Махамбет өлеңдеріндегі ( Қара нар керек біздің бұл іске, Қызғыш құс, Еңселігім екі елі ) ақын көңіл-күйін танытатын жолдарды талдау


1. Махамбет өлеңдеріндегі («Қара нар керек біздің бұл іске», «Қызғыш құс», «Еңселігім екі елі») ақын көңіл-күйін танытатын жолдарды талдап жаз
Аумалы-төкпелі заманда қара бала сары қазан қамы үшін дүйім жұртты артынан ерткен Махамбет болды. Махамбет - көтеріліс туын көтерген әрі жалынды үгітші, әрі ардақты ақын. Ақынның өлеңдері арқылы біз оның көңіл-күйін байқаймыз. «Қара нар керек біздің бұл іске», «Қызғыш құс», « Еңселігім екі елі» өлеңдерінде ол өз көңіл-күйін қаншалықты таныта алды?
Махамбет Өтемісұлы өлеңдерінен қас батырға тән қасиеттерімен көрінеді. «Қабағын шытпас ер керек, Біздің бүйткен бұл іске», - деген өлең жолдарында толарсақтан саз кешсе де, алған бетінен қайтпайтын, халқын қиындықтан сүйреп шығар ерлер керек екенін айтқан. Ақын өз басынан кешірген ауыр халдерді сезіне отырып, терең толғап суреттеумен қатар, өз кезіндегі тарихи оқиғалармен байланысты туған қалың бұқараның көңіл күйін де көрсете білді. Оның өлеңдерінде өзінің көңіл күйі мен ел күйі ұштасып жатты. Менің ойымша, ақын өз өлеңіндеел қорғайтын азаматтың қандай болатындығын айтады. Ел басына күн туған заманда бар ауыртпалықты «қара нардай» қасқайып көтеретін «ереулі атқа ер салғандар» дейді. Сондықтан да, алаштың алып ұлдарын «қара нарға» теңейді.
Ақын өзінің эллегиялық көңіл-күйін «Қызғыш құс» өлеңінде көрсете білген. Оны
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!
Қанатың қатты, мойның бос,
Исатайдан айырылып,
Жалғыздықпен болдым дос - деген жолдарында батыр досы Исатайды сағынышпен еске алып, құсалықпен күндерінің өтіп жатқандығын суреттейді. Нағыз досқа деген бауырмалшылдықты, арқа сүйер сүйенішінен айырылғандығына қапаланған ішкі жан күйзелісін аңғарамыз. Махамбет жан күйзелісі арқылы достық туын әркез биік ұстауды үйренеміз.
«Еңселігім екі елі»- өлеңінде ерлік пен елдікке жол көрсеткен батыр бейнесі көрінеді. Оқ тартарға қолы ұзын,
Дұшпанына келгенде
Тартынбай сөйлер асылмын. - деп, өзінің жауына қара бұлттай қатер төнгенде, дауыл алдында саңқылдаған дауылпаздай, дауылды жарқ-жұрқ етіп тілгілеген найзағайдай әсер етеді. Ешбір хан-сұлтандардан қаймықпай, қара қылды қақ жара сөйлегендігін байқаймыз. Осындай ерлік пен елдікті, нағыз ерге тән өткір мінезді жалынды жырларымен ел есімінде қалған Махамбет ақынды жадымызда мәңгі сақтаймыз.
Қорытындылай келе, Махамбет өзінің көңіл-күйі арқылы болашақ ұрпақты «толарсықтан саз кеше» жүріп, елінің мәртебесін көтеретін азамат болуға шақырады. Оның рухты өлеңдері елдің санасынан өшпейді.
2. Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
Батыр дегеніміз - алып күштің иесі. Батырдың қасиеттерін көрсететін -оның ерлік істері. Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанының патриоттық мәні зор. Ақын бұл дастанда жас батырдың ерлік істерін жеткізуге тырысқан. Дастандағы басты кейіпкер Еспенбет - батырға тән өзінің ерлігімен көрінеді. Оны ақын: «Еспенбеттей ер туса, Ер күтетін ел қайда?» - деген жолдармен жеткізеді. Бұл ақынның елге тірек ер, көсем шықса, халық соның қасынан табылса деген идеясын анықтайды. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» - деген аталы сөз - Еспенбет бойындағы өр рухтың қайнар көзі болып табылатыны анық. Себебі, оның ерлік ісінің бастау алар кезеңі балалық шағындағы арманынан басталады. Біріншіден, Еспенбет Ақбөртені мініп, қару асынып, жау қайтаруды ойласа, екіншіден, «Еліме барып, ұл болсам» - деп армандайды. Міне, осы арманы оны ерлікке жетелейді.
Күндердің күнінде Қабанбай бастаған батырлар ескі бір кекті қайтару үшін қалмаққа қарсы аттанбақ болады. Мұны естіген Еспенбеттің бастан кешкен күйін ақын:
«Басталар қашан соғыс» деп -
Белін шешіп жатпады,
Түнде кірпік қақпады.
Ерлік қысқан кеудеге,
Ішкен асы батпады, - деп елінің еркіндігі мен бейбіт өмірін көксеген жас батыр бейнесін шынайы суреттейді. Ал, ұрыстың шешуші сәтінде қазақтың жеті батырын жеңген қалмақ батырымен өзі сұранып, жекпе-жекке шығады. Осылайша, Еспенбеттің батылдығы арқасында қазақ халқы жеңіске жетіп, үлкен олжаға кенеледі. Ел мүддесі мен намысын ойлаған ер Еспенбет бұл жолы да тоқ пейіл әдетінен таймай, көл-көсір олжадан ештеңе алмайды. Міне, осындай ерлік істер арқылы оның халқына қызмет ету арманы орындалады. Ақын халыққа қамқор, елге тірек болам деген нағыз ер осы Еспенбеттей болу керек деп оның батырлығын, ақыл-парасатын, қанағатшылдығын, мәрттігін өзінің замандастары мен кейінгіге үлгі етеді.
Қорытындылай келе, дастандағы Еспенбеттің әрбір ерлік ісі - оқырманға үлгі. Үлгі болып қана қоймай, елін, жерін жаудан қорғау туралы ойлауға түрткі болады. Еспенбет бойындағы ерлік істер - болашақ ұрпаққа мәңгі өнеге.
3. «Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен әдемі әсірелеудің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
«Сүйінбай мен Қатаған айтысы» өнер өлкесіндегі саф алтын қазына болып саналады. Қазақтың бар баласы айтылатын бұл айтыстың мақсаты - елімізді, жұртымызды бірлікке шақыру. Өткір сынның үстінде тұрған Сүйінбай өрттей өршіген Қатағанға қалайша бейнелі сөздер мен әсірелеулерді қолданып, өршелене өрлеп, жалтақсыз жауап қайырды? Мен осы сауалға өз көзқарасымды білдіргім келеді.
Сүйінбай озық ойлы, өткір тілді, сөзді астарлы оймен көркем жеткізетін айтыскер ақын. Өйткені, дәлел ретінде « . . . Топ бастаған бұлбұлмын, Сөз бастаған жүйрікпін, Судан шыққан сүйрікпін, Бәйгеден озған дүлділмін . . . Шығарма Қатаған үніңді!»-деп, Сүйінбай бірден Қатағанның мысын басып, қанатын қайырады. Міне, бұдан ақынның шалқар шабытын, теңеулерді ұтымды пайдаланғанын байқадым. Бірден қарсылысының бетін қайтарды. Еңсесін тіктеуге мұршасын келтірмеді. Тұтқиылдан тұқыртуға ынталы екенін танытты. Міне, нағыз ақынға тән қасиет.
Қатаған бір сөзінде өзін алмас болат қылышқа баласа, Сүйінбай өзін жай алмас құрыш қылыш емес, сабы алтыннан соққанын айтады. Бұл жерде, меніңше, Сүйінбай өз деңгейін биіктете, айбынын асыра түсті. «Қарсы шапқан қырғиға, Ажалы жеткен торғайсың . . . , », «Ажалы жеткен қарғасың, Бүркітпенен ойнадың . . . », «Жауған қардай борайын, алды-артыңды орайын . . . » - деп, өнері шоқ болып қызып тұрған Сүйінбай қазақ елінің мәртебесін көтеру әрқашан абырой екенін танытты, шапшыған, шабытты Қатағанның аптығын басты. Ақын басынан бұлт аса алмас шың секілді көрінді. Осыған орай, менің ойымша, қазіргі заман айтыскерлерінде өткір тіл бар, бетке айту жоқ, жалтақтап, шенділерден қорқып, халық көкейінде жүрген мәселелерді айналшықтап өтеді. Сірә, жүрегі «Отан» деп соққан от тілді, орақ ауызды бүгінгі айтыскер ақындар Сүйінбайдан үлгі алса, игі үстіне игі болар еді.
Сонымен қоса, әсірелеу тәсілін де шабытпен кәдеге жаратады. « . . . Қабағын шытса Сүйінбай, Тарту қылып тартарсың, Қойныңдағы жарыңды. Айдап алып берерсің, Алдыңдағы малыңды, Малың түгіл барыңды! . . . » -деп, қарсылас ақынның намысына тиіп, ту сыртынан пышақ сұққандай әсер берді. Өзінің намысын таптатпау үшін осы үдетулер сынды көркем де, мәнді сөздер үлкен басымдылыққа ие. Бұл айтыста маған Сүйінбай ұстанған бағыт қатты ұнады. Өз күшіңе сеніп, сөз қадірін түсініп, намысты қолдан бермеуге жетеледі.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдірсем, сөздердің өткірлігі, қызулығы, көркемдік бейнелі сөздердің молдығы Сүйінбай айтысының бойында тұнып тұр. « . . . Қазақ деген батыр ел, Ешкімге намыс бермеген . . . » деп өзі айтқандай, Сүйінбай қазақ халқының беделін арттырды.
4. Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңіндегі әлеуметтік мәселелерді талдаңыз.
Адам бойына біткен сараңдық, өзгені қойып, дүние-байлығын өзіне қимай құл етеді. Қазақтың осындайларды «дүниенің құлы» деп жататыны осыдан. Осындай жағымсыз қасиеттерге бой алдырған жандарды Қашаған Күржіманұлы ащы сынға алған екен. Ендеше ақынның өлеңдеріндегі әлеуметтік мәселелерді қарастырып көрелік.
Ақын жоғарыда айтылған ойды «Байларға» деген өлеңде кеңінен жырлаған. Байлардың барлық мінез-құлықтарын осы өлеңде ашып береді. Дәулеті асып тұрса да, сараңдығы асқан байларды былай деп сынайды:
Кейбір байды қарасаң,
Қорасында мал толы,
Үйінде ішер тағам жоқ,
Тағам жоқтан жаман жоқ . . . деп ақынның сыншыл-ойлы, өлеңінде сараң байларды өмір шындығы аясында бейнелеген. Сараң екенін табағынан таны демекші, қора толған мал толса да өзіне ішерге ас бұйыртпай отырғанын сынаған. Қарап отырсам, адам байлықты қызығын көру үшін жимай ма? Дәулеттің ортасында отырып ішерге ас таппау, сорақы болмай не болсын? Адам ғұмыры қамшының сабындай ғана қысқа екенін ұмытпаған жөн. Сондықтан да тәңірдің бұйыртқан сый-сияпатын барынша пайдаланып, іске жарату керек деп ойлаймын.
Осындай жалынды, сыншыл өлеңдерінің бірін Қашаған Оразалы деген бай ағайынына арнаған екен. Бай болса да жарлының кейпін кешіп, мал соңында отыруын ақын мысқылдап шенеген. Оған мысал, өлеңнің мына бір жолдары:
Қара ұннан көже ашытып,
Балқара деп қануын - Қарашы . . . деген. Өлеңнің бұл жолдарын оқығанда өзі бір жиіркенішті сезім шақырады екен. Бай - дәулеті асып тұрған адамның қара ұннан көже ішіп отырғаны барып тұрған азғындық қой. Тіпті Қашағанның сынаған образдарына жаным ашиды десем, артық айтпағаным болар. Кедейдің аш отырғаны жоқтықтан дейсін, ал байлығы мен дәулеті асып тұрып ішер асына тарылғаны аянышты деп ойлаймын.
Қашаған заман сырын сезіне алды, уақыттың өтпелілігін ұғына білді. Жоғарыда айтқан Оразалыға және Байларға өлеңдерінің әлеуметтік мәселесі байлардың сараң, дүниекоңыздығы болып табылады. Олар мал-дәулеті шалқып жатса да, дүние рақатын көрмей өтер шықбермес сараң жандар екенін көрсетеді. Өкінішке орай, бұл мәселе бүгінгі күні де жалғасын тауып келе жатыр. Қазір де осы сыналған образдарды өмірде жиі кездестіреміз. Материалдық құндылықтарды бәріненде жоғары қоятын жандар аз емес екені аян. Пайда қуған адам шыншыл да, принципшіл де, өз парызына адал да бола алмайтыны анық.
Қорытындылай келе айтарым, Қашаған ақын сынға алған қасиеттерден аулақ болайық. Байлық пен дәулет тұрақсыз екенін ұмытпаған жөн. Дүниенің құлы болмай, барға қанағат еткен дұрыс. Соңымыздан көл көсір байлық қалғанша, жас жеткіншек ұрпақтарға үлгі боларлық өнегелі іс қалсын!
5. Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның
зарлығы мен тарлығының белгілерін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
Мен сөз ететін Шортанбай Қанайұлының өмір сүрген кезеңі - хандық биліктің жойылып, патша өкіметінің қазақтың кең даласын емін-еркін билей бастаған кезі болатын. Өз елінде өгейлікпен күн кешкен қазақтың қиыншылығы мен азабы көп еді. Осы тұста Шортанбай "Зар заман" атты өлеңін қандай себеппен жазды? Өлең жазудағы мақсат не еді? Келешек ұрпаққа не айтқысы келді? Осы сауалдарды негізге ала отырып, өз көзқарасымды білдіргім келеді.
Бірінші кезекте, Шортанбай өлеңінде әр түрлі жағдайларды алға тарта отырып, заман күйін суреттейді. Ақын "Зар заман" өлеңінде: "Мына заман қай заман?" деп біздерге сауал тастай отырып, өзі қойған сауалға:"Азулыға бар заман, Азусызға тар заман" деп толықтырады. Өлеңнің мазмұндық желісі сол кездегі қиыншылық кезеңдерді, кіріптарлық пен қорлықта өмір сүрген қазақ елінің ауыр тұрмысын жеткізеді. Бұдан басқа өлең желісіннен, бүгінгі таңда адамдар арасында дәурені жүріп, барлығына масаттанған байлардың, кез-келген істе оңай жеңіске жетіп, жоқ жітіктің өкініште қалатынын айтаға болады. Меніңше, бұл Шортанбай айтқан азулы мен азусыздың белгісі.
Сондай-ақ, Шортанбай: "Тарлығының белгісі: Жақсы жаннан түңілген, Жаман - малдан түңілген, Мұның өзі-зар заман" деп сол кездегі адамдардың ниеттерінің өзгеруін, жаманшылыққа қарай бет алғандығы деп суреттейді. Заманның азуын қазақ арасындағы рулық заңның бұзылуын, ар-ұят, адамгершіліктің азаюы деп бағалайды. "Зарлығының белгісі: Бір-бірлерін күндеген, Жай-жайына жүрмеген, Мұның өзі - тар заман" деп ел бірлігінің ыдырауын, ағайын арасындағы алауыздықтың өрши түскенін, халық арасындағы ынтымақ пен бірліктің әлсіргенін сөз етеді. Өкінішке орай, қазіргі қоғамдағы адамдардың жасап жатқан азғындығы жаныңды ауыртады. Ата-анасын қарттарын үйіне өткізіп, сәбиін босағаға тастап, досына қастық жасағандардың заманды тарылтып, адам пейілін бұзатындығы анық
Алайда Шортанбай өлеңінде: "Бұл асылық асқан заманда, Ұл туады атаменен егесіп, Қыз туады анаменен теңдесіп" деп сол кездегі қиыншылықты ғана емес, өкінішке орай қазіргі біздер өмір сүріп жатқан кезеңді де анық суреттеп кетеді. Бұл ақын Шортанбайдың көрегендігі. Қарап отырсақ, ақын тек сол замандағы оқиғаларды ғана қамтымайды, қазіргі кездің адамдарының санасы мен адамгершілік болмысында болып жатқан өзгерістер нақ дәл тауып айтқандай.
Қорытындылай келе, Шортанбай Қанайұлының"Зар заман" өлеңі тек сол қиын кезеңді ғана емес, біздер өмір сүріп жатқан уақытты да қамиды. Олай болса, жамандықтан жиреніп, жақсылыққа қарай қадам басайық. Ата-аналарымызды ардақтап, ұлдарымызды ұлықтап, қыздарымызды қадірлей білейік!
6. Мұрат Мөңкенің «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра
талдап жазыңыз
Қазақ халқының көрнекті өкілі, зар заман ақындарының бірі Мұрат Мөңкеұлының әдеби мұрасының біраз бөлігі- арнау өлеңдер. Сондай арнау өлеңдерінің бірі- «Қыз өлеңі». Қазақ аруларының бейнесі талай ақындардың шабытына арқау болған. Осы туындыларда қыз бейнесі қаншалықты шебер суреттелді?
Халқымыз ежелден қызды «қонақ» деп қадірлеп, әспеттеген. Қызды ай мен күнге теңеп, жаһутпен көмкере білген. Мысалы, Мұрат қыздың сұлулығын:
«Бұраңдаған ақ моншақтай керілген қыз,
Оздырдың салтанатты еліңнен қыз
Сәулесі ақ жүзіңнің жерге түссе,
Реңкің сары алтындай көрінген қыз», - деп жырлайды. Бұл теңеулер- ізбасар ақындарға үлгі болар өрнектер еді.
Мұрат Мөңкеұлы сияқты әнші-ақындар Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Мұхит т. б. шығармаларында көбіне пәк таза махаббатты, сұлу әйел сипатын, әйел теңсіздігін жырлады. Мұрат ақын қазақ қызының сұлулығын оның ішкі жан дүниесімен астасып жатқандығын «лебізің, сөзің - шырын, маржан-тісің» десе, Ақан сері «Ғашық жарға» өлеңінде: «аузың - бал, тілің шекер, нәзік таңдай, қиғаш қас, нұрлы жүзің, жазық маңдай» - деп суреттейді. Сырлы сөзбен қамал тұрғызған әнші-акындардың мұралары ұлт мәдениетінің қазына қосылған інжу-маржандарымыз.
«Қыз» өлеңінде теңіне қосыла алмаған қыздың басындағы қиыншылықты: « . . . Басыңнан бұл дүние өтеді деп, қайғымен тамақ ішпей бүлінген қыз» деп көрсете келе, « . . . шалықта ата-анаңның дәулетіне, бір күні жөнелерсің үйіңнен қыз» деп, әке-шешеңнің қасында бұлаңдап жүрген қыз еркіңнен тыс біреуге жар болып кетерсің, күнің не болар екен деген уайымын да жасырмайды. Ал Ақан сері «Балқадиша» өлеңінде: « . . . бұраңдап асау тайдай жүрген басың, боласың қандай жанға жар, Қадиша» - деп мұңайса, «Ләйлім шырақ» өлеңінде: «Есен-аман жүрмісің, Ләйлім шырақ, жаңа таптым аулыңды көптен сұрап, жел тимесе жан тимес, деп жүргенде, қол ұстасып жатпенен кеттің жырақ» деп басында билігі жоқ әйел теңсіздігіне наразылықтарын ашық білдіреді. Ал, Естай ақын «Құсни Қорлан» өлеңінде:
« . . . бар еді қимас күндер тату өскен, келер ме енді айналып, уа дариға-ай», - деп өзегін өртеген өкінішін жасырмайды.
Қорытындылай келе, Мұрат Мөңкеұлы мен ХІХ ғасырдағы әнші-ақындар шығармашылығында қыз бейнесі өзіндік ортақ көркемдікке ие. Ақындар өз шығармаларында әйел затының көрік-келбетін, жан дүниесінің сұлулығын әсерлі жырлаумен қатар, теңіне қосыла алмаған қазақ қыздарының тағдырын да шынайы суреттеген.
7. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз.
Әдебиеттегі өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленетін қаламгердің бірі ауыз әдебиетінің үлгілерін жинақтап, жазба әдебиетіне айналдырған - Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Ақынның халық көкейіндегі мұң-зарын жеткізген, әлеуметтік мәселелерді сөз еткен туындылары көп. Соның бірі мысал жанрындағы «Ғибратнама» өлеңі еді.
Менің ойымша, өлеңнің «Ғибратнама» аталуында терең мән жатқан сияқты. Себебі, ақын осы өлеңі арқылы халқын қоғамның түрлі дүрбелеңінен арашалап алар жолды көрсетеді. Өлеңнің басты өзектілігі де осында жатыр деп ойлаймын. Біріншеден, ақын өзін бұлбұл бейнесінде ала отырып, өзінің ішкі ойын жеткізеді. Өзінің диалогіне қаршығаны таңдауы тегіннен емес деп ойлаймын. Себебі, қаршыға да мықты құстардың бірі. Әр заманда кездесетін өзі мықты бола тұра, өзінің аузын бағып үндемейтіндерді астарлап көрсетеді. Мықты болып, елге, айналаңа пайдаң тимесе, мықтылығыңның құны көк тиін екендігін бұл шығарманы оқи отырып бағамдаймыз. Бұлбұлға: «Тілің жоқ мен секілді мылқау болсаң, Бір күні мың мұратты табар едің»- дейді. Бұдан қаршығаның өз мүддесін көксеген бейнесін аңғарамыз.
Өлеңдегі бұлбұл әдемілікті аңсайтын, күнде әр гүлдің ашылуын сабырмен күтетін шыдамды бейнеде көрінеді. Сол әдемілік үшін, әдемі гүлдің жұпар иісі үшін тікенекке де төзген бұлбұл, ең алдыменен, төзімділік қасиетінің жоғары екендігін көрсетеді. Менің ойымша, бұлбұл жеке бастың қамын емес, елдің қамын ойлайтын, мейірімді бейнеде көрінеді. Бұл арқылы автор бұлбұлды ел бостандығы мен тыныш өмірі үшін күрескер бейнесін көрсеткендей деп ойлаймын. Бұлбұлдың қаршығаға: «Сен ақымақ тамақ үшін болған сарсаң, Арбакеш сарттарға құл болғанша, Онан да жақсы емес пе өле қалсаң» дегені қаршыға мен бұлбұлдың жан дүниесінің, мақсатының арақатынасын ашып көрсетіп тұр емес пе?
Қорыта келгенде, ақын біреудің тасасында үндемей жүре бергенше, бұлбұлдай сайрап өтуді өмірлік мақсат-мұрат тұтады. Соны болашаққа үлгі етеді. Бұлбұлдың бойындағы төзімділік, шыдамдылық, сабарлылық қасиеттерді бойымызға дарыта білейік!
8. Ы. Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз.
Елбасымыз «Тарих толқынында» кітабында Қазақстандағы халық ағарту ісінің тұңғыш абызы деп атады. Ыбырай расында да қазақстандық білім берудің іргетасын қалады. Бұл бағаға ағартушы қандай еңбегімен жетті? Сұраққа бүгінгі өркениетке өркендеу кезеңіндегі көзқараспен жауап беріп көрейін.
Ең бастысы, Ыбырай ұлтын жан-тәнімен сүйген ұлтжанды азамат деп санаймын. Он тоғыз жасында-ақ игі іске жол бастаған жігерлі жас болды. Оның жігерін жаныған қараңғыда қамалған қазағының надандығы еді. Қазақ даласында мектеп ашу ісі оңай болмағаны рас. Өкімет пен жергілікті биліктің кедергісіне ұшырай жүріп, тұңғыш қазақ мектебін ашты. Қазақтың даласында «Дала қоңырауы» сыңғырлады. Ұлы ағартушының жүректілігі Мәңгілік елімізді өркендету үшін қызмет атқарып жүрген азаматтарға үлгі боларлықтай.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz