А. Байтұрсынұлы және Алаш әдебиеті



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Филология және әлем тілдері факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Пәні:А.Байтұрсынұлы және Алаш әдебиеті

Орындаған:Досымбек Аружан Бекжанқызы

Жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде қазақ кітаптарының шыға бастауы сыншыл ойлардың ояна түсуіне жағдай жасады. Әсіресе 1909 жылы үш бірдей кітаптың - Абай өлеңдерінің, Ахметтің Қырық мысалының және Міржақыптың Оян қазағының! - шығуы қазақ әдебиетінің ғана емес, сыншыл ойлар өрісін де кеңейте түскен айтулы оқиғаға айналды. Қазақ әдеби ой-пікірлерінің дамуында Айқап журналы мен Қазақ газетінің шығып тұруы тарихи рөл атқарды. М.Сералин, А.Байтұрсынов, М.Дулатов сынды ұлтжанды азаматтар шығарып тұрған бұл басылымдарда қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіне, болашағына қатысты көтерілмеген мәселе болмады. Әсіресе әдебиет пен мәдениет айрықша назарда тұрды. Ұлттық бағыттағы өлеңдер жиі жарияланды. Қазақ әдебиетінің жай-күйін, болашағын айқындауға сол кездегі ұлт-азаттық бағыттағы қазақ қаламгерлерінің дені қатысты.
Қазақ әдебиеті, оның аса көрнекті өкілі Абай туралы пікірлер орыс тілінде қазақтар хақында жазылған еңбектерде көріне бастады. Солардың бірі - 1903 жылы атақты ғалым П.П.Семенов-Тянь-Шанский мен академик В.И.Ламанскийдің басқаруымен Петербургта басылып шыққан Россия атты көп томдық еңбек. Соның Қырғыз өлкесі аталған 18 томы түгелдей қазақтарға арналған. Кітаптың қазақтар туралы тарауын жазуға А.Н.Сидельников, А.Н.Бөкейханов, С.Д.Чазов қатысқан. Демек Ә.Бөкейханов та қазақ халқының мәдениеті, әдебиеті жайлы тарауды жазысқан. Кітапта қазақтар Азия құрлығын мекендейтін барлық түркі халықтарының ішінде саны жағынан да, территориясы жағынан да бірінші орындағы түріктерден кейінгі халық екендігін ескерте келіп, оның әсіресе ойлау, есте сақтау қабілетін, тіл байлығын, мәдениетін бағалаған. Қазақ халқының рухани байлығын баяндағанда ауыз әдебиеті түрлеріне тоқталған. Әсіресе Қозы Көрпеш-Баян Сұлу дастанына көңіл бөліп, талдайды. Қазақ ақындарының Шортанбай, Ноғайбай сияқты ақындардың шығармаларына назар аударады. Абайға ерекше көңіл бөліп, оны қазақтың жаңа жазба әдебиетінің негізін салушы ретінде жоғары бағалайды.
Сонымен ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдеби ой-пікірлерінің жандана түсуіне ұлы Абайдың поэзиясы негізгі қозғаушы күш рөлін атқарды. 1909 жылы шыққан тұңғыш кітабына соңғы сөз ретінде берілген Кәкітайдың ғұмырнамалық мақаласында, сондай-ақ орыс, басқа да тілдерде шыққан түрлі жинақтардағы мақалаларда, деректерде Абай поэзиясы жайлы бағалы пікірлер айтылып, ақындық даңқы жайыла бастады. Орысша жазылған еңбектерде Абайдың орыс әдебиетімен байланысына назар көбірек аударылды. Абайдың досы В.П.Михаэлис қайтыс болған кезде Ертістің арғы жағынан Ибраһим (Абай) Құнанбайұлындай поэзияның таза алтынын ашқанын оның үлкен еңбегі ретінде атап өткен.
Сыншыл ойлардың тағы бір өрісті арнасы сол кезде шығып жатқан көркем шығармалар мен оқулық мақсаттағы кітаптар болды. Бұлардың дені педагогикалық бағытта ұстанып, әдебиеттің табиғаты, мәні жайында айтылған құнарлы ойлардың көзіне айналды.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінде Абай жұлдызының жарқырап көрінуімен қазақ қоғамының рухани өміріндегі жаңа кезең басталды. Абая поэзиясында дала өмірінің ең бір өзекті өңірлері көрініс тапты, келелі мәселелері көтеріліп, кемеңгерлік ой-пікірлерін ұсынды. Абай идеялары бүкіл көзі ашық қазақ зиялыларының ой-санасын билеп алып, рухани күшке айналды. Ұлтжанды қазақ оқығандары Абайды құрметтеп, оның идеяларын насихаттау мақсатымен Абай атты журнал шығаруды қолға алды. Оның алғашқы саны 1918 жылдың 4-ші ақпанында жарық көрді де, сол жылдың соңында жабылып қалды. Журналды қазақ зиялыларының көмегімен Ж.Аймауытов пен М.Әуезов шығарып тұрды. Журнал шығарған кезде Сарыарқа газетінде: Абай атты қазақша ғылыми, әдеби, шаруашылық журналына жазылу ашылды. Журналдың жобасы кең. Жазушылары сай, нағыз қазақ тілінде. Айына екі рет шығып тұрады. Ылғи жазып тұрушылар: Мінән Тұрғанбаев, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхтар Әуезов, Сәбит Дөнентаев, Сейітбеттал Мұстафин - деп жарнамаланды. Бұл кездегі әдеби сын қазақ әдебиетінің ұлттық болмысын, тіл тазалығын қорғауымен болашақ дамуының даңғыл болуы үшін халықтық мүддені жоғары көтерген күрескерлік қасиетімен ерекшеленді.
Қазақ даласының Россияға қосылыуы XIX ғасырдың орта кезіде аяқталды. XX ғасырдың басы - қазақ халқының тарихында бүкіл қоғамдық ой-пікірдің өрлеуіне м.мкіндік туып, ресей патшалығы әдейі тұмшаланған ой-сананың ояну дәуіріне жол ашқан кезең. Ендеше ұлттық сананың ең өнімді саласы - әдебиеттің, қоғамдық сананың көрсеткіші баспасөздің бұл кезеңде күрт алға басуы - табиғи заңдылық. Бұл тұста Абайдың нақты жалғасы іспетті Шәкәрім мен дүниеге абайдан кейін келсе де, еңбегі ерте жарық көрген Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармашылығы өзінің кемел шағына жетіп, шырқау бигіне көтерілсе, Ахмет, Міржақып, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Бернияз, т.б. тәрізді алыптар әдебиет айдынында бой көрсетіп, биікке көркемдік сипаттағы дүниелерін жариялай бастады. XIX ғ-ң екінші жартысындағы қазақ ағартушылары мен ақын жазушылары аңсаған ілім-білімді үйренуге үндеу - XX ғасырдың бас кезінде біршама нәтижесін беріп, алдыңғы қатардағы қазақ азаматтарын елді ояту, азаттыққа қол жеткізу мақсатына жетеледі. Оқыған зиялылар арсынан ел бағытын айқындар сара жолды жаңылмай нұсқап, адастырмас даңғылға алып шығуы ұмтылған жаңа тұлғалар шоғыры таныла бастады. Сол көш бастаушылардың алдыңғы қатарында қазақ ақын-жазушылары да болғаны талассыз шындық.
Патшалық Ресейдің отарлық езгісінде қиын да күрделі өмір сүрген қазақ халқының әлеуметтік тұрмысы XX ғасыр басында тіптен қиындап кетті. Ұланғайыр өлкені сүлікше сорған Ресей билеушілері обыр құлқынның қамы үшін тізгінді неғұрлым қыса ұстап, тежеп отыруды оңтайлы көріп, саяси-әкімшілік қысымды күшейтк түсті. Бірақ қашанда әрбір нәрсенің екі жағы болатыны секілді өмір өз заңдылығымен алға дамып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсынұлы және «Зар заман» әдебиеті
Ахмет Байтұрсынұлы аудармашы
А. Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары жайлы
АҒАРТУШЫЛЫҚ ӘДЕБИЕТ ӨКІЛДЕРІНІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ
ТОРҒАЙДАН ШЫҚҚАН ЗИЯЛЫЛАР
Байтұрсынұлы - әлеум
Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының тарихи маңызы
С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, М.Дулатов шығармашылығы
Ахмет Байтұрсынұлы өмір белестері, тарихы
Ахмет Байтұрсынұлы жайында
Пәндер