Жерасты құрылымдарын тұрғызу технологиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Жерасты құрылымдарын тұрғызу технологиясы

Жер ғимараттарының түрлері және жұмыстардың өндіріс тәсілдері мен механикаландырылуы
Пайдаланылуы жағынан жер ғимараттары гидротехникалық (плотиналар, каналдар, қашылар, көтермелер және т. б.), жолдар (автомобиль және темір жол төсемдері), ирригациялық және мелиоративтік (тоған су, әуіт, қарасу, суару және құрғату каналдары және басқа), өнеркәсіптік және азаматтық құрылыстар (алаңдарды тігінен тегістеу, орлар, шұңкырлар және басқа) болып бөлінеді.
Пайдалану мерзімдеріне байланысты жер ғимараттары тұрақты (жолдардың, плотиналардың, жыралардың үйінділері, төсемдері, оларды үйуге алынған топырақ) және уақытша (ғимараттар мен үймереттердің іргетас үшін шұңқырлар немесе түрлі мақсатта пайдаланылатын құбырлар мен кабельдерді тарту) болады.
Тұрақты жерғимараттары ұзақуақыт пайдаланылады. Уақытша жер ғимараттары салынып жатқан ғимарат немесе үймерет аяқталғанға дейін ағынды немесе жер асты суларынын, әсерле- рінен қорғану, осы сияқты оларда ғимараттар мен үймереттердің жерасты бөліктерін салу немесе жерасты мағистральдарын тарту үшін пайдаланылады. Құрылыс аяқталғаннан кейін уақытша ғимараттар бұзылып, алынып тасталады.
Жер ғимараттары әдетте шұңқыр немесе үйінді түрінде салынады. Өнеркәсіптік және тұрғын үй, азаматтық құрылыстарында алаңды тегістеумен, орлар және қазаншұңқырлар қазуға байланысты жұмыстар жиі атқарылады. Үймереттер қабырғаларының іргегастары үшін қазылатын орлардың ұзындығымен салыстырғанда ені мен тереңдігі үлкен болмайды.
Құрылыс алаңы бойынша жер жұмыстарының балансы жоспарланған ойықтар қазу мен үйінділер жасау және оларды қайта жабу жұмыстарының көлемінен құралады. Ойықтарды қазудан және төсемдерді жасауға қажет деп алынған топырақ көлемі мен оларды қайта жабуға керек топырақ көлемінің айырмашылығы мейлінше аз болуы керек.
Топырақ көлемінің балансын анықтағанда үймереттердің салыну мақсатын, жалпы тегістеу белгілерін, жердің физикалық механикалық қасиеттерін, топыраққа қойылатын талаптарды, топыраққа деген қажеттілікті және т.б. ескеру қажет. Топырақ көлемінің балансын анықтаумен бір мезгілде топырақты мейлінше қысқа жолмен жылжытудың нобайы жасалады. Топырақты тасымалдаудың орташа арақашықтығы, яғни топырақ алынатын жерлер мен тәсемдер, үйінділер жасалатын орындар арасының қашықтығы анықталады.
Жер жұмыстары өндірісінің технологиялық үлгісі негізгі төрт жұмыс процестерінен құралады: топырақ алу, оны төсейтін, құрылыс жүргізілетін жерлерге тасымалдау, үйінді, төсем немесе атжал жасау, үймеретті өндеу, яғни шұңқырлар мен үйіндіні төсемді жобалық пішінге жеткізу.
Алғашқы үш процесс технологиялық және уақыт жағынан да өзара тығыз байланысты, ал төртіншісінің алдындағылармен байланысы жоқ, кейін де атқарыла береді. Әр процесті орындау үшін - арнаулы машиналар пайдаланылады. Алайда кешенді әдіс қолданылған жағдайда үш процестің бәрін де бір машинамен атқаруға болады. Оған мысал ретінде скреперді алуға болады. Онымен қазу, тасымалдау, түсіру, атжал жасалатын жерді тегістеу және алаңдарды тегістеу кезінде біржолата нығыздау, жердің өсімдік өсетін қабағын алу және оны атжалдарға жеткізу. жолдар мен каналдар және т.б. үшін ойықтар (окпандарды, шұңқырларды) жасагі, өңдеу сияқты жұмыстар істеледі. Экскаваторлардың атжалдағы жер жұмыстарын атқаруы туралы да осыны айтуға болады. Мұнда топырақты өңдеу және колданылатын жеріне жеткізу тасымал құралдарынсыз-ақ тікелей экскаватордың жұмысшы жабдығымен өткеріледі. Бұл әдіс аса үлкен емес шұңкырлар мен орларды. жолдар мен каналдар. т.б. үшін ойыктар жасау. оңдеу кезінде колданыдады.
Жер жұмыстарын экскаваторлармен жүргізу кезінде топырақты алыс кашыктыққа тасымалдауға тура келетін болса кешенді механикаландырылған әдіс - топырақты өздігінен копар ғыш автомобильдермен тасымалдауға көшу керек. Бұл әдіс ірі шұңкырларды қазуда, жолдар мен каналдар т.б. үшін топырак дайындауда пайдаланылады.
Территорияны тегістеу жөніндегі жұмысты қабылдағанда аландағы белгілермен еңістердің және топырақты тығыздау деңгейінің жобада белгіленген көрсеткіштермен сәйкес келетіндігін мұқият тексертіп алу қажет.
Тереңдігі 1,5 метрге дейінгі орлар мен шүңқырлар теріс күрекпен немесе драглайнмен жабдықталған бір шөмішті экскаватормен, ал тереңдегі 1,5 метрге дейінгілері тік күрекпен де қазылады. Өткіннің ені шұңқырларды теріс күректермен жабдықталған экскаваторлармен қазғанда олардың шөміштерінің-жерді тілу радиусының ең үлкен көрсеткіштері мен тілінген жердің тереңдігіне байланысты белгіленеді. Келесі істелер жұмыстар майданың үлғайту үшін қажетті жағдайда ені үлкейтіледі, жұмыс кеңейтілген өткін бойымен, экскаватордың иректеп жүруі арқылы атқарылады.
Ордың түбінде жұмыс шөміштің еніне тең ауқыммен жүргізіледі, экскаватор алымының өсін ор өсімен үйлестіріп отыру дұрыс, егер ор түбінің ені экскаватор шөмішінің енінен үлкен болган жағдайда өткін өсі ор өсі мен еңіс табанының арасында болуы керек (1 - сурет)

1 - сурет. Экскаватордың ор қазған кездегі өту өсі:
а - ордың төменгі ені экскаватордың шөмішінің енімен тең болғанда; б - ордың төменгі ені шөміштің енінен артық болғанда; 1 - ордың өсі; 2 - экскавтордың өту өсу; d - іргетас құрылымының ені; В - ордың төменгі ені.
Ленталы және дарат тұратын іргетастар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылыс
ЦОКОЛЬДІ ТЕМІРБЕТОН ҚАБЫРҒАЛАРЫНЫҢ ЖЫЛУФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ
Құрылыс тасқындарын құрастыру ережелері
ҚҰРЫЛЫС ӨНДІРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ
Демалыс орнын жобалау
Бір қабатты өндірістік ғимараттарды монтаждау әдістері
Іргетасқа жүктеме есептеу
ІІІ кен шоғыры
Компьютерлік сынып бөлмесі
Құрылыстың материалдық-техникалық мұқтаждықтарын анықтау: тәртібі, әдістері және жолдары
Пәндер