Тырнақ дозиметриясының төтенше жағдайда қолданылуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Application of fingernail dosimetry for accidental situation
Применение дозиметрии по ногтям при аварийных ситуации
Тырнақ дозиметриясының төтенше жағдайда қолданылуы
1.Кіріспе
Сәулеленуден кейінгі оқшауланған тіс дозиметриясы және басқа да биологиялық дозиметрия әдістері радиацияның елеулі әсер етуі мүмкін жағдайларды зерттеуде және дозаны қалпына келтіруде өте пайдалы әдістер екендігі дәлелденді (Clairand et al., 2006). Дегенмен, жарақаттанушылар саны көп төтенше жағдайдан кейін сұрыптау нәтижесін дереу бере алатын қолданыстағы тірі тіс дозиметрия әдісінің өткізгіштік қасиеті шектеулі болуы мүмкін. Ал көптеген белгілі дозиметриялық әдістер анық нәтижелерді алғанға дейін уақыт талап етеді. Соңғы зерттеулер, жарақаттанушы адам саны көп болған жағдайда, тырнақ немесе аяқ тырнақтарына жүргізілген ЭПР негізіндегі дозиметрия жағдайды жоғары деңгейде бағалаудың тиімді әдісі болуы мүмкін екендігін көрсетеді. Тырнақтар көп мөлшерде α-кератинмен қамтылған және бұл компонентте радиация әсерінен пайда болатын радикалдардан бақыланатын ЭПР сигналдары көрінеді. Сол сияқты, шашта да көп мөлшерде α-кератин бар. Өкінішке орай, шашта сонымен қатар радиация сигналын жасыра алатын кең, қарқынды ЭПР сигналға ие меланин бар.
ЭПР негізіндегі тырнақ дозиметриясының айтарлықтай артықшылықтары бар:
* Дозаны өлшеу үшін үлгілерді оңай алуға болады.
* Дозаны дереу бағалау мүмкіндігі.
* Дозаны өлшеу орындары дененнің әр жерінде орналасқан, яғни қолда және аяқта. Бұл өлшемдер ЭПР негізіндегі тіс дозиметриясын өте жақсы толықтырады.
* Өлшеулерді кең таралған және қол жетімді Х-диапазонды қарапайым рентген спектрометрлерімен жүргізуге болады.
* Өте сезімтал, шағын өрістегі Х-диапазонды ЭПР спектрометрлерінің көптігі.
Алдыңғы жасалған зерттеулерді негізге ала отырып ЭПР негізіндегі тырнақ дозиметриясы үшін хаттама жасау кезінде ескеру қажет факторлар бар (Romanyukha et al., 2007; Wu et al.,1998; Symons et al., 1995; Dalgarno and Mcclymont, 1989):
* Пайда болған радияциялық сигналдың азаюы (RIS).
* Фондық сигналдың болуы (BKS).
* Үлгіні жинау кезінде механикалық әсерден туындаған сигнал потенциалы (MIS).
* Су құрамының әсері.
* Бірнеше негізгі факторлардың өзара өзгеру мүмкіндігі: RIS және MIS сигналдарының ыдырауы, BKS шамасы мен радиацияға байланысты дозаның өзгерісі.
Төтенше жағдайда қысқа мерзім ішінде үлгілердің көп мөлшерін өлшеуді жүргізу үшін алдын-ала орнатылған нұсқаулықтың немесе хаттаманың болуы өте маңызды. Жұмыстың негізгі мақсаты - төтенше жағдайларда қолданылуы мүмкін, тырнақтағы ЭПР өлшемдеріне негізделген дозаны бағалау үшін операциялық хаттама ұсыну және сипаттау. Хаттама тырнақтағы ЭПР спектрлерінің құрамын зерттеу нәтижелеріне негізделіп жасалған (Romanyukha et al., 2007).
2. Дозиметриға арналған нұсқаулық

5. Дозаны бағалау
Төтенше жағдай кезінде үлгідегі дозаны бастапқы жылдам бағалау алдыңғы өлшемдерден анықталған H, D және BKS қарқындылығының орташа мәндерін қолдана отырып, (1) және (2) теңдеулердің көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұндай алдын ала шамамен дозаны бағалау, өлшеу уақытын қосқанда, 10 минуттан аз уақытты алады. Жас, этникалық шығу тегі, гендер, диеталық факторлар және жылдың маусымы бойынша осы орташа мәндердегі вариациялар әзірге зерттелмеген. Егер болашақ зерттеулер осындай әсерін көрсететін болса, орташа мәндердің әртүрлі жиынтығын анықтауға және табуға болады.
Дозаны бағалаудың дәлдігі протоколдағы BKS, H және D үлгілерінің қосымша қадамдарымен нақты мәнін анықтау арқылы жақсартылуы мүмкін. Төмендегі хаттама 1-суретте көрсетілген.
* BKS қарқындылығын анықтау: үлгілерді дистерленген суда 10 с жуу RIS сигналын толығымен және MIS сигналы қалдығын толығымен кетіреді. Содан кейін EPR ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саңырауқұлақтарға қарсы заттар
ПСИХИКАЛЫҚ НАУҚАСТАРДЫ ТІРКЕУ
Адамның ажары
Ультрадыбыстың фармацияда қолданылуы. Ультрадыбыстың әсері
Шаштараз қызметінің сипаттамасы
Сұлулық салонының бизнес-жоспары
Асептика және антисептика. Хирургиялық инфекция
Акрил және метакрил қышқылдары
Саңырауқұлақтарға(микозға) қарсы дәрілер. Вирустарға қарсы дәрілер
Минерал ұғымының тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz