қазақстанның басқа мемлекеттерден айырмашылық жақтарын көрсететін рухани мұралар мен киелі жерлер ескерткіштері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

Эссе
Тақырыбы: Қазақстанның басқа мемлекеттерден айырмашылық жақтарын көрсететін қандай рухани мұралар мен киелі жерлер ескерткіштері.

Дайындаған: Ерғалиева.А
Тексерген: Исмагулова.Д.М
Топ: АП-101

2021-2022 оқу жылы
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты бағдарламалық мақаласы біздің қоғамға қозғау салып, санамызға тың серпін берді. Халқымыздың материалдық және рухани әлемі - атамекен, жер-су, әдебиет, өнер мен мәдениет саласын жандандыруда шамшырақ тәрізді қалың жұртшылықтың қызығушы­лығын, ерекше ықыласын тудырды. Елдік ұлы дәстүрді сақтай отырып, ұлттық модернизация жасау қоғамды дамыта, көркейте түсері даусыз. Ұлттық мұрат жолында жүзеге асыратын игі істердің бастауын Елбасы: Замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды, - деп нақты айқындап берді.

Елбасы аталған бағыттардың ішінде Ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайтынын дәлдеп айтты. Мынау толассыз шиыршық атқан үдемелі-соқтықпалы жаһандану заманында біртекті қоғам орнату процесі басып кету қаупінен жекелеген ұлттар өзіндік бет-бедерін, елдік асыл қасиетін, рухани тектілігін сақтау арқылы ғана аман қаларына ешбір күмән болмауы тиіс. Мемлекет басшысы жаһандану үрдісінде көштен қалмай, өркениетті, мейлінше нығайып алған бөгделерге жұтылмай, жер бетінде бәсекеге қабілетті, білім-ғылымы дамыған, экономикасы тұрақты дербес халық болып өмір сүру үшін оң жағына өзгере білудің қажеттігін баса айтты.
Біз үшін Отанымыздың әр сүйем жері қасиетті болып саналады. Азуын айға білеген жыраулардың жалынды толғауларында, жаугершілік замандарда үріккен елдің басына түскен зауалда Елім-айлаған азалы жырларда, басына күн туып, ел іргесі сөгілген қаралы көштерде туған, кіндік кескен жерімен қоштасу өлеңдерінде, қазақтың қара өлеңінде және ақын-жазушылардың елдік рухты өлтірмейтін үздік туындыларында біздің киелі атамекеніміз әсем де терең суреттелген. Расында халық қартаймайды, қара жер қартаймайды. Халқымыз қашанда Ел іші - алтын бесік деп сүйініш білдірген. Ол үшін ұлттық мұратқа сай биік іс қылу керек. Арғы ата-бабаларының аруағын сыйлап, шежірелік деректерді шын қастер тұтатын біздің халқымыз әрбір тау-тасын, жазық даласын, үңгірін, өзен-көлін қасиетті, киелі деп санайды. Көшпелі өркениет топырақ пен судың қадірін біліп, жер түгін тоздырмау үшін көшіп-қонып отырған. Олардың туған жерге, жаратылыс құбылыстарына, табиғатқа деген дүниетанымдық көзқарасы, ықыласы таңғажайып көркем. Айнала қоршаған табиғатты тірі деп қабылдау, өз ұрпағын оған қиянат жасамауға тәрбиелеу қазақ халқының ырым мен тыйымдары туралы ұлттық түсінігінде тұнып тұр. Малмен күнелткен бабаларымыз шаруа­шылығын табиғатпен үйлестіріп жүргізіп отырған. Осыдан барып туған жерге тағзым ету деген дәстүр қалыптасқан. Сонау бағзы заманнан ата-бабалары­мыз киелі жерлерге тағзым етіп келді. Түркі, сақ дәуірлерінен жеткен аңыз-әфсаналар, тіпті тасқа қашап кеткен таңбалар да осы озық дәстүрді айғақтайды.
Елбасымыздың жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын халық санасына сіңірудің ерекше маңыздылығын нықтап айтуы заңды құбылыс. Ел мен Жер - рухани құндылықтардың арқауы. Қазақстанның қасиетті жерлерінің мәдени-географиялық белдеуі - неше ғасыр өтсе де, бізді кез- келген рухани жұтаңдықтан сақтап, аман алып шығатын символдық қалқанымыз әрі ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы. Ол - ұлттық бірегейлік негіздерінің басты элементтерінің бірі. Сондықтан мыңжылдық тарихымызда біз алғаш рет осындай ауқымды жобаны жасап, жүзеге асыруға тиіспіз дей отырып, Президент: Жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған Туған жер бағдарламасынан бөлек, біз халықтың санасына одан да маңыз­дырақ - жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек. Ол үшін Қазақстанның қасиетті рухани құнды­лықтары немесе Қа­зақстанның киелі жерлерінің геогра­фиясы жобасы керек, - деп атап көрсетті.
Осыған байланысты Елбасы тапсыр­масы негізінде, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен қазақ халқының тарихынан елеулі орын алатын Қазақстанның қасиетті орындарын анықтап, оның тізімін жасау қолға алынды. Ғылыми-сараптамалық кеңес ашылып, бұл іске бұрыннан бері осы сала бойынша жұмыс істеп, зерттеумен айналысып жүрген ғалымдар, тарихшылар, өлкетанушылар, этнографтар тартылып, ғылыми жүйе құрылды. Зерттеушілер басшылыққа алатын нұсқаулықтар жасалып, ол барлық өңірлерге жолданды. Мұндағы мақсат - еліміздегі қасиетті тарихи орындарды анықтап, оларды ұлттық ұстаным деңгейіне көтеру.
Қазақ халқының ұлттық санасының ерекшелігі - туып-өскен жері, өнген орта­сын кие тұтып, оның қадір-қасиетін бағалауымен құнды. Аталарымыз туған жер - тұғырың, туған ел - қыдырың деп бекер айтпаған. Туған жер мен елдің халық санасына сіңген рухани құндылығының ұлттың қалыптасуында, дамуында айрықша рөлі бар. Елбасы тапсырған дүниелер бұған дейін қасиетті нысан ретінде ғылыми сарапталып, жүйеленбегентін. Біз осы шаруаны реттеп, жалпыхалықтық құндылық ретінде қарастыруды қолға алып жатырмыз. Бұл жұмыстың рухани маңызына тоқталар болсақ, біріншіден, киелі, қасиетті нысандар біздің ұлтты рухани жұтаңдықтан сақтай­тын символдық қалқанымыз және ұлттық мақтанышы­мыздың қайнар бұлағы деп түсінген дұрыс.
Қазақстанның қасиетті орындары ретінде ерекше қастерленетін табиғи-мәдени мұра, зайырлы және діни сәулет ескерткіштері, кесенелер, сондай-ақ Қазақстан халқының жадында өшпес із қалдырған тарихи және саяси оқиғалармен байланысты орындар ұғынылады. Сонымен қатар, Қазақстанның әлеуметтік-саяси ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның басқа мемлекеттерден айырмашылық жақтарын көрсететін қандай рухани мұралар мен киелі жерлер ескерткіштері
Тамғалы петроглиф тас кешені
Қазақ мәдениеті. Қазақ мәдениетінің бастаулары
Маңғыстау облысының тарихы мен физикалық -географиялық жағдайы
Туризмнің дамуы
Мәдени Мұра бағдарламасының аясындағы Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштері
Тарих және мәдени мұраға деген құнды қатынас
Табиғи туристік рекреациялық ресурстар
Қазақстан Республикасы аумағындағы ішкі туризмді дамыту
Ақсуат ауылдық округі
Пәндер