Автокөліктердің генераторлары, құрылысы мен атқаратын қызметі


Сабақтың тақырыбы: Автокөліктердің генераторлары, құрылысы мен атқаратын қызметі
Тапсырма: Берілген сілтеме бойынша бейнематериалды тамашалаңыздар. Дәріс мәтінін мұқият оқып шығыңыздар. Презентация материалдарымен танысыңыздар. Бейнематериалда қойылған сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер:
Құрметті білім алушылар, берілген сілтеме бойынша бейнематериалды тамашалаңыздар:
https://www. youtube. com/watch?v=6TL4kEF01FU
... жалғасыГенератор тұтынушыларды қоректендіру үшін және қозғалтқыш жұмысы кезінде аккумулятор батареиясының зарядталуына қызмет етеді.
Автомобил генераторларына қойылатын талаптар: толық жүктеме кезінде барлық тұтынушыларды қорекпен қамтамассыз ету; қозғалтқыштың айналу жиілігінің кең аймағында тұрақты кернеу (13, 2 . . . 15, 5 В) ; массасы және құны минималды; тербелу, тозаңдану, жоғарғы температура жағдайында сенімді болуы.
Автомобилдерде үдеткіш белдеуі бар индукторлы генераторлар пайдаланылады (қармақ тәрізді роторомен) . Олардың жұмысында айтарлықтай айырмашылық жоқ.
Көптеген генераторлардың үлгілерінің ішінде қарапайымы 37. 3701, мұны ВАЗ автомобилдеріне орнатады. Генератордың статорына 11 (сур. 8. 2) электротехникалық болаттың пластинасы алынады. Оның ұяшықтарына жұлдызшаға жалғанған үш ұяшықты жүйенің орамалары 18 жатқызылған, мұнда сым диаметрі 1 мм, суық күйінде бір ұяшықтың кедергісі 0, 155 Ом.
Сур. 8. 2 Генератор 37. 3701:
1-кронштейн; 2-түзеу блогы; 3- кедергі өшіруші конденсатор; 4, 14- қақпақтар; 5, 16- мойынтіректер; 6- тығыздаушы сақиналар; 7- щетка ұстағыш; 8-түйісу сақиналары; 9-білік; 10- ротор; 11- статор; 12- қозу орамасы; 13- бекіту планкасының бұрандамасы; 15- кілтік; 17- желдеткіш; 18- статор орамасы.
Ротор білігіне 9 арасында қозу орамасы 12 бар қармақ тәрізді белдеулер баспақталған. Оның соңы түйісу сақиналарына 8 шығарылған. Орамада диаметрі 0, 8 мм сымның 420 жібі бар, оның кедергісі 2, 6 Ом. Тоқ қозу орамасына щетка ұстағышта 7 орналасқан щетка және түйісу сақиналары арқылы қозу орамасына беріледі. Оған герметикалық жасаудағы кернеуді интегралды реттегішпен (КИР) түзеуші блок 2 бекітілген. Бұл БПВI 1-60-02 блогы екі шинада құралған - бір-бірінен бейтарапталған кері және дұрыс. Оларға әр-түрлі белдеудегі үш диодтан Вд-20 орнатқан. Шиналар тоқ серігі және бір мезгілде жылуды әкетуші радиатор қызметін атқарады. Толықтырушы үш диод қозу орамасына баратын тоқтарды түзеуге қызмет етеді.
Қақпақтар 4 және 14 алюмини қортпасынан жасалған және шпилкалармен тартылған. Генератор іске қозғалтқыш иінді білікгінің ременді берілісі арқылы іске қосылады. Генератор орамаларын үрлеу үшін жетек шкивіне қалақшалар 17 орналасқан, ал қақпақтарда 4 және 14 желдетуші тесіктер жасалған.
Генератордың айналу жиілігі 4000 айн/мин, қуаты 770 Вт, номиналды тоғы 55 А.
Басқа автомобилдердің генераторлары қарапайым орналасқан. «Нива ВАЗ-21213» автомобилінде Г221-А-006 генераторы орнатылған. Жоғарыда қарастырылған құрылымға қоса оның қақпағында, яғни түйісуші сақиналар жағынан ауа шарбағы орналасқан, ол ораманы үрлеуге беретін ауаны тазартуды қамтамассыз етеді.
16. 3701 генераторы және оның модификациясы 161. 3701 ГАЗ және ВАЗ автомобилдерінде орнатады және оның модификациясына 32. 3701 генераторы пайдаланылады.
Аккумляторлы батареялар. Қорғасынды -қышқыл аккумуляторлардың қызметі және мақсаты. Қозғалтқышты оталдыру шарты аккумуляторлы батареялардың түрін және құрылымын анықтайды. Оталдыру режимі өте қиын. Автомобилдің аккумуляторлы батареияларын стартерлі деп атайды.
Стартерлі батареяларға қойылатын талаптар: максималды жұмыс кернеуі (12 және 24 В) ; минималды ішкі кедергі т. с. олар үлкен тоқ беруі керек; зарядсыздану үрдісі кезінде кернеудің аз өзгерісі; масса бірлігінен алатын қуаттың максималды көлемі (меншікті масса) ; зарядалу кезінде көлемінің тез қалыпталуы; сенімдлікпен механикалық беріктігінің жоғарылығы және күту қарапайымдылығы, құнының төмендігі.
Оталдыру кезінде стартердің жұмысына күші 300 . . . 500 А тоқ қажет. Мұндай режимдегі тоқты қорғасынды - қышқыл батареиялар қамтамассыз ете алады. Батареялардың басқа түрлері бар, бірақ олар қымбат немесе қасиеттері нашар, мысалы, щелочные.
Аккумуляторлы батареялардың құрылысы . Аккумуляторлар батареяларды тізбектей жалғайды, сонда жалпы 6 В (ұш аккумулятор), 12 В (алты аккумулятор) кернеулерді қамтамассыз етеді. Олардың әрқайсы эбониттен, термопластан (толтырылған полиэтиленнен), полипропиленнен және полистиролдан жасалған жекеленген моноблокқа 11 (сур. 8. 3) орналасқан. Бұл жадығаттар қышқылға -, суыққа-, жылуберіктікке және жоғары механикалық беріктікті қамтамассыз етеді.
Блоктағы 13 оң 3 және теріс 3 электродтар шктелген шарбақшалар түрінде қорғасын қорытпасынан жасалған, онда белсенді май жағылған. Электрод қалыңдығы жеңіл автомобилдерде орнатылатын батареялар үшін 1, 5 . . . 2 мм болуы мүмкін, ауыр жүктік автомобилдерде 2, 4 . . . 2, 6 мм болады.
Сур. 8. 3. Стартерлі аккумулятор батареясы:
1, 3- сәйкес оң және теріс электродтар; 2- сепаратор; 4- борн; 5-қорғаушы қалқан; 6-жалғаушы көпірше; 7-қақпақ; 8- перемычка; 9-тығын; 10- белдеулік шешім (піспек) ; 11- моноблок; 12 - призмалы қабырға; 13- электродтар блогы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz