Қала құрылысы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік органдардың өкілеттіктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қала құрылысы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік органдардың өкілеттіктері

Құрылыс объектілерін атқаратын міндетіне және құрылыстық-құралымдық сипаттамасына қарап бақылау

Құрылыс өндірісінің негізгі өнімі үймереттер мен ғимараттар болып табылады.

Үймереттер - көтергіштер мен қоршаулардан немесе олардың жиынтығынан (көтергіштер мен қоршаулардан) құралған құралымдардан жасалған, жер үстінде өзара тұтасатын аумақ болып қалыптасқан құрылыс жүйесі. Онда адамдар тұрады, болмаса атқаратын міндеттеріне байланысты келіп-кетіп жұмыс істейді. Және ол түрлі өндірістік процестерді атқару үшін пайдаланылады.

Үймереттер - конструкции - design

image001

Cурет 1. 1 - Құрылыс объектілерінің жіктелуі

Ғимараттар - түрлі өндірістік процестерді атқаруға, түрлі материалдарды, бұйымдар мен жабдықтарды сақтауға, адамдардың болуына, жүк және адамдардың алмасып тұруына және басқа да мақсаттарға пайдаланылатын құрылыс жүйесі. Ғимараттар аумақты, жазықты немесе ұзынша, жерастылық, жерүстілік және жердегі болып келеді.

Телевизиялық мұнаралар, көпірлер, стадиондар тағы басқалар ғимараттар болып табылады.

Үймереттер мен ғимараттар пайдалану мақсатына орай өндірістік және азаматтық, инженерлік және гидротехникалық болып бөлінеді (1-сурет) .

Ғимараттар - здания - building

Өндірістік ғимараттар -өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісін орналастыру, адамдардың еңбек етуіне және технологиялық жабдықтарды пайдалануға қажетті жағдайлар жасау үшін қызмет етеді.

Өндірістік ғимараттар- промышленные здания - industrial buildings

Азаматтық үймереттер мен ғимараттар -тұрғын үй және қоғамдық болып бөлінеді. Тұрғын үй үймереттері қатарына адамдардың тұрақты тұруына арналған пәтерлік үйлер, уақытша тұруына арналған жатақханалар мен қонақүйлер жатады. Қоғамдық үймереттер мен ғимараттар тұрғындарға әлеуметтік қызмет етуге (мектептер, театрлар, мұражайлар, ауруханалар) арналған; қоғамдық ғимараттарға метрополитендер, стадиондар және басқалар жатады.

Азаматтық үймереттер мен ғимараттар - Гражданские конструкции и здания -
Барлық өндірісті және азаматтық ғимараттар, инженерлік құрылыстар кеңістікке орналастырылуына қарай жинақталған, желі-бойлаған, территориялық-шашылыңқы түрлеріне бөлінеді.

Құрастырылған объектілер шектелген территорияға орналасуымен сипатталады. Желі-бойлаған объектілерге көпірлер, туннелдер, эстакадалар, жолдар, құбырлар жүйелері және басқалар жатады.

Территориялық-шашылыңқы объектілер бір-бірінен мақсаты жағынан байланыспаған, едәуір қашықтықта орналасқан, пайдалану мақсаты жағынан бір-біріне байланысты емес (Мәселен, ауылдық жерлердегі тұрғын үйлер және азаматтық ғимараттар, автомобиль және теміржол бойына орналасқан үймереттер мен ғимараттар) .

Құрылыстық-технологиялық белгілері жағынан бұл объектілер біртекті және әртекті болып бөлінеді.

Территориялық-шашылыңқы объектілер - Территориальные и погруженные объекты -
Territorial and submerged objects

Біртекті объектілер-бірыңғай құралымдарды қолданумен ерекшеленеді. Сондықтан мұндай объектілер біртүрлі тұрақты технологиялар бойынша салына береді. Бұл объектілер біртүрлі және әртүрлі учаскелерден тұруы мүмкін. Оларда атқарылатын жұмыс көлемі мен мөлшері құралымдарды құрастыру реттілігі мен әдістеріне байланысты болады.

Біртекті объектілердің мөлшері мен көлемі бірдей және бірнеше рет қайталанатын типтік секциялардан құралатындығына байланысты оларды салуда ырғақты объектілік тасқын әдісін қолдану тиімді. Мұндай объектілерге жеңіл, аспаптар жасау, радиотехникалық және басқа да өнеркәсіп салаларының тұрғын үйлері, бірқатар азаматтық, бірқабатты және көпқабатты үймереттер, бойлап салынған ғимараттар (жолдар, құбыр жүйелері және басқалар) жатады.

Біртекті объектілер өз кезегінде біртүрлі және әртүрліге бөлінеді.

Біртекті объектілер - Однородные объекты - Homogeneous objects

Учаскелері әртүрлі біртекті объектілерге орта және ауыр машина жасау өнеркәсібінің, автомобиль зауыттарының, тоқыма комбинаттарының, көпшілік бірқабатты үймереттері және басқалары жатады. Бұл объектілер тиісті типтік құралымдарды толық бірқалыпқа келтірген күннің өзінде де жұмыс мөлшері мен көлемі бірдей учаскелерге бөлуге келмейді. Мәселен, көп өткінді бірқабатты үймереттердің ішкі учаскелерінде сыртқы қорғағыш қабырғалары болмайды, кейбір учаскелерде негізгі құралымдарды жинақтау жамылғы элементтерін құрастырумен шектелуі мүмкін, ал бағаналар мен кранасты арқалықтар шектес учаскелерге кран қатынай алатын болса алдың ала орнатылады. Әртүрлі учаскелері бар біртекті объектілерді салу кезінде жұмыс өндірісінің тұрақтытехнологиясы сақталады, алайда тасқындарды жүзеге асыру ұзақтығы түрліше болады.

Әртекті объектілерде типтік көп қайталанатын секциялар болмайды, жұмыс көлемі әркелкі, үймереттің түрлі бөлектерінде әртүрлі құралымдар (болатты, құрама темірбетон, біртұтас темірбетон және басқалар) пайдаланылады, күрделі және үлкен технологиялық жабдықтар орнатылады, олардың астына қуатты іргетас құйылады. Әртекті объектілер қатарына көмір және таукен кәсіпорындарының, металлургиялық зауыттардың, химия өнеркәсібінің, бірқатар кәсіпорындарының, қант және цемент зауыттарының, жылу және атом элект станцияларының және тағы басқалардың корпустары жатады.

Жұмыс көлемін біркелкі бөлмеу және үймереттердің түрлі бөлшектерінде әртүрлі құралымдарды пайдалану әдетте тұрақты құрылыс технологиясын қолдануға мүмкіндік бермейді. Сондықтан, жекелеген учаскелерде жұмыс өндірісінің түрлі реттілігі мен әдістерін пайдалануға тура келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының жергілікті билік органдары
Мемлекет органдарына жалпы сипаттама беру
Құрылыс объектілерінің жіктелуі
Атқарушы билік органдары - мемлекеттік биліктің осы тармағын жүзеге асыратын негізгі субъект
Қазақстанның атқарушы билік органдары
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу органдары жүйесі
Құқық қорғау органдары
Жергілікті атқарушы органдар
Құқық қорғау органдары пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Сот билігі органдарының бақылау өкілеттіктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz